Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Жаңақорған ауданы тұрғындарының вакцинопрофилактикаға деген көзқарасын анықтау»


Вакцинацияның әсер етуі және вакцинациядан кейінгі адам ағзасында болатын өзгерістер



бет9/21
Дата12.02.2024
өлшемі0.66 Mb.
#491661
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
П.Ә Дұрыс Алмасқызы шыгаратн

1.2 Вакцинацияның әсер етуі және вакцинациядан кейінгі адам ағзасында болатын өзгерістер.
Вакцина қалай әсер етеді?
Вакциналар қоздырғышқа иммунитетті қалыптастыру үшін табиғи қорғаныс механизмін іске қосу арқылы ауру қаупін азайтады. Вакциналау ағзаның иммундық реакциясын тудырады, яғни антиденелер шығара бастайды.
Антидене – бұл ағзаның иммундық жүйесі аурумен күресу үшін табиғи жолмен түзілетін ақуыздар. Олар болашақта аурумен күресу үшін қоздырғышты есте сақтайды. Егер сол қоздырғыш ағзаға қайта енсе, иммундық жүйе аурудың дамуына жол бермей, оның көзін жояды. Адам бойындағы иммундық жүйенің есте сақтау қасиеті жақсы дамыған. Бір немесе бірнеше вакцина алғаннан кейін, белгілі бір аурудан ондаған жыл бойы, тіпті өмір бойына қорғаныш аламыз. Сондықтан вакцинаны тиімді етеді. Вакцина біздің ауырып қалуымызға жол бермейді. Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы шешек) жойылды. Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына 500 млн адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 млн-дайы егілмегендер екені анықталып отыр. Сондықтан әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресте егудің маңызы зор екеніне еш күмән келтірілмейді.
Вакцинадан кейінгі реакция – иммунитеттің қалыптасу үдерісін көрсететін, бөгде антигенге адамның иммундық жүйесінің қалыпты жауабы.
Вакцинадан кейінгі реакция вакцинаға байланысты:
Жалпы түрде: дене қызуының көтерілуі, ауырсыну, дененің бөртуі, қабыну және т.б.Жергілікті түрде: қызару, ісіну, иненің орнының қатаюы (инфильтрат),аллергиялық реакция және т.б. болуы мүмкін.
Вакцинадан кейінгі асқыну – патологиялық үдеріс түрінде көрінетін вакциналық реакция.
Әртүрлі вакциналарға егуден кейінгі реакциялар.
Егуден кейінгі (поствакциналық) реакциялар -бұл вакцинаға организмің қалыпты реакциялары және олар салдар қалдырмайды. Вакцинадан кейінгі реакция ұзаққа созылмайды (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін). Тірі емес вакцина енгізілгеннен кейін 3 күнге дейін, ал тірі вакцина қолданғанда орташа 3-5 күнге созылады. Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында (жергілікті поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін немесе жалпы ағзалық (жалпы поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін. Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында қызарумен, тығыздалумен, ауырсынумен көрінуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет