Қазақстан шын мәнінде ,ресейдің шалғай аймағы ретінде қарастырылды. орталықтың шикізат көзі және «жөндеу шеберханалары орналасқан аймағы ретінде танылды. Осы мақсатты жүзеге асыруға яғни шикізатты және ауыл шаруашылық өнімдерін орталық өнеркәсіпке тасу үшін қазақ даласымен теміржол желілері тартылды. Қазақстанды шикізат көзіне айналыдырудың шектен тыс сорақылығы, оны орталық қалаларды және Қызыл армияны жабдықтаушы саясатынан айқын байқалды. Мұның өзі қазақ халқының жартысынан жуығының жойылып кетуіне де алып келді. «Біздің мақсатымыз-ел билігін халықтың өз қолына беру,қазақ халқы автономияға ие болып,алдағы уақытта өз тағдырын өз қолына алуы тиіс. Біз тапқа жікке бөлінбейміз.біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз. Жайық өңірін меекендеген басқа ұлттармен достық одақ құрып,өзара араздасуына жол бермеуімізк ерек. Өйткені бұл заман тударатын біздің тағдырымыз. Қазір желбіреп тұрған босатндықтың жасыл туы-бәрімізді бірлікке, бауырластықққа шақырады. Қазақтың қара шаңырағы бәріне пана болады.Сондықтан саяси арандатушылардың жолын бөгейік. деп сөйлеген Алаш қайраткері Халел Досмұхамедов еді. Ал осықұрылтайда 1917жылы 19 -22 сәуір аралығында өткен Орал қазақтарының І құрылтайында Құран аяты жазылған жасыл Ту ілінген еді. Бұл ұлт үшін ұлы тарихи нысана сөз. Бұл қазақ елінің империядан ірге бөлуінің мүмкіндігіне,дербестікке,тәуелсіздікке деген сенімге сәуле түсірген киелі хабар болатын Төрдегі аятты Ту қасиетті орнын тапқан аян туы еді. Тәуелсіздік туы,Алаш туы. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары кеңес өкіметі мен оның коммунистік партиясы өрісіне нді ғана кеңейтіп,еңселі де өрелі ұрпақ тәрбиелей бастаған қазақ зиялыларынадүркін дүркін шабуылжасап,түптамырыменқиыптастауға тырысты. Қырғидайтиген аласапыраннан Алла жар болып бас сауғалап, қалғандары бірен саран еді. Уақыттың бедерінде Ресейге бодандықты мойындаумен жат жұртқа телмірген қазақ халқының санасымен жан дүниесін мазалаған түйткілді ойы ұлттық һәм мемлекеттік тәуелсіздік еді
44
Алаш идеясы – қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы болды.Ресейдің ХІХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл азаматтардыңөмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласындаорыс-қазақ мектептерін ашып, ұлт интеллегенциясын ықпалында ұстағысы келді. Демократиялықұлттық интелегенция бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолында күресті. Осы мақсатпен Алаш қайраткерлері 1905 жылданбастап саяси қызметті қызу өрістетті. Нәтижесінде Алаш партиясы құрылды. Тарих сахнасындаұлттық интеллегенция тұрды.1917 жылы құрылған Алашорда партиясы мен оның маңына топтасқан Алаш зиялыларының ұлттық мүдде мен тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи істері де тарих қойнауына енді.Алаш қозғалысының басты мақсаты – Қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақжерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып,мал шаруашылығын өркендету, егіншілік пен өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, нарықтық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқығы мен басқа да демократиялық принциптерді қадір тұту, оқужүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу еді.Отарлау саясаты жазалау шараларынан бастап, түрлі құйтұрқы заңдар арқылы қазақтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін іс-әрекеттерге дейін барып, ұлттық мемлекеттілік институтының кез келген көрінісін жоюға тырысты. Соның салдарынан қазақ даласында хандық билік институтының белгілері біржолата жоғалып, оныңорнына отарлау аппаратының иерархиялық сатыға бағындырылған шенеуніктер жүйесібасқаратын империялық әкімшілік билік орнады. Дәстүрлі билер соты, шешендік сөзбен салиқалы әділ шешімге жүгіну біртіндеп келмеске кетіп, оның орнына парақорлық,билік өкілдерімен жең ұшынан жалғасып ауыз жаласу, сайлау науқандарындағы саяситалас-тартыс, арамза үгіт-насихат сияқты келеңсіз көріністер туындап қана қоймай, үйреншікті құбылысқа айналды. Бір сөзбен айтсақ, сол кезеңде қолданысқа енген заңнама қазақ халқын қанауға бағытталды.
45
Патшалық Ресей қазақтың дархан даласын мемлекет меншігі деп жариялап, «пайдаланылмайтын бос жер» деген желеңмен озбырлықпен тартып алып, қоныс аударушыларғабөліп беру орын алды. Әлеуметтік-саяси жағынан алғанда, бұл кезең патшалық Ресей империясының қазақ даласындағы отарлау саясатының күшеюімен ерекшеленді.Кез келген
әрекет өзінің қарсы әрекетін туғызатын табиғат заңдылығы бұл жердеде өзінің айнымастығын дәлелдеді. Отарлау саясаты өрістеген сайын, қазақ халқының ұлт азаттық күресі,ұлттық мемлекеттілік құру идеясыда құрыштай шыңдалып, дами берді. Самодержавиеге,отаршылдыққа, жергілікт ішенеуніктердің озбырлығына қарсы халық наразылығы өршіді.
Осылайша, қазақтардың жаңаша саяси санасы қалыптаса бастады. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы дін тазалығын, тіл тазалығын қорғаудан, оқу-ағарту, ұлттық салт-дәстүрлерді қолдаудан басталып, біртіндеп жер дауы, ел дауына ұласты. Яғни, академик М.Қозыбаев көрсеткендей, «Алаштың ұлт азаттық қозғалысы идеологиясының өзегі – отаршылдық наразылық, отаршылдыққа қарсы ұлтшылдық. Олар заң мен шектелген праволық қоғам,конституцияда анықталған кейбір саяси бостандықтар, ғылыммен мәдени даму көлеміндекүресіп бақты»
Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының қамын ойлап, елді өркениет көшінен қалдырмаужолдарын іздеді. Оның бірден-бір жолы ғылым-білім мен мәдениетті игеру екендігін халыққа насихаттаған зиялылардың алдыңғы қатарында Алаш зиялылары жүрді. Олар жанжақты қоғамдық-саяси қызметтер атқара отырып, әмбебап маман ретінде де елге танылды.Оқу-ағарту мен ғылыми-зерттеуді, қазақ тілінде тұңғыш газет-журнал шығару мен әдебишығармашылықты қатар алып жүрді. Бұл ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында саясибелсенділіктің қызған тұсы еді.
1905-1907 жылдардағы I орыс төңкерісі өз кезегінде қазақ жеріндегі ұлттық қозғалыстың өсуіне де әсерін тигізді. 1905 жылғы 25 шілде күні Қарқаралы маңындағы Қояндыжәрмеңкесінде қазақ зиялыларының ұйымдастыруымен митинг өтіп, ол өзіндік қазақ съезііспетті болды. Жиын нәтижесінде Ресей Министрлер кеңесінің төрағасына арналған әйгілі«Қарқаралы петициясы» қабылданды.
46
Онда қойылған талаптар 11 тармақтан тұрды: қазақтарға ар-ождан бостандығын беру, тұрғылықты халықты ана тілінде оқытуды ұйымдастыру, қоныстандыру саясатынан бас тарту, жер қорын байырғы қазақ ұлтының үлесінеқұқықтық түрде тиесілі ететін арнайы заңды қабылдау, азаматтық және сот іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге құқық беру, аудармашылыққа қазақ тілін білетін және қазақша сауатты адамдарды алу, қазақтар өз құқықтарына нұқсан келсе, арызды ана тілінде бере алуы,судьялардың қазақ тілін білуін шарт ету және қазақ даласына присяжной сот жүйесін енгізу, отарлаушы аппараттың шенеуніктер санын қысқарту, генерал-губернаторларды орталықтан тағайындау тәжірибесін тоқтатып, басшылыққа жергілікті жерден лайықты тұлғаны сайлау, крестьян бастықтары мен урядник қызметін жою, қылмыс жасағандар тек соталдында ғана жауап беретіндей тәртіп орнату, биліктің жоғары сатыларынан бодандық шеткері аймақтардан өкілдер сайлануына квота беру сияқты көкейкесті мәселелерді қамтыды. Алаш қайраткерлері туралы жазған еңбегінде М.Қойгелдиев ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында болған саяси оқиғаларға шолу жасай келіп, патша үкіметінің басқаруорганына жолдаған Қарқаралы петициясы ерекше екендігін атап өтеді: «нақты Қарқаралыпетициясының тарихи орнына келсек, ол құжат авторларының сапалы жаңа даму сатысына аяқ басқан қазақ азаттық қозғалысының ең негізгі талап-тілектерін тұңғыш рет тұжырымдап, қалыпқа салып, патшалық билік алдына қойып, сол арқылы қазақ елінің өз еркіндігі үшін күрес жолына түскендігін ашық-анық білдіруінде еді. Бұл, әрине, сол тарихикезеңдегі қазақ қоғамы үшін қатардағы оқиға емес-тін. Деректік материалдардың көрсетуіне қарағанда, Қарқаралы петициясын дайындауда Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев және басқа сол кезеңдегі белсенді қазақ интеллигенттері жетекшілік рөл атқарған Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Ақпаев, А.Байтұрсынов сияқты зиялы қауым өкілдерінің біріккен іс-қимылы нәтижесінде жазылған петиция Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының құрылуына серпін берді.
47
1905 жылдың аяғында «Қарақаралы петициясының» авторлары қазақ өлкесінің бес облысының өкілетті өкілдерінің съезін өткізуге бастамашы болды.Қазақ халқы Ә.Бөкейхановты ұлттың лидері ретінде ұсынып, ол Мәскеуде 1905жылы қараша айында өткен Ресей жергілікті және қалалық қайраткерлерінің съезіне қатысады. Съезге Ресей империясының құрамына кіретін барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері қатысады. Күн тәртібіндегі мәселелер: барлық ұлттардың теңдігі, тең сайлау құқығы,ана тілін қолдануда бостандықтың болуы. Съезде Ә.Бөкейханов баяндама жасап, өзін 4млн. қазақ халқының өкілі екенін, қазақ жері Оралдан Алтайға дейінгі, Сібір темір жолынан Омбыға дейінгі, бір шеті Ресей, бір шеті Қытай, бір шеті Каспий теңізіне дейінгіатырапты алып жатқанын айтады. Съезд делегаттарына қазақтардың мұқтаж болып отырған бір мәселесі – ана тілін қолдану аясы екенін көрсетіп, жергілікті тілдерді қолдануғақойылатын шектеулерді жою туралы ұсыныстарды толық қолдайтынын жеткізеді.
Көп ұзамай Ә.Бөкейханов 1906 жылы наурызда І Ресей мемлекеттік Думасына Семей қазақтары атынан депутат болып сайланады. Осы кезде «Семипалатинский листок»газеті «Ә.Бөкейханов
Достарыңызбен бөлісу: |