Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: дешті қыпшақТЫҢ мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. Байланыстары


Дешті Қыпшақ хандыра мен Мамлүк сұлтандары арасындағы құдалық байланыстар



бет3/4
Дата23.02.2016
өлшемі486 Kb.
#8196
түріДиплом
1   2   3   4

2.3 Дешті Қыпшақ хандыра мен Мамлүк сұлтандары арасындағы құдалық байланыстар.

Ніл мен Еділ арасындағы достық байланысты нығайтудың негізгі фоаторларының бірі – Мысыр сұлтандары мен Алтын Орда хандары арасындағы өзара құдаласу болды. Қилы замандарда, әртүрлі мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастарды қыз алысу арқылы нығайту, тарихқа ертеден белгілі, ежелгі саяси жолдардың бірі болды.

Екі мемлекет арасындағы өзара құдаласуға негіз болған көптеген факторлардың ішінде, ең біріншісі, ол – туысқандық фактор, яғни, Мысыр мамлүктері мен Қыпшақ елін мекендеген халықтың тектік негізінің бірлгі. Мамлүк сұлтандары мен моңғол-қыпшақ хандарының біріне-бірін тартып, тығыз байланыстырып, жан-жақты қарым-қатынас орнатқан туысқандық негіз, олардың арасындағы болған ресми хат жазысудан анық байқалады. Мамлүк сұлтандары, өзінің хаттарында: «Біз және сендер бірміз», - деп, екі мемлекет арасындағы дипломатиялық елшіліктер мен өзара жазысқан хаттарында, бірін-бір, «ағамның баласы» деп атаған. Қаны бір, діні бір, мүдде-мақсаттары ортақтасып, саяси бағыттары біріккен екі ел арасындағы табиғи құдаластық оңды және нәтижелі болды.

1260 жылы, сұлтан тағына келген, Мысыр мамлүк мемлекетінің негізін салған, сұлтан Аз-Захир Байбарыс, Алтын Ордамен саяси-әскери одағын нығайту мақсатымен Берке ханның қызына үйленеді. Бұл неке – екі мемлекет арасындағы саяси некелерге жол ашып берген, ең алғашқы неке болғаны белгілі.

Жалпы алғанда, мамлүктер, өздеріне жат тектен қыз алмағаны белгілі, яғни көшпелі түркі-моңғол халықтарының өкілінен басқаларға, (араб, парсы) т.б. үйленбеген. Ол, тек мамлүк сұлтандары мен әмірлеріне ғана қатысты емес, жалпы түркі-моңғол текті мамлүк атауларының бәріне ортақ заң болып қалыптасып, әсіресе, Мысыр мамлүк мемлекетінде қатты сақталған. Мамлүктер, саны жағынан өздерінен көп басым, тегі бөтен араб елінде, өздерінің тегі мен қанын таза сақтап, жергілікті халық тарпынан туып, кейін келе дәстүрге айналған шаралардың бірі болса керек. Сұлтан байбарыстың «Шариғат» бойынша алған, заңды төрт әйелі оған дәлел болады, олар:


  1. Хисам Ад-Дин Берке-ханның қызы;

  2. Сайф Ад-Дин Ноғайдың қызы;

  3. Сайф Ад-Дин Керейдің қызы;

  4. Сайф Ноғай Ат-Татаридің қызы.

Осы жерде айта кететін бір жай, ол – арабжәне Мысыр тарихшылары көшпелі түркі халықтары мен моңғол, ойраттарды бір этнос, деп есептеп, оларға қатысты «қыпшақ», «татар», «моңғол» сөздерін бірінің орнына бірін пайдалана берген. Яғни, олардың осы айтқандары мен мамлүктердің үйленудегі «қан алмастырмау» принципін берік ұстауы, осы халықтардың тегінің бір екендігіне дәлел секілді. Сондай-ақ, 19-20 ғғ. араб және Батыс зерттеушілері, 1382 жылы, сұлтан тағына келген сұлтан Барқұқтан бастап, Мысыр мамлүк мемлекетінің тарихында «Шеркеш» текті мамлүк сұлтандарының тарихы басталады деп олардың тегін түркі-қыпшақ тегінен бөліп, Кавказдық «черкестеріне» жатқызып жүр [16; 19]. Бұл, олардың, мамлүктердің шыққан тегінің шежіресін білмеуден туған қателік болса керек. Себебі «Шеркеш» мамлүктерінің де, өзінің алдындағы мамлүктер сияқты, өз тегінен басқамен «қан алмастырмау» принципін ұстаған және Алтын Ордамен байланысын үзбей, оларға жолдаған хаттарында: «Біз және сендер бірміз» [16; 19] деуі – олардың көшпелі түркі-қыпшақ халқының өкілдері екенінің бірінші дәлелі болса, сұлтан Барқұқтың, Ирақ жеріндегі Жалайыр мемлекетімен достығын нығайту мақсатында, Жалайыр сұлтаны Ахмад Ибн Уайстың қызына үйленіп, құдалық қарым-қатынас орантуы – оның екнші дәлелі бола алады. Осыдан көп ұзамай-ақ, Әмір Темірдің Таяу Шығысқа жасаған жорығына қарсы, Ирақ Жалайыр мемлекеті мен Мысыр мамлүк мемлекеті арасында саяси-әскери одақ құрылғаны [16; 19] тарихқа белгілі факті.

Сондай-ақ мамлүктердің, тек өз тегіне үйленуіне байланысты, назардан тыс қалдыруға екінші фактор, өздерінің сөздеріне жүгінсек, ол – көшпелі түркі халықтары қыздарының соның ішінде, әсіресе, ойрат қыздарының адам айтқысыз сұлулығында [16; 19], дейді біраз деректер.

Сонымен, осы аталған жақсы негіздер, екі жақтың өзара қыз алысып, құдаласуына түрткі болып, екі жақтың өзара туыстық сөздеріне себебін тигізіп, өздерінің сөзімен айтсақ: «бір заттай болып, барлық замандарда да, біріне-бірі тірек болып, соғыста жауларын жеңген, Алла сөзін ұстау үшін кәпірлерге қарсы қасиетті «Джихад» соғысына бірге аттануға негіз берген күштің негізі – осы тусқандық байланыста жатыр.

Қыз аларда, екі жақтың да назары негізгі саяси іске бағытталып, бір-біріне қалың-мал төлеуі формалдыққа жақын болды. Мысалы, құдаллықты тиянақтап, оның атқарылуын жеңілдеті үшін, сұлтанның жіберген елшілерін ақшамен қаржыландыруды Қыпшақ елінің саудагерлеріне міндеттеп, келін ханзаданы Мысырға аттандырады. Араб деректері, Мысыр жеріндегі келін аттандыру мен үйлену тойлары, Ислам кезеңіндегі тарихта белгілі, ең үлкен той-думандармен бәсекелесе алатындығын хабарлайды [16; 19]. Енді сол замандағы Мысыр өмірін, оның молшылығы мен салтанатын суреттеп, Мысыр тарихындағы ақиқат, шыншыл, тура білімді толықтыру үшін, солардың бірнешеуіне кеңірек тоқталып өтейік:

Ұзақ жылдар бойы, екі астана ортасында сый, тартулардың қатынауы нәтижесінде, екеуінің арасындағы байланыс нығайып, бір-біріне деген сенімі артып, өзара құдаласып, сүек жаңартыу туралы пікірі жетіледі. Сөйтіп, хиджраның 720 жылы, яғни, 1320 жылы, Шыңғыс-хан тұқымының қыз ханзадасы Қайырға аттандырылады. Оның есімін дұрыс келтіруде, деректер өзара қайшылық келіп, бірінде «Талынбаш» болып, екіншісінде «Толынбай» болса, үшіншісінде «Долынбай» түрінде берілген. Оның себебі, аты жергілікті халық үшін жат болып, оны жақтырмаған мысырлықтардың ықылассыз көзқарасымен, оның атын айтқанда, жіберген дыбыстық қателіктерінен болса керек. Ортағасырлар мысыр тарихшысы Ал-Мақризи, оны «Долбие» «Толыбие» немесе «Толыбай» деп атап, Қайыр қаласының Дарб Ар-Рашиди көшесінің қарсы жағындағы үлкен сарайды оның есімімен атап өтеді.

Сонымен, келін ханзада мысырға, арнайы үлкен елшілікпен жеткізіледі.

Оны, йықтарына, арнайы орындығымен бірге көтеріп, Хан әулетінің көптеген адамдары, төрт бекзада, Өзбек-ханның имамы Шейх Бурхан Ад-Дин, Сарайды қадиы (ислам сотының басшысы), сондай-ақ, бірнеше ондаған қыз ханзадалар, бір жүз елу ер адам келеді. Оған қоса, алпыс құл әйел, үш мың мамлүк жіберіледі. Елшілікпен бірге Өзбек-ханның, сұлтанға арнап жіберген, қымбат сыйлығы болды. Сарайдан Қайырға сапар, ыңғайлас желдің болмағаны себепті, жолдары ауыр, әрі ұзақ болып, біраз уақыт Константинопольде кідіреді. Оның билеушісі, Сарай елшілеріне сый-құрмет көрсетіп, өз тарапынан елшілерін даярлап, оларды Александрия портына дейін жеткізіп салады.

Александрияда, Сарай елшілігін салтанатпен күтіп алу мен сый-құрмет көрсетудің рәсімдері басталады. Келін ханзада кемеден, дөңгелектердің үстіне орнатылған «Харака»-ға яғни, үй тәрізді алтындармен безендірілген шатырға өтеді. Оны, мамлүктер, Александриядағы сұлтан сарайына дейін арқанмен тартып апарып, елшілерге, сый-құрметке толы қонақжайлық көрсетіп орналастырады. Олардың Қайырға сапары үшін он сегіз «харрақа» яғни өзен кмелерін даярлайды. Келін ханзада кемелердің ең үлкені – сұлтан кемесіне, ал елшіліктің басқа мүшелері қалған кемелерге отырып, Ніл өзенімен жүзіп келіп, Қайыр қаласының қарсы бет жағалауына тоқтайды. Олардың келуіне орай, сұлтан майданының, көз жететін жерінің бәріне кілем төселіп, арбалар, яхтылар, жүк таситын мал даярланып, бүкіл майданға жібек атыластан жасалған, көптеген шатырлар тігіледі.

Келін ханзаданы кемеден, арнайы зембілге отырғызып, оны йықтарына көтерген мамалүктер кемеден алып, түсіп, сұлтан майданындағы арнайы үлкен бөлмеге апарады. Майданда оған, сұлтанға аранйы істелген металл түсті атластан, ұзыннан-ұзақ коридор төселеді. Келінге, және онымен бірге келгендерге лайық дастархандар жайылады. Оларды орналастырып, жайғап, үш күн сый-құрметпен күткен соң, сұлтан, келінді көру үшін өзінің әмірін жібереді. Сосын, оны дөңгелектері бар, атлас перделермен жабылған, және сол кездегі белгілі, ең қымбат маталармен безендірілген күйменеі ішіне отырғызып, оған жегілген көлік жануардың екі жағынан екі мамлүк жетектеп, «Қалаа Ал-Джабалға» (тау үстіндегі сұлтанның қамалына) әкеліп тоқтайды. Сол заман тарихшылары, ол туралы: «Бүкіл Ислам мемлекетінде оған тең келетін бөлме болмаған» [16; 19], - деп, суреттейді.

Сосын, сұлтан, елінен келген елшілермен және олармен ілесіп келген Константинополь елшілерімен отырыс жасап, оған қатысты көптеген әмірлер мен мемлекеттік жоғары мансаптың иелері, салтанатты киінген әскери және мәдени азаматтардың алдында, Сарай елшілігінің үлкені, Өзбек-ханның сұлтан Ан-Наср Мұхаммедке жазған хатын оқып, Өзбек-ханның ауызша сәлемін айтып, оған:

«Сенің ағаң, Өзбек-хан саған:» «Сен елшілік жіберіп, Хан сүйегінен, яғни, оның тегінен қыз сұрадың. Егер, біз оны әкелмеген болсақ, сенің көңіліңе жақпас еді. Ұлы үйден, саған әкеліп жеткізгеніміз саған ұнаса, ал! Онда, сенің үйіңде, одан Алла Тағаланың: «Инна Алла иамурукум ан тауадду ал-аманат ила ахлиха» («Алла тағала сендерге, аманатты өз еліне жеткізуге әмір етеді»), деген сөзімен сәйкес амал қыл» - дейді.

Сұлтан, Ханның ауызша сәлеміне: «Біз әдемілік пен сұлулықты қаламаймыз! Біз, Ұлы әулетті, ұлы шаңырақты үлкейтіп, ағам Өзбек-ханмен туысқан болып, біз және ол тұтас бір заттай болуымызды қалаймыз!» – деп жауап қайтарады [16; 19].

Сосын Өзбек-ханның имамы Шейх Бурхан Ад-Дин, сұлтанға арналған, Ханның екінші ауызша сәлемін айтады. Бірақ, оның айтқан деректері сақталмаған.

Одан кейін, елшілерге асқан игі, керемет сұлу киімдерді, молшылықпен, сол заман деректері келтірген санға жүгінсек, шамамен, бес жүз тарту-киімдер (киіт) сыйға тартады. Дастархан жайылып, кадилар мен мемлекет басшылары төрт көзі түгел қатысып, қамалдың үлкен мешітінде неке шарты бекітіліп, сұлтан Ан-Наср, мешітке 20 мың алтын динар ақша садақаға беріп, кейінге тағы 40 мың тағайындайды. Неке шартын қади Ибн-Джамаа бекітіп болған соң, сұлтан, өзінің уәкіл-куәсі мен келіннің уәкіл-куәсіне, қадиларға, мемлекет басшыларына және осы жиынға қатысқандардың барлығына да тарту-киімдерін сыйлайды. Оның, қандай тарту-киімдер екенін көз алдымызға бір сәтке елестету үшін, солардың бірін, атап айтсақ, Сарайдың қадиіне сыйлаған киімін сипаттап көрейік, ол екі «фараджия», яғни, шейхтар киетін, жеңі кең сырт киім. Екеуінің бірі – қызыл атластан, мысыр алтынымен безендірілген киім [16; 19].

Сұлтан хан тегіне үйленіп, құрметті елшіліктің еркектеріне, сыйлықтарды молынан тарту жасап, олармен бірге, Өзбек-ханға және оның айналасындағыларға арнап, қымбат сыйлықтар жібереді.

Хиджраның 743 жылы, 1342 жылы, сұлтан оған «талақ бергенше, яғни, одан ажырасқанша, ханзада ұлтанның қолында бірнеше жыл тұрады. Одан кейін, оған, өзінің әскеріндегі мыңбасы Сайф Ад-Дин» Мүңкелі-Бұға Нилахдар үйленеді. Сайф Ад-Дин қайтыс болған соң, Нусун, деген мамлүк әмірі үйленеді. Ол да қайтыс болып, сұлтан әмірлерінің бірінің ұлы үйленіп, хиджраның 743 жылы, соның қолында қайтыс болып, Ал-Мақризидің оны «жоғары мәртебелі ханшайым «онда (мамлүк сұлтандарының мәртебелі лақабы) Тулбай Ан-Насрийя Қайыр қаласының «Ал-Барқийя» қақпасының сыртында, оған арнайы салынған қабырға жерленеді», деп баяндайды.

Осы саяси құдаласуда, Қыпшақ елінен келген ханзада мәселесіне келгенде, оның тарихын әңгімелеушілерді жетелейтін, саясатта айыпсыз болмаған бұл уақиғаның, бір қызық баяндаумен толықтырамыз, ол төмендегідей:

«Хиджраның 735 жылы, Өзбек-ханның елшілері Қайырға келіп, өздерімен бірге сұлтанға, Хан әулеті ханзадасының ісі жөнінде сын мен айып айтылған хат жеткізіп, онда Өзбек-хан, сұлтанның ханзадаға кіргенін, сосын, біраз күндер өткен соң, оны өзінің үйінен шығарып, өзінің бірнеше мамлүктеріне, бірінен соң, біріне, күйеуге бергені оны, яғни, Өзбек-ханды қатты қинайтындығын айтады. Сондай-ақ, Ан-Насрға жолдаған хатында, алдындағы жіберген елшілерінің бірі арқылы ауызша жеткізген сәлемінде айтқанын:»

«Хан әулетінің қыздарының бірін сұрап, сұлтан сан мәрте елшілерін жібереді. Мен, сұлтанның алдында ұятты болмас үшін, бұл істі қолдап, Хан әулетінің таңдаулы қыздарының бірін оған жібердім. Егер, ол, яғни, ханзада, сұлтанға қызмет етуге лайық болмаған жағдайда, оны мамлүктеріңе бермей, Ұлы Хан әулетінің қызын қорламай, оны еліне қайтаруыңды талап етеміз. Сенде, құл әйелдерің – көп! Мемлекетің – үлкен!» – деп, қайталап айтады.

Сұлтан өзіне хатпен және ауызша жіберілген сын мен айыпқа: «менің ағам Өзбек-ханға жеткен бұл хабар – өтірік, оған, яғни, ханзада тарапына ешқандай менсінбеу мен немқұрайды қарау мүлдем болған жоқ, өйткені, Алла Тағланың әмірі – шарасыз емес. Маған, ағамжіберген ханзадаға кірдім, өзіммен бірге тұрғыздым, бір жыл өткен соң әлсіздеп, Алла Тағаланың мейірімділігіне қайтты, яғни, қайтыс болады», деп жауап хат жазады.

Бұл саяси өтірікке қадилік заң тарапынан қолдау жастып, оны нығайту мақсатымен өзінің қадилік Бадр Ад-Динді істің мән-жайымен таныстырып, оған: «Ханзаданың өліміне Өзбек-ханның елшісі сенетіндей дәлел келтіру қажет» - дейді. Қади оған: «Оның жолы – екі қызметшіні қатыстырып, екі мамлүк: «пәленнің қызы, пәлен деген ханшайым, ауруының асқынуынан қайтыс болғанын өз көзімізбен көрдік» - деп, куәлік етсін – деп жауап береді. Сонымен, сұлтан мен қади екеуі, келіскендерін жүзеге асырып, бір қызметші және екі мамлүкті қатыстырып, олар қадидің алдында куәлік беріп, қади оны мәжіліс хатына түсіреді. Оны, сұлтан қадиден алып, жазушылармен толтырылған дәлел құжатқа сенген, Өзбек Ханның елшісіне тапсырады.

Осы әңгімені баяндаушы тарихшылардың біразы: «... патшаларды айыптағанда, жәй адамдарға да қисыны келмейтін, көркемдеп, әсірелеу үшін шығарылған өтірік әңгіме» деп сендіргісі келеді.

Бірақ, бұл әңгіменің растығын жақтаушылар, «қарғыс атқан, лас саясатта» мұндай уақиғалар көптеп кездесе бермейді, дейді.

Сөйтіп, бейшара ханзада, хиджраның 735 жылы өлді деген, ресми құжат жазылғанына қарамастан, бұдан кейін де, ол сегіз жыл өмір сүреді. Ал, кейбір деректер, бұл уақиғадан кейін, оның отыз жыл өмір сүргені, Қайыр қаласында үлкен үйі болғаны және шынымен қайтыс болған кезде, өзіне арнайы салынған қабырға жерлергені жайында Өзбек-ханның сұлтан Ан-Насрдың қызына құда түскені белгілі. Бірақ, Қыпшақ елінен келген ханзадаға істегенін, Өзбек-хан да тура солай істегісі келеді, деп күдіктеніп, қызының әлі кішкентай екенін себеп қылып, кешірім өтінеді.

Бірақ оған қарамастан, екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас әлсіреп, әскери-саяси одақтың ара-жігі ажырамайды. Керсінше, екі ел арасындағы туысқандық негізі мықты байланыстар одан әрі нығайып, Сарай мен Қайыр арасында екі елдің елшіліктері қатынауын тоқтатпайды. Алтын Орда хандары мен Мысыр мамлүк мемлекеті сұлтандарының арасындағы ресми хат жазысуында әрдайым: «Біз және сендер бірміз!» [16; 19] – деуі. Сондай-ақ 1356 жылы, Жәнібек-ханның елшілері әкелген хатқа қайтарған жауабында, сұлтан Ан-Насрдың ұлы сұлтан Хасан: «Менің әкем мен сенің әкең – бір адамдай болған!», – деп жазады. Қорытып айтар болсақ, Мысыр мен Таяу Шығыстағы түркі мамлүктерінің он ғасырлық тарихында, ислам және адамзат тарихындағы уақиғалардың ағымына әсерін тигізген Мысыр мамлүк мемлекетінің орны ерекше. Оның негізін салған, сұлтан Аз-Захир Байбарыс, Қыпшақ даласымен байланыс орнату мақсатымен, инициативаны өз қолына алып, Алтын Орда мемлекетіне бірінші болып елшілік аттандырады. Нәтижесінде, онымен екі жақты дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, саяси және әскери одақ құрып, стартегиялық даналық көрсетеді. Сондай-ақ, сұлтан байбарыс, Алтын Орда ханы Берке-ханның қызына үйленіп, Ұлы Хан әулетімен құдалық қарым-қатынасқа түскен ммалүк сұлтандарының біріншісі болды.

Бір жағынан, екі мемлекетті де тығыз қарым-қатынас орнатуға негіз берген – туысқандық болса, екінші жағынан, әскери-саяси одақ құруға итермелеген сыртқы саяси жағдай екенін де, ескеру қажет. Мысыр мамлүк мемлекетінің дүниеге келу кезі Ислам әлемі үшін ең ауыр кезеңге тура келеді [16; 19]. Батыс христиан мемлекеттері, алдында болған сәтсіздіктерденес жинап, күшейіп, Франция королі «Луис Тоғызыншы» біріккен кресті әскерлерін бастап жаңа бірнеші қалаларын жаулап алады. Осы кезде, ауруы асқынып, өлім өлім аузында жатқан Ал-Айуби әулетінің соңғы сұлтаны Салих Наджм Ад-Дин қайтыс болады. (1250 ж.). жауға тойтарыс беру ауыртпалығы Фарис Ад-Дин Ақтай, Рукн Ад-Дин Байбарыс, Сайф Ад-Дин Қалауын сияқты беделді мамлүк әмірлері бастаған алдымен, «Думиат» түбінде, сосын, «Фарскур» маңайында кресті әскерлеріне күйрете соққы беріп, «Луис Тоғызыншыны» және оның айналасындағы көптеген әмірлер мен бекзадаларын тұтқынға түсіреді. Бұл шайқаста, мамлүк әмірлері мен мамлүк жасақтарының жеңісі, олардың беделінің одан әрі күшейіп, ислам әлеміндегі маңыздылығының едәуір артуына себебін тигізеді.

Сондай-ақ, Шығыстан Шыңғыс-ханның немересі Құлағұл-хан бастаған жаулаушылық ислам әлеміне қырғидай тиіп, аз уақыт ішінде, Иран және Ирақтың әскерлеріне тас-талқан етіп, олардың жерлерін жаулап алады. Сол кездегі Ислам Халифатының орталығы болған, бағдат қаласын басып алып, ондағы Аббас әулетінің халифасын өлтіріп, мұсылман халқын қырғынға ұшыратқаны жайлы хабар бүкіл Ислам әлемін дүр сілкіндіреді. Ендігі ретте, Құлағұлдың әскерлері, Ислам әлемінің күйретілмеген соңғы қамалы – Мысыр мамлүк мемлекетіне қарсы шапқыншылығын бастап, әскерлерін Шам еліне қарай бағыттайды. 1260 жылы болған, атақты «Айн-Джалут» шайқасында Мысыр мамлүк әскерлері, ешқешен жеңіліс көрмеген, «жеңімпаз» атанған моңғол әскерлеріне тұңғыш рет күйрете соққы береді [16; 19]. Бұдан кейін де, талай шайқастарда жеңіске жете алмаған моңғолдардың ниетін жақсы білген батыс крестілері, оларға елшілік жіберіп, ортақ жауы – Мысыр мамлүк мемлекетін күйрету үшін әскери-саяси одақ құру мақсатымен екі жақты келіссөз жүргізуге кіріседі. Сөйтіп, олар Ислам әлеміндегі соңғы қарсыласы Мысыр мамлүктеріне Батыстан және Шығыстан бір мезгілде соққы беріп, оны біржолата күйретпек болады [16; 19].

Мүны білген Сұлтан Байбарыс, біріккен күштерге төтеп беру үшін өзіне мықты одақтастың қажеттілігін сезіп, оны өзінің кіндік қаны тамған отаны – Қыпшақ даласынан табады. Сөйтіп, 1260 жылы, Байбарыс сұлтан тағына отырғанына бір жыл толар-толмаста, 1261 жылы Алтын Орда мемлекетінің ханы Берке-ханға алғашқы елшілігін аттандырды [16; 19]. Нәтижесінде, екі мемлекет арасында әскери-саяси одақ құрылып, Берке-хан, өзінің немере ағайыны Құлағұлдың жорығына қатысып жүрген әскерлерін кейін шақыртып алып, оған қарсы соғыс ашып, оның Шам еліне шабуылдарын тоқтатады. Саяси және әскери жағдайларды ұтымды пайдаланған Сұлтан Байбарыс бар күшін, Таяу Шығыста орңығып, күшейіп алған христиан мемлекеттеріне қарсы және олардың құрған кресті әскерлері мен ордендеріне талқандауға жұмылдырып, оларға сан-мәрте күйрете соққылар беріп, талай қамалдарын алып, көптеген бекіністерін қиратып, тек Таяу Шығыстағы ғана емес, сондай-ақ, Батыс Европа христиан мемлекеттеріне өзін мойындатады [16; 19]. Кейінгі ретте, олардың көбісі, Мысыр мамлүк мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, онымен санасуға мәжбүр болады.

Сұлтан Байбарыс пен Берке-ханның құрған әскери-саяси одағының тарихи және саяси маңызының ең үлкені – Ислам әлемі мен Ислам дінін крестілер мен моңғолдардың қолынан жойылып кетуінен сақтап қалғанында. Сол уақиғалардың замандасы, Мысыр араб тарихшысы Ал-Айни ол жайында: «Мұхаммед пайғамбар дүниеден қайтқалы, мұсылмандардың басына мұндай ауырлық пен қайғы-қасірет тумаған еді» [16; 19] – деп тиянақтайды.

Сол алыс замандарда, әлемнің ең мықты мемлекеттерінің бірі болған Мысыр мамлүк мемлекетінің негізгі тірегі - әскери күш-қуатын жаңа мамлүктермен толықтырудың бірден-бір көзі болған Қыпшақ даласының тек мамлүктер жіберумен ғана тынбай, қасиетті «Джихад» соғысына өзінің де қатысып, Исламның ұлы жеңіске қол жеткізуінде тарихи ролі үлкен болды.

Сондай-ақ, екі мемелекеттің ғасырларға созылған, тығыз қарым-қатынастарының нәтижесінде, Мысыр мен Таяу Шығыс елдеріндегі араб ислам мәдениетіне көшпелі түркі-қыпшақ халықтарының мәдени, өркениеттік, тілдік және рухани ықпалы мен әсері күшті болып, оны жан-жақты байытуға септігін тигізгені сөзсіз. Бүгінгі күні, оның белгілері, негізінен, мамлүктер заманынан қалған бай архитектуралық ескерткіштер, қолжазбалар мен мұрағаттарда сақталған.

Түйіп айтар болсақ, мамлүктер мен олардың кіндік қаны тамған отаны – Қыпшақ даласы арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар шыңына жетіп, ең гүлденген кезеңін қарастырдық. Сұлтан Байбарыстың өмірбаянын және Мысыр мен Таяу Шығыстағы мамлүктердің тарихын терең зерттеген Мысыр ғалымы, доктор Саид-Абд Ал-Фаттах Ашур өзінің «Аз-захир Бейбарыс» атты монографиясында, Мысыр мамлүк мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы дипломатиялық байланыстарға: «Екі елдің арасын бөліп жатқан жер қашықтығы мен соғыс өрті лаулап жанған заманның қиындығына қарамастан, Сарай мен Қайыр арасындағы, бір жарым ғасырдан астам уақытқа созылған дипломатиялық елшіліктер, өзінің саны мен сапасы жағынан, оған ең тең келетіндей дипломатиялық елшіліктер, өзінің саны мен сапасы жағынан, оған ең тең келетіндей дипломатиялық байланыс адамзат тарихына белгісіз!» [16; 19], - деген баға береді.



2.4 Сұлтан Байбарыс: Дін және сауда, этникалық, мәдени, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік, тілдік және антропонимдік байланыстар.

ХІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVI ғасырдың басына дейін Мысыр мен Шам елінде екі жарым ғасырдан астам уақыт билік еткен. Алтын Ордамен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып әскери-саяси одақ құрған. Батыс христиан мемлекеттері тарапынан ұйымдастырылған кресті жорықтарына тосқауыл қойған. Шығыстан Құлағу бастаған моңғол шапқыншылығын тоқтатқан. Ислам діні мен Ислам араб әлемін құрып кетуден қорғап қалған Мысыр Мамлүк Мемлекетінің тарихы Сұлтан Байбарыстың есімімен тығыз байланысты. Бұл мемлекеттің белсенділігі тек сыртқы жауларға қарсы күресумен ғана шектелмеген, өзінен кейін көптеген мемлекет және саяси қайраткерлердің есімі мен ғылым, әдебиет, мәдениет, дін, архитектура салаларындағы қалдырған бай мұралары жалпы адамзат тарихында өшпес із қалдырды.

Таяу Шығыстағы, атап айтсақ Мысыр мен Шам еліндегі бүгінгі Сирия, Палестина, Иордания, Ливан, Иордания, Ливан, Израйлдің біраз бөлігі мен Түркияның оңтүстігі мамлүктердің он ғасырға жуық 833-1811 жж. үлкен мерзімді қамтитын тарихында Сұлтан Байбарыс негізін салған Мысыр Мамлүк Мемлекетінің 1250-1517 жж. орны ерекше.

Осы мемлекеттің негізін салған тарихи тұлға Сұлтан Байбарыстың толық аты Сұлтан Рукн Ад-Дин Аз-Захир Бейбарыс Ал-Бундуқдари Ас-Салихи Ан-Наджми Ат-Түрки кей дерктерде Ал-Кипшаки деп қосылған Рукн Ад-Дин – «діннің тірегі» деген мағынада әмір лауазымына жеткенде қойылған лақабы: Аз-Захир – «Айқын, жарқын» мағынасында, сұлтан болғанда қосылған лақабы: Байбарыс – өзінің төл аты: Ал-Бундуқдари – ең бірінші ұстазы Ала а Ад-Дин Айтегеін Ал-Бундуқдардың мамлүгі деген атауы: Ас-Салихи және Ан-Наджми – Сұлтан Ас-Салих Наджм Ад-Дин Айубтың қарамағындағы малүктерге қойылатын атау: Ат-Түрки және Ал-Қипшақи – шыққан тегін білдіретін атау.

Сұлтан Байбарыстың тегі туралы орта ғасырлық деректер және бүгінгі күнгі зерттеулероның Қыпшақ даласын мекендеген көшпелі түркі халқының өкілі және ерте балалық шағы туған жерінде өткенін бір ауыздан мақұлдайды. Бірақ, оның анық дәл қай рудан шыққандығы, туған жылы мен мекеніне келгенде талас пікірлер көп. Араб тарихшылары оны Қыпшақ елінде туды, деп жалпылайды, ал Қыпшақ елі Волга өзенінің бассейні мен Каспий теңізінің төңірегіндегі жерлерді қамтыған, деген анықтама береді. Ол арнайы терең зерттеуді қажет ететін ашық тақырып. Дегенмен, қолдағы бар деректерге сүйенсек, ол шамамен 1225 жылы қазіргі Қазақстанның батыс аудандарының бірінде дүниеге келген деуге болады. Орта ғасырлар шапқыншылық заманында қолға түскен әйелдер мен жасөспірім балаларды құлдыққа сату кең етек алған. Таяу Шығыс елдері, Византия және Венецияда құл базарларында құлдардың бағалары тегіне, жасына, т.б. байланысты өзгеріп отырған. Африкадан әкелінген қара құлдарды «абд» деп, ал ақ құлдарды «мамлүк» (көпшесі мамалик) деп атаған. Уақыт өте «мамлүк» сөзінің аясы тарылып ол тек көшпенді түркі тайпаларының өкілдерінен құралған арнайы әскери жасақтарға ғана қатысты қолданылатын болды.

Осындай жолмен құл базарына түскен жасөспірім байбарыстың бірінші ұстазы болған Ала′а Ад-Дин Айтегін Ал-Бундуктар деген мамлүк 800 күміс дирхамға сатып алады. Кейін ол Мысыр сұлтаны Ас-Салих Наджам Ад-Дин Айуб тарапынан қудалауға түсіп, бар мүлкі мен мамлүктері сұлтанның қарамағына көшеді. Сұлтан Ас-Салихтің «Ал-Бахария» деп аталатын мамлүктердің қатарына қосылып, талай шайқастарда ерлік пен тапқырлық көрсеткен Байбарыстың жұлдызы жанып, көп ұзамай-ақ әскери мансабы өсіп, мамлүк әмірлерінің қатарына көтеріледі.

ХІ ғасырдың аяғында Батыс христиан мемлекеттері тарапынан ислам мемлекеттерін жоюға бағытталған кресті жорықтары ХІІІ ғасырдың екінші жартысына қарай аса күшейген еді. Оған қоса Шығыстан моңғол әскерлері Иранды, Ирақты жаулап алып 1258 ж. Ислам халифатының орталығы бағдадты басып алып, онда Аббас әулетінің халифасын өлтіріп, мыңдаған мұсылмандарды қырғынға ұшыратады. Ендігі ретте, моңғолдар Шам еліне қарай бет алып, исламның соңғы қамалы Мысыр Мамлүк Мемлекетін күйретуге бел байлайды.

Сол кездегі ауыр жағдайды Мысыр тарихшысы Ал-Айни: «Мұхаммед пайғамбар дүниеден кеткелі мұсылмандардың басына ешқашан мұндай қасірет пен ауыртпалық түспеген еді». «...Пайғамбарымызға Алла тағала Ислам дінін адамдарға жеткізуді жүктесе, ал Сұлтан Аз-Захир Байбарыстың иығына сол дінді сыртқы жаудан қорғап қалуды жүктепті» деп түйеді.

Көптеген зерттеулер Аз-Захир Байбарысты Мысыр Мамлүк Мемлекетінің төртінші сұлтаны, кейде бесінші сұлтаныболғанына қарамастан оны осы мемлекеттің негізін салушы деп атайды. Ол аз уақыт ішінде Мысыр мен Шам елін біріктіріп бір мемлекет құрайды. Крестілерді талқандап, Ирусалимді және көптеген мұсылман жерлерін қайтарып алады, билігін Хиджаз (Мекке. мединеге) Нуба, Иеменге дейін созады. Мысыр Мамлүк әскерлерін Шыңғыс ханның «Иаса» ұлы заңы негізінде қайта құрады, Мысыр әскери теңіз флотын құрып, нәтижесінде Жерорта теңізіндегі ең мықты мемлекетке айналады. 1258 ж. моңғолдар Бағдадты құлатқан Аббас әулетінің халифатын Қайырда ғана емес, билігі жайылған жерлердің бәрінде де әскери, діни, мәдени, ауыл-шаруашылық құрлыстарын жүргізеді. Тек Қайыр қаласында оның салдырған бір медресесі «Ал-Мадраса Аз-Захирия» және үлкен мешіті «Масджид Аз-Захир Байбарыс» бүгінгі күнге дейін жеткен. Иерусалим қала-қамалының тоғыз қақпасының бірінде Сұлтан Байбарыстың белгісі «бір-біріне қарап келе жатқан екі барыстың тасқа қашалып жасалған мүсінді барельеф белгілері де сақталған. «Барыстың» белгісі оның басқа да құрылыстарында орын тепкен ең айқын таңбасы болған. Сондай-ақ, Сұлтан Байбарыс Меккедегі «Масджид Ал-Харам» (Ал-Харам мешітін), Мединедегі «Ал-Масджид Ан-Набауий Аш-Шариф» (Қасиетті пайғамбар мешітін), Иерусалимдегі «Масджид Ас-Сахра» Жартас мешіттерінде жөндеу мен реставрация жұмыстарын жүргізеді және әскери, діни, азаматтық, қайырымдылық, ауылшаруашылық суландыру жүйелерін, дамбыларды, т.б. құрылыстарын өз қол астындағы мемлекетінің барлық бұрышына дейін жеткізеді.

Доктор Саид Абд Ал-Фаттах Ашурдың «Аз-Захир Байбарыс» кітабында Сұлтан Байбарыстың заманындағы мамлүктерге қатысты біраз қызық деректерді қарастырайық.

Сұлтан Байбарыс қымыз ішуді өте жақсы көрген және оны Мысыр Мамлүк Мемлекетіндегі тек мамлүктерге қатысты негізгі дәстүрлерінің біріне айналдырған. Араб тілінде қысқа дауыстылар жазылмауы себепті ол «ҚМЗ» деп жазылған, оған автор: «бие сүтінен жасалатын шараптың түрі», деген анықтама береді [16; 20; 21; 22].

Сұлтан Байбарыс жасақтарына арнайы дыбыстық белгі беру үшін қобыз пайдаланған. Бұл сөз де «ҚБЗ», деп жазылған. Оған автор: «көшпенді түркі тайпаларының шекті музыкалы аспабы», деген түсініктеме береді.

Үлкен той-думандарда мамлүктер жылқы сойып жеген. Сұлтан Байбарыс мамлүктерінің жауынгерлік қабілетін жоғары дәрежеде сақтау үшін соғыстан бос уақытта Қайыр қаласының сыртындағы «Қарақуш» деген алаңда әскери ойындар ұйымдастырып тұрған. Оның ішінде «қабақ» (арабша жазылуы «қбқ») ойыны өте әйгілі болған.

Ол – әжептәуір қащықтықта ағашқа асылып қойған асқабаққа садақтан оқ атып мергендікті таныту. Сондай-ақ, аталған алаңда мамлүктер басқа да ойындар ойнап, атқамінерлік пен әскери қабілеттіктерін көрсеткен.

Мамлүктер өздерінің әуелде құл болғандарын ешқашан ұмытпаған. Олар бірі жауынгер, бірі әмір, бірі сұлтан болғанына қарамастан, бір-біріне «хашдаш», яғни қандас, әріптес, теңім деген.

Сонымен қатар, мамлүктер араб тілінің бай болғанына қарамастан оған өздерінің, яғни түркі-қыпшақ тілінің біраз элементтерін де кіргізген. Мәселен, «балта», арабшасы «фа′с», «курайк», немесе «курик» – күрек, арабшасы «миджрафа», «буйиа» – бояу, арабшасы «сыбға» немесе «дихан», «найзак» – найза, арабшасы «римах» және т.б.

Мысыр мен Шам малүктерінің түркі-қыпшақ тегі өкілдері екенін олардың тарихта есімдері қалған сұлтан мен әмірлерінің аттарын мысал ретінде келтіре кетейік: Ақтай, Ақсұңқар, Сұңқар, Алмас, жанболат, Санжар, таныбай, Қаныбай, Қоңқабай, Моғолтай, Мүңкелі, Барысбай, Тұманбай, Қайтбай, Қосын және т.б.

Мамлүктер ешқашан арабтармен және өз тегінен басқалармен қан араластырмаған. Бұл заң тек сұлтандар ғана емес, барлық мамлүктерге қатысты заң болған. Араб тарихшылары «моңғол», «татар», «қыпшақ» бәрі бір халықтың аты деп ұғынып, бұл атауларды бірінің орнына бірін ауыстырып қолдана берген.

Сұлтан Байбарыс 1260 ж. таққа отырысымен ішкі қарсыластарын жеңіп, мемлекет пен әскерді күшейтіп, крестілер мен моңғолдарға қарсы «Джихад» Алла жолындағы қасиетті соғысын бастайды. Мамлүк әскерлерімен жеке-жеке соғысқанда талай жеңілістерге ұшыраған крестілер мен моңғолдар Сұлтан Байбарыстың мемлекетіне күйрете соққы беру үшін әскери одақ құру мақсатымен бір-біріне елшілер жібере бастайды. Мұны білген Сұлтан Байбарыс ендігі ретте өзіне мықты әскери және саяси одақтас іздейді және оны табады. Сөйтіп, 1261 жылы Еділ жағасында орналасқан Берке ханның ордасы Сарайға бірінші елшілігін жібереді. Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнап, нәтижесінде әскери-саяси одақ құрылады. Берке ханға жолдаған хатында оны Ислам дініне кіруін үгіттеп, исламның жауларына қарсы күреске шығуға шақырады.

Берке ханның Сұлтан Байбарысқа жолдаған жауап хатында ... Мен ислам дінін қабылдадым. Ислам дінін Алтын Орда мемлекетінің ресми діні етіп жарияладым. Құлағумен менің қаным мен етім бір болса да, ол Аллаға және оның пайғамбарларына иман келтірмейді, сондықтан ол менің жауым. Мен оған қарсы соғысамын», – деп шын мәнінде де Құлағудың жорығына қатысып жүрген әскерлерін кейін шақыртып алып, оған қарсы соғыс бастайды. Сөйтіп, Сұлтан Байбарыс бар күшін Шам еліндегі крестілерді талқандауға жұмылдырады. Сарайдан қайтқан Байбарыстың елшілері» ... Сарайда әрбір ханзада мен ханшайымның жеке имамы мен азан шақыратын му′аззині бар екен, бәрі намаз оқиды, ал медреселерінде жас балалар Құран оқиды...», дейді.

Доктор Сайд екі мемлекет арасындағы бұл одақтың тарихи маңыздылығын ерекше бағалады.

Бұл одақты күшейту мақсатымен саяси құдаласу басталады. Сұлтан Байбарыс Берке ханның қызына үйленеді. Сұлтан Байбарыстың әмірі бойынша Ислам дінінің Мекке, Медина, Иерусалим сияқты қасиетті жерлеріндегі мешіттерде және Мысыр мен Шам еліндегі мешіттердің бәрінде азан шақырылған соң бірінші Мұхаммед пайғамбардың есімін, сосынөзі Қайырда қайта жандандырған Аббас әулетінің халифасы Абу Ал-Қасим Ахмад есімін, сосын Сұлтан Рукн Ад-Дин Аз-захир Байбарыстың сосын Берке ханның есімін атап Аллаға дұға айтылатын болды.

Бұл некеден екі ұл көреді. Үлкені Ас-Сайд Наср Ад-Дин Мұхаммад Берке хан Ибн Байбарыс. Ол Сұлтан Байбарыс қайтыс болған соң екі жылға жуық уақыт сұлтан тағында отырады. (1277-1279 жж. Екінші ұлы – Ал-Адил Бадр Ад-Дин Сламыш Ибн Байбарыс. Ол ағасынан кейін тақта үш ай ғана отырады.

Сыртқы саяси жағдайлардың ауыртпалықтарын пайдаланып, Байбарыстың ескі достарының бірі Әмір Ал-Мансур Сайф Ад-Дин Қалауын Ал-Алфи таққа келеді.

Бірақ, Сұлтан Байбарыс негізін салған Мысыр Мамлүк мемлекеті екі жарым ғасыр, ал Алтын Ордамен жасаған дипломатиялық қарым-қатынастары 170 жылға жуық уақыт үзілмейді. Қайыр мен Сарай арасында жер қашықтығы мен жол қауып-қатерге тола болғанына қарамастан екі ел арасында 47 ресми елшіліктер қатынайды.. Оған Доктор Сайд: «...Бұл – бұрын-соңды тарихта болмаған теңдесі жоқ, тарихи саяси мәні зор байланыстар», деген жоғары баға береді.

Сұлтан Байбарыстың жас кезі сияқты бұл да әлі толық жан-жақты зерттелмеген тақырыптардың бірі. Оның зерттелуі Алтын Орда тарихының көп жақтарына айқындық берері сөзсіз.

Сұлтан Байбарыс 1277 жылы 30-шілде күні 17 жыл 2 ай 10 күн билік етіп, жасы 50-ден асқан шағында Дамскіде дүние салып, өзінің өсиеті бойынша Дария деген қаланың жанында жерленеді.

Сұлтан Байбарыстың өлімі жөнінде сол заман тарихшылары Кутуб Ад-Дин Ал-Иунайни, Байбарыс Ад-Даудар Ал-Мақризи, Абу Ал-Мухасин бір ауыздан оған қымызға у қосып беріп өлтірген деген тұжырымға келеді. Оның растығын басқа да тарихшылар қуаттайды. «Сұлтан Байбарыс уланған қымыз ішкен соң он үш күн денесі қызып, ауруы асқынып, қатты нашарлап, ақырында қан құсып, қиналып өледі», дейді Абу ал-Мухасин.

Сұлтан Байбарыстың өлімі туралы хабар бүкіл мұсылмандарға қатты әсер етіп, «Алла жолында істеген игілікті істері мен қасиетті джихад соғысын үзбей Араб ислам отанын қорғауда жанын аямаған, сирек кездесетін батылдығы, ақылдылығы мен даналығына бәрі бас иеді».

Ал-Мақризи Сұлтан Рукн Ад-Дин Аз-Захир Байбарыстың тарихи тұлғалық бейнесіне арнаған естелік жолдарын «... түйіп айтар болсақ. Ол – исламдағы ең қайырлы патша болған», деген сөздерімен аяқтайды [16; 20; 21; 22].



Мысыр мамлүк мемлекетінің Дешті Қыпшақпен мәдени байланыстарының бір белгісі ретінде Мамлүк архитектурасында кеңінен кездесетін «қошқар мүйіз» өрнегінің қыпшақтың мәдени әсерінің қатарына жатқызуға болады. Қазақтың төл өрнегі есептелетін, әсіресе халқымыз көшпелі өмір кешкен замандарда киіз үйді және басқа да тұрмыстық заттарды безендіруде кеңінен пайдаланылған, текемет, сырмақ, киім тігуде кеңінен пайдаланылып келген «қошқар мүйіз» өрнегін [23, 82 б.] Мысыр жеріндегі мамлүктер билік еткен замандағы салынған ғимараттардың бойынан көптеп кездестіруге болады.

Мысыр жерінде ең алдымен тәуелсіз мамлүк мемлекетінің (868-905 жж.) негізін салған түркі мамлүгі Ахмад Ибн Тулунның Қайыр қаласында салдырған мешіті тұңғыш мамлүк архитектуралық ескерткіші есептеледі. Сонымен қоса, ол тек өз заманында ғана емес, бүгінгі күні де ең үлкен мешіттер қатарына жатады. Ислам дәуіріндегі Мысырдың архитектуралық гүлдену кезеңі Сұлтан байбарыстың билікке келуімен басталады. Оның Қайыр қаласында салдырған «Аль-мадраса Аз-Захирия» медресесінен бүгінгі күнге тек кішкентай бөлігі ғана сақталып қалған. Өз заманында ең ғажайып мешіттердің бірі есептелген «Джамиа Аз-Захир Бейбарыс» мешіті басынан не бір уақиғаларды кешіріп, көрсе адам жыларлық халде біздің күнімізге дейін жеткен. Оның реставрация жұмыстары шамамен он жыл бұрын басталып, өзінің өте баяу қарқынына қарағанда бірнеше онжылдықтарға созылатын сияқты. Сұлтан Байбарыстың өнегесімен кейінгі мамлүк сұлтандары мен әмірлері де діни архитектура саласына үлкен көңіл бөліп, мешіттер, медреселер, сондай-ақ, сопыларға, жетімдерге, қарияларға, мүсәпір-жолаушыларға арнайы үйлер, кітапханалар, қайырымдылық мекемелерін, т.б. көптеп салдырып, олардың көбісін «Алла жолына» деп, уақфқа мұсылмандарға қайырымдылық үшін тегін мұрагерлік еткен. Бір ғана мысал келтіре кетейік, Қайыр қаласында Сұлтан Байбарысқа дейінгі алты ғасырдан астам уақыт ішінде небары он шақты мешіт-медреселер салынса, мамлүктердің екі жарым ғасырлық тарихы кезінде, тек Қайыр қаласында 136 діни ғимараттар салынып, олардың көбісі өзінің үлкендігі және әсемдігімен қоса архитектуралық тәсілдерімен де бүгінгі архитекторлар мен құрылысшыларды таң қалдырады. Мамлүк мемлекетінің алтын кезеңі олардың салдырған мешіт-медреселерінің саны мен сапасы жағынан ғана емесч, ислам архитектурасына енгізген жаңалықтары мен жаңа әдістері бүгінгі күні де кеңінен пайдаланылып жүр. Мысыр ғалымы, доктор Айман Фуад Саид мырзаның («Қайыр қаласының негізі салынғаннан бері, бүгінге дейін архитектуралық дамуы»), (Қайыр, 1997), атты кітабына жүгінсек, Қайыр қаласының негізі 973 жылы Ал-Фатимилер әулетінің мемлекеті кезінде салынса, оның архитектуралық гүлденуі Мысыр Мамлүк мемлекетінің билік еткен кезеңіне сәйкес келеді. Бүгінгі таңда бүкіл Ислам әлеміндегі ең көне және ең үлкен университет есептелетін «Аль-Азхардың» негізі 970 жылы Ал-Фатимилер әулетінің билігі кезінде жай мешіт ретінде салынып, онда аздаған шәкірттерге тек «Шииттік» бағытта ғана дәріс берілсе, мамлүктер билігі кезінде исламның төрт, яғни ханафи, шафии, ханбали және малики мазхабтарын бірдей оқытатын діни орталыққа айналдырып, оны рухани және діни жағынан гүлдендіріп қана қоймай, сондай-ақ оны архитектуралық жағынан көркейтіп жібереді, атап айтсақ, мамлүк әмірі Ақбұға медресесі (Аль-Мадраса Ал-Ақбуғауийя); мамлүк әмірі Тайбарыс медресесі (Аль-Мадраса Ат-Тайбарсийя); мамлүк әмірі Қоңқабай медресесі (Аль-Мадраса Аль-Қунақбаийя); мамлүк сұлтаны Қайтбай салдырған мұнара мен қақпа; мамлүк сұлтаны Қансуа салдырған екі басты мұнара сияқты зәулім құрылыстар Мамлүк Мемлекетінің кезеңінде салынады. Бұл аталған зәулім құрылыстар мамлүктердің ортағасырлық ислам тарихындағы күш-қуатының символы болып, бүгінгі күні де Қайыр қаласының қақ ортасында тұр. Мұны өз көзімен көрген қазақ ұрпағы өзінің ата-бабаларының құдіреті мен даналығына сүйсінерліктей таң қаларлық халге түсері сөзсіз.

Исламның діни архитектурасын терең зерттеген мысыр ғалымы доктор Саад Махир өзінің 1971 жылы Қайыр қаласында жарық көрген «Масаджид Мыср уа аулииауха ас-салихун» (Мысыр мешіттері және оның тура жолдағы әулиелері), атты бес томдық еңбегінің үш томынан астамын толығымен мамлүк стилінің, әсіресе, түркі шеркеш мамлүктерінің ееркше стилінің, қалыптасуын көрсетеді. Осы жерде, Алматы қаласында әл-Фараби даңғылы бойындағы Мысыр Мәдени Орталығының ішіндегі мешіт «Шеркеш мамлүк» стилінде салынғандығын айта кету орынды болар. Жоғарыдағы автор, Ислам архитектурасында берік қалыптасқан, бүгінгі күні де кеңінен пайдаланып жүрген, азан шақыратын мұнараның негізгі екі түрін атап көрсетеді, олар: осман стиліндегі мұнара (ұшы ұшталған қалам тәрізді). Византия жерін жаулап алған Селжүк және Осман түріктері сол жерде өздеріне дейін салынған христиан шіркеулерінің архитектурасынан алғандығы белгілі. Екіншісі – мамлүк мұнарасы, оның ішінде «шеркеш мамлүк мұнарасы» өзінің архитектуралық әдісі мен ою-өрнектік эстетикалық-көркемдік жағынан мүлде өзгеше. Ислам орталығы Меккедегі «Масджид Ал-Харам» (харам мешіті) мен Мединедегі «Масджид Ан-Набауий Аш-шариф» (Қасиетті Пайғамбар Мешіті) мешіттерінің мұнараларының негізінде «шеркеш мамлүк» стилі жатыр. Бұл стилдің ең елеулі ерекшеліктерінің бірі – ол, қазақтың сонау ерте заманнан бері бүгінгі күнге шейін, үй-тұрмыстық заттары, соғыс құрал-саймандары, сырмақ-текеметтері мен киім-кешектерін әшекейлеп, сәндеу үшін кеңінен пайдаланып жүрген «қошқар мүйіз» өрнегін кеңінен пайдаланылып, ол – мамлүк ислами архитектурасының ажырамас бөлігіне айналуда. Яғни, Таяу Шығыс пен Мысыр еліне түркі мамлүктері өздерімен бірге әкелген көшпелі түркі мәдениеті мен өркениетінің белгілері жергілікті отырықшыл көне мәдени өркениетіне ғасырлар бойына үлкен ықпалын тигізіп, онымен біте қайнасып, нәтижесінде бай ислам араб өркениеті дүниеге келеді. Араб тарихшылары мен зерттеушілерінің осы тақырыпты зерттеуіндегі үлкен кемшілігі ол – араб ислам мәдениетіне сіңіп кеткен «қошқар мүйіз» өрнегін төл арабтың өрнегі, деп қарастырып, оның шығу тегі мен келу жолдарын зерттемеу арқылы түркі өркениетінің араб ислам өркениетінің дамуына қосқан үлесін жоққа шығармақ болады. Жалпы айтсақ, ол – мамлүктер тарихындағы әлі зерттелмеген тың тақырыптардың бірі. Оның жан-жақты және терең зерттелуі түркі өркениетінің көп жақтары мен ашылмаған сырларына жарық түсетіні сөзсіз. Мұндай үлкен тақырып болашақта терең зерттеліп, өзінің тарихи орны мен бағасын алар деген үміттеміз. Мамлүктер өздері билік еткен еткен Мысыр мен Шам елінен басқа өздеріне бағынышты болған Хиджаз (қазіргі Сауд Арабиясы), Йемен елінде де жаңа діни құрылыстарды кеңінен жүргізіп, жаңа мешіт, медреселер салып, бар мешіт, медреселерге рестоврациялар жасап отырған. Көшпелі түркі өркениетінің негізі бар мамлүк архитектурасының ескерткіштерін үш діннің орталығы қасиетті Ирусалимде, Ислам дінінің оталығы қасиетті Мекке, Мединеде, сондай-ақ, мамлүктер заманында Шам елі, деп аталған бүгінгі Сирия, Иордания, Ливан, Палестина, Израиль, Түркияның оңтүстік шығыс бөлігі жерлерінде де көптеп кездестіруге болады [24, 44-47 бб.].

Ислам діні өзінің прогрессивті идеялардың арқасында адамзат тарихында феномен жасап, аз уақыт ішінде орасан үлкен территорияға жайылады. Ислам дінінің пайда болу, даму және жайылу кезеңдерін зерттеген зиялы қауым «ислам әскерлерінің алға жылжуынан ислам діні идеяларының таралуы жылдам болып, ислам әскерлері келген жерлердің көбісінде жергілікті халық оларды «азат етушілер қатарында соғыссыз, сый-құрметпен қарсы алып отырды деген тұжырыммен келісері сөзсіз [25, 22-23 бб.].

Исламға дейінгі араб тайпалары Аравия түбегінің оңтүстігіндегі Йеменнің жерінен шығып, ұзақ ғасырлар бойында сол түбекті мекендеген және негізінен мал шаруашылығы және саудамен айналысқан көшпелі халық болғаны тарихқа белгілі. Ол замандарда Мысыр жерінде өзінің көне тұрғыны «Коптар», Африка құрлығының солтүстік аймақтарында, қазіргі Ливия, Тунис, Алжир және Марокко жерлерінде көшпелі «Бербер»тайпалары, Ирақ пен Сирияның жерлерінде «Финикийлер» мен «Ассирийлер» мекендеген тарихқа белгілі.

Осы аталған жерлерге Ислам дінінің келуімен байланысты біртұтас араб ұлты пайда болды. Ислам дінімен қоса араб тілін, араб әдет-ғұрыптарын қабылдаған, кейінгі ретте арабша сөйлеп, арабша жазған халықтардың барлығы да өздерін «арабпыз» деп атап, араб ислам дінін, мәдениеті мен өркениетін дамытуға атсалысып, ғасырлар бойы біте қайнасып бір халық болып қалыптасып кеткен [25, 22-23 бб.]. Ислам тарихының бастапқы кезеңінде, атап айтсақ VII-VIII ғасырларда «таза араб тегі» негізгі рөл атқарып, олардың арасынан тарихтааттарын қалдырған дарынды әскери қолбасшылар мен дін, ғылым және саясат салаларында көптеген қайраткерлер шыққаны белгілі. VIII ғасырдың аяғы мен ІХ ғасырдың басынан бастап, Ислам дінін қабылдаған ескі және парсы халықтарының белсенділігі бірінші орынға шығып, кейінгі ислам тарихында олардың рөлі үлкен мәнге ие бола бастайды.

Солардың ішінде, әсіресе түркі халқының орны ерекше. Түркі халқы Ислам дінін қабылдауының нәтижесінде Исламның жан-жақты дамуына атсалысып, ғасырлар бойына біте қайнасса да, өзінің түркі атауын әрқашан биік ұстаған. Түркі халқының арасынан, ислам тарихының ортағасырлық кезеңінде бетке ұстар, әлемдік аты бар алдыңғы қатарлы ғалымдар, саяси қайраткерлер және тарихи тұлғалар мен батырлар өте көп шыққан. Мысал үшін олардың бірнешеуін атап өтейік: философ, ғалым Әбу Наср Мухаммад әл-Фараби, сопы Ахмет Ясауи, дәрігер, ғалым Ибн Сина , ғалым әл-Бухари, ақын Алишер ан-Науаи, сұлтан Ахмад Ибн Тулун, тарихшы Ибн Тағри-Берди, сұлтан Рукн ад-Дин Аз-Захир Байбарыс әл-Бундуқдари, тарихшы Байбарыс ад-Дауадарәл-Мансури, сұлтан Сайф ад-Дин Қалауын, сұлтан Ан-Наср Мухаммад Ибн Қалауын және т.б. айтуға болады. Ислам тарихы мен өркениетіне атсалысқан түркі текті қайраткерлер мен тарихи тұлғалардың көптігі соншалықты, олардың тізімін шексіз жалғастыра беруге болар еді.

Жоғарыда келтірілген кішкентай мысалдың өзінен-ақ, Ислам дінінің күшті ықпалы нәтижесінде түркі халқының арасында араб ислам кісі аттарының кең тарағандығын оңай аңғаруға болады. Бұл құбылыс, тек түркі халықтарына ғана емес, жалпы мұсыцлмандар арасында кең тарағандығы соншалықты, кейбір халықтарда тіпті өздерінің исламға дейінгі төл кісі аттары қолданыстан шығып, ұмыт қалғандары да аз емес. Ата-анасы дүниеге келген жас нәрестеге араб-ислам атын пәк, яғни таза мұсылман болсын деген ниетпен қойса, ал діни және саяси тұрғысынан келгенде барлық мұсылмандардың, яғни бұкіл ислам әлемінің құрамына кіретін халықтардың ара-жігін одан да бетер жақындататын, оларды бір-бірімен тығыз байланыстыратын идеологиялық құрал қызметін атқарса керек.

Ислам дәуірінде кең тараған кісі аттары өз негізін араб тілі мен Ислам дінінен алады. Олардан түркі аттарын ажырату оңай болу мақсатында ең көп тараған араб аттарының біразына шолу жасап, оларды өз алдына бірнеше төмендегідей топтарға топтастырайық, олар:


  1. Құраннан алынған пайғамбарлар мен тарихи адамдардың аттары:

Ибрахим, Сара (әйел аты), Исхак, Исмаил, Иақуб, Муса, Иса, Йахйа.

2. Төл араб аттары: Мухаммад, Махмуд, Ахмад, Хамди, Хамада, Мустафа, Хамза, Али, Фуад, Хасан, Хусейн, Хусни, Мубарак, Муаммар, Хафиз, Омар, Осман, Амру, Асад, Фахд және т.б.

Әйел аттарынан: Хадиша, Фатима, Зайнаб, Айша, Уркия, Мариам, Амал, Жамила, Камила, Амина және т.б. атап өтуге болады.

3. Ислам дінінің әсерімен араб тілінің грамматикасының негізіне сәйкес жасалған аттар, оларды өз алдына бірнеше топқа бөлсе болады:

а) «Алла» сөзінің алдына басқа сөз қосу арқылы жасалған қосарланған аттар: Абд Алла (қазақша мағынасы «Алланың құлы»), Сайф Алла (қаз. «Алланың қылышы»), Наср Алла (қаз. «Алланың жеңісі»).

Ескерту араб тілінде бұл аттар Абдулла, Сайфулла және Насрулла болып айтылады.

ә) Алла тағаланың 99 сипатын білдіретін аттарының алдына «абд» яғни «құл» сөзінің қосылуы арқылы жасалған қосарланған аттар: Абд Ар-Рахман (қаз. «Мейірімді Алланың құлы»), Абд Ас-Самад (қаз. «Мықты, әрі Мәңгі Алланың құлы»), Абд әл-Хамид (қаз. «Мақтаулы Алланың құлы»), Абд әл-Маджид (қаз. «Мәңгі Алланың құлы»), Абд әл-Хаким (қаз. «Данышпан Алланың құлы»). Ескерту: Араб тілінде бұл аттар Абдурахман, Абдусамад, Абдулхамид, Абдулмаджид, Абдулхаким болып дыбысталады.

б) «Дин» сөзінің алдынан басқа сөз қосу арқылы жасалған қосарланған аттр: Рукн ад-Дин (қаз. «Діннің тірегі»), Сайф ад-Дин (қаз. «Діннің қылышы»), Наджм ад-Дин (қаз. «Діннің жұлдызы»), Баха ад-Дин (қаз. «Діннің әдемілігі») және т.б. Ескерту: Бұл аттар арабша дыбысталуында Рукниддин, Сайфуддин, Наджмиддин, Бахауддин болып айтылады.

4. Араб тілінде сөздің алдына «Әл» артиклінің қосылу арқылы белгілі халді білдіретін грамматикалық категорияның көмегімен жасалған аттар, оларды өз алдына бірнеше топқа бөлуге болады, а) Төл араб сөздерінің қосылуы: Аз-Захир (қаз. «Айқын»), Ас-Салих (қаз. «Дұрыс, жарамды»), Әл-Адил (қаз. «Әділ»)

б) Адамның туылған мекенін, шыққан тегін, немесе қожайынына, я болмаса кәсіптік тиесілігін, я болмаса т.б. қасиеттерін білдіруі, кейде ол араб тіліне кірме сөздерге де қосыла береді. Әл-Фараби (Отырар қаласын ортағасырларда арабтар Фараб деп атаған, әл-Фараби сонда туылғандықтан оған осы атауды берген); Әл-Бухари (Бухарада туылған); Қадырғали Қосын-ұлы әл-Жалайри (Жалайыр руының өкілі); Сұлтан Рукн ад-Дин Аз-Захир Байбарыс әл-Бундукдари – ең бірінші ұстазының кәсібіне сәйкес қойылған аты; Ас-Салихи және Ан-Наджми – сұлтан Ас-Салих Наджм Ад-Дин Айубтың қарамағындағы мамлүк жасақтарының қатарына қосылғаннан кейін қойылған аты; Ат-Түрки және әл-Қипшақи – теген біәлдіретін аты.

Сұлтан Сайф Ад-Дин Қалауын әл-Алфи (араб тілінде «алф» сөзі мың дегенді білдіреді, Әл-Алфи атауы оның құл базарында бір мың алтын динарға сатылды дегенді білдіретін лақабы).

5. Әке мағынасындағы «Әбу» сөзінің қосылуымен жасалған аттар: Әбу Наср Мухаммад әл-Фараби (қаз. Насрдың әкесі Мухаммад әл-Фараби);

6. «Ұлы», «баласы» мағынасындағы «Ибн» сөзінің қосылуы арқылы жасалған аттар:

Ортағасыр араб тарихшылары Ибн Фадлан, Ибн Батута, Ибн Тағри-Берди және т.б. Осымен ең негізгі араб-ислам аттарын қарастырып болып, ортағасырлардағы араб жазба деректерінде кездесетін түркі-қазақ адам аттарының біразына тоқталамыз.

Араб Ислам әлемінде, әсіресе Мысыр мен Таяу Шығыс аймағында ғасырлар бойына билік еткен түркілердің, атап айтсақ көшпелі түркі халқының өкілдерінің араб жазба деректерінде сақталған аттарын олардың тегін анықтаудағы ғылыми деректерге тоқталамыз [25, 25 б.].

Араб тілінің түркі тілінен фонетикалық және грамматикалық өзгешеліктеріне сәйкес түркі аттарын арабша дыбысталуында біраз ерекшеліктері бар. Біздің тақырыбымызға тікелей қатысы барбірнешеуін қарастырып өтейік, олар.

1. араб тілінде «ай» дыбыстық дифтонгі жіңішке дыбыстарға басым сөздерде «ей» немесе «эй» болып дыбысталады. Мысалы: байт (үй) – бейт; Зайнаб – Зейнаб; Хайр (жақсы, жақсылық) – хэйр; Осы себепті, арабша жазылуында – Байбарс, ал арабша айтылуында – Бейбарс. Бұл дифтонг араб тіліндегі жуан дифтонгілерден кейін қалай жазылса өзгеріссіз солай айтылады. Мысалы: жазылуында Тайбарс, айтылуында да Тайбарс.

2. Араб тілінде, егер сөздің құрамында созылыңқы дыбыс болмаса, екпін әрқашан бірінші буынға түседі. Ал түркі және қазақ тілінде екпін негізінен соңғы буынға түсуі заңдылық. Сондықтан да, әр тілдің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бір аттың түрлі айтылуы заңды құбылыс. Оған мысал: Сұлтан Байбарыстың аты бір жерде Бейбарс, басқа жерде Байбарс болып, әркім әртүрлі қолданып, бүгінгі қазақ зиялылары мен ғалымдарының өздері бірізгілікке келе алмай жүр. Қазақшасы – Шыңғыс-хан, орысшасы – Чингизхан, арабшасы – Джинкизхан болып, бір адамның аты әр тілде өзінің фонетикалық ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі айтылуы тұрғысынан келгенде, «арабтандырып», «еуропаландырып», «орыстандырып», жіберген төл қазақ аттарын қазақша айтуымызға қазақтың тілдік және ұлттық қырынан келуге міндеттіміз. Сондықтан да, дұрысы Байбарыс болады (салыстыру үшін – тарихымыздағы Жолбарыс Хан бабамыздың атын келтіруге болады). Араб жазба деректері түркі есімдерін көптеп сақтап қалған. Әсіресе, Мысыр мен Таяу Шығыс елдерінде XIII-XVI ғғ. аралығында билік құрған, тарихқа «мамлүк» деген атпен белгілі көшпелі түркі халықтары өкілдерінің түркі есімдері олардың тегін көрсететін дәлел бола алады. Олардың аттарын негізінен бірнеше топқа топтастырса болады. Олар:

1. «Тегін» сөзінің кісі атына жалғанып келуі, мысалы; Алып-Тегін, Күл-Тегін, Мүңке-Тегін, Беш-Тек және т.б.

2. «бек» сөзінің кісі атына жалғанып келуі, мысалы: сұлтан Изз Ад-Дин Айбек, әмір Күшбек, әмір Назбек, әмір Жәнібек, әмір Қайырбек, Ешбек және т.б.

3. «бай» сөзінің кісі атына алдынан немесе соңынан жалғанып келуі, мысалы: сұлтан Рукн Ад-Дин Аз-Захир Байбарыс, сұлтан әл-Музаффар Рукн Ад-Дин Байбарыс әл-Джашинкир, сұлтан әл-Ашраф Сайф Ад-Дин Барсбай, әмір Байбарыс Ад-Дауадар әл-Мансури, әмір Байбарыс Ад-Дауадар әл-Мансури, әмір Байбарыс әл-Хайати, сұлтан Аз-Захир Сайф Ад-Дин Балбай, сұлтан әл-Ашраф Сайф Ад-Дин Қайтбай, сұлтан әл-Адиль Сайф Ад-Дин Тұманбай, әмір Қонқабай, әмір Қаныбай, әмір Таныбай, әмір Толыбай және т.б.

3. «тай» сөзінің кісі атына жалғанып келуі, мысалы: әмір Фарс Ад-Дин Ақтай, әмір Моғолтай, әмір Тайбарыс, әмір Тайбұқа және т.б.

4. «бұқа» немесе «бұға» сөзінің кісі атына алдынан немесе соңынан жалғанып келуі, мысалы: сұлтан Аз-Захир Темірбұқа, әмір Құтбұқа, әмір Есенбұқа, әмір Ақбұқа (Ақбұға), Елбұқа (Елбұға) және т.б.

5. Ешқандай жалғауысз келетін кісі аттары: сұлтан Ас-Саид Наср Ад-Дин Берке хан Ибн Байбарыс (Алтын Орда ханы Берке ханның қызынан туған Байбарыстың ұлы);

сұлтан әл-Адил Бадр ад-Дин Сыламыш Ибн Байбарыс (екінші ұлы);

сұлтан әл-Мансур Сайф Ад-Дин Қалауын,

сұлтан әл-Мансур Хисам ад-Дин Лашын;

сұлтан аз-Захир Сайф ад-Дин Барқұқ,

сұлтан аз-Захир Сайф ад-Дин Шақмақ;

сұлтан әл-Ашраф Жанболат

6. «Темір» атының жеке және басқа сөздермен қосылып келуі: әмір тас-Темір, әмір Аз-Темір, әмір Темір-Тас. Ескерту. «Темір» және «Тас» сөздері көне түркі және араб деерктерінде «Демир» және «Таш» болып кездеседі. Бүгінгі күні Қайыр қаласының бір ауданы «Демирташ» деп аталады [25, 26 б.].

7. Бүгінгі қазақ тілінде мағынасы айқын аттар: әмір Сұңқар, әмір Ақсұңқар, әмір Қарасұңқар, әмір Санжар, әмірн Алмас, әмір Сырғатмыш, әмір Қашмас, әмір Қорқмас, әмір Қосын және т.б. Бұлардың ішінде Сұңқар, Санжар, Алмас сияқты аттар бүгінгі қазақтың арасында кеңінен тараған.

9. «Ай» сөзімен қосылып жасалған кісі аттары: сұлтан Айбек, әмір Айдоғды, әмір Айтегін және т.б.

Жоғарыдағы түркі аттарын топтастырудағы ескеретін бір қызық жәй – ол, қосарланған аттардағы сөздердің орын ауыстыра беруі. Мысалы: «бай» сзімен келген аттар: байбарыс, Барсбай; «бек» сөзімен келген аттар: Бектемір, Айбек; «тай» сөзімен келген аттар: Тайбарыс, Ақтай және т.б. Сол замандарда кеңінен қолданыста болған бұл түркі тіліндегі заңдылық қазіргі қазақ тілінің нормаларына толық сәйкес келдеді және де қазақ арасында «бай», «бек», «тай» сөздерімен бірге келетін аттар ең көп тарағандығына ешкім дау тудырмаса керек.

Сондай-ақ, жоғарыдағы мысалда келтірілген мамлүк сұлтандары мен әмірлерінің аттары тарихта аты қалған тұлғалардың арасынан теріліп алынған толық емес тізімі ғана. Сан мыңдаған мамлүк әмірлері мен жауынгерлерінің аттары тарихта қалмаған. Оның үстіне, көптеген мамлүк сұлтандары, әмірлері және жауынгерлерінің атында түркі аттары мүлдем сақталмағандары да көп. Сақтап қалғандарының өзінде, он шақты аттар мен лақабтардан құралған аттарында араб-ислам аттарының басымшылық етіп, бір ғана төл аты түрікше болып келеді. Мысалы: Рукн ад-Дин Аз-Захир Байбарыс әл-Бундуқдари Ас-Салихи Ан-Наджми Ат-Түрки.

Араб жазба деректеріндегі түркі мамлүктерінің аттары, біріншіден олардың шығу тегін және бүгінгі күнде қай халықтың өкілі екенін көрсететін дәлел болса, екіншіден – сол кездегі мамлүктердің арасында болған көптеген қалмақ, ойрат, моңғолдардың түркі текті мамлүктерден тектік айырмашылығының болмағанын айқын көрсететін дәлел бар, олар:

1. «тек өз тегін ғана қабылдау» принципін қатаң сақтаған түркі мамлүктерінің қатарында моңғол, қалмақ ойраттардың болуы;

2. Тегі бөтен араб және парсылармен ешқашан қыз алыспаған түркі мамлүктері қалмақ, ойрат, моңғолдармен кеңінен қыз алысқан;

3. Оладың арасында әдет-ғұрыптық, салт-тұрмыстық ортақтығының көптеген белгілерінің болуы, мысалы: көшпелі өмірде негізінен малшылық, аңшылық және жаугершілікпен айналысуы, жылқы сойып жеуі, бие байлап қымыз ішуі және т.б.;

4. мамлүктердің көбісі, тіпті сұлтандардың біразы араб елінде тұрғанына қарамастан, араб тілінде емес, өз тілдерінде қарым-қатынас жасағанын, яғни олардың тілдік ортақтығы болғанын көптеген араб деректері хабарлайды. Ал, ол қандай тіл болғанын жоғарыдағы мамлүктердің аттарынан көруге болады.

5. мамлүктер бірін-бірі «ағамның баласы» деп атаған, яғни бұл факті олардың бір атадан тараған туысқан екендігін аңғартады [25, 27 б.].

6. Шыңғыс-ханды Қазақ хандарының Қазақ ақ киізге салып көтеруі, оның тектік жағынан кімге жақын екендігін аңғартады. Сондай-ақ, ұлдарының аттарын Жошы, Шағатай, Үкітай, Төле деп түркі, әсіресе қазақ аттарына мағыналық және рухани жақын етіп қоюы тегін болмаса керек.

Бұдан шығатын қорытынды, бүгінгі Қазақстан, Орта Азия, Монғолия және Алтай жерлерінен табылып жатқан археологиялық материалдар көне түркі өркениетінің ескерткіштерінің жайылу географиясына қарап осы кең байтақ аймақтарды мекендеген халықтардың бір өркениетке жататындығын дәлелдей түседі.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қатты дамыған «Пантүркизм» ағымыгың концепциясында «Түркия мен Венгриядан» Тынық мұхитқа дейінгі аралықты алып жатқан аумақты түрік, татар, Еділ-Орал халықтарын біртұтас саяси, мәдени одақ тұлға етіп ұйымдастыруға талпыныс жасаған. Мұндай талпыныс кезінде «пантүркизм» («пантұранизм») деп атаған. Олар: түрік тілі, моңғол тілі, тұңғыс тілі, фин тілі, венгр-мажар тілі және басқа да кейбір тілдер (аталмыш Еділ-Орал тілі) – осы аталған тілдердің түп-төркіні бір деп есептейді» [25, 27 б.; 26].

«Мамлүк антропонимиясы ортағасырлардағы Мысыр мен Сириядағы мамлүк ортасының этнонимі жөнінде ғана құнды дернек емес, сонымен қатар Дешті-Қыпшақтың рулық, тайпалық құрылымы жөнінде қосымша мағлұматтар береді» [27, 141 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет