(боқта – жаман нәрседе)
Сараң да бір,
Сасық су да бір.
(сасық – лас, иістенген)
Өсекшінің тілі қышып тұрады.
(өсекші - сөзуар)
Қысыр сөзде, қырсық көп.
(қысыр – жаман, мәні жоқ)
Итпен жолдас болсаң
Таяғыңды тастама.
(итпен – сенімсіз адаммен)
5. Мәтіннен дөрекі, әдепсіз сөздерді теріп жаз.
1. Дәукен үйіне келіп жеткен соң, үй адамдарына өз ішіндегісін ақтарып:
- Өңшең саң мүйіздің бас қосқан бір мәжілісі еді. Үрит, соқ! Соқ! – деп отырып, молда мен мұғалімді сүзістіріп алдық, - деп сылқ-сылқ күлді. Күліп жатып: - Мейлі, екі ноғайдың бірі өліп, бірі қалсын! Менің нем кетеді! – деді өзі (Ілияс Жансүгіров)
2. Төрт жігіт бірі мақтап, бірі қостап, қоян жырықтың кім екенін ашып берді. Әлдекімнің зәресін ұшыру үшін әдейі істеп отырған сияқтанады. Еркебұлан қойын дәптерін суырып алып естігендерін қағазға түсіре бастайды. Біржан салды сабаған Поштабайдың баласына кездескені қызық көрініп кетті. Баласы мынадай бітеу қара, ожар болса, әкесі қандай болды екен! Томырық, топас заманның адамы бұдан гөрі де хайуанырақ болуы мүмкін ғой.
Қоянжырықтың соңына ерген жолдастары да қызық жандар. Төртеуі де ит жылмаң, ұры көз, таңертең көрсең кешке дейін есінде тұрмайтын көр білте жүзді жігіттер. (Ғ. Мүсірепов)
6. Төмендегі сөздерді эвфемизммен ауыстырып жазыңдар. Әдепті сөйлеуді үйреніңдер. Ұры, өсекші, боқмұрын, қырт, топас, саңырау, соқыр, ақсақ, сақау, жынды.
Ұры – қолының сұғанағы бар.
Өсекші – суайт, сөз таситын адам.
Боқмұрын – жас, жасы кіші адам.
Қырт – мылжың, көп сөйлеу.
Топас – білімсіз, надан.
Саңырау – құлағы ауыр, құлағының мүкісі бар.
Соқыр – көзі көрмейді, зағип адам.
Ақсақ – аяғын сылтып басу.
Сақау – мылқау, тілі жоқ.
Жынды – есуас, жарымес.
Қорытындылай келгенде, тіл дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауызекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына жол ашады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.
Жалпы тіл ғылымынан сөздердің бірінің орнына бірі жұмсалу құылыстары бар екенін білесіңдер. Мәселен, «Дөңгелек үстел» жасап, осындай тілдік ұғымдар мен оларға мысал келтірейік.
Ауыспалы маыналы сөздер – Синонимдер – Табу сөздер.
Мысалы: ауыспалы мағыналы сөздер – Бастапқы маынаның негізінде туған туынды мағына – «Арыстан еді Исатай» - Ер жүрек
Синонимдер – Мағыналы жуық сөздер – Сұлу – Әдемі
Табу сөздер – Атауға тыйым салынған сөздер – Қасқыр – Жаман ауыз
Ұлттық тәрбиенің тілдегі тағы бір көрінісі – біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Эвфемизм
Мағынаны тану. Түсіндірме күнделігі арқылы жаңа тілдік атаудың мәніне ой жіберіп көрейік.
Түсіндірме күнделігінің үлгісі
Грамматикалық атау
|
Шығу төркіні
|
Эвфемизм
|
Грек тілі
|
Eu Phemi
|
Жақсы айтамын
|
Болжау
Қалай ойлайсыздар, қандай сөздерді жақсы етіп айтуға болады деп ойлайсыздар? Мысал келтіріп көрейік.
Дөрекі сөздерді өзіміздің осы түсінігімізді теориялық түсінікпен салыстырайық, толықтырайық.
Insert кестесі
(Түртіп оқу)
V
|
+
|
-
|
Дөрекі естілетін құылыстарды сыпайы сөзбен салыстыру
|
Эвфемизм деген атау
|
Эвфемизмдердің өзге тілдік ұғымдармен қатысы
Көркем шығармалардағы қолданысы
|
Оқушы ізденісі
І топ
Білу, түсіну
Эвфемизмдердің сөздігін жасау
ІІ топ
Қолдану, талдау
Эвфемизмдерді пайдаланып, әңгіме құрау
ІІІ топ
Жинақтау, бағалау
«Эвфемизмдердің тәрбиелік мәні, қолданыс болашағы» деген тақырыпта пікір алмасу ұйымдастырыңдар.
IV топ (мұғалімдер тобы)
Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге мысал жазу
Ой толғаныс
Венн диаграммасы
Табу
|
Ортақ қасиеті
|
Эвфемизм
|
Наным-сенімге байланысты
Салт- дәстүрге байланысты
|
Ауыстырып айту
|
Адамгершілікке байланысты
|
Қорытындылау.
Үй тапсырмасы: Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге мысал жазу
1 – сабақ. Эвфемизм мен дисфемизм
Класы: 5 «Ә»
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сыныпты тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тоқсан бойынша қайталау.
ІІІ. Модульге кіру, оның құрылымы мен мақсатын айту. Модуль құрылымы 8 сағаттан, кіріспе бөлімі – 1 сағат, сөйлесі бөлімі – 6 сағаттан, қорытынды бөлімі – 1 сағаттан құралады. Оқушыларға лексика тарауына жататын эвфемизмдер мен дисфемизмдер туралы түсінік беру, оларды бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру, тұрақты тіркестерді (фразеологизм) ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы ретінде таныту, мақал-мәтелдердің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын жаттығулар орындату барысында үйрету.
ІV . Лексикалық тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіру (Жаңа тақырып). Оқушыларды өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап түрімен білімдерін тексере отырып, тірек-сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
V. Бекіту. Жаттығу үлгісін беру. Мәтіндегі дөрекі, әдепсіз (дисфемизм) сөздерді тауып, адамға қалай әсер ететінін айту.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма. Жаттығу үлгісін беру. Өздерің халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, көркем әдебиеттен табу, эвфемизм, дисфемизм құбылыстарына мысал тауып жазу.
Эвфемизм Дисфемизм
Әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айту
|
Бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу болған жағдайда, оларды басқа да сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту
-Ойды көркемдеп, бейнелеп жеткізудің тәсілі
|
Мысалы: Мысалы:
«Мылжың» - «сөзуар»
«өтірік айту» - «қосып айту»
«ұрланды» - қолды болды»
«ұрлық жасамау» - «ала жібін аттамау»
|
Көк көз, қисық, ши бұт, бауырсақ, маймақ, айыр сақал, бадырақ, тапал, боқмұрын, қолынан боқ келмеу, боғымен жасты баламен ойнау, боқтан өзгені сөз қылу, боғы ботқа болу, топас, кекеш
|
Достарыңызбен бөлісу: |