Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi. Несие қамтамасыздығы



жүктеу 1.33 Mb.
бет3/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Тұрлаулы кепілзат тауарлардың және басқа мүліктердің банкке берілуін әрі несие мекемелерінің қоймасында немесе банктің күзетімен қарыз алушының қоймасында оның сақталуын классикалық түрде қарастырады. Кепілге салынған құндылық мынадай талаптарға жауап беруі керек:Кепілге салынған мүлік оңай (еш қиындықсыз) сатылатындай болуы керек және сақтандыру мүмкіндігіне ие болуы қажет әрі ұзақ сақтауға жарамды болуы тиіс,сондай – ақ, кепілге салынған мүлікке банк бақылау жүргізуі қажет. Кепілге салынған мүлік банкке біршама қиындықтар тудырады әрі белгілі бір шығынды қажет етеді, өйткені тауарлы – материалдық құндылықтарды сақтау секілді функция банк ісіне тән емес. Батыс елдерінде мұндай функцияны банк үшін арнаулы ұйымдар – қойма компаниялары орындайды. Олар қоймалық квитанцияны жазып береді, бұл квитанция ссуданы қамтамсыз етуші ретіде қызмет етеді.

Банктер өздеріне жазылатын мұндай квитанцияның құқықсыз берілуін артық көреді, өйткені, құқықсыз берілген квитанция оларға несиені қамтамсыз ету үшін сенімді бақылау жүргізуге, сондай – ақ, несие қайтарылмай қалған жағдайда құндылықты қоймадан өндіріп алуына мүмкіндік береді.

Банк үшін тұрлаулы кепілзаттың ең қолайлы объектісінетауарлық және тауарлы көлік құжаттары, сондай – ақ, құнды қағаздар жатады.Біріншіден, оларды кепілзат беруші ссуданы банктің (кепілзат ұстаушы) өзі тікелей қамтамсыз етуі үшін береді, әрі – беріден соң оларды сақтауға аса көп шығын кетпейді.Екіншіден, олардың өтімділігі жоғары, борышқор өзінің ссуда бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда олардың өтімділігі банк үшін маңызы жоғары болады.Соңғы жылдары кепілзаттың бұл түрі тиісінше дамып келеді.

Құқық кепілзаты – Қазақстанда мүлікті кепілге салудың жаңа формасы және бұл заң тұрғысынанәлі толық зерделенбеген форма . Мүлікті иелену және пайдалану құқығын , интеллектуалдық меншік объектілеріне (өнеркәсіп жобаларындағы, тауарлық белгідегі, ноу – хаудағы, патенттегі авторлық құқық) құқықты ссуданы қамтамасыз етуші ретінде банкке берілгенін растайтын құжаттар кепілге салынғанмүлік ретінде жүре алады.

Кепілге салынған мүлікті со қалпында сақтаудан басқа кепілзатты ұстаушыға (банкке) өзге де қосымша міндеттер жүктеледі. Мәселен, кепілзат ұстаушы, егер бұл келісімшартта қарастырылған болса, кепілзат берушінің мүддесі үшін кепілге салынған мүлікті пайдаланғаны жөнінде оған (кепілзат берушіге) есеп береді, кепілзат берушіге өзінің кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындағаннан кейін мүлікті дереу қайтаруы тиіс.

Кепілге салынған мүлік қай тарапта қалса да, оны кепілзат беруші немесе кепілзат ұстаушы өрттен, селден және өзге де стихиялық апаттардан, сондай – ақ, кепілзат берушінің шаруашылық қызметін тоқтатуға актілерді жасауға, шешім шығаруға құзіретті мемлекеттік органдардың әрекетінен әрі талан – тараждан толық құнында сақтандыруға міндетті. Ал, мұндай оқиғалар орындалған жағдайда банк сақтандырылған сомадан өзінің талаптарын қанағаттандыруға құқылы болады. кез келген жағдайда кепілге салынған мүлік (кепілзат түріне қарамастан) кепілзат берушінің есебінен сақтандырылады.

Қарызгер бір ғана мүлікті бір мезгілде бірнеше несие беруші үшін кепілге сала алады. Бұл арада заң мынаған сүйенеді: біріншіден, кепілге салынған мүліктің құны кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме сомасынан көп жоғары болуы мүмкін; екіншіден, әр түрлі несие берушілердің алдында орындалуы тиісті міндеттеменің мерзімдері бірдей бола бермейді, сол себепті де, міндеттемені тізбектілікпен біртіндеп орындауға болады. Банк несие беруші ретінде мүлікті кепілге ала отырып, оның (мүліктің) кепілге салынғанын немесе салынбағанын анықтап алуы керек. Бұл банк талабын қанағаттандырудың кезегін белгілеуге және осыған орай клиентті несиелеу жөніндегі мәселені шешуге мүмкіндік береді. Кепілзат ұстаушы кепілзат кітабын міндетті тәртіпте жүргізуі тиіс. Бұл кітапқа кепілзаттың формасы мен түрі, кепілге салынған мүлік, оның құны және кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің көлемі туралы мәліметтер жазылады.

Кепілзат туралы келісімшарт заңды құжат болып табылады. Ол кепілзатпен қамтамасыз етілетін міндеттемеден бөлек жасалады.

Кепілзат туралы келісімшарт жазбаша формада жасалуы керек. Онда кепілзаттың формасы мен түрін, кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәнін, оның мөлшері мен орындалу мерзімін, кепілге салынған мүліктің құрамы мен құнын, кепілзат ұстаушы мен кепілзат берушінің құқықтары мен міндеттерін, кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда борышқордың мүлкінен өндіріп алудың тәртібін, сондай – ақ кепілзат құқығын тоқтатуды, дау – таласты шешудің тәртібін қарастыратын шарттар көрініс табуы қажет.

Кепілзат туралы келісімшартта, сонымен бірге, екі тараптың атауы мен орналасқан орындары, кепілге салынған мүліктің тізімдемесі мен орналасқан орны көрсетілуі керек. Кепілзат туралы келісімшарт, егер осы аталған шарттар орындалмайтын болса, жарамсыз деп саналады.

Кейбір келісімшарт түрлері міндетті түрде нотариалдық тұрғыдан расталуы керек. Бұл жағдайда кепілзат туралы келісімшарт та нотариалдық тұрғыдан расталуы керек. Алайда, тараптардың келісімі бойынша өздері бекіткен кез келген келісімшарт нотариалдық тұрғыдан расталуы мүмкін, осыған орай, негізгі келісімшарттың орындалын қамтамасыз ететін кепілзат туралы келісімшарт та нотариалдық тұрғыдан расталады.

Кепілзатқа берілген мүліктің кейбір түрлері мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі керек, яғни, тіркелуі қажет. Кепілзат туралы келісімшарт бекітіліп, қажет болған жағдайда нотариалдық тұрғыдан расталғаннан кейін тиісті мемлекеттік органға тіркелуі қажет. Егер мүлік кепілзаты мемлекеттік тіркеуден өтуі міндетті болып табылса, онда кепілзат туралы келісімшарт тіркелген сәттен бастап бекітілген болып есептеледі.

Кепілзатты тіркейтін орган кепілзатты ұстаушы мен кепілзат берушіге оның тіркелгені туралы куәлікті беруге міндетті.

Кепілге берілу барысында тіркеуге жатқызылатын мүліктің түрлеріне жер, кәсіпорын, авто көлік ,шағын су кемесі , тұрғын үй, пәтер және т.б. жатады.

Кепілге салынған мүліктің есебінен кепілзат ұстаушы нақты қанағаттандыру сәтінде анықталатын өзінің талаптарын (орындалу мерзіміне байланысты орын алған процентті, залалды және тұрақсыздық айыбын (төлемін), сондай – ақ, кепілзаттың мазмұны бойынша шығынды, кепілзатпен қамтамасыз етілген талаптың жүзеге асуымен байланысты сот шығынын қоса алғанда) толық мөлшерінде қанағаттандыруға құқылы. Несие беруші – кепілзат ұстаушы кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме өз мерзімінде орындалмаса кепілге салынған мүліктен (немесе басқадай құндылықтан) оны өндіріп алудың құқығына ие болады. Кепілге салынған мүліктен (немесе басқадай құндылықтан) сот, төрелік сот немесе аралық сот арқылы өндіріп ала алады. Кепілзат ұстаушы (несие беруші) міндеттеменің орындалмағанын немесе дұрыс орындалмағанын дәлелдеуі қажет. Егер сот шешімі банктің (кепілзатты ұстаушының) пайдасына шешілетін болса, оған (банкке) орындау құжатын табыс етеді. Бұл құжаттың негізінде кепілге салынған мүлік (немесе басқадай құндылық) сатылып, одан түскен түсім несие берушінің талабын қанағаттандыруға бағытталады. Егер кепілге салынған мүлікті немесе басқадай құндылықты сатудан түскен түсімнің сомасы несие берушінің талап сомасынан асып түсетін болса, онда айырмашылық кепілзат берушіге қайтарылады, ал, егер кепілге салынған мүлікті сатудан түскен түсімнің несие берушінің талабын толық қанағаттандыра алмайтын болса, онда ол қалған соманы борышқордың басқа мүлкінен немесе басқадай құндылығынан өндіріп алуға құқылы.

Кепілзат ұстаушының талабын үшінші тұлға қанағаттандырған жағдайда үшінші тұлғаға талап құқығымен бірге Қазақстан Республикасы талапқа кеңшілік заңында қарастырылған тәртіпте оны қамтамасыз ететін кепілзат құқығы да беріледі.

Кепілзат туралы келісімшартпен кепілзат ұстаушыға міндеттеменің орындалу мерзімі ұзартылатын болса, кепілге салынған мүлікті немесе басқадай құндылықты соттың шешімінсіз дербес өткізуге құқық беріледі. Мұндай жағдайда келісімшартта сатудың ең аз шамадағы бағасы анықталады немесе бағалаудың тәртібі белгіленеді немесе бұл мүлікті екі жақтың да мүдделерін қорғай отырып өткізідің жөн – жосығы белгіленеді.

Заң органдары жекелеген жағдайлардың да құқығын белгілейді . Онда өндіріп алу несие берушінің пайдасына нотариустың орындаушы жазуының негізінде сөзсіз тәртіппен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, мынадай ереже бар: кепілге салынған мүлік сатылмайынша кепілзат беруші негізгі келісімшарт бойынша міндеттемені орындау арқылы оны сатқызбауға құқылы. Кепілзат құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:


  • кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеме аяқталғанда;

  • кепілге салынған мүліктің немесе басқадай құндылықтың апатқа ұшыраған жағдайында;

  • кепілзат ұстаушы кепілге салынған мүліктің немесе басқадай құндылықтың меншік құқығын сатып алғанда;

  • қарызды құрайтын құқықтың аяқталуы бойынша.

Кепілзатты тоқтатудың қалыпты (табиғи) жағдайына кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалуы жатады. Негізгі борыштың орындалуы тиісті құжаттармен (борышты алғаны туралы несие берушінің қолхатымен, кепілге салынған мүлікті немесе басқадай құндылықты қабылдау – табыс ету актісімен және т.б.) бекітіледі.

Міндеттеме біртіндеп орындалатын жағдайда міндеттеме толық орындалмайынша кепілзат сақталатын болады.



Кепілгерлік шарт. Бұл келісімшарт бойынша кепілгер басқа тұлға (қарызгер) үшін несие берушінің алдында оның өз міндеттемесін орындауына жауапты болады. Кепілгерлік несие берушіге мінднттеме орындалмаған жағдайда борышқорға қатысты өзінің талабын кепілгерлікпен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша нақты қанағаттандыруына үлкен мүмкіндік тудырады, өйткені, кепілгерлікті міндеттеменің орындалмауына борышқормен бірге кепілгер де жауап беретін болады. Қарыз алушы мен кепілгер несие берушінің алдында ынтымақты борышқорлар ретінде жауап береді.

Кепілгерлік шарты жазбаша формада жасалады және нотариалдық тұрғыдан расталуы керек. Несие беруші банк пен борышқордың және оның кепілгерінің арасында бекітілетін кепілгерлік шартта борышқордың, кепілгердің және несие беруші банктің атауы мен мекен – жайы, төлем сомасы, мерзімі және оны төлеудің шарты,банк пен кепілгер арасындағы есеп айырысудың тәртібі көрсетіледі. Кепілгерлік өзі қамтамсыз еткен міндеттеме аяқталғанда, сондай – ақ, егер несие беруші міндеттеме мерзімі басталған күннен бастап үш ай ішінде кепілгерге талап қоймайтын болса, тоқтатылады.Міндеттемені кепілгердің орындауы бойынша мұндай талап қойылған жағдайда несие беруші борышқорға қатысты талапты айғақтайтын құжатты және осы талапты қамтамасыз ететін құқықты оған беруге міндетті.



Кепілдік -.бұл тек заңды тұлғалардың арасындағы міндеттемені қамтамасыз ету үшін қолданылатын кепілгерлік шарттың айрықша түрі. Онда кепіл субсидиарлық сипатта болады. Банктерді қоса алғанда борышқордан жоғары тұрған ұйымдар (министрлік, ведомость, ассоциация, бірлестік), жалға берушілер, құрылтайшылар және өзге де кез келген ұйым ссуда бойынша кепіл бола алады. Бұл жағдайдағы жалғыз шарт – кепілдің қаржылық жағдайы тұрақты болуы керек. Кепілдік несие беруші банк мекемесіне ұсынылатын кепілдік хатпен ресімделеді. Хатта кепіл мен ссуданы алушы ұйымның атаулары, оларға қызмет көрсететін банк мекемесінің атауы, ссуданың түрі мен оны өтеудің мерзімі, кепілдіктің сомасы мен оның шекті мерзімі көрсетіледі. Ссуданы алушының есеп айырысу шотында несиені өтейтін қаражат болмаған жағдайда банк кепілге ссуданы өтеу жөнінде талап қояды.

Несие тәуекелдігін сақтандыру ссуданың қайтарылуын қамтамасыз етудің формасы ретінде барлық қатысушыларға пайдалы мәміле болып табылады. Мәселен, ішінара алғанда, қарыз алушы кәсіпорын (сақтанушы) несиені уақтылы өтей алмай қалған жағдайда іскерлік репутацияны жоғалтып алудан сақтанады. Банк сақтандыру мәмілесінің тікелей қатысушысы болмаса да, несиені қайтарудың жоғары кепілдігіне ие болады. Сақтандырушы ұйым өзінің көрсеткен қызметі үшін сақтандыру тарифі түрінде сыйақы алады.

Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары үшін осы сақтандыру түрі бойынша қатердің жоғары болуына байланысты (әсіресе, экономикның қазіргі даму сәтінде) оны негізінен мемлекеттік емес коммерциялық сақтандыру мен компаниялары жүзеге асырып жүр. Банктер олармен іскерлік қарым- қатынасқа түсе отырып, олардың Құрылтайшылық құжаттары мен қаржылық жағдайын мұқият талдауы қажет. Бұл үшін мұндай құжаттарды талап ету қажет:


  • сақтандыру операцияларын жүзеге асырудың лицензиясын;

  • тіркелгені туралы айғақты (ұйымдық формасы кез келген формада болуы мүмкін);

  • құрылтайшылық келісімшарты;

  • несиені барлық қосымшаларымен өтей алмай қалған жағдайда қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ережені;

  • несиенің банк пайдасына: балансқа өтелмей қалу қатерін сақтандырудың үлгілік келісімшартын;

  • «Қаржылық нәтижелер жөнінде есеп берудің» №2 формасын.

Сақтандыру компаниясының қаржылық жағдайын талдаған кезде жариялаған және төленген жарғылық қордың болуына сақтандыру қоры мен ресурстың шамасына назар аудару қажет әрі қаржы тұрақтылығының коэффициенті төлем нормасындағы және деңгейіндегі бірліктен жоғары болуы керек (төлем деңгейі төлем нормасына тең немесе одан кем болуы керек).

Ұсынылған сақтандыру келісімшартын талдау барысында сақтандыру жағдайының анықтамасы қалайша берілгеніне , ол бола қалған жағдайда талап қою мерзімінің жеткіліктілігіне, сақтандыру жағдайының орын алғаны жөнінде сақтанушыға кімнің хабарлайтынына, сақтандыру өтемақысының қашан және қалайша жүзеге асырылатынына назар аудару қажет. Сақтандырушының міндеттерін анықтайтын келісімшарттың тармақтарына және сақтанушыны

Сақтандыру келісімшарты бойынша міндеттемеден және осыған орай банк несиесін өтеу бойынша міндеттемеден босатуы мүмкін шартқа айрықша назар аудару керек.

Қарыз алушының несиені уақтылы қайтаруын қамтамасыз ететін тағы бір форма – талаптарды банк пайдасына және қарыз алушының шотын үшінші тұлғаға қайта табыстау (цессия). Бұл қайта табыстау арнайы келісіммен немесе келісімшартпен, яғни, қайта табыс етілген талас (дебиторлық шот) бойынша цессия туралы келісімшартпен ресімделеді. Банк түскен түсімді тек берілген несиенің орнын толтыру үшін және оның процентін төлеу үшін пайдалана алады.



Талап кеңшілігі (уступка требований) және меншік құқығын табыс ету (цессия) – бұл қарыз алушының (цеденттің) құжаты, осы құжат бойынша ол өзінің талабын (дебиторлық берешегін) несие берушіге (банкке) несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуші ретінде табыс етеді.

Бұл қайта табыстау арнайы келісіммен немесе келісімшартпен ресімделеді.

Цессия туралы келісім шарт клиент алған банк ссудасының қайтарылуын қамтамасыз ететін құқтық негізін құрып, несие келісімшартын толықтырады.

Цессия туралы келісімшарт табыс етілген талап бойынша ақшалай қаражатты алу құқығының банкке өтуін қарастырады.

Табыс етілген талаптың құны ссудалық берешекті өтейтіндей жеткілікті болу керек.

Банк түскен түсімді берілген несиенің орнын толтыру үшін және оның төлемі үшін пайдаланады.

Егер табыс етілген талап бойынша түскен ақшалай қаражаттың сапасы ссуда бойынша берешектен асып түсетін болса, онда айырмашылық цедентке қайтарылады.

Іс – тәжірибеде цессияның екі түрі пайдаланылады: ашық және тыныш түрлері.



Ашық цессия борыш қорға (цедентті сатып алушыға) талаптың табыс етілгенін хабарлауды ұйғарады.Бұл жағдайда борышқор өз міндеттемесін банктің қарыз алушысына (цедентке) емес банкке өтейді.

Тыныш цессияда банк үшінші тұлғаға талаптың табыс етілгенін хабарламайды, борышқор цедентке төлейді, ал, ол алынған соманы банкке беруге міндетті.

Қарыз алушылар өздерінің беделін түсірмес үшін тыныш цессияны артық көреді. Алайда, банк үшін тыныш цессияның қатері көп.Себебі:



  • талапты табыс етуі бойынша қаражат өзге банктегі қарыз алушының шотына жиі түсе бермейді;

  • қарыз алушы талапты біршеше рет табыс ету мүмкіндігіне ие;

  • қарыз алушы жоқ талапты да табыс етуі мүмкін.

Жеке талаптарды табыс етуден басқа ГФР банктері жалпы және ғаламдық цессияны пайдаланады.

Жалпы цессия - қарыз алушы белгілі бір сомаға тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету бойынша талапты ұдай табыс етіп отыруға банк алдында міндетті болады. Бұл арада берілген несиені өтеуде банктің ақшалай қаражатты алу құқығы жалпы цессия туралы келісімшартты бекіту сәтінде емес, талаптар немесе дебиторлар тізімі банкке берілген сәтте пайда болады.

Ғаламдық цессияда қарыз алушы банкке белгілі бір кезең ішінде қайтадан пайда болған нақты клиентке қатысты талапты табыс етуі керек. Табыс етудің бұл түрі артықшылыққа ие түрі ретінде саналады.

Несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің мұндай формасын пайдаланған кезде банк қатерді кеміту үшін берілген несиенің шамасына қарағанда талапты үлкен сомаға табыс етуін талап етеді.

Жалпы және ғаламдық цессияда несиенің ең көп шамадағы сомасы табыс етілген талап құнының 20 – 40% - ын құрайды. Шетелдік коммерциялық банктер несиені алудың шарты ретінде қарыз алушыдан өтем ақы қалдығы (сұралған несие сомасының шамамен 10 – 20% - ын құрайды) деп аталатын белгілі бір ақшалай соманы депозит шотында сақтауын талап етеді. Өтем ақы қалдығы екі рөлді бірдей ойнайды:

- нақты мерзімге несие ресуртарын банктің тартуына мүмкіндік береді:

- несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің формасы ретінде алға шығады.

Шетелдерде ссуданы қамтамасыз етуші ретінде, сонымен бірге, банк өз қарызгеріне талап ететін қамтамасыз етілген вексель пайдаланылады. Бұл вексель одан арғы айналымға арналмаған. Егер ссуда мерзімінде қайтарылса, онда вексель өтеледі. Егер ссуданың қайтарылуы кешіктірілетін болса, онда вексельге наразылық білдіреді және банк сот тәртібімен қысқа мерзімде (талап қоюдың айрықша рәсімінен және қарастырылуынан) қажетті соманы алады.

Мүдделердің өзара сақталуы ғана банктің әрбір нақты жағдайда несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің ең қолайлы формасын таңдауына немесе аралас қамтамасыз етулерді пайдалануына мүмкіндік береді.

Жылжымалы мүлік қарыз алушының пайдаланылуында болу үшін ол, сонымен бірге, несиенің қайтарылуына кепілдік ретінде қызмет етуі керек, оның меншік құқығын несие беруші борышты қамтамасыз етуде пайдаланады. Борыштың қамтамасыз етілуі үшін несие берушіге меншік құқығы берілгенде жылжымалы мүліктің кепіл заттан айырмашылығы – жылжымайтын мүлік клиенттің пайдаланылуында қалады. Мұны бұлайша бөлудің себебі мынада: құндылықты несиегерге беру мүмкін емес, әрі мақсатқа лайықты болмайды.Сонымен қатар, қарыз алушы ссуданы қамтамасыз ету объектіні пайдаланудан бас тарта алмайды. Бұл жағдайда қарыз алушы өзінің пайдалануында қалған, яғни өзі пайдаланатын құндылықтың сақталуына (бүлінбеуіне) жауап береді және оны дербес иелене алмайды.

Жекелеген заттар (автокөлік) және бір қойманың немесе бір цехтың ішінен табылатын заттар тобы (тауарлар, материалдар мен жартылай дайындалған өнімдердің қорлары) ссуданы қамтамасыз етудің объектілері бола алады.

Банк борышты қамтамасыз етуі үшін меншік құқығының келісімшартын бекіту барысында қарыз алушының нақты құндылықтың шынайы иесі болып табылатындығына көз жеткізуі керек.

Алайда, бұл меншік құқығымен бірге берілетін қатерді азайтпайды.

Несие берушінің ісі ссуданы қамтамасыз етуші объектіні пайдаланатын қарыз алушының адалдығына көп жағынан тәуелді болады.

Банк қатерді кеміту мақсатында қамтамасыз етудің мөлшерін абайлап анықтауға мәжбүр болады. Осыған қарай несиенің ең көп шамадағы сомасы да шектеулі болады.


ІІ-бөлім. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесіне талдау (Казкоммерциялықбанк АҚ тәжірибесі негізінде)
2.1. «Қазкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттамасы

1990 жылы құрылған «Қазкоммерцбанк» АҚ қазіргі уақытта активі, несие қоржыны және пайда мөлшері бойынша ірі жеке меншік қаржы институты болып табылады.



Қазкоммерцбанк тарихы ҚазКСР заңнамасына сәйкес, 1990 жылы 12 шілдеде құрылған Медеу банкінен басталады. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін, банк «Қазкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркелді және банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің 1991 жылғы 21 қарашадағы №48 лицензиясын алды. Бұл күн Қазкоммерцбанктің ресми туылған күні болып есептеледі.

1993 жылдың 15 қарашасында қазақстан өзінің ұлттық валютасына ауысты. Айырбастау басталған бірінші күннен бастап теңге заңды төлем құралы болады деп белгіленді. Рубльді Қазақстандық теңгеге ауыстыру 1993 жылдың 15 қарашасында таңертеңгі сағат 8 – де басталды. Айналыстан 950,6 миллиард рубль сомасында 1961 – 1992 жылдардың рубльдік банкнот үлгілері алып тасталды. Ұлттық валютаны енгізгеннен кейін, экономиканы қолма – қол ақшамен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен алып тасталды.Экономика жандана бастады. Көбі елдегі ақша айналымы қалай қамтамасыз етілетініне байланысты болды. Ал, Қазкоммерцбанк 1994 жылдың сәуірінде өзінің жеке даму стратегиясы мен өсіп жатқан жеке кәсіпкерлік мұқтаждықтарына жауап бере отырып, «Астана Холдинг» коммерциялық банкімен бірігіп, жаңа деңгейге шықты. Осы уақыттан бастап Қазкоммерцбанк, бүгінде 22 бөлімше, 51 кассалық – есеп айырысу орталығы мен 12 дербес қызмет көрсету орталығын кіргізетін, өзінің филиалдық торабы елдің негізі іскерлік және тұрғындар орталығына қатысу да. Осы жылдан бастап банк Ұлттық банк пен елдің Қаржы министрлігі, сондай – ақ қаржылық институттар – Бүкіләлемдік банк, Еуропа жаңғыру және даму банкі, Ислам даму банкі, Kreditanstalt fur wiederaufbau және Азия даму банкі дайындаған және демеушілік ететін бір қатар арнайы бағдарламаларға қатысты.

1995 жылдың наурызында мемлекет басшысы заңдық күші бар «ҚР Ұлттық банкі туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы жылы ел экономикасы дамуының негізі оң нәтижесі экономикалық құлдырау қарқынының бәсеңдеп, инфляция деңгейінің едәуір төмендеуі болды. Жаңа заңға сүйене отырып, 1995 жылы Ұлттық банк, банктік қадағалаудың уәкілеті органы ретінде банктік жүйені қайта құрылымдай бастады. Қазақстанның даму үстіндегі нарықтық шаруашылығының анағұрлым серпінді секторларының бірі теңгені енгізген сәттен нөлдік белгіде болған валюталық нарығы болды. 1995 жылы Қазақстанның валюталық қор биржасындағы операциялар көлемі 1,8 миллиард АҚШ долларын; 59,5 млн. неміс маркасын және 734,3 млрд, ресей рублін құрады. Сол жылы Қазкоммерцбанк ҚР үкіметінің ресми кеңесшісі ретінде, экономикалық және саяси мәні бар процесстер бойынша саласының жекелеген кәсіпорындарын қайта құрылымдау және жекешелендіру сияқты ұсыныстар дайындауға қатысты.

1996 жылы егеменді мемлекет ретіндегі Қазақстанның даму жылдары ішінде бірінші рет ЖІӨ - нің артуы байқалды, инфляция қарқыны мен теңгенің айырбастау бағамының құнсыздануы едәуір төмендеді. Қазақстанның 1996 жылы шілдеде ХВҚ келісімінің 8 бабы бойынша міндеттеме қабылдауы маңызды оқиға болды, бұл ағымдағы операциялар бойынша теңгенің айырбасталуын ресми бекітті және шектеулері жоқ көпқырлы төлем жүйесіне көшуге мүмкіндік берді.

Республиканың 1997 қаржылық жылы РЕПО және кері РЕПО операцияларын белсенді жүргізуді бастауымен, СВОП – операциялар биржасын операциялық практикаға енгізуімен белгілі болды. Бұл жыл ҚКБ үшін Credit Commerciale de France атты француз банкімен ынтымақтастығымен атап өтілді. Оның қолдауымен Қазкоммерцбанк ЕЖДБ қаржыландыратын және қарқынды институционалдық дамуды көздеген «твининг» бағдарламасын жүзеге асырады. 1997 жылдың маңызды жетістігі – Қазақстанның бүкіл қаржылық секторы үшін ҚКБ – ның «Hermes» неміс мемлекеттік экспорттық сақтандыру компаниясының қарызгері ретінде бекуі болды, ол бұған дейін қарызгер ретінде республика Үкіметін ғана мойындаған болатын. Осы жылы ҚКБ өзінің халықаралық бірлестірілген несиесін алды.



1998 жыл әлемдік қаржы нарықтарында дағдарыстық құбылыстардың шиеленісуімен және Қазақстанның экспорттық тауарлары конъюктурасының нашарлауымен белгілі. Осы жылы ҚР Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатының негізгі міндеттері қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау және банктік жүйені нығайту болды. Елдің ішкі қаржылық секторын қорғау үшін Ұлттық банк ақша – несие саясатын қатаңдатты. Қабылданған шаралар уақытылы және тиімді болып шықты елдің қаржы нарығындағы жағдай жыл аяғында негізінен тұрақтанды. Бұл жыл ҚКБ тарихындағы қызық жыл болды. Мамырда банк Қазақстандық корпоративтік эмитенттер арасынан бірінші болып 100 млн. АҚШ долларына үш жылдық еурооблигациясын шығарды. Одан кейінгі жылдары банк барлығы 1,5 млрд АҚШ доллары сомасына ішкі және халықаралық облигациялар шығарды.
1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет