Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 5В090700-Кадастр


Ластанудың орташа деңгейі. Қозғалмалы түрі



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата10.10.2022
өлшемі2.71 Mb.
#462364
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Асылбек Толеcін

Ластанудың орташа деңгейі. Қозғалмалы түрі: 0-5см тереңдікте 
кобальт үлкен шамаға 4900%, мырыш 6%-ға көбейген. Никельдің шамасы 
38%, мыс 65%-ға азайған. Ауыр металдармен ластану деңгейлері өзгерген 
жоқ, никель және мыс, мырыш рауалы деңгейде қалды. 5-20см тереңдікте
мырыш 77%-ға көбейген. Кобальт, никель, мыстың мөлшері азайған: 71%, 
67%, 80%. Ауыр металдармен ластану деңгейлері өзгерген жоқ, никель, мыс, 
мырыш рауалы деңгейде қалды. Кобальттың мөлшері төмен деңгейден рауалы 
деңгейге төмендеген.
Жалпы түрі: 0-5см тереңдікте кадмий мөлшері 97% азайған және 
қорғасын 8% көбейген. Кадмиймен ластану деңгейі төменнен рауалы деңгейге 
төмендеген, қорғасынмен ластану деңгейі бұрынғыдай орташа деңгейде 
қалған. 5-20см тереңдікте кадмийдің мөлшері 100%, қорғасын 19% азайған. 
Ластану деңгейлері: кадмий төмен деңгейден рауалы деңгейге, қорғасын 
орташа деңгейде қалды.


44 
Ластанудың жоғары деңгейі. Қозғалмалы түрі: 0-5см тереңдікте 
никельдің ластану деңгейі- 40%, мыс 93%, мырыш 40%-ға төмендеген. 
Кобальттың мөлшері 100%-ға көбейген. Нитраттың іздері. Никель, мыспен 
ластануы өзгеріссіз рауалы, мырыш жоғары деңгейде қалды. Кобальттың 
мөлшері жоғарлады: бұрынғы жылы іздері ғана табылған, қазіргі уақытта 
рауалы деңгейде. 5-20см тереңдікте никель 50%, мыс 90%, мырыш 65%-ға 
төмендеді. Кобальттың мөлшері 100%-ға жоғарлаған. Нитрат табылған жоқ
[10, 28-31 бет].
Никель, мыспен ластану деңгейлері өзгеріссіз рауалы деңгейде 
қалды, мырыш жоғары деңгейден орташа төмендеген, кобальт рауалы 
деңгейге дейін жоғарлаған.[31] 
Жалпы түрі: 0-5 см тереңдікте никель 26%, мыс 90%, мырыш 23%-ға 
төмендеген. Кадмийдің мөлшері 25%, қорғасын 52%-ға көбейді. Нитрат 
табылған жоқ. Никель, мыс, мырыш, кадмиймен ластану деңгейі өзгерген жоқ, 
рауалы деңгейде қалды. Қорғасын рауалы деңгейден төмен деңгейге 
жоғарлаған. 5-20см тереңдікте никель 40%, мыс 58%, мырыш 33%-ға 
төмендеген. Қорғасын 25%-ға көбейген. Кадмийдің мөлшері өзгерген жоқ. 
Никель, мыс, мырыш, кадмий, қорғасынмен ластану деңгейі өзгерген жоқ
рауалы деңгейде қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет