Плазмид вакциналары -жасуша ішіне, жасушаның ядросына еніп, жасушаларды қайталайды, нәтижесінде матрикстік РНҚ пайда болады. Олар кейін цитоплазмаға өтіп, антигендік ақуыздарды өндіреді. Ақуыздық антигендер қорытылып жасуша бетіне ақуыздармен бірге иммуногендік түрде бөлінеді. Плазмидтердің бір бөлігі макрофагтарға түсіп, қорытылады және МНС 2 тобының ақуыздарымен иммундық комплекс түзіледі. Молекулярлық клондау жолымен алынған вакциналар. Соңғы кездері жоғары иммуногенді және патогендігі жоқ, жоғары қорғаныс әс ері бар тірі вакциналар алынуда. Осмовакцина вирусы және ДНҚ дан тұратын вакциналар көптеген бөгде гендерді клондау үшін негізгі вектор болып табылады, ал бұл гендермен алынған ақуыздар зақымдалған жасушаларда өндіріледі.
Антиидиопатиялық вакциналар. Соңғы кездері кезкелген түрдегі табиғи вирустық материлды қолдану вакциналардың нуклеотидті тізбектермен зақымдану қауіптілігіне байланысты тиімсіз.
Вакцинопрофилактика жауапкершілігі өте жоғары процесс болғандықтан,оған қойылатын талаптарды да қатаң түрде сақтау әрбір медицина қызметкеріне міндеттеледі.
Вакциналарға келесі талаптар қойылады:
Иммуногенділік – вакцина тұрақты өзіндік иммунитеттің қалыптасуын ынталандыруы тиіс.
Иммунитеттің ұзақтығы – ауруға қарсы тұру сақталатын уақыт.
Ареактогендік – ең төменгі сезімталдық тудыру (аллергиялық реакциялардың пайда болуына әкелетін) әсер.
Тұрақтылық – вакцинаны тасымалдау, сақтау және қолдану кезінде иммуногендік қасиеттерді сақтау.
Ассоциациялану – бір вакцинаның құрамында бірнеше антигендерді құрамдастыру және қолдану мүмкіндігі
Стандартталу – оңай дозаланып, халықаралық стандарттарға сай келуі керек.
Экономикалық тиімділік – вакцина өндірісі құнының төмендігі, жабдықтар мен қолдануға қойылатын минималды талаптар.
Қазақстан Республикасында екпелер күнтізбесі бар, оған сәйкес әрбір адам жоспарлы профилактикалық екпелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен белгіленген мерзімде алуға не оларды жеке кесте бойынша алуға құқылы.
№612 қаулыда жоспарлы иммундау жүргізілетін аурулардың тізбесі регламенттелген, олардың барлығы – 11, оларға: вирустық «В» гепатиті, b типті гемофильді инфекция, дифтерия, көкжөтел, қызамық қызылшасы, пневмококкты инфекция, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, эпидемиялық паротит жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |