Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В090700-Кадастр


Қоршаған ортаның ластану мониторингі



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата10.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462364
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Асылбек Толеcін

 
3.7 Қоршаған ортаның ластану мониторингі 
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде 
шаруашылықтың барлық саласында демократиялық өзгерістер жүріп, қоғамда 
жаңа, әлекметттік-экономикалық қатынастар қалыптасуда, ұлттың өзін-өзі 
түсінуі білу қабілеті ұлғая бастады
[5, 15-18 бет] 
Егеменді Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1997 жылы 
15 шілде айында қабылданды. Бұл заңның құзіреті - адамның өз өмірі мен 
денсаулығы үшін қоршаған табиғи ортаның қолайлы болуын қамтамасыз 
етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, қоршаған табиғи 
ортаны қорғаудың құқылық, адам қызметінің қоршаған табиғи ортаға зиянды 
ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтаумен табиғатты 
ұтымды пайдалануға бағытталған. 
Қоршаған орта деп табиғи объектілердің, оның ішінде қарым-
қатнастағы атмосфералық ауаны, топырақты, суды, жер қойнауын, жануарлар 
мен өсімдіктер дүниесін айтады. 
Қоршаған орта мониторингі деп адамды қоршаған табиғи ортаның 
жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығымен өзге де организмдерге 
зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі жағдайлар туралы ескертуді айтады. 
Қоршаған ортаны ластау деп қоршаған ортаға ықтимал қауіпті 
химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, 
өндіріспен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, 
тербелістің, магнит өрістерінің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың 
әсерін айтады. 
Қоршаған ортамен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторинг 
жүйесін қоршаған ортаны қорғаумен табиғат пайдалануды басқару 
міндеттерін атқаратын арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар жүзеге 
асырады. Онда мынадай жұмыстар атқарылады: 

қоршаған ортамен табиғи ресурстардың жай-күйіне, сондай-ақ 
олардың антропогендік ықпал жасау көздеріне белгілі бір бағдарлама 
бойынша бақылау жүргізеді; 

болып жатқан өзгерістерге болжау жұмыстары жүргізіледі; 

қоршаған ортамен табиғи ресурстардың мониторингі-қоршаған 
ортаны қорғау саласында басқарушылық және шаруашылықтық шешімдер 


42 
қабылдауды қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды 
көздейді. 
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақы қоршаған ортаны 
ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны, өндіріспен тұтыну 
қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдармен азаматтардан алынады. 
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің жарналарын қоршаған ортаны 
қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келісе отырып, облыстық
ауданлық әкімдер бекітеді. Табиғи ресурстарды қорғау мен жақсарту үшін 
төленетін ақы табиғат пайдаланушылардан аталған қызметті жүзеге асыруға 
жұмсалған бюджеттік шығындардың орнын толтыру өтемі ретінде алынады. 
Қоршаған ортаның ластануы екіге бөлінеді: 
1. Табиғи әсерге-вулкандардың атқылауы, жел, су эрозиясына ұшырауы, 
жер сілкінісі, сел жүруі және т.б. жатады. 
2. Антропогендік әсер–адамның қоршаған ортаға тигізетін тікелей әсері 
арқылы ластануы [5, 19-22 бет] 
Қоршаған ортаны ластаушы көздер: 
-пайдалы қазбалар және кен орындары; 
-өнеркәсіптік өндіріс; 
-ауыл шаруашылығы; 
-коммуналдық шаруашылық.[32] 
Ластаушы заттар мыналар бойынша сипатталады: 
1. Негативтік әсер дәрежесі бойынша: 
-қауіптілігі жоғары (мышьяк, сынап, кадмий, цинк, қорғасын, селен, 
фтор) 
-қауіптілігі орташа (кобальт, бор, никель, молибден, сурьма, мыс, хром) 
-қауіптілігі төмен (стронций, вольфрам, барий, марганец) 
Басымдылығы жоғары химиялық ластаушы заттарды анықтау, және 
олардың қауіптілік класы МЕСТ 17.4.1.02-83 сәйкес «Табиғат қорғау» 
анықталады. Ластануды қадағалау үшін химиялық заттар классификациясын 
білу қажет. 
2. Әсердің ұзақтылығы бойынша: 
- үздіксіз 
- периодты. 
Зерттелетін аудан жерінің жағдайына антропогендік әсер етудің 
сипатына жан-жақты талдау жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет