Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері орындаған: құқық қорғау органдары факультетінің



бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#123954
түріДиплом
1   2   3   4   5

ҚОРЫТЫНДЫ
Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің кейбір жақтары өзіміз көріп отырғанымыздай әлі күнге біз үшін жариялануға жатпайтын мемлекеттік құпия болып отыр. 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді ішінара реттейді және оның кемшіліктері жеткілікті деуге болады.

Сонымен, қолданыстағы Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру заңына сәйкес жедел-іздестіру әрекеттері дегеніміз жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өз құзыреті шегінде өздерінің алдына қойылған міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекеттері екен.

Оның жүргізілуі нысанына байланысты түрлері болып табылатын жария жедел-іздестіру әрекеттері дегеніміз ашық жүргізілетін, азаматтарға түсінікті және қоғамдық танысу үшін қол жеткізерліктей жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттер, ал жасырын жедел-іздестіру әрекеттері дегеніміз мүдделі тұлғаларға, объектілерге, оқиғалар мен мән-жайларға қатысты құпия, жасырын жүргізілетін және ол туралы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың, өзге органдардың лауазымды тұлғалардың тар шеңбері білетін жедел-іздестіру сипатындағы әрекеттер екен.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттері тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен жүргізіледі. Мұндай органдар болып ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау, қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі табылады. Бұл органдардың ішінде жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін кез-келген құрылымдық бөлімшелері жүргізе бермейді, керісінше тек жедел бөлімшелері жүргізеді екен.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін тек жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар өз құзыреті шегінде жүргізеді. Олардың құзыреті заңда қай жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қай жария немесе жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге құқылы екенін белгілеген. Жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін толық көлемде негізінен ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, қаржы полициясы органдары жүргізеді.

Сонымен бірге, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттерін шешуге бағытталады. Әр жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның алдында жалпыға ортақ міндеттерден басқа аралық міндеттер де бар. Жалпы ортақ міндеттер 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабында белгіленген.



Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекетері құпия ведомстволық нормативтік актілерге негізделген арнайы күштерді, құралдарды, нысандарды, әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жүргізіледі. Олар көбінесе жасырын жүзеге асырылады. Бұл арнайы күштер, құралдар, нысандар, әдістер мен тәсілдер мемлекеттік құпияны құрайды. Оларды қолдану жедел-іздестіру қызметі тәжірибесімен негізделген.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттері тек қана 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерде жүргізіледі.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттары сақталуы тиіс.

Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижелері нысаны ведомстволық нормативтік актілермен белгіленген құжаттармен құжаттандырылады. Олардың дәлелдемелік күші жоқ. Оның ішінде жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелері олардың жүргізілуі аяқталғаннан кейін жарияланбайды. Ал, жария жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелері олар жүргізілуі аяқталғаннан кейін жариялануы тиіс.

Сонымен бірге, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді құқықтық реттеудің де мәселелері бар екен. Олардың бірі – Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметінің сыртқы барлау қызметін қамтуында. Ресейде сыртқы барлау қызметі арнайы дербес заңмен реттеледі, жедел-іздестіру қызметі сыртқы барлау қызметінен бөлек қызмет болып табылады. Оның өзі бір уақытта жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың сыртқы барлау қызметін жүзеге асыруына әкеп соғып отыр. Солардың бірі болып табылатын ҚР ҰҚК сияқты органдардың мемлекеттік аппараты күшеюі кезінде оның саяси мақсаттарда өз азаматтарына қатысты қылмысты іс-әрекеттер жасау құралына айналуы мүмкін. Себебі сыртқы барлау қызметін жүзеге асыру ешқашанда ешбір мемлекетте жариялануға жатпайтын нормативтік актілерге сүйенеді. Сыртқы барлау қызметі мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамдарды өлтіруге, олардың денсаулығына зиян келтіруге, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге жол береді. Мысалы, А. Сәрсенбаевті өлтіруге ҚР ҰҚК-нің «Сұңқар» арнайы бөлімінің қызметкерлерінің қатысуын келтіруге болады. Мұның өзі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепіл бола алмайды.



Сондықтан жедел-іздестіру қызметінен заң дәрежесінде сыртқы барлау қызметін бөліп шығару қажет және оны реттейтін «Сыртқы барлау қызметі туралы» арнайы заң шығару қажет. Сонда ғана Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына толық кепіл болады.

Тағы бір мәселе – заңмен қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен пошта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйді қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын жасырын (арнайы) жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің шекті мерзімдерінің заңмен белгіленбеуінде. Әрине, ондай мерзімдер құпия ведомстволық нормативтік актілермен белгіленуі мүмкін, бірақ олар заңмен қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен пошта жөнелтілімдері құпиясы, сондай-ақ тұрғын үйді қол сұғудан қорғау құқығы бұзылған азаматтар үшін ол жабық, қол жетерліктей емес. Байқау, тұрғын жайларды, ғимараттарды, жер учаскелерін және көлік құралдарына кіру және тексеру; пошта жөнелтілімдерін бақылау; телефонмен және өзге де сөйлесулерді тыңдау; байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау сияқты жасырын жедел-іздестіру әрекеттері азаматтардың жеке өміріне тиіспеушілік, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен пошта жөнелтілімдері құпиясы, тұрғын үйді қол сұғудан қорғау конституциялық құқықтарын шектеуге әкеліп соғатыны белгілі. Осының өзі мұндай әрекеттерді жүргізудің мерзімдерін шектемеу жоғарыда аталған азаматтардың конституциялық құқықтарының шектелуінің жүйелі түрге айналуына әкеп соғуда. Мысалы, 1995 жылғы 12 тамыздағы №144-ФЗ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Ресей Федерациясының Федералдық Заңымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын жедел-іздестіру әрекеттері 6 айға дейін жүргізілуі мүмкін. Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарының жүйелі түрде бұзылмауының кепілі. Сондықтан, азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің шекті мерзімдерін жедел-іздестіру заңында белгілеу керек.

Қазақстандық жедел-іздестіру заңнамасының тағы бір кемшілігі – заңда жекелеген жедел-іздестіру әрекеттеріне анықтама берілмегендіктен, аталған жедел-іздестіру әрекеттерін әр қалай түсінуге әкеп соғып отыр. Мысалыға, Беларусь Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңында жедел-іздестіру әрекеттерінің әрқайсысына анықтама берілген. Бұл жедел-іздестіру әрекеттерін әр қалай түсіндіруді туғызбайды. Сондықтан, қазақстандық жедел-іздестіру заңында тізімі заңмен бекітілген жедел-іздестіру әрекеттеріне анықтама беру арқылы әр қалай түсінушілік мәселесін жоямыз.

Сонымен, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу ерекшеліктері осындай.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Нормативтік-құқықтық актілер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  2. 1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;

  3. 1994 жылғы 15 қыркүйектегі №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  4. Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясы. – Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қыркүйек 2002 жылы қабылданған №949 Жарлығымен // Ресми газет №40 (93), 5.10. 2002 ж.

  5. Закон Российской Федерации «Об оперативно-розыскной деятельности» от 12 августа 1995 года №144-ФЗ;

  6. 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2710 «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  7. 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2710 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  8. 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2709 «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  9. 1996 жылғы 1 сәуірде №2922 Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы Ереже»;

  10. 2005 жылғы 7 қаңтардағы №29-ІІІ «Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  11. 2002 жылғы 4 шілдедегі №336-ІІ «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  12. 2005 жылғы 21 сәуірдегі №1557 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) туралы Ереже»;

  13. 1995 жылғы 3 қазандағы №2483 «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  14. 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  15. 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  16. 1998 жылғы 26 маусымдағы №233-І «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  17. 1999 жылғы 15 наурыздағы №349-I «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  18. Федеральный Закон Российской Федерации «О внешней разведке» от 10 января 1996 года №5-ФЗ;

  19. Федеральный Закон Российской Федерации «Об оперативно-розыскной деятельности» от 12 августа 1995 года №144-ФЗ;

  20. Закон Республики Белорусии «Об оперативно-розыскной деятельности» от 9 июля 1999 года №289-З.



Арнайы әдебиеттер мен мақалалар:


  1. В. Плетнев. Оперативно-розыскная деятельность. Курс лекции. Алматы, 2001г.;

  2. А.Я. Гинзбург, В.И. Григорьев, С.Ю. Алексеевский. Жедел-іздестіру қызметінің негіздері. Оқу- тәжірибелік құрал. Алматы, 2004 ж.;

  3. Под общей редакцией К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная деятельность. Учебник. Москва, 2004 г.;

  4. С.Ж. Галиев, О.Е. Сапарин. Комментарий к Закону РК «Об оперативно-розыскной деятельности». Алматы, 1998 г.

  5. В.Г. Бобров. Понятие оперативно-розыскного мероприятия. Лекция. Москва, 2003 г.;

  6. А.Ю. Шумилов. Основы уголовно-розыскного права. Учебное пособие. Москва, 2000 г.;

  7. С.С. Овчинский. Оперативно-розыскная информация. Москва, 2000 г.;

  8. И.Н. Якимов. Криминалистика. Уголовная тактика. – новое изд., перепеч. с изд. 1929 г. – Москва, 2002г.;

  9. И.Н. Якимов. Криминалистика: Руководство по уголоной технике и тактике. – новое изд., перепеч. с изд. 1925 г. – Москва, 2002 г.;

  10. Г.У. Дауленбаева. Право лица на ознакомление с информацией, затрагивающей его права и законные интересы: уголовно- процессуальные аспекты. Дисс. на соиск. учен. степени к.ю.н./ Алматы, 2006 г.;

  11. В.М. Мешков, В.Л. Попов. Оперативно-розыскная тактика и особенности легализации полученной информаций в ходе предварительного следствия. Москва, 1999 г.;

  12. Ю.В. Чуфаровский. Психология в оперативно-розыскной деятельности. Установление и развитие контактов с субъектами заинтересованности. Москва; 1996 г.;

  13. А.Н. Джумабеков. Теоретико-познавательные аспекты оперативно-розыскной деятельности. Алматы, 2001 г.;

  14. С.Д. Логунов. Комплексный подход в правовом регулировании мер борьбы с организованной преступностью. Ярославль., 1995 г.;

  15. В.М. Атжамитов, В.Г. Бобров. Оперативно-розыскные мероприятия: Актуальные вопросы теории и практики//Государство и право, 2005 г., №3.

  16. А.С. Байкенжеев. Обеспечение прав человека в Республике Казахстан: проблемы теории и практики.// Вестник Казахской Академии Труда и Социальных отношений, 2002 г., №1(4)


Құқық қолданушылық тәжірибенің актілері:
База судебных решений. Справочная система «Юрист». Алматы, 2004 г.
Электрондық бұқаралық ақпарат құралдары мен бағдарламалардағы материалдар:


  1. http//traccc.jurfak.spb.ru. В.Молокоедов. Законодательное и организационное обеспечение расследования и судебного разбирательства по уголовным делам, связанными с организованной преступной деятельностью. Великий Новгород, 11.02.2006.




1 В. Плетнев. Оперативно-розыскная деятельность. Курс лекции. Алматы, 2001г., 55-56 беттер.

2 А.Я. Гинзбург, В.И. Григорьев, С.Ю. Алексеевский. Жедел-іздестіру қызметінің негіздері. Оқу- тәжірибелік құрал. Алматы, 2004 ж., 44-45 беттер.

3 Под общей редакцией К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная деятельность. Учебник. Москва, 2004 г., 297 бет.

4 Под общей редакцией К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная деятельность. Учебник. Москва, 2004 г., 297-301 беттер.

5 http // traccc.jurfak.spb.ru. В. Молокоедов. Законодательное и организационное обеспечение расследования и судебного разбирательства по уголовным делам, связанными с организованной преступной деятельностью.

6 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабы.

7 Закон Российской Федерации «Об оперативно-розыскной деятельности» от 12 августа 1995 года №144-ФЗ.

8 Под общей редакцией К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная деятельность. Учебник. Москва, 2004 г., 141-бет.


9 Под общей редакцией К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная деятельность. Учебник. Москва, 2004 г., 143-бет.

10 В. Плетнев. Оперативно-розыскная деятельность. Курс лекции. Алматы, 2001г., 39-40 беттер.

11 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2922 «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы; 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 2 тармағы.

12 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2710 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабы; 1996 жылғы 1 сәуірде №2922 Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы Ереженің» 4 тармағы; 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 2 тармағы.


13 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29-ІІІ «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабының 2 тармағы; 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 2 тармағы.

14 2002 жылғы 4 шілдедегі №336-ІІ «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабының 1 тармағы; 2005 жылғы 21 сәуірдегі №1557 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) органдары туралы Ереженің 11 тармағының 3 тармақшасы; 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 2 тармағы.

15 1995 жылғы 3 қазандағы №2483 «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы; 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 2 тармағы.


16 2002 жылғы 18 наурыздағы №304-ІІ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабы; 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 2 тармағы.


17 В. Плетнев. Оперативно-розыскная деятельность. Курс лекции. Алматы, 2001г., 63-бет.

18 Под общей редакцией К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная деятельность. Учебник. Москва, 2004 г., 298-бет.

19 В.Г. Бобров. Понятие оперативно-розыскного мероприятия. Основания и условия проведения оперативно-розыскного мероприятия. Лекция. Москва, 2003 г., 23-24 беттер.

20 Под общей редакцией К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная деятельность. Учебник. Москва, 2004 г., 302-бет.


21 В. Плетнев. Оперативно-розыскная деятельность. Курс лекции. Алматы, 2001г., 106-бет.

22 В. Плетнев. Оперативно-розыскная деятельность. Курс лекции. Алматы, 2001г., 108-109 беттер.


23 Под общей редакцией К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная деятельность. Учебник. Москва, 2004 г., 327-бет.


24 Под общей редакцией К.К. Горяинова, В.С. Овчинского, Г.К. Синилова, А.Ю. Шумилова. Оперативно-розыскная деятельность. Учебник. Москва, 2004 г., 329-бет.

25 И.Н. Якимов. Криминалистика. Уголовная тактика. Москва, 1929 г., 29-бет.

26 http//traccc.jurfak.spb.ru. В. Молокоедов. Законодательное и организационное обеспечение расследования и судебного разбирательства по уголовным делам, связанными с организованной преступной деятельностью.

27 А.С. Байкенжеев. Обеспечение прав человека в Республике Казахстан: проблемы теории и практики.// Вестник Казахской Академии Труда и Социальных отношений, 2002 г., №1(4) – 52 бет.

28 С.Ж. Галиев, О.Е. Сапарин. Комментарий к Закону РК «Об оперативно-розыскной деятельности». Алматы, 1998 г.

29 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 1 тармағы.

30 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2709 «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34 бабы.

31 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2709 «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34 бабы.

32 С.Ж. Галиев, О.Е. Сапарин. Комментарий к Закону РК «Об оперативно-розыскной деятельности». Алматы, 1998 г.

33 Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясы. – Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қыркүйек 2002 жылы қабылданған №949 Жарлығымен // Ресми газет №40 (93), 5.10. 2002 ж.

34 Г.У. Дауленбаева. Право лица на ознакомление с информацией, затрагивающей его права и законные интересы: уголовно- процессуальные аспекты. Дисс. на соиск. учен. степени к.ю.н./ Алматы, 2006 г.; 98-бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет