Зерттеудің міндеттері:
зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық, педаггикалық және арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
бастауыш сыныпта математиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері:
ақпараттану технологиясының даму тарихына шолу;
компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздеріне талдау жасау;
зерттеу мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық- педагогикалық, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді оқып үйрену және оларға талдау;
математика пәнін оқытуда компьютерді қолдануға арналған әдістемесіне ұсыныстар жасауқау.
Көздеген мақсатымызға жету үшін төмендегідей зерттеу жұмыстарын жүргіздік:
Ақпараттандыру технологиясын пайдаланып оқытудың психологиялық мәселелеріне талдау жасау.
Оқу үрдісіндегі компьютердің ролі мен орнын анықтау.
Компьютерді пайдаланып оқытудың теориясы мен практикасына талдау жасау.
Бастауышта математика пәнін оқытуда компьютерді қолдану мәселелерін зерделеу.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 3 параграфтан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, обьектісі, әдістері сөз болады. Ақпараттандыру технологиясын оқу процесінде пайдаланудың психологиялық -педагогикалық мәселелері
атты І тарау 3 параграфтан тұрады.
Ақпараттандыру технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері деген параграфта компьютердің шығу тарихы мен таралуы және ондағы ендірілген бағдарламалар жайлы айтылады.
Оқыту процесінде компьютерді пайдаланудың психологиялық мәселелері деген параграфта компьютерді оқытудың психологиялық әсерлері жайлы сөз болады. Оқыту үрдісінде компьютердің ролі мен орны деген параграфында сабақ меңгерудегі компьютермен сұлба сызу және түрлі ақпараттармен жұмыс істеу туралы келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |