Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Жаңақорған ауданы тұрғындарының вакцинопрофилактикаға деген көзқарасын анықтау»


Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы



бет5/21
Дата12.02.2024
өлшемі0.66 Mb.
#491661
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
П.Ә Дұрыс Алмасқызы шыгаратн

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:
Алынған мәліметтер негізінде скринингтік бағдарламаның тиімділігін бағалау жүргізілді. Тұрғындардан өткізіліп жатқан скрининг бағдарламасы туралы ақпараттандырылуы, сондай-ақ вакцинопрофилактикалық бағдарламалардың қажеттілігі мен жетілдірілуіне қатысты олардың пікірі зерттелді.Тұрғындар арасында вакцинопрофилактика туралы ақпараттандыру керек екендігі анықталды.
Вакцинопрофилактика тиімділігін одан жоғары деңгейде арттыру үшін, уақытылы екпе салу және қауіп факторларын төмендету қажеттілігі туралы уақытылы және толық ақпарат, халықтың денсаулығына бірлескен жауапкершілігі, қызметкерлердің моральдық және қаржылық мотивациясы, тұрғындардың жауапкершілігі , арнайы іс-шараларды ұтымды ұйымдастыру, өткізуге сай арнайы бөлмелер мен тиісті жабдықтардың болуы, тұрғындардың арнайы білім деңгейі қажет.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Зерттеу жұмысы 51 компьютерлік мәтін бетінен тұрады, 15 диаграммалар және 15 кесте суреттелген және Қосымшалар №1,№2,№3. Дипломдық жұмыс кіріспе, әдебиеттерді шолу, зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеудің нәтижелері, қорытынды, практикалық ұсыныстар, пайдаланылған ақпараттар тізімі 35 әдебиеттен,оның ішінде 15 шетелдік әдебиет,10 отандық әдебиет, 10 интернет көзі және қосымшалардан тұрады.
Диплом жұмысының ішінде кейбір кемшіліктер кездеседі.Оған жататындар:грамматикалық қателіктер,стилистикалық кемшіліктер.Бірақ бұл кемшіліктер диплом жұмысының маңыздылығын төмендетпейді және жоюға келеді.
Сондықтан,бұл жазылған диплом жұмысын қорғауға жіберуге ұсынылады.


1 Тарау. Вакцинопрофилактика ұғымы бойынша теориялық талдау.
1.1 Вакцина және вакцинопрофилактика туралы түсінік және олардың жіктелуі.
Вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.
Вакци­налау – адам инфекция қоз­дыр­ғыштарымен байланысқа түс­кенге дейін аурудан қорғанудың қара­пайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакциналау ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін қолдана отырып, көптеген жұқпалы ауруларға төзім­ділікті арттырады және иммун­дық жүйеңізді күшейтеді. Аурулар сияқты вакциналар да иммундық жүйені арнайы антиденелер жасауға үйретеді. Алайда вакцинада тек ауру қоздырғыштарының – ауру тудырмайтын және онымен асқыну қаупін тудырмайтын қоздыр­ғыш­тарының өлтірілген немесе әлсі­ре­ген түрі ғана бар. Вакциналардың көбісі инемен егіледі, дегенмен ауызға салынатын және мұрын аэрозольдері де бар. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2-3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жыл бойы сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет