Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Алаш қайраткерлерінің болашақ тәуелсіз мемлекет құрылымы туралы көзқарасы



бет5/8
Дата31.05.2024
өлшемі275.38 Kb.
#502141
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
дипломдық жұмыс арман


1920 жылы большевиктер үкіметі толық оранағанда мынадай сұмдық жағдай байқалған. азық түлікке,әлеуметтік мәселелерге байланысты ірі ұсақты жауапты орындардың бәрінде халықты сүліктей сорған адамдар отыра берген. Қазақстанда яғни. Жеке қауіпсіздігі үшін көбі коммунистер қатарына өтіп алған. Осы жағдай 1921 жылы Қазақстанды алапат аштыққа алып келді. Ұлты ахуалын көріп шырылдаған тағы да Алаш қайраткерлері еді. Аштықтан қиналған емкендерге бақуаттау жерден мал апарып көмек жасап жүргенде үстерінен ішті ,жеді деген арыз түсіп қуадаланып кеткендері де болды. Қазақты сүліктей сорып,жер бетінен құрып кетуіне барынша күш салған империялық әрекеттер іск е асып жатты. Смағұл Сәдуақасұлы « Олардың ойынша ,қазақ халқы –дүлей, қараңғы, меңіреу, жуас түкті білмейді, сондықтан олар ұйпалап сұйпалағанға көніп отыра береді. Жоқ олай емес. Омбыдан шыққан батырлар ондай ойларыңнның мезгілі өтіңкіреп кетті» дейді. «Автономия болған соң жалпы қазақ бірігу керек. Жалпы адамшылық бақытқа жету үшін әр халық өз тілінде мәдениетке қожа болып, өз шаруасына қарай тұрмысын өзгерту керек» деген көзқарасын білідерді. Расында да ата бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің басты қаруы осы қазақ бірігуі ,бірлігіміз,ынтымағымыз,бір жеңнен қол шығара білуіміз еді. «Орыс өкіметін қазақты көркейту емес, қазақ жерін көрейту толғадыруы қажет" деген Стольпиннің геноцидтік саясатының зардаптары мен кеңес өкіметі тұсында сол зардаптарды жоюға бағытталған қазақ саясатшыларының ісін салыстыра отырып, жер саясатының келешегін болжайды.Ал негізінде Алаш қайраткерлері келешек ұлт тәуелсіздігі үшін халықты ағарту жұмысын өрістетуді жөн деп тапты. Бұл бірден бір жол еді.Алаш қайраткерлерінің саяси жолы-ұлтшылдық жолы. Көздеген саяси көзқарастары-қазақ ұлтын бұзбай жармай мәдениетті ұлттыққа жеткізеді. Қазақтың басынан кешкен тарихына баға бергенде сөзінің шеті ұлт,қай іс болсын сын таққанда ұлтқа пайдалы ма,пайдасыз ба деген өлшеммен келеді.


42




ХХ ғасыр адамзат тарихының шеруінде біздің қазаққа өте ауыр кезең болғаны,әсіресе ғасыр басындағы алмағайып кезеңдер, ашаршылық геноциді,екі бірдей жер жаһан соғысы,қызыл репрессиялар ұлтымыздың демографиялық ахуалын ойсыратып кеткені анық. ХІХ ғасырда ақ толық отарланып болған қазақ жұрты Ресей құрамында бірте бірте шетқақпай болып, жері тарылып, енді отаршылықтың қамытын кигенін жан- тәнімен сезіне бастайды. Империя езгісіндегі ұлт үшін, ұлт қамы үшін, ел келешегін ойлауды мұрат тұтқан Алаш қайраткерлері үшін мемлекеттегі саяси торлқулар, отарлау озбырлықтары, қоғамдық саяси өзгерістер бейтарап құбылыс болып қалған емес. Отаршылдық қамытын киген қазақ елі үшін қазақ зиялылары бас көтерді. Ұлттық сана сезім ояна бастап,сол жолда қоғамдық саяси күрестің жаңа сүрлеуіне түсу қажеттілігін ат төбеліндей болса да қазақтың оқыған азаматтары түсіне бастады.Киіз туырлықты ғалаш ұранды қазақтың ел мүддесін өз басынан биік қойған, қайткен де алаш көркейер деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған» Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Міржақып дулатов Ахмет Байтұрсынов Х Досмұхамедов, М Тынышпаев, Х Ғаббасов, Р Мәрсеков сияқты тағы да басқа көптеген ұлт жанаршырларының шоқтығы биік тұрды.Ұлт зиялылары ортақ мүддені көздейтін,алайда оған қол жеткізетін әр түрлі жоладрды таңдайды. Ж Сәдуақасов,С Сейфуллин және т.б белсенді жастар Кеңес үкіметінің саясатын қолдаса, А Бөкейханов А Байтұрсынов сияқты «Алашорда» жақтаушылары ұлттық Алаш автономиясын құруды, М Шоқай Түркістан мемлекетін құруды армандайды. Бұл идеялар қазақ зиялалрын түрлі ағымдарға бөледі. Бірақ көзқарас біреу қазақ халқының дербестігін алу. Отаршыл езгіден құтқару, сауатсыздықтан тазартау, елдікті сақтап қалу, ғылым мен білімді игеруге жұмылдыру барлық күшті соған жұмсау секілді мақсатқа бағдарлайды. Екі ғасырдың сындарлы тоғысында қазақ зиялары екі түрлі жолды таңдай отырып, ортақ мүддеге қол жеткізуді армандайды. Осы мақсатта қоғамдық саяси ұйымдар құрады. Қазақ халқы үшін күрес сахнасында сол заманға сай біліммен қаруланған алаш оқығандары шешуші сәтте назардан тыс қалмады.


43



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет