Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Алаш қайраткерлерінің болашақ тәуелсіз мемлекет құрылымы туралы көзқарасы


автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру



бет8/8
Дата31.05.2024
өлшемі275.38 Kb.
#502141
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
дипломдық жұмыс арман

автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру»идеясын ұсынса, Ә.Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россияреспубликасының құрамындағы» қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуынқолдады. Басым көпшілік Ә.Бөкейхановтың ұсынысын қолдайды.Сондай-ақ, осы съезде бұрыннан айтылып келе жатқан саяси ұйым - «Алаш» партиясы құрылып, оның бағдарламасын жасау жөнінде қаулы қабылданды. Партияның бағдарлама жобасын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров,Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов бірігіп жасады.Мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік һәм сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі деген он бөлімнен тұратын бағдарлама жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының негізгі мақсаты – Ресей федеративтікдемократиялық республикасының құрамындағы қазақ автономиясын құру болды. Себебісол кезеңдегі қалыптасқан жағдай бойынша Қазақстанның тәуелсіз ел болуы үшін қажеттішарттар әлі қалыптаспаған еді. Мәні жағынан «Алаш» реакциялық ұлтшыл емес, эволюциялық отаншыл партия еді, ол қазақ қоғамын бірте-бірте өзгерту жолын ұстанды. Ал дінсаясаттан ажыратылып, мемлекет зайырлы принципке сүйенетін болуы тиіс деген саясиұстаным негізделді.Бағдарлама жобасына қысқаша тоқталатын болсақ, оның бірінші бөлімі «Мемлекетқалпы» деп аталды. Онда Ресей демократиялық, федеративті республика болуы тиіс депатап көрсетіледі және демократия мен федерация ұғымдарына түсінік беріледі. Демократия - халық билігі, ал федерация өзара тең мемлекеттерге бірлесу. Әрқайсысы өз тізгінін өзіалып жүреді. Яғни, өзін-өзі басқаратын тең құқықты мемлекеттер одағы. «Алаш» партиясы ұсынған бұл идеяда іргесі бөлек, ынтымағы бір дербес басқарылатын автономиялардантұратын федеративті әрі демократиялық
50

Ресей туралы қағида енгізілді.Мемлекеттік құрылыс мәселесінде Үкімет басында - Құрылтай жиналысы, оныңаралығында Құрылтай мен Мемлекеттік Дума белгілі бір мерзімге сайлаған Президенттұрды. Құрылтай жиналысы сессия түрінде жұмыс істеп, оның сессиялары арасында биліктұрақты орган Президенттің қолында болады. Ол халықты Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума алдында жауапты Министрлер Кеңесі арқылы басқарады. Жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы - парламенттік республика ұсынылды, мемлекеттікқұрылыс үшін билік бөлінісі идеясы енгізілді. Заң шығару Мемлекеттік Дума құзырындажәне атқарушы орган қызметіне бақылау жасау үшін депутаттық сауал салу құқығы бар.Жоба авторлары демократиялық сайлау жүйесін ұсынды. құпия сайлаумен болады. Азаматтардың сайлау құқығы қан, дін, жыныс айырмашылығына қарамай, барлығының сайлау құқығын жүзеге асыру арқылы бекітіледі. Осы бөлімдебекітілген салықтың өкілді орган - Мемлекеттік Думаның келісімінсіз салынбауы да Алаш қайраткерлерінің заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуге ұмтылысынан көрсетеді. Бағдарлама жобасының «Жергілікті бостандық» деп аталатын екінші бөлімінде қазақтар мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия құру туралы мәселе ең бірінші кезекке қойылады. Мұнда «Алаш» партиясының қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарда қызмет ететін адамдарының халыққа пайдалы да, адал қызметететін механизм жасау жөнінде және оны өмірге енгізу үшін күресетіндігі туралы да сөзболады. Заңды құқықтар мен бостандықтарды қатаң сақтауды мақсат тұтқан «Алаш» партиясы әлеуметтік-әділеттілік саясатын жүргізуге ұмтылды.«Негізгі құқық» деп аталған үшінші бөлім демократия мен адамгершілікке негізделді. Республикада дінге, қанға қарамай, бар адам тең құқылы болуы, жиылыс пен қауымжасауға, жариялыққа, газет пен кітап бастыруға еркіндік берілуін қолдады. Заңсыз жолменешкімді өкімет адамдарының ұстамауы, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмауы,қылмысты болған адамға судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір аптадан қалмай қамауға алу туралы санкция ұсыну адам құқығының кепілі.


51

Әрі тергеу орындарыныңозбырлық әрекеттеріне қарсы бағытталған құқықтық кепілдігі. Азаматтардың табиғи жәнесаяси құқықтарын қамтамасыз ететін мұндай тармақтар бұрын-соңды Ресейдің заңнамасында болмаған екен. «Алаш» қайраткерлері тұжырымдаған либералды демократиялықұстанымдар өзуақытынан озық болды. Тәуелсіздік жылдары ғана олардың асқақ армандары қолданыс тауып, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында өз орнын


мықтап тұрып алды.«Дін ісі» атты төртінші тармақта мемлекеттің зайырлық негізін бекітудің қажеттігібекітілген. Ар-ождан бостандығы мойындалып, әркім діни сенімі бойынша тең және еркін,діни сенімі бойынша астамшылық немесе дискриминацияға жол берілмейтіні айтылған.Әйелдерге күйеуге шығу құқығы беру, қалың малды жою, молдаларға 16 жасқа толмағанқыздар мен 18 жасқа толмаған ер балалардың некесін қиюына тиым салынды. Жесір дауыда сотта қаралуы тиіс болды. Мұсылмандық неке құқығының озық жақтары ескеріле отырып неке қию мен ажырасу, балаға ат қою мәселелерін молдаларға беру енгізілді.«Билік һәм сот» деп аталатын бесінші бөлімде сот билігі және оның ішінде билерсоты туралы айтылады. Билік пен соттың әр халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрып ерекшеліктеріне қарай жүргізілуіне басты назар аударған жоба авторлары халыққа жат құқықтықнормаларды енгізуге қарсы. Құқықтық нормалар халықтың тұрмысы мен деңгейіне сәйкесболуы керек. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты ескерген алаш қайраткерлеріауыл, болыс ішінде билік пен сот қазақ билерінің түрлі жиындарда сот істерін шешу кезінде басшылыққа алған дәстүрлі ереже жолымен атқарылғаны жөн деп бекітеді.Қазақ жерінде завод-фабрикалардың аз болуы себепті жұмысшыларда аз, сондықтан «Алаш» партиясы жұмысшыларға қатысты социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайтыны айтылған.Тоғызыншы «Ғылым-білім үйрету» деп аталатын бөлімде тегін білім алуға баршаның құқығы болуы басты назарда. Мектептерде ана тілінде оқыту, қазақ мектептері менуниверситет ашу, үкіметтің оқу үрдісіне араласпауы, оқытушылардың сайланбалы болуы,кітапханалар ашу туралы ұсыныстар бар. Білім мен ғылым ісі қай заманда болмасын өзекті,қажетті, болашаққа бағытталған жауапты міндет.
52

Мұны алаш қайраткерлері жете түсініп,келешектегі ұлттық мемлекеттің рухани негізі деп білді. Олардың өткен ғасырда айтқанұсыныстары бүгінгі күнгі өткір мәселелердің де үстінен дөп түсіп тұр.Соңғы, оныншы бөлімде қарастырылатыны «Жер мәселесі». Құрылтай негізгі заңқабылдағанда жерден тиесілі үлесін алдымен жергілікті жұртқа берілуін, өлшеу нормасыжердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу мәселесі қойылды. Жерді қазақтаржеке үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу, жер заңында жерсату деген болмау, әркім өзі пайдалану керектігі де ескерілді. Ал бұрын қазақтардан алынып, бірақ мұжық қоныстанбаған жерді қазақтарға қайтару керектігі және орналасқан қазақжеріне мұжық келмеуін ескеру баса айтылды. Үлестіруден артылған жер земства қолындаболып, артық жерден халық саны өскен сайын тиісті сыбаға беру, егіншілікпен айналысатын Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесіліп, өзара әділдік жолмен пайдалануқарастырылды.Жер байлығы, кен-қазынасы, астығы, өзен-көлдер мен өзге де табиғат байлығы мемлекет меншігінде, билігі земства қолында болуы тиіс екендігі айрықша атап көрсетілген.І жалпықазақ съезінде Алаш партиясын тұңғыш ұлттық саяси ұйым ретінде құрылды депжариялау қазақ халқы үшін елеулі оқиға болды. Алаштықтар халық тағдырына тіке қатысты жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойды. Саяси күрестің түпкімақсаты - қазақ халқын отарлық езгіден құтқару, жалпыұлттық мақсат-мүдделер негізіндетәуелсіз елге, ұлттық мемлекетке қол жеткізу болды. Аталған мақсат оқыған қазақ зиялыларынан тұратын жаңа саяси күш - Алаш қозғалысын ұлт-азаттық күрестің саяси сахнасынашығарып, оны қазақ даласындағы ең белді саяси партияға айналдырды.1917 жылы желтоқсанның 5-13 аралығында Орынборда екінші Жалпықазақ съезі өтті.Онда бірауыздан мақұлдау нәтижесінде жаңа ұлттық-территориялық бірлік – «Алаш» құрылатындығы жарияланып, оның құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу,Әмудария, Каспий облыстары мен Алтай губерниясы кіретін болды.

53

Алаш Орданың үкіметіқұрылып, оның Орталық комитетін Ә. Бөкейханов басқаратыны бірауыздан мақұлданды. ЕкіншіЖалпықазақ съезінің басты қорытындысы Уақытша халық кеңесі құрылып, оның құрамындағы25 адамның 10-ы қазақ емес ұлт өкілдерінен сайланатын болып келісіледі. Кеңес бүкіл қазаққоғамындағы атқару билігін қолына алатын болды. Арнайы тармақ бойынша съезд қаулы қабылдап, онда қазақтардың арасында тұратын басқа ұлт өкілдеріне азшылық құқығы берілетіндігі бекітілді. Алаштың барлық мекемелерінде барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері пропорционалды түрде қызмет ететіндігі жарияланады. «Алаш» мемлекетінің «Алаш Орда» мемлекетізаң шығарушы билік тармағына тәуелді болды.Алайда автономияның декларациясын қабылдау мәселесіне келгенде зиялы қауымның көзқарасында екі бағыт туындады. Бірі Жаһанша және Х. Досмұхамедовтер бастаған топ автономияны бірден жариялау қажеттігін ұсынды.Алаш партиясы ұлттық саяси күш ретінде Алашорда үкіметін құрып және Алашавтономиясын жариялап, тәуелсіз қазақ мемлекетін құруды көкседі. Тағдырлары қайғылыаяқталғанына қарамастан, Алаш қайраткерлері елі мен жерінің, қазақ ұлтының қамын жеп,оның жарқын болашағы үшін күресті. Олардың идеялық мұрасы саяси санасы толыққан,тәуелсіздік идеясын ту еткен бүгінгі ұрпаққа аманат, атқарған ерен істері өнегелі өсиет, ал ардақты Алаш азаматтарының есімдері халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Бізөдің тұғырлы Қазақстан атануымыздың жолындағы тарих белесінде Алаш қайраткерлерінің есімі биік тұрады. Олардың қазақ мемлекетін құрудағы яғни тәуелсіздікке жету жолындағы саяси көзқарастарының бағытымен бүгінде көк байрағымыз желібреп,әнұранымыз әлем аренасында шырқалып тұр. Алаш қайраткерлері қазақ елінің бодандықтан құтылуына бірден бір себепкер болған тұлғалар. Алаш көсемдерінің өмірінен өнеге, тірлігінен тағылым алып, Алаш мұратын ұлт мұраты ретінде тануымыз керек. Қорыта айтқанда, Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да басты идеяларының бірі болуы тиіс. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек.

54

Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің негізгісі – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды. Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары – бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал. Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.



55

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Қазақ зиялылар Тұрсынбек Кәкішев

  2. І том Әлихан Бөкейханов

  3. Егемен Қазақстан тарихы

  4. Асыл тұлға Ж Досмұхаммедов

  5. Журнал Жұлдыз 1995 ж №5саны

  6. Ұраным Алаш 2 том 2011ж

  7. Алаш жолы Б Төлепберген

  8. Алашорда энциклопедиясы

  9. Ұлт руханиятының алдаспаны кітабы

  10. Өксік ғұмыр кітабы

  11. Күрескер кітабы

  12. Алаш мұрасы Қайрат Сақ

  13. Аягөз әлемі 2001 ж Алаш ақтаңдағы

  14. Жұлдыз журналы №8 1995 жыл

  15. Жұлдыз журналы №10 саны 1996 ж

  16. Ұлттық қозғалыс Б Қойшыбаев

  17. Алаш Ж Садуақасов

  18. Ақжол 1-2-3-4 том

  19. Ел мүддесі ерлер еншісі Ж Тілепов

.



.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет