Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Электродинамика курсындағы қолданбалы материалдар


Электродинамика курсындағы қолданбалы материалдары оқыту



бет4/13
Дата02.01.2022
өлшемі0.67 Mb.
#454190
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
elektrodinamika-kursyndaғy-қoldanbaly-materialdar

Электродинамика курсындағы қолданбалы материалдары оқыту

Бүгінгі таңда қолданбалы білім берудің міндеті – оқушыларды қазіргі заманғы өндірістің басты түрлерінің ғылыми негіздерімен таныстыру, еңбек және өлшеу құралдарының көптеген түрлерімен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру, оқушылардың ғылыми – техникалық ойлау қабілетін, еңбексүйгіштігін дамыту болып табылады. Физика – көптеген техника салаларының теориялық негізі. Сондықтан мектептегі оқу пәні ретінде физика қолданбалы білім берудің міндеттерін іске асыруда маңызды роль атқарады.

Қолданбалы білім беруді жеке тұлғаны жан–жақты дамыту мен тәрбиелеудегі негізгі құраушы ретінде қарастыру керек. Оның өндіріс салаларының ғылыми принциптерімен таныстыруда, өндірістің ғылыммен байланысы жөнінде теориялық мағлұмат беруде, оқушыларды қарапайым еңбек құралдарымен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруда маңызы зор.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс – тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологияладың әдіс – тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады.

Электродинамиканың негізгі бөлімдері электростатика, тұрақты электр тогы, әр түрлі ортадағы электр тогының табиғаты тақырыптарында сабақтардың түрлері, жүргізу әдістері, қолданбалы материалдарды қамтитын білім мен біліктілікті дамытудың тәсілдері қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет