3 ВАРИАНТ – пайда және шығындар туралы есебінің нақты мәліметтері қолданылған, қуаты 115%
-
Өтелімділік кезеңі – екінші квартал 2010 ж.
-
Аккумулятивті пайда – 611 550 551 теңге
-
Аккумулятивті ағын – 103 388 556 теңге
-
NPV - 61 237 857 теңге
-
IRR – 12.02%
Ескерту: базалық пайдаға ресми есепте көрсетілмеген жеке жеке тұлғаларға сатудан түскен компанияның табыстары қолданылған болатын.
Алынған IRR 12,02% мән дисконтталған мөлшерден төмен, нәтижесінде салынған инвестиция тиімділігі 15% құрады. Қарызгер кем дегенде 50% - ын күтеді.
Кезең шығындары есебімен (%), және біржолдық сыйақы төлемдер залалсыздығы:
-
2006ж. – 997 куб/м.
-
2007ж. – 4 938 куб/м.
-
2008ж. – 4 170 куб/м.
-
2009ж. – 3 678 куб/м.
-
2010ж. – 3 185 куб/м.
-
2011ж. – 3 158 куб/м.
-
Орташа мәні – 3 826 куб/м.
Сезімталдық талдауы көрсетіп отырғандай, жоба табысқа сезімталдау, оның 20% - ға дейін түсуі кәсіпорын үшін сынақ.
6. Кәсіпорынның мықты және осал жақтары
Мықты жақтары
-
орман материалдарына сұраныстың көптігі ( Үкіметтің өкіміне сәйкес 05.12.2001ж. № 1571 және 16.07.2002ж. № 785 ҚР шегінде жұмыр орманды өндіруге және экспорттауға тиым салынған);
-
Жұмыс істейтін бизнес және Ресейлік орман материалдарын жабдықтаушыларымен бітімді мәміле;
-
Жұмыс істейтін өнімдерді сату нүктелерінің болуы, орман материалдарын орташа сату көлемі 3 755 куб/м;
-
Түсетін срман материалдарын сақтау үшін жеке қойманың болуы.
Осал жақтары:
-
«Альянс банк» АҚ алдында 794 750 АҚШ доллары көлемінде ссудалық қарыздарының болуы;
-
Бухгалтердің жиі ауысуына байланысты бухгалтерлік есеп жүргізуі проблемасы, қаржылық есептің міндетті деңгейде жүргізілмеуі;
-
Кеденде жүктің ұсталынып қалу форс - мажоры.
7. Қорытынды
Жоғарыда айтылғандалды ескере отырып, жоба бойынша мықты және әлсіз жақтарын қабылдай отырып, «Дәулет» ЖШС 183 000 000 теңге көлемінде біржолғы комиссия 2% көлемінде 60 айға ссудалық қарыздың берілуі мүмкіндігі туралы несиелік комитетте қаралуын дұрыс деп санаймыз. Несие бизнесті дамыту, сонымен қатар, Ресейден орман материалдарын жеткізу және «Альянс банк» АҚ алдындағы ссудалық қарызды жабу (14,7%) мақсатында алынады. Қарыз 1 430 581 АҚШ долларында берілуі мүмкін. Ондай жағдайда ай сайын құятын төлем (банктің несие калькуляторымен есептегенде) -35 636,08 АҚШ долларын құрайды. Банкке қайтарылатын сома 3 088 715,15 АҚШ доллары. .
«Дәулет» ЖШС кәсіпорны «Альянс банк» АҚ алдындағы ссудалық қарызды қайта қаржыландыруды төменде көрсетілген әдістер арқылы орындауына болады:
-
«Альянс банк» АҚ рұқсатымен «Қазкоммерцбанк» АҚ екінші кепілзат ұстаушы болып саналады және кепілдік құжаттарын ресімдеп, содан кейін, «Қазкоммерцбанк » АҚ ақша қаражаттарын «Альянс банк» АҚ – на аударады.
-
«Қазкоммерцбанк»АҚ «Альянс банк» АҚ – мен цессиялық келісімшартына отырады;
-
«Қазкоммерцбанк» АҚ «Альянсбанк» АҚ – нан құжаттар түп – нұсқасын «Қазкоммерцбанк» АҚ қызметкеріне бергеннен кейін, жылжымайтын мүлік орталығында кепілдік келісімшартының ары қарай тіркелуімен , «Альянсбанк»АҚ есеп айырысу шотына «Дәулет» ЖШС – і ссудалық қарыз сомасын аударуы туралы «Альянс банк» АҚ – на кепілдік хатын жіберу.
ІІІ-бөлім Екінші деңгейлі банктердің несие формалары мен оның қамтамасыздығын дамыту мәселелерi мен шетел тәжірибесі
3.1. Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу ерекшеліктері.
Дамыған елдердің банктеріндегі несиелеу тәжірибесін қарастыра келе, еліміздегі банктік жүйенің несиелеудегі қызметінің төмен деңгейін көруімізге болады.
Дамыған елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы өте жоғары болған және 2005-жылы 89-174%-ға жеткен. Неміс-жапон қаржылық моделіндегі елдерде (Швейцария, Германия, Жапония) бұл қатынас ағылшын-американдық модель бойынша қызмет ететін елдерден гөрі (АҚШ, Англия) жоғары болған.
Жаңа индустриалды елдерде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы 53-100% аралығында болған. Бұл жерде прогрессивті өсу ағылшын-американдық модельдегі (Турция) елдерден гөрі неміс-жапон елдерде (Корея, Сингапур) көбірек байқалған.
Шығыс Еуропа елдері мен Қытайда банктік несиелеудің деңгейі 33-133% құрайды. Бұл жерде де алдыңғы орында неміс-жапон қаржылық моделін таңдап алған елдер (Қытай, Чехия) болса, ағылшын-американдық моделін ұстанған елдер (Польша) артта жүрген.
ТМД елдерінің ішінде банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы бойынша 2001-жылы Молдавия (27,5) алдыңғы орында тұрса, Ресей (24,3), Украина (23,8), Грузия (20,5) және Беларусь (17,4) одан кейінгі орында тұрған. Тек осы елдерден кейін ғана Қазақстан жүрген. Ол несиелеу деңгейі бойынша тек қана Қырғызстан, Армения және Азербайджан елдерінен озған (2-кесте):
І
шкі банктік несиелеудің ЖІӨ-ге қатынасы (%)
3.1.-кесте
|
1995
|
1996
|
1997
|
1998
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
Дамыған елдер
|
Швейцария
|
188,0
|
182,6
|
184,8
|
189,1
|
183,4
|
181,8
|
183,8
|
178,7
|
185,2
|
179,5
|
173,5
|
Германия
|
118,6
|
124,4
|
134,5
|
140,2
|
127,4
|
134,9
|
140,1
|
145,8
|
148,1
|
148,1
|
146,5
|
Жапония
|
138,7
|
139,1
|
139,3
|
137,8
|
132,3
|
130,6
|
129,5
|
133,8
|
139,1
|
141,7
|
137,7
|
Англия
|
120,2
|
119,5
|
117,4
|
119,2
|
122,3
|
126,2
|
125,3
|
122,4
|
125,5
|
134,7
|
140,5
|
АҚШ
|
82,2
|
80,2
|
79,2
|
76,5
|
76,7
|
76,9
|
78,1
|
81,4
|
83,0
|
85,3
|
87,8
|
Жаңа индустриалды елдер
|
Оңтүстік
Корея
|
57,9
|
58,0
|
58,9
|
60,9
|
56,6
|
61,0
|
69,4
|
79,0
|
85,4
|
91,9
|
100,1
|
Сингапур
|
62,5
|
61,5
|
60,2
|
59,5
|
62,5
|
67,3
|
73,6
|
88,7
|
86,1
|
79,2
|
94,2
|
Турция
|
26,3
|
27,1
|
28,0
|
29,0
|
27,6
|
33,7
|
36,5
|
39,3
|
48,3
|
53,0
|
|
Өтпелі экономикасы бар елдер
|
А) Қытай және Шығыс Еуропа елдері
|
Қытай
|
99,2
|
102,0
|
95,2
|
98,4
|
91,1
|
97,2
|
106,2
|
119,5
|
130,4
|
132,7
|
|
Чехия
|
|
|
81,7
|
86,6
|
75,9
|
72,2
|
72,3
|
64,2
|
60,2
|
55,2
|
|
Польша
|
34,9
|
38,2
|
40,7
|
39,2
|
32,0
|
33,2
|
34,1
|
35,1
|
37,6
|
35,5
|
37,7
|
Б) ТМД елдері
|
Молдавия
|
|
|
|
|
23,7
|
23,4
|
26,0
|
32,8
|
28,7
|
25,2
|
27,5
|
Ресей
|
|
|
25,9
|
31,7
|
23,6
|
23,9
|
24,6
|
41,3
|
33,2
|
23,9
|
24,3
|
Украина
|
|
83,2
|
30,6
|
24,2
|
15,5
|
15,2
|
17,2
|
24,3
|
25,9
|
23,4
|
23,8
|
Грузия
|
|
|
|
|
|
6,8
|
9,2
|
11,6
|
19,8
|
21,9
|
20,5
|
Беларусь
|
|
|
|
|
15,0
|
16,1
|
17,7
|
37,4
|
20,8
|
19,2
|
17,1
|
Қазақстан
|
|
65,3
|
49,5
|
13,5
|
9,5
|
7,9
|
6,5
|
8,7
|
10,1
|
12,3
|
11,4
|
Қырғызстан
|
|
|
|
|
25,6
|
26,1
|
18,0
|
19,8
|
14,7
|
12,6
|
9,7
|
Армения
|
|
|
|
|
9,0
|
9,0
|
7,9
|
10,7
|
10,7
|
11,5
|
9,7
|
Азербайджан
|
|
|
|
|
|
3,0
|
13,0
|
12,9
|
10,6
|
9,6
|
9,1
|
*көзі:«Международная финансовая статистика», МВФ, раздел монетарный или банковский обзор.
Дамыған елдердегі банктік несиелеу механизмін қарастырсақ, Францияда банк клиентке нақты ақша сомасын бере отырып несие береді немесе оны беруге сөз беру арқылы несие беруі мүмкін. Бірінші жағдайда толық мағынадағы несие болса (баланста көрсетілетін), екінші жағдайда банктік қолмен куәландырылған банк міндеттемесі ретінде болады (баланстан тыс есепке алынады). Толық мағынадағы несиелер үш түрлі тәсілмен берілуі мүмкін: коммерциялық құжаттарды есепке алу түрінде, қаржылық құжаттарды есепке алу және кассалық несие. Банктің қолымен куәландырылған несиеге банктік кепіл немесе акцепттерді, сондай-ақ несиенің қолданылмаған бөлігін жатқызады.
Францияда заңды тұлғаларды несиелеу кезінде белгілі-бір обьектімен байланысты несие (коммерциялық қарыздық міндеттемелер, сыртқы сауда операциялары, мемлекетті жабдықтау, қосалқы бөлшектер) түрлерін бөледі, ал обьектімен байланысты емес несиелер тек қосымша роль ойнайды.
Қарыздық міндеттемелерге берілетін несие вексельдерді есепке алу формасында берілуі мүмін. Бұл жағдайда банк екі кепілге ие болады: вексель бойынша қарыз адамның қолы түрінде және осы вексельді есеспке алуға берген кредиттер түрінде.Ал, қосалқы бөлшектерге берілетін несие бойынша кәсіпорындағы дайын өнім қорлары өсіп кеткен жағдайда олардың қолма-қол ақшаға сұранысын қанағаттандыру несиесі немесе маусымдық несие береді /.
Германияда басқа елдерде сияқты несиелік операциялар негізгі орынды алады. Бұл елде сыртқы сауданың дамуымен рамбурстық несие кеңінен қолданылады. Ол шикізатты әкелу мен жартылай және дайын өнімдерді шығару кезінде қолданылып, коноссамент кепілі формасында жүреді. Кейде бұл несие сатып алушының тауарды еркін басқару құқын сақтап қалуы шартында беріледі. Ол, әрине, бірінші класты қарыз алушыларға беріледі. Сондай-ақ, Германия мемлекеттік қорларының, қалалық зайым облигациялары, темір жол акциялары мен облигацияларын кепілдікке ала отырып несие береді. Неғұрлым «тиімді» банктер қамтамасыздандырылғанмен бірге бланктік несие де береді. Өтелген және өтелмеген несиелер екі жақты берілуі мүмкін. Қарыз алушы не банктен ақша алады, не вексельді акцепттеуіне болады. Соңғысында қарыз алушы ақша алу үшін басқа банкте вексельді есепке алады. Мұндай несиенің ерекше түрі авальды несие болып табылады. Мемлекеттік жабдықтау, салық органдары алдында алымдарды кейінге қалдыру туралы сұрау кезінде заңды тұлғалар өз міндеттемелерін орындауға кепіл беруі керек.
АҚШ-та да халықаралық тәжірибедегі несиелер беріледі. Бұл елде коммерциялық банктер беретін ссудалардың ішінде мөлшері және мәні бойынша неғұрлым маңызды ссуда категориясы сауда-өнеркәсіптік кәсіпорындарына берілетін ссуда болып табылады. Ол барлық берілген ссудалардың үштен бірін құрайды. Коммерциялық және өнеркәсіптік ссудалардың көп бөлігі тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін қолданылады, ал олардың мерзімі 1 жыл және одан аз болып табылады. Сондай-ақ, олардың арасында он жылға дейінгі мерзімге берілетіндері де бар. Олар , әдетте, машина құрал-жабдықтарын сатып алуға арналған. Сауда-өнеркәсіптік ссудалар тауарлы-материалды запастармен, құрал-жабдықтармен, кәсіпорынның өзінің құнымен қамтамасыздандырылуы мүмкін.
Судаларды жиі қолданатын және ұқыпты төлеуші ретінде танылған фирма «несиелік линия» арқылы ссуда алуына болады. Бұл несие алуға керекті уақытты үнемдейді және банктерге несие қабылеттлігін талдауға уақыт жібермеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық статусын алған банктер заң бойынша банктің меншікті капиталының 15%-нан артық мөлшерде ссуда бере алмайды. Бұл кепілмен толық қамтамасыздандырылмаған ссудалар бойынша жүзеге асырылады. Ал, тез өтетін кепілмен толық қамтамасыздандырылған ссудалар бойынша 25%-ға дейін беруге болады.
Ауыл шаруашылығына берілетін ссудалар жалпы несие көлемінде аз мөлшерін алады. Мүмкіндік болса, фермерлер коммерциялық банктерден ссуда алғаннан ғөрі, Федералды жер банктері және кооперативтерге қызмет көрсететін Банктер сияқты федералды несиелік агентстволардан субсидияланатын пайыз мөлшерлемесі бойнша ссуда алады.
Сонымен қатар, банктік емес қаржылық мекемелерге де ссуда беріледі. Олар мұндай ссудаларды әрі қарай жеке тұлғаларға беру үшін немесе ұзақ мерзімді пайдаланылатын тұтыну тауарларын сатып алуға ссуда беру үшін алады .
Жалпы, ірі шетел банктерінде несие процесін ұйымдастыруды несие бөлімі жүзеге асырады. Несиелік талдау бөлімі барлық несиелеу үрдісін жүйелендіріп, қолдап отырады. Ссудалық функция мен несиелік талдауды бөлу несиелік бөлімдер өзінің тікелей жұмысына толығымен жұмыла алатындығын көрсетеді. Кішігірім банктерде және кейбір банк филиалдарында несиелік талдау несиелік қызметкер міндетіне кіреді. Екінші жағынан, екі бөлімді бөлу несиелік талдаудың неғұрлым жоғары деңгейлі обьективтілігіне және несиелік келісім-шартты неғұрлым ойластырып бекітуге ықпал етеді .
Несиелеу процесінің алғашқы кезеңінде несиелік өтінішті қарап, содан соң қарыз алушының несиелік қабылетін талдайтыны белгілі. Осыған байланысты шетелде клиенттердің несиелік қабылеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісім-шарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма «Дан энд Брэд форд» 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларды жариялайды.
Несиелеу – бұл активтік операциялардың маңызды бағыттары болып табылса, несиелік портфель банк активтерінің үштен бірі немесе жартысына дейінгі мөлшерде құралады.
Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: дүниежүзілік банктердің мәліметтеріне сәйкес несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебі 67% ішкі факторлар, ал 33% сыртқы факторлар үлесі келеді.
Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар (%-да)
3.2 -кесте
Ішкі факторлар
|
67%
|
Сыртқы факторлар
|
33%
|
Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі.
|
22
|
Компанияның банкроттығы.
|
12
|
Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты дұрыс бағалауы.
|
21
|
Кредиторлық қарызды қайтаруын талап етуі.
|
11
|
Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі және операциялық бақылаудың әлсіздігі.
|
18
|
Жұмыссыздық/Жанұя мәселелері.
|
6
|
Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы.
|
5
|
Ұрлық/Алдау.
|
4
|
*көзі: С.Б. Мақыш. «Коммерциялық банктер операциялары», Алматы, 2003ж.
Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан, қарыз алушының несиелік қабылетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайындағы өзгерістр мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстарының жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және зайымдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.
Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.
Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу - кез келген банк қызметінің негативті жағы. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болу себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б, жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілері жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады.
Несиелік қабілетін талдағаннан кейін несиелік келісім-шарт жасалады. Әр түрлі елдердің банктерінің клиенттермен жасайтын келісім – шарттарының негізгі ерекшеліктеріне: хұқықтарына мәдениеттің жоғарғы деңгейі ; несиелік мәміле шарттарының егжей – тегжейлі сипаты; несиелік құралдардың түрлеріне байланысты несиелік келісім- шарттар формаларын типтеу жатады.
Несиелік келісім – шарт мазмұнын қарастыру олардың көлемді болып келуін көрсетеді. Кейбір несиелік келісім- шарттар 20 бетке дейін болады. Бұл олардағы шарттардың кеңдігін көрсетеді. Мысалы, АҚШ-тың бір банкінде ұзақ мерзімді несиеге немесе несиелік линия ашу негізінде ағымдағы қажеттіліктерге берілетін несиелерге қатысты неғұрлым ашық формада құрылатын несиелік келісім- шарт бар. Егер несие 30 күнге дейін берілсе, не қысқартылған келісім- шарт, не қарыздық міндеттеме қолданылады.
Германияда бір жүйенің банктері үшін ( жеке, жинақтаушы т.б.) бірдей несиелік шарттар белгіленген. Заңдармен қатар олар несиелік операциялардың хұқықтық негізін құрады. Ортақ несиелік шарт белгілеу- банктердің тәуекелден қорғану шараларының бірі. Ортақ несиелік шарттар банк клиенттеріне жеткізіледі. Несиелік келісім – шарттарда олар қайталанбайды, бірақ қарыз алушының олармен келісімін нақтылацтын пункт жазылады. Олардың толық мәтіні несиелік келісім-шарт бланкісінің келесі бетінде беріледі. Германияда несиелік келісім-шарттар бір түрге келтірілген. Олар кесте макеттері түрінде типографиялық формада көрсетілген, ал қатардағы бөлімдер қысқартылып толтырылады . Несиелік келісім-шарт жасалып, ссуда берілгеннен кейін соңғы кезеңде несиенің қайтарылуын бақылайды. Заңды тұлғаның өтімділігі, қаржылық құрылымы, рентабельділігі тұрақты талдау обьектісі болуға тиіс. Әсіресе, несие қабілеттілігінің аспектілерін талдау кезінде айқындалған әлсіз жерлері үздіксіз талданып отырғаны жөн. Несиелік келісім-шартқа сәйкес несие құрылымы қиындықтар туындаған жағдайда теріс салдарын жоюға мүмкіндік болатындай анықталуы керек. Яғни, мониторингте қолданылатын құралдардың ішінде несиелік келісім-шарт негізгі құрал болып табылады. АҚШ-ның банктеріндегі несиелік мониторингтің маңызды элементі сенімді ақпарат жинап, оны талдап отыру болып табылады.
Негізінен, банктегі жоғарғы буын басшыларының бірін несиелік мониторинг үшін жауапты еткен жөн. Бұл функция, әсіресе кіші банктерде банктік қызметін басқа бағыттарының мониторингі қызметімен біріктірілуі мүмкін . АҚШ конгресі тұтынушылары пайыздық төлемдердің мөлшері және басқа да төлемдер туралы толық ақпараттандыруға қол жеткізу мақсатында несиелеу аясында дәйекті ақпарат туралы бірқатар заңдар қабылдаған. Сонымен қатар, несиені орналастырудағы мүмкін болатын теңсіздікті жою, несиені өтеу кезіндегі қателерді түзеуді заңдастыруды енгізу үшін де заңдар қабылданған .
Достарыңызбен бөлісу: |