Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Жүкті әйелдердегі темір тапшылығы анемиясының алдын алудағы мейірбикенің рөлі»



бет4/35
Дата17.07.2024
өлшемі401.44 Kb.
#502977
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
новый диплом бота (копия)

Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Қан аздық сырқатының таралуына қолайлы аймақ;
2. Жүктілікке дейін етеккірі өте мол əрі ұзақ келген қаралушылар;
3. Бірінен кейін бірі болатын (үздіксіз) жүктілік;
4. Көп ұрықты (бірнеше нəрестелі) жүктілік;
5. Ұзақ емізу;
6. Қоректенудің жетіспеушілігі;
7. Асқазан-ішек жолдары ағзаларының ауыруына, гельминттерге байланысты ішекте сіңірілудің бұзылуы;
8. Асқазан-ішектен қан кету;
9. Басқа елдерден келгендерде безгек пен гемоглобинопатия салдарынан болған гемолиз;
10. Босану кезінде ашық қан кетуі.


Диагностика критерилері:


1. Қандағы гемолобин деңгейі 110г/л төмен, эритроцит жинақталуы 3,5млн/мл аз, ЦПК 0,8-0,85-тен аз, гематокрит 30-33%-дан төмен; сарысулық темір, ферритин.
2. Анемияның клиникалық симптомдары.

Шағымдар мен анамнез астеновегетативті синдром: əлсіздік, бас айналу, талмалар, жүрек қағуы, ентікпе, бұлшықеттік əлсіздік; сидеропениялық синдром: тері құрғақтығы жəне атрофиялылығы, тырнақ жəне шаштың сынғыштығы, шаштың түсуі, дəм сезудің өзгеруі, тамақпен бірге бор, тіс пастасын, балшық, шикі талқан, жикі кофе, күнбағыстың тазаланбаған дəнін жеуге əуестену, иіс сезудің өзгеруі, бензин, ацетон, əк иісіне құмарлық.


Неврологиялық бұзылыстар: бас ауыру, парастезиялар, қатты тағамды жұта алмау, зəрді ұстай алмау.

Физикалық тексеру: тері жəне сілемейлі қабат құрғақтығы, терінің құрғақтығы жəне сызаты, ангулярлы стоматит, ауыз бұрыштарындағы сызаттар, тырнақтар қалыңдайды жəне дөңестенеді, тілдің қызаруы, тіл емізігінің атрофиясы.




Инструменталдық зерттеулер:
АІЖ ағзалары жəне көкірек клеткасын рентгенологиялық зерттеу, ЭФГДС, ФКС, ректороманоскопия, құрсақ қуысын, бүйректі, қалқанша безді УДЗ.


Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
гастроэнтеролог – АІЖ ағзаларынан қан кету;
стоматолог – қызыл иектен қан кету,
ЛОР – мұрыннан қан кету,
Онколог - қан кету себебі болатын қатерлі зақымданулар,
нефролог – бүйрек ауруларын алып тастау,
фтизиатр – туберкулез фонында қан кету,
пульмонолог – бронх - өкпелік жүйе аурулары фонында қан жоғалту, гинеколог- жыныс ағзаларынан қан кету,
гиперполименорея, жиі жүктілік,
эндокринолог – қалқанша без функциясының төмендеуі,
диабеттік нефропатия болса,
проктолог – ректальді қан кетулер,
инфекционист – гельминтоз белгілері болса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет