Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: дешті қыпшақТЫҢ мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. Байланыстары



бет4/4
Дата23.02.2016
өлшемі486 Kb.
#8196
түріДиплом
1   2   3   4

ҚОРЫТЫНДЫ
Дешті Қыпшақ және Мамлүк мемлекеті арасындағы 1261-1438 жылдарда орын алған саяси, әскери және дипломатиялық қарым-қатынастар мен байланыстары туралы отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерінің негізінде кеңінен қамтылып, оның салдары ретінде пайда болған діни, этникалық, мәдени, әдеби, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік, тілдік, антропонимикалық және сауда байланыстары қарастырылды.

Алтын Орда мен Мысыр мамлүк мемлекеті арасында әскери-саяси, дипломатиялық байланыстарды орнатуда сұлтан Байбарыс пен Берке ханның рөлдері ерекше үлкен болды. Бұл тақырыпта жазылған С. Закиров, Қ. Сәки, Б. Батыршаұлының еңбектеріндегі мағлұматтарға сүйендік. Алтын Орда мен Мысыр мамлүк мемлекеттерінің арасындағы әскери-саяси байланыстардың ең күшейген кезінде екі мемлекеттің билеушілері арасындағы одан да жақындасудың құралы ретінде саяси құдаласудың қаншалықты маңызды болғандығы сұлтан Байбарыстың Берке ханның қызына үйленуі болса, екіншісі сұлтан ан-Насир Мухаммадтың Өзбек ханның жақын қарындасының біріне үйленуі болды. Екі мемлекет арасында өзара құдаласуға негіз болған көптеген факторлардың ішінде, ең біріншісі, ол – саяси жақындасу, яғни Құлағуға қарсы соғысу үшін құрылған одақтың да маңызы зор болды.

Заң саласындағы байланыстарға келер болсақ, мысыр қоғамында исламның алғашқы кезінен бастап тек шариғат заңы белгілі болды. Мамлүк кезеңіндегі авторлар Қыпшақ мамлүктерінің Мысырға өздерімен бірге Шыңғыс хан өз ұрпақтарына мұра етіп қалдырған заңын алып келді, дегенді айтады. Әлем тарихнамасында Шыңғыс ханның «Ұлы Жасақ» заңдар жиынтығы туралы бүгінгі күнге дейін арнайы зерттеудің болмауы бұл тақырыпты толық ашуға мүмкіндік бермеді. Дегенмен, бұл заңның мамлүктер кезінде Мысырда кең қолданыста болғанын, сұлтан Байбарыс өзінің мемлекеті мен әскерін «Йаса» заңының негізінде қайта құрып, өзінің алдындағы Ислам қоғамындағы бұзушылық пен тәртіпсіздікке шек қойғаны туралы отандық және араб жазба деректері негізінде көрсетілді .

Сауда байланыстары саласында екі мемлекет арасында қатынаған дипломатиялық елшіліктердің үлесі үлкен болғандығы анықталды және ондағы басты орын негізінен құл саудасы болғанын ерекше атауға болады.

Түркі және қыпшақтың этникалық жағынан тегі мен заты бір екендігін қазіргі заманғы зерттеулер жоққа шығармайды. Орта ғасыр араб жазба деректерінде көп жағдайларда екі атау бірінің орнына екіншісі синоним ретінде қатар қолданыла береді.

Араб жазба деректері «ат-татар», «ат-турк», «әл-муғул» атауларының бәрі – туысқан бір халықтың атауы, екенін хабарлайды [18]. Яғни, нақтырақ айтсақ XIII-XIV ғғ. түркі және моңғол этностарының көшпелілікке негізделген салт-дәстүрлердің ортақтығымен қоса, олардың этникалық, мәдени, тілдік және рухани жағынан бір екендігін ортағасыр авторлары анық байқаса керек. Мамлүк сұлтандары бұл орайда: «Біз және татрлар бір текпіз, бір-бірімізден бас тартпаймыз» деп айтуы олардың этникалық жақындығын аңғартады.

Мысыр мамлүк мемлекетінің Дешті Қыпшақпен байланыстарының бір белгісі ретінде Мамлүк архитектурасында кеңінен кездесетін «қошқар мүйіз» өрнегінің қыпшақтың мәдени әсерінің қатарына жатқызуға болады. Қазақтың төл өрнегі есептелетін, әсіресе халқымыз көшпелі өмір кешкен замандарда киіз үйді және басқа да тұрмыстық заттарды безендіруде кеңінен пайдаланылған, текемет, сырмақ, киім тігуде кеңінен пайдаланып келген «қошқар мүйіз» өрнегін [6] Мысыр жеріндегі мамлүктер билік еткен замандағы салынған ғимарттардың бойынан көптеп кездестіруге болады.

Салт-дәстүр саласындағы байланыстардың шеңберінде қарастырылған мамлүктердің тағамдары жергілікті мысырлық халықтың тағамдарынан көп өзгеше болғандығын хабарлайды. Мысалы, жылқы сойып жеу Мысыр және араб елдерінде бұрын болмаған бұл дәстүрді қыпшақ мамлүктерінің өздерімен бірге алып келгені анық.

Сұлтан Байбарыстың билік еткен заманынан бастап Мысыр жерінде «қымыз» ішу дәстүрінің орныққаны белгілі. Мамлүктердің кезінде кең етек алған жылқы сойып жеу және қымыз ішіу қазіргі уақытта түркі халықтарының ішінде қазақтардың арасында кеңінен сақталып отырғаны белгілі.

Тілдік байланыстары саласында Мысырда билік құрған мамлүктер өзара қыпшақ тілінде сөйлескендері туралы хабарлайтын деректер көп. Бұл құбылысты араб зерттеушілері, мамлүктердің өз ана тілі мен төл дәстүрлерін жоғары құрметтеуінде, деп түсіндіруімен келісуге болады. Мамлүк сұлтандары Алтын Орда хандарымен ресми хаттарды үш тілде – араб, қыпшақ және моңғол тілдерінде жазысқан.

Мамлүктердің қыпшақ-түркі анторпонимдері саласында мамлүктердің есімдеріне «бай», «тай» және «бек» сөздерімен келетін адам аттары кеңінен талданып, көптеген мысалдар келтіріліп, қазіргі қазақ антропонимдерімен салыстырма жасау арқылы олардың арасындағы байланыстары ашылды.

Сұлтан Байбарыс негізін салған Мысыр Мамлүк мемлекеті екі жарым ғасыр, ал Алтын Ордамен жасаған дипломатиялық қарым-қатынастары 170 жылға созылды. Моңғол халқы: «Ата-бабасының тарихын білмеген адам ну орманда адасқан маймылмен тең» деп тұжырымдаса, қазақ халқы: «Жеті атасын білмеген – жетесіздің белгісі» деп, ата тарихын білудің аталған дәуірін білуге талпыныс жасадық.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Савельев П. Монеты Джучидов, Джагатаидов, Джелаиридов и другие, обращавшиеся в Золотой Орде в эпоху Тохтамыш. –С. –Пб., 1858 Вып. 1-2; Березин И. Очерк внутренного устройства Улуса Джучиева. – ТВОРАО, 1864. ч.8. С. 387-494; Березин И. Ханские ярлики. Ярлык хана Золотой Орды Тохтамыша к польскому королю Ягайлу, 1392-1393 года. – Казань, 1850; тариханные ярлыки Тохтамыша, Тимур-Кутлука и Саадет-Гирея, с введением, переписью, переводом и примечаниями, изданные И. Березиным. – Казань, 1851; Саблуков Г.С. Монеты Золотой Орды. – Казань, 1896. – Т. 13, вып. 6. С. 519-527;

2 Лэнь-Пуль С. Мусульманские династии. Хронологические и генеологические таблицы с историческими введениями, пер. с. Английского с прим. и дополн. В. Бартольд, С. –Пб., 1899; Веселовский Н.И. Хан из темников Золотой Орды Ногай и его время. Пг., 1922.; Присельков М.Д. Ханские ярлыки русским метрополитам. – Пг.,1916; Баллод Ф.В. Старый и Новый Сарай, столицы Золотой Орды. Результаты археологических работ летом 1922 года. – Казань, 1923; Бартольд В.В. Истоия культурной жизни Туркестан. Л., 1927; Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. – М., 1963. Сочинения. Т. І; Вернадский Г.В. К вопросу о вероисповеданиях монгольских послов 1223 г. – SK, 3. 1929, pp. Resume, p. 148.

3 Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. – М. – Л., 1950; Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1961.

4 Федоров-Давыдов Г.А. Кочевники Восточной Европы под властью золотоордынских ханов. – М., 1966; Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. – М., 1973.

5 Али-Заде А. Борьба Золотой Орды и государства ильханов за Азербайджан. – Ан Аз ССР, 1946; Петрушевский И.П. Земледелие и аграрные отношения в Иране 13-14 веков. – М. – Л., 1960; Булатов Н.М. Классификация поливной керамики золотоордынских городов Нижнего Поволжья и Северного Кавказа: автореф. ... канд. дис – М., 1969; Юдин В.П. Орды: Белая, Синяя, Серия, Золотая... – Алма-Ата, 1983; Егоров В.А. Историческая география Золотой Орды в ХІІІ-ХІV вв. – М., 1985.

6 Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. – Алма-Ата, 1986. Т. І.

7 Кумеков Б.Е. Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VIII-XIV вв. Научно-аналитический обзор. – Алма-Ата: Академия Наук Каз ССР, изд. «Наука», 1987; Кумеков Б.Е. Мамлюкские антропонимы как источник по этническому составу Дешт-и Кипчака // КазМУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. Шығыс елдерінің өтпелі кезеңдегі мәдени және тарихи процестері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары, 17-18 мамыр 1999 жыл. – Алматы, 1999 № 9.

8 Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из сочинений персидских и арабсих. – С. Пб, 1884. Т. І.; Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из сочинений персидских тюркских. – М., 1941. Т. ІІ.

9 Баллод Ф.В. Старый и Новый Сарай. – Казань, 1923.

10 Крачковский И.Ю. Арабская географическая литература // Соч. – М., – Л.: Изд-во Ан СССР, 1957, – Т.4. – 912 с.

11 Бартольд В.В. Источниковедение. – Сочинения. – М., 1967.

12 Бартольд В.В. История изучения востока в Европе и России. – Л., 1925. Изд. 2-е.

13 Крачковский И.Ю. Над арабскими рукописями. Изб. Соч. – М., – Л, Изд-во Ан СССР, 1955. – Т.І. – 469 с.

14 Баллод Ф.В. Приволжские «помпеи» (Опыт художественно-археологического обследования частей правобережной Саратовско-Царицынской приволжской полосы). – М. – Пт., 1923.

15 Березин И. Н. Очерк внутреннего устройства Улуса Джучиева. СПб, 1864, С. 385-494;

16 Сақи Қ. Сұлтан Байбарыс. – Астана: Фолиант, 2000. – 260 б.

17 Прошлое Казахстана в писменных источниках Y в. до н. э. – XY в. н. э. (Извлечения из источников) / Составител: Б.Б. Ирмуханов. – Алматы: Өлке, 1997. – 370 с.

18 Батыршаұлы Б. Сарай мен Қайыр арасындағы дипломатиялық елшіліктер // ҚазМҰУ хабаршысы. 2000. № 1. (16). 66-74 бб.

19 Батыршаұлы Б. Сарай мен Қайыр арасындағы саяси некелер // Гуманитарлық ғылымдар Академиясының ғылыми журнал. 2000. № 1. (5). 50-57 бб.; Амин Аль-Хули. «Сыйлат бейна Ан-Нил уа Аль-Вулга» (Ніл мен Еділ арасындағы байланыстар). Қайыр, 1964, 15-бет.

20 Батыршаұлы Б. Сұлтан Байбарыс // Отан журналы. 2000. № 1. 24-26 бб.

21 Бейбарыс сұлтан // Жас алаш. 2000. № 112. 3 б.

22 Саудабаев А. Бейбарыс сұлтан. – Алматы, 2000.

23 Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алма-Ата, 1986. 82 б.

24 Батырша-ұлы Б. Мысыр мен Таяу шығыстағы мамлүк ислам архитектурасы туралы. – Отан, 2000. № 3. 44-47 б.

25 Батыршаұлы Б. Араб деректеріндегі мамлүктердің аттары (есімдері) олардың шығу тегінің дәлелі ретінде // ҚазМҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. 2000. № 3 (18). 22-28 ббеттер.

26 Мәдени пантүркизм жөнінде зерттеу // Жас Түркістан журналы, 1999. № 2-3. 28-бет.

27 Кумеков Б.Е. Мамлюкские антропонимы как источник по этническому составу Дешт-и Кипчака // КазМУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. Шығыс елдерінің өтпелі кезеңдегі мәдени және тарихи процестері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары, 17-18 мамыр 1999 жыл. – Алматы: «Қазақ университеті». 1999 № 9.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ДАМУЫ

(1991-2006 жж.)


«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі Ғылыми жетекшісі

т.ғ.д., проф С.Мадуан аға оқыт З.Әділбекова

« » 2006 ж. Орындаған студент Хаттама № А.Тұрсынбай



« » 2006 ж. –ТТГ-215. 030640-Тарих-география

Түркістан-2006 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет