Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану


Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері



бет5/11
Дата21.11.2023
өлшемі260.5 Kb.
#483975
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дип.-БАСТАУЫШ-СЫНЫПТА-МАТЕМАТИКАНЫ-ОҚЫТУ-ПРОЦЕСІНДЕ-КОМПЬЮТЕРДІ-ПАЙДАЛАНУ

1.2. Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері

Қазіргі ақпараттық қоғамға байланысты білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарында оқу үрдісін компьютерлендіру – оқу жүйесін жетілдірудің негізгі шарты екені белгілі.


Бірақ оқу жүйесн компьютерлендіруде объективті мүмкіндіктер мен оны нақтылы жүзеге асыру барысында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Оқытудың автоматтандырылған эмпиризмдік сипаты сияқты, оқу үрдісінде ЭЕМ-ді қолдану секілді маңызды өзгеріске теориялық ілімнің жетімсізділігі де қарама-қайшылықтың шиеленісуіне әкеп соқты. Сондықтан бастауыш сыныптарда компьютерді пайдаланып оқытудың психологиясын анықтаудың бірінші кезектегі мәселелерінің бірі - ғылыми талдау жасау және компьютерлі оқытудың жинақталған тәжірибелер мәнін түсіндіру болып табылады. Бұл бағыт бір жағынан алып қарағанда, автоматтандырылған оқытудың психологиясын экстенсивті зерттеу болып табылады.
Компьютерлік оқытудағы психологиялық зерттеулерді интенсивтендіруді екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі, адамның ойлау әрекетінің тарихи жаңа типінің жалпы психологиялық зерттеу нәтижелерін осы салада қолдануды - ЭЕМ бағдарламалары-ның жәрдемімен ойлау, екіншісі, дәстүрлі оқытудың шеңберінен шығатын эксперименттің қалыптасу жағдайында, оқытудың қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулерінің контекстісімен құрылған диалогтық оқу бағдарлама жобасын түзу негізінде компьютерді қолдану дағдысын қалыптастыру.
Автоматтандырылған оқыту адамды шатастырғыш істерден алшақтайтын және оның шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтетін ой еңбегін (ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып басқару, техникалық жобалау т.б.) автоматтандырудың жеке саласы ретінде қарастыру керек. Бірақ, оқуда ЭЕМ-ді немесе Д.С.Толлингерованың айтуы бойынша, жасанды педагогикалық интеллектті қолдануда бірқатар өзіндік психологиялық мәселелер бар. Біздің көзқарасымыз бойынша олардың ішіндегі ең маңыздысы техникалық құралдардың және тікелей адам байланыстарының рөлін мыңдаған жылдар бойы пайымдалған практикаға арналған диалогтық бағдарламалардың көмегімен адамды тәрбиелеу саласын одан ары дамыту болып табылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері педагогикалық еңбекті автоматтандырудың негізгі психологиялық құндылығы-мұғалім мен оқушылардың тікелей өзара қарым-қатынасын жоғалтып алуға соқтырмайды - деген пікір түйеді. Сондықтан компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы жоғалмайды және басқа түрге енбейді, керісінше, шығармашылық баюға, жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Демек, компьютерді оқыту жағдайындағы педагогикалық үрдісте мұғалімнің басты рөлі кемімейді, керісінше, арта түседі.
Дегенмен, оқытуды автоматтандыру жағдайында қазіргі мектептер үшін коммуникативтік, білім беру және тәрбиелеу мүмкіндіктерін толық іске асыру кезінде автоматтандырылған оқыту жүйесін жобалау мен құру тәжірибесіндегі сияқты, диалогтық оқыту бағдарламасын түзу және оларды оқу үрдісінде қолдану кезінде психологиялық ахуалдар негіз бола алады. Әңгіме автоматтандырылған оқу үрдісін басқаруға қойылатын талаптар санына психологиялық талаптарды жай ғана қоса салу емес. Оқу үрдісін басқарудағы психологиялық проблемаларды зерттеуді одан ары жалғастыруда және танымның қалыптасу механизмін зерттеуде машиналық оқу бағдарламаларын түзу мен қолдану жағдайындағы қарым-қатынас пен іс әрекеттерге тың зерттеулер қажет.
Оқытудың диалогтық табиғатын есепке алу - АОЖ-ны (автоматтандырылған оқыту жүйесі) түзудегі және оқу бағдарламасындағы таным үрдістерін модельдеудегі түйінді кезең болып табылады. Өйткені компьютер арқылы іске асатын диалогтық оқу бағдарламасының көмегімен басқару, бақылау мәселесі-оқушылардың жеке танымдық әрекетін емес, жаңа әрекеттің пәндік, ұғымдық мәнін меңгеру үрдісінде мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынас жүйесін жүзеге асыру болып табылады. АОЖ-ні құрастырушылар осы ара қатынастың бір ғана жағын ескереді, ол - оқушының пәндік ұғымдарды меңгеруге қатысы. Бұл жағдайда оқу үрдісінің мынадай ең маңызды сипатына назар аударылмайды, яғни оның әлеуметтік-психологиялық байланысы ескерілмейді.
Меңгеру үрдісі тек амалдың пәндік түрлендіруге ғана тіреледі, іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін игеру кезіндегі оқу үрдісіндегі ара қатынастан туындап жатқан оқушының таным әрекетінің мақсаты мен мағынасын қайта құру еленбейді. Сонымен қатар өзгеріске ұшыраған оқудағы ара қатынастар мен әрекеттер жүйесіндегі оқушылардың санасы мен өмірлік позициясының қайта құрылуы да есептелмейді.
Демек, психологиялық тұрғыдан қарағанда, автоматтандырылған оқытудың жалпы принциптерінің біріншісі – оқу үрдісіндегі пәндік оқыту әрекетті басқаруды толық қамтуға жету. Олай болса, басқару әсерлерінің нысаны болып жеке оқушы және оның өзіне тән таным әрекеттері емес, жалпы оқу кезеңіндегі құбылмалы жүйелер, соның ішінде, әсіресе, мұғалім мен оқушының арасындағы ара қатынас болмақ. Ал басқару әсерлерінің нысаны ретінде есептелетін оқу ахуалын ұйымдастыру принципі ДОБ-ға жасағанда мынадай өзгешелік сипаттағы жағдайларды есепке алуды міндеттейді:

  1. Меңгеру мақсатында құрылымдық және амалдық оқу пәнінің нысанды мазмұнын, яғни мазмұнның құрылымдық сипаты мен оқушылардың меңгеретін қимыл, амал және олардан қалыптасатын таным әрекеттерінің бағдарламасын анықтайды;

  2. Оқу пәндерінің мазмұнын игеру үрдісін ұйымдастыру мен оқудың талдап қорыту тәсілдерінің амалдарын және игерудің бір деңгейі мен кезеңінен келесісіне өту сәтін көрсетеді;

  3. Мұғалім мен оқушылардың өзара бір-бірімен қарым-қатынас жүйесімен оқу мақсаттарын орындау үрдісіндегі бір-бірімен бірлесіп жүргізу формасын нақтылайды.

Бұл айтылған жағдайларда өзара байланыстылық динамикасы (оқу тапсырмаларының типтерін, меңгеру этапын және оқу үрдісінің барлық мерзімінде мұғалім мен оқушылардың бірлесіп істеу формаларын сәйкестендіру) дегеніміз АОЖ-нің көмегімен басқару әсерлерінің нысаны.
Жасанды педагогикалық интеллектті қолдануға қойылатын екінші психологиялық талап - басқарудың озық принципі, яғни оқу үрдісін уақытпен өлшенетін жағдайды есепке алатын озық басқару принципі болып табылады. Ол уақыттық сипатқа ие болуымен бірге оның мақсаты іс-әрекетті кеңістікті уақытпен ұйымдастыру жағдайында іске асады.
Ол сөзсіз дискретті және оқудағы мақсаттарға жету үрдісін басқаруға қойылатын маңызды талап-оқу жағдайы жүйесінің мағыналық бүтіндігін және тиімділігін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты компьютерді оқыту жағдайында орындалатын оқыту моделінің бірыңғайлық негізгі шарты-оқу жағдайының құрылымында іс әрекеттердің барлық түрінің мағыналық және кеңістікті-уақыттық ұйымдастыру жоспарының бірлігін құру. Сондықтан алдын ала ойлап басқару жүйесін нақ осындай бір тұтастыққа жеткізуге бағытталған болуы тиіс.
Шынайы өмірдегі адамның іс-әрекеттерінде көрсетілген мағынадағы алдын ала ойлап басқару функциясын адамның жады атқарады. Компьютерде бұл функцияның аналогы болып құрамына төмендегідей кіші жүйелер кіретін мәліметтер банкі болады деп болжамдауға болады:

  1. Оқу жағдайында жүзеге асырылатын мақсатқа сай оқу әрекетін ұйымдастырушыларға (оқушыларға, мұғалімдерге) нәтижелі қызмет көрсету.

  2. Оқу әрекетінің келесі сатысын қамтамасыз ететін алдын ала ойлау қызметі мен оқу жағдайының жүйесінде қолданатын адекваттың дидактикалық стратегиясын таңдау және болжау мақсатындағы оқу жағдайының құрылымындағы барлық параметрлерді пайымды түрде басқару.

Ол үшін АОЖ-дегі басқарудың төмендегідей жалпы психологиялық принциптерін айқындай түсудің қажеттігі көрінеді. Нақты айтқанда, мұғалім мен оқушының бірлескен оқу әрекеттеріндегі материалдық субтракт ролінде немесе меңгеру үрдісінің барысы мен нәтижесінде олардың қатынасымы іс-әрекеттерінің және өз позицияларының қайта құрылуында сарапшы ролінде бола алатын ДОБ-ны (диалогтық оқыту бағдарламасы) түзу кезінде айқындалады. ДОБ-да оқушылардың білім дәрежесіне қарай өзгеріп тұратын әр типті оқу тапсырмаларының мазмұны ғана емес, сонымен қатар оны меңгеру, таным әрекеттерін басқару амалдар, оқушылардың оқу әрекетіндегі барлық компоненттерін іске асыру, оқушы мен бағдарламаның өзара қатынасы мен іс-әрекеттерінің амалдары алдын ала анықталғаны жөн.
Мұғалімнің қызметі мен дидактикалық стратегиясының мақсаты ДОБ-сын белгілі мөлшерде бір-біріне қатысты оқу жағдайындағы барлық айнымалы шамаларды нысандандыратын оқу қатысымының “ұжымдық субъекті” ретінде көрсетілуі. Сондықтан ДОБ-на қойылатын талап бала мен ЭЕМ-нің арасындағы диалог жүйесіндегі есептерді шығару тәсілдерін айқындайды. Осыған байланысты ДОБ-ның жалпы қызметін және оны құру және қолдану бойынша мына төмендегідей психологиялық принциптер ұсынылады.

  1. Оқу іс әрекетінің мотивтілігін ескеру.

Оқу мотивінің әр алуандылығы оқу ахуалына қажеттік жүйесін қанағаттандырумен байланысты. Бұл жүйеге таным қажеттілігі, нәтижелік, қатысымдық және өздігінше жүзеге асыру т.б. қажеттіліктер енеді.
Сонымен, ДОБ-сы бұл қажеттіліктерді қанағаттандырып қана қоймай және олардың дамуына да жағдай жасап, оқу барысындағы мотивтің қалыптасу үрдісінің жиынтығы, машина мен адамға берілетін мағлұматтардың толықтығы, жағымды (позитивтік) және жағымсыз (негативтік) әсерленушілік аясы есептеледі.
2. Оқытудың шығармашылық компоненттерінің дамуына назар аударылды.
ДОБ-сын интеллектуалдық және пәнді практикалық дағдыларды автоматтандыру деңгейіне дейін көтеретін тренажер-репетитор қызметінде де қолдануға болады. Тиімді және тиімсіз мәселелерді шешу үрдісі машинамен оқу диалогының ерекшелігі болып табылады. ЭЕМ-мен диалогтағы шешілген мәселе ойлаудың формальды логикалық және интуитивтік үрдісін құруға мүмкіндік береді. Ал проблемалық жағдайларда таным белсенділігін зерттеу нәтижелі ойлау әрекеттерін ДОБ-сының көмегімен модельдеуді негіздейді.
3. Оқу үрдісін модельдеудегі таным мен қатысым бірлігінің қажеттілігі.
ДОБ-сын құру кезінде кез-келген әрекеттің қалыптасу үрдісінде таным және қатысым аспектілерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығын ескеру керек. ДОБ-сы арқылы жүзеге асатын қатысымдық әрекеттер жалпы таным мен өзін-өзі реттеу механизмінің қалыптасу белсенділігін жоғарылатып дұрыс бағытқа салуы мүмкін. Сондықтан таным әрекеттерінің кезеңдері бойынша қатысымдық амалдар да өтеді.
Мәселен, оқушылардың бастапқы, өтпелі және аяқталу кезеңдері бойынша меңгерілетін бағдарламамен “сөйлесу” және әрекет түрлері машинасыз тікелей оқу қатысымы жағдайында іс-әрекет үрдісін ДОБ-ы бойынша модельдеудегі маңызды талап болып есептеледі. ДОБ-сын құру кезіндегі меңгеру деңгейі мен кезеңдеріне сәйкес келетін әрекеттестік актілерін зерттеу таным және оқу әрекеттерінің ойдағыдай қалыптасуы үшін ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік көзқарасын құру, оқып үйренуде өзін-өзі реттеу және пәнді меңгеру әрекетінің жоғары сатысына өтуі үшін қызмет етеді.
Сондықтан ДОБ-сын оқушыларды пәндік – мазмұнды білім алуға және іскерлікке үйрету үшін қойылатын шарт деп ғана қаралмайды. Сонымен қатар, оқу үрдісін дамытуда түйсік актілерін қалыптастыру негізінде оқытуды жүзеге асыра алатын жаңа білімді меңгерудегі танымдық міндеттерді қоюға мүмкіндік туғыза алатын құрал деп есептеген жөн.
4. Оқу пәнінің мазмұны туралы құрылымдық жүйелі түсінік болуы қажет.
Оқытушы диалогты әрекеттің сапалы болуы мынадай жағдайларға байланысты: егер оқушы меңгеретін әрекеттің пәндік мазмұнын амалды атқару ісінен бастап таныстырмай, әрекетті ұйымдастырудың ең жоғарғы деңгейі – мақсатты ойлаудан бастап меңгерту жүзеге асқанда ғана тиімді болмақ. Осыған байланысты ДОБ-сында оқушыға оқудың баламалы мақсатын құрып немесе нақты есепті шығару кезінде баламалы мазмұнда мақсатын таңдау үшін берілетін кеңесті алдын-ала ойластырып олардың таңдап алған оқудың мақсаттылығына сәйкес нақты есеп шығарудың тиімді жолдарын көрсету керек.
Ал бұл көмек бағдарлама арқылы жүргізіледі, яғни қатынас режимі есепті жеке шығару үрдісін ұйымдастырудың түрлі құрылымдық деңгейіне еркін өту тұрғысынан өз бетінше реттеу мүмкіндігі амалды – техникалық шеберліктің және мақсатты, саналы ойлаудың механизмін меңгерудің ойдағыдай қалыптасуын қамтамасыз етеді.
5. ДОБ-сының тиімділігі өлшем бірлігінің толықтығы мен жүйелілігі.
Оқыту бағдарламаларының тиімділігі білімнің сапасы, жақсы оқу бағаларының деңгейі сияқты, сенімге жол берілмейтін бірқатар эмпирикалық көрсеткіштер негізінде бағаланады. Бұндай бағалау өлшем бірлігінде оқу үрдісінің жүйелілік табиғаты ұмытылып кетеді де, оқу жағдайындағы бағдарламада модельденетін айнымалы шамалардың толықтығы қамтылмайды, тек ғана бағдарламаны меңгерудің жиынтық нәтижесі ғана есептеледі.
Олай болса, бағдарламаның тиімділігінің өлшем бірліктерінің негізін зерттеуде оқу ахуалын өзінің құрылымынан бөліп қарастырылуы байқалады. Ал өлшембірліктің толықтығы болып соңғы нәтижеде оқушының қол жеткізетін білімі мен іскерлігі ғана емес, сонымен қатар оқу жағдайындағы бір-бірімен байланыстылығының өсу жүйесі бойынша алынған, өзгеріп отырған білім дәрежесі мен оның сапасы болмақ.
Бағдарлама тиімділігінің маңызды динамикалық өлшембірлі-гіне мынадай көрсеткіштерді жатқызуға болады, мысалы, мақсатты оқу түрлерінің көп түрлілігі, қорытындылау сатыларының түрлері, оқу мазмұнының қайта құрылуы, қатысымдық мақсаттарды ауыстыру, іс шара және дербестендіру бағдарламасына қатысты бағыттарды қайта құру, психологиялық тиімділік деңгейі т.б.
6. Оқуды автоматтандырылған түрде және табиғи түрде басқаруды жетілдіру принциптерінің бірлігі.
ДОБ – бұл адамды табиғи түрде өтіп жатқан оқытудың ерекшеліктері мен заңдылықтарын ұғынудың және жалпы қорытындылаудың нәтижесі. Сондықтан бағдарламамен жүзеге асатын басқарудың нысаны тек қана кибернетикалық емес, оқытудың психологиялық принциптеріне де сәйкес келуі керек. Өйткені оқушының бағдарлама мен әрекеттесер психикалық жаңа құрылымдардың біртіндеп қалыптасыуын интернозациялық деңгейіне дейін ғана емес, сонымен қатар рефлексиялық, өзін-өзі реттеушілік, жаңа мақсаттар мен мәселелердің туындаушылық деңгейіне дейін көтереді.
Меңгерілетін қимыл тәсілдірінің оқу мақсаттары мен мотивтерінің өзін-өзі реттеушілігі – бұл оқушылардың мұғаліммен табиғи түрде әрекеттесу және бірлесіп істеу жағдайында игерілетін іс-әрекеті ішкі психикалық ұйымдастырудың ең жоғарғы сатысы. Компьютерлер оқу әрекеттері динамикасының дәл осы маңызды тарауын қамтамасыз етуге бейімделген. Оқуды автоматтандырудың осы жағдайы ғана үйренушілердің өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі дамытуының алдыңғы шартына жол ашады. Сондықтан оқыту үрдісін жалпы басқарудың психологиялық моделін теориялық жетілдіру компьютерлік оқуды жетілдіру маңызды шарты болып табылады.
Психолог-педагогтардың зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе 7-8 сынып мектеп кезеңі оқушының танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ең тиімді және қолайлы кезеңге жатады. Себебі осы кезеңде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық негізі қалыптасады және армандау, қиялдау, елестету, шығармашылық ойлау және ойлау амалдары: жинақтау, салыстыру, талдау, жалпылау және т.б. жетілдірудің жоғары деңгейінде болады. Сонымен қатар, қорытынды жасау және өз пікірін айту сияқты негізгі қабілеттер кеңінен көрінеді.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты – оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес, оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып компьютерді қолданып жүзеге асыруға болады.
Психологтардың, педагогтардың мектеп кезеңіне қатысты айтқан пікірлері мен тұжырымдарын қорытындылай отырып, бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін компьютер арқылы тиімді түрде дамытуға болады. Бұған біріншіден бастауыш сынып оқушыларына тән қызығушылық, өз қабілеттерін көрсете білу, іздену, өз бетімен жұмыс істей білу сияқты икемділігін дамытуға болады; екіншіден, компьютердің мүмкіндіктері бояу, графиктік, мәтіндік редактор ретінде мультипликациялық элементтерімен іс-әрекеті баланың логикалық ойын дамыта отырып, пәндік білім мен икемділік дағдыларын қалыптастырудағы күрделілікті жеңілдетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет