Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Жүкті әйелдердегі темір тапшылығы анемиясының алдын алудағы мейірбикенің рөлі»


Негізгі диагностикалық шаралар тізімі



бет5/35
Дата17.07.2024
өлшемі401.44 Kb.
#502977
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
новый диплом бота (копия)

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (анализі 6 параметрде)
2. Гемоглобин деңгейі 110-90 г/л төмен болса, гематологтың консультациясы қажет;
3. Анемия əйгіленгенде, емдеу тиімділігін бағалау мақсатында гемоглобин жəне гематокрит деңгейін айына 1 рет бақылап отыру қажет;
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
Жүктілік езінде анемия, ашық қан кету, көп нəрестелі жүктілік болса, босанғаннан кейін ТТА-ға скрининг қажет.


Лабораторлық зерттеулер:
· Эритроциттер саны.
· Ретикулоциттер саны.
· Гемоглобин.
· Гематокрит.
· Эритроциттердің орташа көлемі (MCV).
· Көлем бойынша эритроциттердің таралу ені (RDW).
· Эритроциттердегі гемоглобиннің орташа құрам (MCH).
· Эритроцитердегі гемоглобиннің орташа концентрациясы (MCHC).
· Лейкоциттер саны.
· Тромбоциттер саны.
· Ферритин, қан сарысуының темірі, темірбайланыстырушылық қабілеттілікті анықтау.
· Сүйек кемігін зерттеу.
· Гельминттер жұмыртқасына нəжіс.
· Креатинин.


Дифференциалды диагноз:
Теміртапшылықты анемия гемоглобин синтезінің бұзылуларын туындатқан өзге гипохромды анемиялармен жүргізеді. Оларға порфириндер синтезі бұзылыстарына байланысты анемиялар жатады (қорғасындық улану кезіндегі анемия, туабіткен порфириндер синтезі бұзылыстары кезінде), сонымен қатар талассемия. Гипохромдық анемиялардың теміртапшылықты анемиялардан айырмашылығы, гемнің түзілуі үшін пайдаланылмайтын қан жəне деподағы темірдің жоғары құрамымен жүреді (сидероахрезия), бұл аурулар кезінде темірдің тіндік тапшылығы белгілері болмайды.
Порфириндер синтезі бұзылуымен шартталған анемияның дифференциалды белгісі болып, эритроциттердің, ретикулоциттердің базофильді пунктациясы, сидеробласттардың көптеген санымен сүйек кемігіндегі эритропоэздің күшеюімен гипохромды анемия табылады. Талассемия үшін эритроциттердің нысана тəрізді формасы жəне базофильді пунктациясы, ретикулоцитоз жəне гемолиздің жоғары белгілерінің болуы тəн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет