Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Банктiк несиенiң формалары мен түрлерi. Несие қамтамасыздығы



бет6/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#124599
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

«Дәулет» ЖШС кәсіпорнының басқа да негізгі қаражаттары 3 097 мың теңгені құрайды. Талдау кезеңі ішінде ұзақ мерзімді активтер құрылымында, кезең басына сәйкес, екі жер учаскесін сатып алу нәтижесінде «Жер» бөлімі бойынша 5 931 мың теңгеге өсім болып отыр.Айтып өтетін жайт, негізгі қаражаттар негізінен ағаш өңдеуде қолданылатын құрылғымен көрсетілген.



Кәсіпорынның ағымдағы активтеріне талдау:

  • Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда соңғы талданған кезең ішінде материалдардың 57 089 мың теңгеге немесе 145% - ға ұлғайғанын көреміз.

  • Талданған кезеңде «Дайын өнім, тауарлар» бөлімі 82 358 мың теңгеге немесе 184% - ға ұлғайған.

  • Сонымен бірге талданған кезең аяғында дебиторлық қарыз азайған. Соның ішінде: 116 мың теңге немесе 9% шоттан алынатын, 30 мың теңге немесе 46% болашақтағы шығындар, 1 899 мың теңгеге немесе 14% -ға берілген аванстар.

  • Талданған кезең ішінде басқа да дебиторлық қарыздар 3 749 мың теңгеге немесе 17% азайған.

  • Дебиторлық қарыздар жеткізілген тауарлар бойынша төлемдердің ұсталып қалуы нәтижесінде пайда болды.

  • Талданған кезең басына сәйкес ақша қаражаттары 6 295 мың теңгеге ұлғайған.

«Дәулет» ЖШС дебиторлық қарыздарын ашып көрсету (Қосымшалардан 2.7 , 2.8, 2.9 – кестелер түрiнде көрсетiлген)

Қорытынды: дебиторлық қарыздарды талдаудан көріп отырғанымыздай, активтер құрылымындағы алынатын шоттар 1,6%, берілген аванстар 17,3%, басқа да дебиторлық қарыздар 20,7%. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар құрылымындағы өтімді бөлігі 8 291 мың теңге немесе 26%, өтімсіз қысқа мерзімді қарыздар 26 383 мың теңге немесе 76 % (3 айдан жоғары) құрайды.

01.01.2005 – 01.10.2006 талданған жылдар аралығында, 2005 жылдың басындағы өсімге сәйкес, баланс валютасы 190 705 мың теңгеге немесе 218% - ға ұлғаюы болды.

Қосымшалардан 2.10 – кесте түрiндегi мәлiметтерден көрiп отырғанымыздай, берілген баланс активтерінің өзгерісі:



  • талданған кезең аяғында 149 865 мың теңге көлемінде алынған табыс нәтижесінде меншікті капиталдың 28 231 теңгеден 152 427 мың теңгеге дейін ұлғаюымен;

  • талданған кезең ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелердің 74 056 мың теңгеге немесе 267,6% -ға ұлғаюы болды. Ұзақ мерзімді қарыздардың пайда болуы «Альянс банк»АҚ – нан алынған несиелерімен байланысты;

  • 01.01.2005 – 01.10.2006 кезеңдері ішінде ағымдағы міндеттемелердің 119 мың теңгеге немесе 0,5% азаюымен ерекшеленеді.

Жоғарыдағы көрсеткіштерді қорыта айтқанда:

  • Кәсіпорынның активтерін құрудың қайнар көзі: ағымдағы міндеттемелер 8,7%, меншікті капитал 54,8%, ұзақ мерзімді міндеттемелер 36,6% ,болып табылады.

  • Баланс валютасы 01.01.2005 – 01.10.2006 жылдар аралығындағы кезең ішінде 190 705 мың теңгеге ұлғайған. Бұл өнімдерді сатып алу көлемінің кеңеюімен байланысты шаруашылық айналымдардың ұлғайғанын көрсетеді. «Альянс банк» АҚ тартылған несие есебінен ұзақ мерзімді несиелер 74 056 мың теңгеге өсті.

  • Тәуелсіздік коэффициенті 01.10.2006 жылы 0,55 – ке тең.

  • Активтер құрылымында негізі үлесті ағымдағы активтер 95,2%, және сәйкесінше ұзақ мерзімді активтер 4,8%.

Активтер құрылымындағы дебиторлық қарыздар талданған кезең аяғында: алынбалы шоттар 16%, берілген аванстар 17,3% және басқа да дебиторлық қарыздар 20,7% құрайды.

Қаржылық – шаруашылық қызметін талдау(Қосымшалардан 2.13 – кестедегi мәләметтер бойынша)

Кәсіпорын табысы орман материалдарын (орман, кесілген тақтайлар, брус, еденге арналған профилді тақтай, плинтус, үйеңкі, қайың саптары, есік, терезе блоктары, есік жабдықтары) сатып алудан, көтерме және бөлшек саудадан қалыптасады. 2006 жылдың 9 айы ішінде сатып алу көлемінің ұлғаюына байланысыты өнімді сатып алудан түскен табыс 254 003 мың теңгені құрды, 01.01.2005 жылмен салыстырғанда талдау кезеңі аяғындасатып алудан түкен табыс 42 515 мың теңгеге ұлғайған. Талданған кезең аяғында орташа айлық табыс 28 223 мың теңгені құрады. Сатып алған өнімнің өзіндік құны талданған кезең ішінде кезең басына сәйкес 5 282 мың теңгеге өсті.

01.10.2006 жыл кезеңіндегі шығындар 41 644 мың теңгені құрады және кезең басымен салыстырғанда 922 мың теңгеге көбейген.




01.10.2006 жыл кезеңі ішіндегі шығындарды ашып көрсету

2.8-кесте



п/п

Шығындар атауы




Үлес салмағы

Үлес салмағы




Сатып алудан түскен шығындар

сома

1

Жол қызметі

701

61%




2

Қойманы жалға алу

453

39%







Барлығы

1 154

100%

3%




Жалпы және әкімшілік шығындар










1

материалды емес активтер амортизациясы

0,8

0%




2

Негізгі қаражаттар амортизациясы

417

1%




3

Жалақы

10 502

32%




4

Әлеуметтік салық

197

1%




5

Міндетті әлеуметтік шығындар

21

1%




6

Жарнама қызметі

447

1%




7

Байланыс қызметі

2 361

7%




8

Банк қызметі

1 593

5%




9

Есептегіш техника қызметі

19

0%




10

Кеңсе тауарлары шығындары

242

1%







Іссапар шығындары

2 757

8%







Коммуналды қызмет

406

1%




11

Бух. әдебиет және бланктар

29

0%




12

Тех аудит қызметі

74

0%







Көлік

1 214

4%







Шаруашылық шығындар

1 151

3%







Кедендік қызмет

542

2%







Өкілдік қызмет

1 447

4%




13

Ғимаратты жөндеу шығындары

2 253

7 %




14

Геодез. жұмыстары және жерге акт дайындау

17

0%




15

Төленетін айып пұлдар

7

0%







Салықтар

7 530

23%







Барлығы

33 227

100%

80%

1

несиеге сыйақылар төлеу бойынша шығындар

7 263

17%

17%




Барлығы

41 644




100%

Жоғарыда кестеден көріп отырғанымыздай кезең ішіндегі шығындар құрылымының негізгі үлесін жалпы және әкімшілік шығындар алып отыр. Талдаған кезең аяғында олар 33 227 мың теңгені құрап отыр,олардың салмағы 80% құрап отыр.Талдау кезеңі ішінде кәсіпорынның кезең шығындары 01.01.2005 – 01.10.2006 жылдар аралығында 10 699 мың теңгеге қысқарған. Бұл жеке қызмет түрлерінің тоқтауымен байланысты.

Талданған кезең аяғында кәсіпорын 71 219 мың теңге көлемінде таза табыс алды. Кәсіпорында сатылған өнім номенклатурасы бойынша есеп жүргізілмеген, сәйкесінше, өнім сипаттамасы «өнім сипаттамасы» бөлімінде көрсетілген. Негізгі қызметінен түскен табыс 61 700 мың теңгені құрды., талданған кезең ішінде берілген табыстар 306 309 мың теңгеге ұлғайған және талданған кезең аяғында олардың үлес салмағы 24% құрады. Негізгі емес қызметтен түскен табыс (делдалдық қызмет) 11 141 теңге болды. талданған кезең ішінде 10 728 мың теңгеге ұлғайған. 2006 жылдың аяғында қарызгер делдалдық қызметпен байланысты қызметін тоқтатады.

4. Жобаның сипатталуы

Көкейкестілігі

Жобаның сатып алудағы көкейкестілігі (актуалділігі) мынада: ағаш – бұл табиғи материал, жаңаратын ресурс және қорлары шексіз емес басқа табиғи ресурстарға қарағанда ( мұнай,газ) стратегиялық мәні бар шикізат болып табылады.

Орман секторы дамуының және қазіргі нарық жағдайындағы Қазақстан Республикасының орман –қағаз өнімдерін талдай отырып, төмендегі басты бетбұрыстарды (тенденция) айрықша атап кеткен жөн:


  1. Орман –қағаз өнімдерін тұтыну деңгейінің тұрақты өсімі, әсіресе орман өнеркәсібі өндірісінде даму базисі және орман өнімдерін сату көлемінің ұлғаюы болып табылатын қағаз және картонның.

  2. Қазақстан үшін орман материалдарының (ағаш, жиһаз, целлюлоза – қағаз өнімдері және т.б.)ішкі нарықтағы көлемі жоғары – 1 млрд. АҚШ доллары шамасында және еліміздің ЖІӨ - нен 3%. Сонымен қатар, импорт үлесі – 50% - ды құрайды, сол үшін отандық кәсіпорындардың өсімі үшін жағдай бар.

Қазіргі уақытта, ҚР орман шаруашылық нарығының тұрақты көлемі мамандардың бағалауы бойынша 4,0 млрд. АҚШ доллары шамасында, соның ішінде жиһаз бойынша – 1,0 млрд долларға жуық. Осылайша, қазіргі таңда ішкі нарықтың өсімі жиһаз өндірісінің дамуына негізделеді. Нарық сиымдылығы аралау материалдар бойынша отандық өндіріс өнімдерімен 45 – 50 % -ға, ағаштан жасалған өнімдер – 65 – 70%-ға толтырылуда. Тығыздалған және жинақталған ағаш үгінділерінің нарықтағы сиымдылығы 250 мың куб.М. және 6,5 млн. кв.м. құрайды.Сәйкесінше, импорт есебінен қамсыздандырылады. Бұл саланың өндірісі біркелкі емес даму үстінде. 1990 жылдардың аяғынан 2000 жылға дейін ағаш өңдеу өнеркәсібінің дамуы байқалған болатын, 2001 жылы өндірістік өнеркәсіптің төмендеуі болып, кейінгі екі жыл аралығында қайта дамуы байқалды. Сонымен қатар, 2003 жылы 65,3% - дағы сала өсімі өнеркәсіптегі ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.Бұл көрсеткіш өсу қарқыны бойынша өңдеу өнеркәсібін қазбалау өнеркәсібінен озуға мүмкіндік берді.

Орман өнеркәсібінің даму перспективалары

Қазақстан арқылы маңызды «оңтүстік - солтүстік» жолы өтеді.Оңтүстік бағыттағы Ресейден әкелінетін ағаштың негізгі ағымдары Қазақстан арқылы өтеді( шикізат базасы Сібірде және өткізу нарығы Қытай). Мәні бар базалар және экспорттау үшін күрделі қайта өндіріп шығаратын кәсіпорындар құруға мүмкіндіктер бар. Қазақстанның орман өнеркәсіп кешені кешендік үйлесім барысында, сонымен қатар, кластерлер орнығуы барысында озат технологияның орнығуы және ары қарай дамуына жол ашады.

Орман өнеркәсібі кешенін дамыту бірнеше бағыттардан тұрады: жеке базаны құру үшін орманды қалпына келтіру және барлау, орманды дайындау және орманды аралау жұмыстары бойынша кәсіпорындар құру, ағашты терең қайта жасап өңдейтін кәсіпорындар құру, дистрибиуциялық тор құру. Бұл Қазақстан және Ресей Федерациясының шикізат ресурстарын қолдану есебінен мүмкін болмақ.
Өндіріс сферасы:


  • «Дәулет» ЖШС кәсіпорнының өнім өндірісі үшін шикізат көзі Ресейден жеткізілетін орман материалдары болып табылады.

  • Шикізат нарығы жеткілікті мөлшерде дамыған, орманның негізгі бөлігі Ресейден әкелінеді. Бұл біздің республикамыздың барлық тұтынуындағы 50 % - ға жуығы.

«Дәулет» ЖШС кәсіпорны өз өнімдерін көтерме – бөлшек сауда нүктелері арқылы , жеке сатып алушылар арқылы және республикадағы ірі кәсіпорындарға келісімшарт бойынша жеткізу арқылы сатады.

Өнімнің негізгі тұтынушылары республикамыздағы ірі кәсіпорындар болып табылады:



  • «Ауыр машина жасау Алматы зауыты» АҚ

  • «Восток - 7» ЖШС

  • «Энерго - Профит» ЖШС

2006 жылы орман материалдарын жеткізу келісімшартына отырған жалпы сома 119 081 500 теңгені құрайды.

Негізгі бәсекелестері болып: «WODHOUSE PLUS» ЖШС, «Сервис Лес ЛТД» ЖШС, «ЕКА - К» ЖШС кәсіпорындары табылады.


Ұқсас өнімдердің бағаларын салыстыру (негізгі өнім, теңгемен)

2.9-кесте

Өнім атауы

«WODHOUSе PLUS» ЖШС

«Сервис Лес ЛТД» ЖШС

«ЕКА - К» ЖШС

«Дәулет» ЖШС

Домалақ ағаш, диаметр 18 см-ден жоғары, ұзындығы 4-6 м, үйеңкі св. гарь,ГОСТ 9463-88,










1200

Қиылған тақтай 20-30, ені 100-150, 1-3с

30 000

28 000

28 000

26 000

Қиылған тақтай 40-50, ені 100-150, 1-3с

30 000

26 000

28 000

25 500

Қиылмаған тақтай, қарағай 20-30мм, 4-6 м,1-3с

26 000

25 000

16 000

14 500

Қиылмаған тақтай, қарағай 40-50мм, 1-4с, ұзындығы 4-6 м

25 000

22 000

16 000

14 500

Қиылмаған тақтай, қарағай 20-50мм, 1-3с, 4-6 м

18 000

19 000

16 000

15 000

Брус 100х100. 100х150 ұзындығы 4-6 м, сорт 1-3




35 000




27 000

Брус 130-150, ұзындығы 4-6м, сорт 1-3




33 000




28 000

Брус 150-150, ұзындығы 4-6 м, сорт 1-3




32 000




29 500

Брус 180-180, ұзындығы, 4-6м, сорт 1-3




30 000




30 500

Еденге арналған қапталған тақтай










37 000

Ұқсас өнімдердің бағаларын басқа кәсіпорындармен салыстыру салыстыру барысында шығаратын шешім: «Дәулет» ЖШС кәсіпорын өнімі бәсекеге қабілетті және өнімнің осындай сапасындада бағасы төмен


«Дәулет» ЖШС өімдерінің сипаттамсы

2.10-кесте



Өнімнің аталуы

(өлшемі, кесік)



1

Жұмыр орман, диаметр 18-ден жоғары, ұзындығы 4-6м, қарағайсв. гарь, ГОСТ 9463-88, Қазақстан.

2

Қиылған тақтай 20-30, ені 100-150, 1-3с.

3

Қиылған тақтай 40-50, ені 100-150, 1-3с.

4

Қиылмаған тақтай, қарағай 20-30мм, 4-6м, 1-3с.

5

Қиылмаған тақтай, қарағай 40-50мм, 1-4с, ұзындығы 4-6м.

6

Қиылмаған тақтай, қарағай 20-50мм, 1-3с, ұзындығы4-6м.

7

Брус 100х100. 100х150 ұзындығы 4-6м, сорт 1-3

8

Брус 130х150, ұзындығы 4-6м, сорт1-3

9

Брус 150х150, ұзындығы 4-6 м, сорт 1-3

10

Брус 180-180, ұзындығы 4-6м, сорт 1-3

11

Еденге арналған қатпарланған тақтай,с. 1-3

12

Қайрақ 50х50,50х40,40х40

13

Қайрақ 50х30,50х20

14

Қайрақ 50х70

15

Плинтус

16

Обналичка

17

Қарағай саптары

18

Қайың саптары

19

Қарағай кв.м. вагоны

20

Көктерек, балқарағай кв.м. вагоны

21

Балясина

22

Тізбектелген есік блоктары, 1кв.м.

23

Қорапшамен терезе блоктары, 1 кв.м

24

2,1х1,0 өлшемді есік қорапшалары

5. Жобаның экономикасы

Ақша қаражаттары айналымы туралы есебін және пайда және зияндар туралы есебін құру барысында төменде көрсетілген базалық шамалар қолданылған болатын:



1 ВАРИАНТ- пайда және зияндар туралы есебінің нақты мәліметтері қолданылған, қуаты 90%

  • Өтелімділік кезеңі – екінші квартал 2011ж.

  • Аккумулятивті пайда – 416 849 440 теңге

  • Аккумулятивті ағым – 8 541 300

  • NPV – 4 178 926 теңге

  • IRR – 1.11%

Ескерту: базалық пайдаға ресми есепте көрсетілмеген жеке жеке тұлғаларға сатудан түскен компанияның табыстары қолданылған болатын.


2 ВАРИАНТ – пайда және зияндар туралы есебінің нақты мәліметтері қолданылған , қуаты 100%

  • Өтелімділік кезеңі – екінші квартал 2011ж.

  • Аккумулятивті пайда – 494 729 884 теңге

  • Аккумулятивті ағын – 46 408 203

  • NPV – 27 002 499 теңге

  • IRR – 5.75%

Ескерту: базалық пайдаға ресми есепте көрсетілмеген жеке жеке тұлғаларға сатудан түскен компанияның табыстары қолданылған болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет