Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi. Несие қамтамасыздығы



жүктеу 1.33 Mb.
бет2/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

1.1– сурет

Несие беру процесінің 1-кезеңінде банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарайды. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

2-кезеңінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау кезінде қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеті талданады.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:


  1. ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, оның атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;

  2. қарыз алушының іскерлік беделі. Ол қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана емес, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерін орындауын білдіреді;

  3. табыс алу қабілеті. Оны анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: кәсіпорынның орналасқан жері, тауарлары мен

қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.

Несиелеу процесінің 3-кезеңінде несиелік келісім-шарт жасалады. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.Оның мазмұнын жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер оның типтік формаларын пайдаланады. Несиелік келісім-шартта несиелеу мақсаты, обьектісі, оның мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері және несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.

4-кезеңде нақты несиені беру кезеңі жүзеге асырылады. Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін, ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.

Соңғы 5-кезеңде несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасалады. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасына, банк қаражаттарын пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты. Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп-айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылса, арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады.

Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді.

Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады. Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:


J=(i*p*n)/360*100%,
мұндағы: і – сыйақы мөлшері;

р – қарыз қалдығы;

n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны.

Күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:


J=p * ((1+(i/1200))^n – 1),
мұндағы: і – сыйақы мөлшері;

р – несиенің бастапқы сомасы;

j – несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы;

n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.

Егер несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:
Jg=Q*[(1+ig/1200)^t1-(1+ig/1200)^t2],

мұндағы: Jg – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;

Q – мерзімі өткен қарыз сомасы;

Ig – мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі

(айыппұл);

t1 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты

сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мерзімі;

t2 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға

дейінгі уақыт мерзімі.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны – 30, ал жылдағы – 360 күнмен алынады.

Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға, несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға хұқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
1.3. Банк клиентінiң несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері.
Банктер қарыз алушы және алынатын несие туралы мәліметтер жинағаннан кейін қарыз алушылардың несие және төлем қабілеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтайды. Қарыз алушылардың жеке немесе заңды тұлға болғандығына байланысты олардың несие және төлем қабілеттері де әртүрлі анықталады.

Жеке тұлға болып табылатын клиенттің төлем және несие қабілетін бағалау үшін отандың тәжірибеде мынадай көрсеткіштер қолданылады: [12]



  1. Ай сайынғы төленетін негізгі қарыз сомасын анықтау, яғни қарыз алушының ай сайын несие бойынша пайызды қоспағанда төлеуге тиісті сомасы. Бұл коэффициент келесідей формуламен есептеледі:

Берілетін несие сомасы

Ат = --------------------------------------

Берілген мерзімі


  1. Ай сайынғы төленетін пайыз сомасы. Бұл жерде ай сайын несие бойынша пайыздың төленуге тиісті сомасы анықталады. Бұл келесі формулаға сәйкес есептеледі:

Берілетін несие сомасы * %

А% = -------------------------------------

Берілген несие мерзімі


  1. Ай сайынғы несие бойынша төлемдер мен пайыздар мөлшері. Келесідей анықталады:

А = Ат + А%




  1. Нақты несие қабілеттілік коэффициенті, яғни қарыз алушының өтеуге мүмкіндігі бар соманы көрсетеді. Басқаша айтқанда, тек осы сома шегінде банк клиентіне несие бере алады. Ол мына формуламен есептеледі:

Ат + А%

Нақты несие қаб.коэф. = -------------------------

Таза табыс

Сондай-ақ, жеке тұлғаның төлем қабілетін есептеудің тағы бір түрін келтіруге болады, бұл банктің несиеге бере алатын максималды соманы көрсетеді. Ол келесідей есептеледі:
Тқ = Таза табыс * % * несиенің мерзімі
Заңды тұлға болып табылатын қарыз алушылардың несие қабілетін анықтауда басқа көрсеткіштер пайдаланады. Қарыз алушының несие қабілетін бағалайтын негізгі көрсеткіштерге жатады:


    • Ағымдағы өтімділік коэффициенті

    • Жалпы өтеу коэффициенті

    • Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыздану көрсеткіші.

ҚР ҰБ несие қабілетті бағалауда банктерге келесідей қосымша көрсеткіштерді анықтауды ұсынады. Олар үш топқа бөлінеді:

  1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттері жоғарыда аталғандармен бірге:

    • Қаржылық тұтқа коэффициенті

    • Жалпы айналым қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың үлесі

  1. Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштері, соның ішінде:

  2. Айналымдылық көрсеткіштері, соның ішінде:

    • Сатудан түскен 1 күндік орташа түсім

    • Айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі (күнмен)

    • Дебиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен)

    • Кредиторлық қарыз айналымының мерзімі (күнмен)

Енді осы аталған көрсеткіштерді сипаттауға келейік. Ең алдымен қаржылық тұрақтылық коэффициенттеріне тоқталамыз.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті қарыз алушы кәсіпорының айналым қаражаттарының бір бөлігін сату арқылы өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауын көрсетеді.




Ағымдағы өтімділік коэффициенті = (ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық жұмсалымдар + дебиторлық қарыз) / қысқа мерзімді міндеттемелер

Бұл коэффициенттің мәні 0,75-тен кем болмауы керек.



Екінші көрсеткіш – жалпы өтеу коэффициенті. Бұл көрсеткіш қарыз алушы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау үшін қажетті өтімді қаражаттардың жеткіліктілігін көрсетеді.




Жалпы өтеу коэффициенті = (ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық жұмсалымдар + дебиторлық қарыз+ запастар, қосалқы бөлшектер) / қысқа мерзімді міндеттемелер
Бұл коэффициенттің мәні 1-ден кем болмау керек.

Қаржылық тұтқа коэффиценті 1 теңгеге шаққандағы меншікті қаражат үлесіне келетін тартылған қаражаттардың көлемін сипаттайды.
Тартылған қаражаттар

Қаржы тұтқасы = -------------------------------

Меншікті қаражаттар
Бұл коэффициенттің мәні 1-ден артық болмау керек.

Меншікті айналым қаражаттарының шамасы меншікті қаражат көзерінен құралатын айналым қаражаттарының шамасын білдіреді. Мұны келесідей анықтауға болады:




Меншікті айналым қаражаттарының шамасы = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді активтер
Жалпы айналым қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың үлесі айналым қаражаттардағы меншікті қаражаттар қандай бөлігін құрайтынын көрсетеді.




Жалпы айналым қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың үлесі = (меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді активтер) / ағымдағы активтер * 100%
Енді рентабельділік көрсеткіштерін сипаттайық. Корпорацияның сауда рентабельдігін талдау оның тиімділігін көрсететін көрсеткіштердің бірі. Бұл коэффицент өткізілген өнімнің бірлігіне қанша пайда табылғанын көрсетіп, кәсіпорынның коммерциялық маржасы деп аталады.
Өнімді сатудан алған пайда

Сауда рентабельдігі = ----------------------------------------

Алынған кіріс
Кәсіпорынның рентабельдігі кәсіпорының қызмет етуінің табыстылығын көрсетеді. Ол сатудан түскен кірістің мүліктердің жалпы жылдық құныныдағы алатын бөлігін білдіреді. Ол келесі жолмен анықталады.




Сатудан түскен кіріс

Кәсіпорының жалпы рентабельдігі = --------------------------------------



Мүліктердің жылдық орташа құны
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін бағалау процесінде инвестицияланған капитал ретінде кәсіпорынның барлық активтері алынады, себебі олардың жалпы шамасы кәсіпорынның барлық қарыздарын ескереді.

Меншікті капитал рентабельдігі – кәсіпорынның меншігіндегі мүлкінің тиімді пайдалануын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Осы көрсеткіштің негізінде активтердің иесі оларды орналастыру орынын таңдауы мүмкін. Есептеу кезінде операциялық табыс емес, ал корпорация иелерінің арасында қандай да бір жолмен бөлінетін таза соңғы табыс қолданылады. Меншікті капитал рентабельдігі таза табыстың меншікті капиталдың орташа жылдық құнына қатынасы бойынша есептелінеді:

Таза табыс

Меншікті капитал рентабельдігі = ------------------------------------------

ӨК орташа жылдық құны
Келесі коэффициент – сатудан түскен бір күдік орташа түсім. Ол кәсіпорының күделікті жұмысының нәтижелігін білдіреді. Оны келесідей жолмен анықтауға болады:



Жалпы сатудан түскен түсім

Сатудан түскен 1 күндік орташа түсім = --------------------------------------

Мерзім ұзақтығы
Айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі айналым қаражаттарының қалдығының қанша уақытта толық айналым жасайтынын көрсетеді. Оны келесі формуламен анықтауға болады:




ОҚ * МҰ

Ам = ---------------------

СК
Мұндағы, Ам – айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі;

ОҚ – орташа қалдық;

МҰ – мерзім ұзақтығы;

СК – сатудан түскен түсім.



Дебиторлық қарыз айналымының мерзімі қарыз алушының несие және төлем қабілетін анықтауда кеңінен қоладнылады. Оны былай анықтауға болады:




Мерзім ұзақтығы

Дебиторлық қарыз айналымының мерзімі = -------------------------------

Дебиторлық қарыз сомасы
Сондай-ақ кредиторлық қарыз айналымының мерзімі де анықталады. Оны мынадай жолмен анықтауға болады:

Мерзім ұзақтығы

Кредиторлық қарыз айналымының мерзімі = -------------------------------

Кредиторлық қарыз сомасы
Осы аталған көрсеткіштер негізінде қарыз алушылардың классы анықталады. Қарыз алушының классын анықтау көрсеткіштердің шекті мәні мен олардың рейтингтері арқылы жүзеге асырылады. Әдетте, негізгі коэффициенттердің шамасына байланысты қарыз алушылар үш классқа бөлінеді. Бұл үшін банктер қолданатын көрсеткіштердің деңгеій әр әдістеме бойынша бірдей емес. Қарыз алушыларды шартты түрде класстаға бөлу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша келесі негізгі көрсеткіштерге негізделіп жүргізілуі мүмкін:

4-кесте

Қарыз алушының несиелік қабілетінің негізгі көрсеткіштер*і

Көрсеткіш

Экономикалық мазмұны

Есептеу алгоритмі

Өтімділік коэффициенті (Кө)

Қарыз алушының қарызды төлеу үшін шаруашылық айналымнан жедел түрде ақша қаражаттарын алу мүмкіндігін сипаттайды. Қаншалықты коэффициенттің мәні жоғары балса, соншалықты қарыз алушы сенімді болады.

тез өтімді активтер Кө = ---------------------------------- қысқа мерзімді қарыз сомасы

Өтеу коэффициенті (Көтеу)

Қарыз алушының өзінің қарыздарын өтеу үшін барлық түрлі қаражаттарының жеткіліктілігін сипаттайды. Қаншалықты коэффициенттің мәні жоғары болса, қарыз алушы соншалықты үлкен соманы ала алады.

Тез өтімді активтер + өтімді активтер Көтеу = -------------------------------- Қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы

Меншікті айналым капиталымен қамтамасыздану көрсеткіші (Кмк)

Қарыз алушының меншікті қаражаттарының мөлшерін сипаттайды. Айналым капиталында меншікті қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, банк позициясы жағынан қарыз алушы соншалықты сенімді болады.

Пассивтің 1-бөлімі - (Активтің 1-бөлімі + Зияндар) Кмк = ---------------------------------- Активтің 2-бөлімі + Активтің 3-бөлімі

*Көзі: «Банковское дело»/Под ред. д.э.н. Г.С.Сейткасимова. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.
Несиелік қызметкерлер кәсіпорының даму болашағын, пайда мөлшерін және несиенің қайтарылу ықтималдығының дәрежесін болжау мақсатында ағымдағы жағдайын және өткен уақыттағы өзгерістерді анықтау үшін қаржылық есептерді талдайды. Талдау барысында бухгалтерлік баланстың және пайда және зияндар туралы есептің барлық баптарының динамикасына назар аударылады.

Кәсіпорының қаржылық жағдайындағы нашар анықтаудың ең қарапайым жолы – «Зияндар» және «Мерзімінде өтелмеген ссудалар және займдар» баптарында жазуларды талдау.


1.4. Банктік несиелеуді қамтамасыз етудің ерекшеліктері

Банктік несиелеуді тұрақты кәсіптік қызмет ретінде іске асыру міндеттемелерді тиісті дәрежеде орындауды қамтамасыз ететін механизмнің болуын талап етеді. Іс жүзінде несиені қайтармау Қазақстан Республикасында күнделікті іске айналып отырғаны практикадан белгілі. Бұл-міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің қажеттігін растайтын айғақ. Осындай мән-жайларды ескеріп, банк несиесінің қандай жағдайларда және не себепті қайтарылмауы мүмкін екендігін, несие толық қайтарылмаса банк пен оның салымшыларының мүдделері қалайша қамтамасыз етілетіндігін терең талдап, алдын-ала анықтауы керек. Банктер өздерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін міндеттемелерді қамтамасыз ететін, азаматтық құқықпен көзделген, клиентпен шартта бекітілген кез келген тәсілді немесе заңмен тиым салынбаған басқа да тәсілдерді қолдана алады.

Банктің мүдделерін қорғау үшін таңдайтын әдіс-тәсілдердің құқықтың табиғаты алуан түрлі. Осыған байланысты құқықтық институттарды үш топқа бөлуге болады:


  1. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің дәстүрлі тәсілдері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 18-тарауымен көзделген.Оларға: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және заңмен немесе шартпен көзделген басқа түрлері жатады.

  2. Банктің және оның салымшыларының мүдделерін қанағаттандыруға құқықтық кепілдік болатын сақтандыру шарты.

  3. Банктің және оның салымшыларының мүдделерін қамтамасыз етудің стандартты емес тәсілдері (қарызды өтеуді кейінге қалдыру, қарызын кешіру, новация).

Үшінші тұлғалардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуде қолданылатын қандай да бір мүлікті және ақша қаражатын пайдаланудың құқықтық мүмкіндігін ескеру қажет. Себебі, заңды тұлғалардың барлығы бірдей әмбебап құқық қабілеттілігін иеленбейді.Демек, үшінші тұлғалар үшін несиелік шартты орындауды қамтамасыз етуге өздерінің мүліктерін пайдалануға олардың барлығының мүмкіндігі бола бермейді.

Банктік несиелеуде айып төлетуді қолдану барысындағы аса маңызды сәттердің бірі – оның қамтамасыз ету міндеті және шығынға сәйкес мөлшердегі сипаты болып табылады.

Банктік несиелеуде кепілді пайдаланудың, несиелік шартты жасау барысында қарыз алушының да, банктің де ескеруі міндетті деп саналатын бірқатар ерекшеліктері бар. Кепілзат ретінде берілген мүлікті, әсіресе, ірі мүліктерді сақтауға, олардың пайдаланылуын бақылауға банктердің мүмкіндігі болмайды. Сондықтан да банктік несиелеуде тез сатылатын және сақтауы мен күтіп баптауына көп қаражат жұмсалмайтын мүліктер түрі қолданылады.Қазіргі кезде кепіл ретінде пәтерлер, үйлер, кейде – жер учаскелері, бағалы қағаздар, шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық қорындағы пайлар мен үлестер, шетел валютасы, бағалы тастар мен металдар, көлік құралдары бола алады. Кепілдің осы аталған түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар: мысалы, жарғылық қордағы акцияның, пайдың және үлестің кепіл болу мүмкіндігі туралы сұрақты алайық. Шаруашылық серіктестіктерінің құрылтайшыларының құрылып жатқан серіктестіктің мүлкіндегі үлеске меншік құқығы емес, міндеттеме құқығы болады.

Кепіл барысында брышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда, кепіл ұстаушының кепілге салынған мүліктің құнынан қанағаттандырылуға құқығы басым. Яғни кепілге ұстаушының құқығы мүлікке емес, оның құнына ғана қатысты болады. Алайда бұл ереженің кейбір ерекшелігі бар. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, сауда жүргізілген жоқ деп жарияланған жағдайда кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті оның ағымдағы бағалық құны бойынша өзінің меншігіне алуға құқылы.



Кепілзат келісімшарты. Мүлік кепілзаты (жылжитын және жылжымайтын) оны ұстаушы – несие берушінің осы мүлікті, егер қамтамасыз етілген кепілзат міндеттемесі орындалмаса, өткізуге құқығы бар екендігін білдіреді. Мұнда несие беруші кепілзат шарты бойынша өзге несие берушілерге қарағанда кепілге салынған мүліктің құнынан қаражаттың орнын толтыруда артықшылықты құқыққа ие болады. кепілзат ссуданың қайтарылуын ғана қамтамсыз етіп қоймай, сонымен бірге, тиісті проценттердің төленуін және келісімшартта қарастырылған шарттар орындалмағанда тұрақсыздық айыбының төленуі қамтамасыз етілуі қажет. Оның үстіне, мынаны ескеру қажет: кепілге салынған мүліктің нарықтық құны кеміп кетуі мүмкін. Осыған орай, кепілзаттың құны барлық жағдайда сұралатын ссуданың мөлшерінен жоғары болуы керек.

Кепілзатпен заңды тұлғаның да, жеке тұлғаның да міндеттемесі қамтамасыз етілуі мүмкін. Кепілзат келісімшарттың немесе заңның күшіне қарай пайда болады. Келісімшарт күшіндегі кепілзат кеңінен тараған. Онда борышқор несие берушімен келісімшарт бекітіп, мүлкін кепілзатқа өз еркімен береді. Кепілзатпен тек нақты талап қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл кепілзат туралы келісімшраттың дербес сипаты болатындығын білдіреді, яғни оны өзге келісімшарттармен өзара байланыстырмай тұрып бекітуге болмайды. Өйткені, олардың орындалуын өзі қамтамсыз етеді.



Кепілзат беруші мынадай тұлға болуы мүмкін: кепілзат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі болады немесе толық шаруашылық жүргізуге беріледі. Мүлікпен толық шаруашылық жүргізу құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіге, егер заң немесе меншік иесі құрылтайшылық құжатта басқаша қарастырмайтын болса, меншік иесіндегі секілді ауқымда иеленуіне, пайдалануына және иелік етуіне мүмкіндік береді.

Мүлікті шеттетуге қойылатын шектеу мемлекеттік мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты болады, өйткені, олар үй - ғимаратты және құрылғыны кепілзатқа беруі үшін мүлікті басқару жөніндегі тиісті комитеттен рұқсат алуы керек.

Кепілзаттың екі түрі болады:

1)мұнда кепілдікке салынған мүлік кепілзатты берушінің өзінде қалуы мүмкін ;

2)мұнда кепілдікке салынған мүлік кепілзатты ұстаушының меншігіне, иелігіне беріледі.

Осының ішінде кепілзаттың бірінші түрі кеңінен тараған.

Мүлікті өз иесіне (кепілзатты берушінің өзінде) қалдырумен берілетін кепілдікті ұстаушының мыналарға құқығы болады:


  • кепілге салынған мүлікті оның тағайындауына қарай иеленуге және пайдалануға;

  • кепілге салынған мүлікті кепілзатпен қамтамсыз етілген міндеттеме бойынша борышты алушыға аударумен шеттету арқылы оны иеленуге.

Сонымен қатар, кепілзат беруші өз есебінен кепілге салынған мүлікті толық құнында сақтандыруға, оны сақтау бойынша шаралар қабылдауға, кепілзатты ұстаушыға кепілге салынған мүлікті жалға бергені жайлы хабарлауға міндетті.

Мүлікті өз иесінде (кепілзатты берушінің өзінде) қалдырумен берілетін кепілзат бірнеше формада бола алады. Оның негізгі формаларына мыналар жатады:

  • кепілге салынған айналымдағы тауарлар;

  • кепілге салынған қайта өңдеудегі тауарлар;

  • кепілге салынған жылжымайтын мүлік.

Айналымдағы тауар кепілзаты (немесе құрамы өзгермелі кепілзат) қарыз алушының бір мезгілде белгілі бір берешек бөлігін өтеу шартымен немесе жарамсыз болып қалған тауарларды тең немесе үлкен сомадағы құндылықтармен несиелеу арқылы басқа тиісті түрімен ауыстыру шартымен кепілге салынған құндылықты өткізуге құқығы барын білдіреді. Қарыз алушы кепілге салынған құндылықтардың тиісті есебінжүргізуге және сақтауға міндетті әрі осы үшін жауап береді.

Қайта өңдеудегі тауар кепілзаты қарыз алушының кепілге салынған шикізатты, материалды, жартылай дайындалған өнімді қайта өңдеуге құқығы барын білдіреді, алайда мұндағы кепілзат құқығы өңделген жартылай дайын өнімге де, аяқталмаған өндіріске де, дайын өнім мен жөнелтілген тауарға да қолданылады.

Айналымдағы тауардың кепілзатымен сауда және жеткізу - өткізу ұйымдарын несиелеуге болады. Қайта өңдеудегі тауардың кепілзатымен мемлекеттік өнеркәсіп, құрылыс, көлік және ауылшаруашылығы кәсіпорындары несиелендіріледі.

Үй – ғимараттың, құрал – жабдықтың және өзге де жылжымайтын мүліктің кепілзатымен несие беретін банк, олардың тек өту деңгейіне (сатылуына) ғана емес, сонымен бірге , кепілге салынған мүлікті сатудың әуресінен құтылу үшін несиенің орнын толтыра алатындай қарызгердің пайда алу қабілетіне де мүдделілік танытады.

Банк кепілзатты ұстаушы ретінде кепілге салынған мүлікті өз иесінде қалдыру барысында құжат бойына оның нақты болуын, мөлшерін, жағдайын және екпілге салынған мүліктің сақталу шартын тексеру құқылы болады. Егер кепілге салынған мүлік жоғалатын болса және оны кепілзат беруші қайта орнына қоймаса (қалпына келтірмесе)немесе оны кепілзатты ұстаушының келісімімен оның құнына тең өзге мүлікпен ауыстырмаса, онда кепілзатты ұстаушы банк кепілзатпен қамтамсыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын талап етуіне құқылы.

Кепілзаттың екінші түрі – кепілге салынған мүліктің кепілзат ұстаушыда қалдырылатын түрі – кепілзаттың банк қызметіндегі артықшылықты түрі болып табылады. Бұл кепілзат түрінің артықшылыққа ие болуын былайша түсіндіруге болады:мүлік кепілзат ұстаушының (банктің) иелігінде қалатын болса, банк осы мүліктің жағдайына толық бақылау жүргізе алады,оның үстіне,банк қарыз алушыға берген несиесінің орнын толтырудың біршама үлкенмүмкіндігіне ие болады.

Кепілзаттың бұл түрі екі негізгі формада көрінуі мүмкін:



  • тұрлаулы кепілзат;

  • құқық кепілзаты.
1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет