Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Жүкті әйелдердегі темір тапшылығы анемиясының алдын алудағы мейірбикенің рөлі»



бет3/35
Дата17.07.2024
өлшемі401.44 Kb.
#502977
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
новый диплом бота (копия)

1. Жүкті әйелдердің ТТА алдын алу.

Барлық жүкті әйелдер 8 апталық жүктілікте келесі топтарға бөлінеді:


0 (нөлдік) – жүктілігі қалыпты өтіп жатқан әйелдер. Оларға жүктіліктің 31-ші аптасынан 8 аптаға 30-40 мг ЭТ бар темір препараты беріледі. Ол үшін ферроплексті 1 түймеден күніне 3-4 рет тағайындайды.


1-ші топ – қан талдауы қалыпты, бірақ анемия пайда болу қаупі бар жүкті әйелдер.
• жүктілікке дейін көп, ұзақ жүретін етеккірі болған;
• қан жоғалту немесе темір сіңірілуінің бұзылыстары бар асқазан-ішек жолының дерттері (эрозивті гастрит, асқазан мен 12 елі ішектің ойық-жара ауруы, созылмалы энтерит және т.б.);
• жиі босану (аралары 2 жылдан аз, ең кемінде үш рет босану);
• тағаммен темірдің жеткіліксіз түсуі;
• инфекция-қабыну ошақтарының болуы;
• жүктіліктің ерте токсикозында жиі құсу.

Алдын алу шараларын 12-13-ші аптадан 15-ші аптаға дейін, содан соң 21-шіден 25-шіге дейін, 31-32-шіден 37 аптаға дейінгі аралықта 30-40 мг ЭТ беріледі.




2-ші топ – 20-шы аптадан кейін анемия пайда болған әйелдер.
Жүкті әйелді (әртүрлі этиологиялық қан кетулерді жоққа шығару үшін) мұқият зерттеу қажет, содан кейін ТТА емі сияқты емдейді. Егер анасының ТТА емделмесе, онда темір тапшылығы ұрпаққа өтуі мүмкін, сондықтан міндетті түрде жүкті әйел емделу керек.


3-ші топ – ТТА бар әйелдің жүкті болуы
Анемияның генезі анықталған соң, ТТА толық емі жасалғаннан кейін темір қорын толықтыру қажет (8 аптадан 2 курс). Темір дәрісіне антиоксиданттарды (Е витамині, аевит, С витамині, поливитаминдер жинағы, кальций препараттары) қосу керек.
Ұзақ және көп етеккірі бар әйелдердің ТТА алдын алу шаралары.
6 апталық алдын алу емінің 2 курсы (күніне 30-40 мг ЭТ) немесе етек- кірінен кейін 7-10 күннен әр ай сайын бір жыл бойы қолданады.


Екіншілік алдын алу
Екіншілік алдын алу бұрын ТТА болып, емделген және ТТА қайталау қаупі бар (көп жүретін етеккірі, жатыр фибромиомасы және т.б.) адамдарда жүргізіледі.
Бұл науқастарға ТТА емін қабылдағаннан кейін алдын алу курстарын 6 апта бойы (тәулігіне 40 мг ЭТ) жүргізілгеннен соң, жылына 6 апталық курсты 2 рет қайталауды, немесе әрбір етеккірінен кейін 7-10 күн темір дәрілерін қолдануды ұсыну қажет. Міндетті түрде бұл науқастар күніне 100 г ет жеуі керек.


Жіктемесі: ДДҰ / ЮНИСЕФ ,1997
Темір тапшылықты қан аздық:
· І дəрежелі (гемолобин 110-90 г/л)
· ІІ дəрежелі (гемолобин 90-70 г/л)
· ІІІ дəрежелі (гемолобин 70 г/л төмен)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет