Дипломдық жұмыс тақырыбы құрылыс алаңындағы топографиялық түсірістерді өңдеудегі геодезиялық жұмыстарға арналған


 Сурет-AutoCad бағдарламасындағы рисование және



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата19.03.2024
өлшемі2.78 Mb.
#496048
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тогысова Ақмарал

16 Сурет-AutoCad бағдарламасындағы рисование және
адоптация командасы 
Содан соң бағдарлама айналы көшірмесін жасау керек объектіні белгілеуге 
ұсынады. Тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы объектіні белгілейміз. 
Белгілеуді «Enter» пернесін басу арқылы аяқтаймыз. Әрі қарай бағдарлама 
симметрия өсінің бірінші және екінші нүктесін көрсетуді ұсынады. Бастапқы 
объектіні жою керек пе деген сұраққа жоқ деп жауап бересіз, «Enter» пернесін 
басқаннан кейін, бағдарлама команданы аяқтайды, графикалық алаңда 
бастапқы объектінің айналы көшірмесі пайда болады. Массив командасы тік 
бұрышты, дөңгелек немесе траектория бойынша массивтер жасауға мүмкіндік 
береді. Массив командасын құлама мәзірдің Редактирование бөлімінен немесе 
құралдар тақтасында пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Егер тік 
бұрышты массив жасау керек болса, массивтің «Проямоугольный массив» түрін 
таңдаймыз. Әрі қарай көбейтілетін объектіні таңдаймыз. Ол үшін «Выберите 
объекты» командасы анықталған соң, графикалық алаңда объектіні 
белгілейміз. Объектілерді таңдағаннан кейін, «Enter» батырмасын басып
қатарлар мен бағандардың сандарын, қатарлар арасындағы қашықтықты, 


32 
бағандар арасындағы қашықтықты енгіземіз. Дайын массивке өзгерістер де 
енгізуге болады. Ол үшін, тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, 
контексттік мәзір командаларын ашамыз. Командалар тізімінде «Быстрые 
свойства» элементін таңдап, суретте көрсетілген параметрлерді өзгерте аламыз.
Объектілердің орнын ауыстыру «Переместить» командасының көмегімен 
жүзеге 
асырылады. 
«Переместить» 
командасын 
құлама 
мәзірдің 
Редактирование бөлімінен немесе құралдар тақтасындағы пиктограммасын 
басу арқылы шақыруға болады. Объектілерді бұру «Повернуть» командасының 
көмегімен жүзеге асырылады. «Повернуть» командасын Редактирование 
құлама мәзірінен немесе құралдар тақтасында пиктграммасын басу арқылы 
шақыруға болады. AutoCad жүйесінде объектілерді бір шекара сызығына дейін 
ұзартуға болады. Ол «Удлинить» командасының көмегімен жүзеге асырылады. 
Ұзартуға келетін объектілер: кесінділер, доғалар, полисызықтар. «Удлинить» 
командасын Редактирование құлама мәзірінен немесе құралдар тақтасындағы
пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. «Обрезать» командасы 
берілген сызық бойынша объектінің бөлігін кесіп тастауға мүмкіндік береді. 
«Обрезать» командасы құлама мәзірдің Редактирование бөлімінен немесе 
құралдар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.
AutoCad жүйесінде салынған объектілерді «Свойства» терезесінде де 
редакциялауға болады. «Свойства» терзезесін ашу үшін, кез келеген объектіні 
белгілеп, тышқанның оң жақ батырмасын шерту. Нәтижесінде экранда келесі 
терезе ашылады. «Свойства» диалогтық терезені келесі жолдармен шақыруға 
болады: «Стандартная» құралдар тақтасында пиктограммасы арқылы; 
Редактировать құлама мәзірі – Свойства пункті; Контекссттік мәзір арқылы; 
Объектілердің ішінде көбісінің қасиеттері терезесінен тышқанның сол 
батырмасымен объектіні екі рет шертіп қалып, шақыруға болады; 
Пернетақтадан командалық жолда ОКНОСВ командасын енгізу арқылы. 
Диалогтық терезедегі параметрлерді шақыру батырмаларының көмегімен жаңа 
параметрлерді қосымша диалогтық терезелерден таңдау арқылы енгізуге 
болады. Диалогтық терезеде сұр түспен берілген қасиеттер өзгертуге келмейді 
және тек көрсету үшін ғана арнлаған. Диалогтық терезеде қасиеттер тізімі 
белгіленген объектіге немесе объектілер тобына байланысты. Егер бірде-бір 
объект таңдалмаса, терезеде объект қасиеттерінің ағымдық күйі туралы, баспа 
стилі туралы, көрініс экрандары мен қолданбалы координаталар жүйесі туралы 
мәліметтер көрсетіледі. Егер бір объект таңдалса, терезеде бұл объектінің 
жалпы және геометриялық қасиеттері көрсетіледі. Егер бір типті бірнеше 
объектілер таңдалатын болса, терезеде осы объектілерге ортақ жалпы және 
геометриялық қасиеттері көрсетіледі. Егер әртүрлі типтерге жататын объектілер 
таңдалатын болса, терезеде тек жалпы қасиеттер көрсетіледі. Төмендегі суретте 
бірде-бір объект таңдалмаған. AutoCad 2013 нұсқасында базалық 3D 
объектілерді оңай жасақтау мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл формаларды 


33 
пайдаланып, оларды біріктіру, алып тастау, қиылыстыру жолымен күрделі 
кеңістік денелерін тұрғызуға болады. Үш өлшемді объектілерді кеңістікте 
қарастыру үшін, «Визуальные стили», «Вид» құралдар тақталарын іске 
қосамыз (Сервис Панели инструментов AutoCad Вид, Визуальные стили). 
Қатты денелі объектілер – AutoCad жүйесіндегі ең күрделі үш өлшемді 
объектілер. Қатты денелі объектілерді жасау үшін, «Моделирование» құралдар 
тақтасы қолданылады. «Моделирование» құралдар тақтасын іске қосу үшін 
Сервис Панели инструментов AutoCad Моделирование командасын 
орындаймыз. «Моделирование» құрал тақтасы–AutoCad-та базалық 3D 
формаларды оңай жасақтау үшін арналған тақта(17-сурет). AutoCad 
бағдарламасында Райымбек ауданы, Нарынқол елді-мекенінің 1:500 
масштабтағы топографиялық планы жасалды(18-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет