34
ҚОРЫТЫНДЫ
Менің
дипломдық жұмысымның мақсаты- құрылыс алаңындағы
геодезиялық жұмыстардың маңыздылығына тоқталу. Соның ішінде
топографиялық түсірістің атқарылу барысымен және топографиялық түсіріс
жасауға арналған қазіргі заманғы аспаптармен танысу. Сонымен қатар құрылыс
алаңында жасалған топографиялық түсірістерді өңдеуге
арналған геодезиялық
жұмыстарға баға беру.
Қорытындылай келе айтатын болсам, осы дипломдық жобаны жазу
барысында құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстардың барлық
деңгейлеріне толық мағлұмат берілді. Соның ішінде топографиялық түсіріс
және оның түрлері, топографиялық түсіріс жасауға
арналған қазіргі заманғы
аспаптарға толыққанды тоқталдым. Қазіргі заманғы топографиялық түсіріс
жасауға арналған екі аспапқа тоқталған болатынмын. Қорытындылай келе екі
аспапты салыстырып өтетін болсам.
GPS технологиясының тиімділігі белгілі, сонымен қатар оның кемшілігі-
бұл аспап міндетті түрде кем дегенде 4 спутникпен байланыста болуы керек.
Егер бйланыс болмаған жағдайда түсіріс жасауға мүмкіндік болмайды.
Артықшылығы бұл аспаптың барлық құрылғысы бір ғана адам түсіріс жасауға
мүмкіндік беретіндей етіп жасалған. Тахеометр
аспабында жұмыс жасау кем
дегенде екі адамның болуын керек етеді. Уақыт үнемділігі және қолдану
ыңғайлығы жағынан GPS ыңғайлы болып табылады.
Сонымен қатар қорытындылай келе құрылыс объектісіндегі топографиялық
түсірістерді өңдеудегі геодезиялық жұмыстарға баға беретін болсам, AutoCad
бағадрламасы әрине геодезия саласында өте үлкен маңызға ие.
Себебі аспап
жадындағы топографиялық түсірістерді компьтердің көмегімен қағаз бетіне
шығару геодезисттер үшін өте ыңғайлы. AutoCad-та жұмыс жасау көп уақытты
және көп жұмысты қажет етпейді. Аспап жадындағы мәліметтерді арнайы
батырмалардың көмегімен шақырып, коордианаталарын
енгізу арқылы аз
уақыттың ішінде топопланды қолымызға ала аламыз.
Топографиялық түсірісте атқарылатын шаралар: түсіру торабын құру;
геодезиялық пункттерден және түсіру желісі нүктелерінен жергілікті жердегі
заттардың орындарын анықтау және оларды шартты белгілермен планшетке
түсіру масштабына сәйкес дәлдікпен
және толықтығымен салу; жергілікті
жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу; елді мекендердің,
өзендердің,
көлдердің, шатқалдардың және т.б. өз атауларын анықтау; картада көрсетілетін
жергілікті жердегі кейбір нысандардың сипаттамаларын: өзендердің ағыс
жылдамдығын және терендігін, көпірлердің жүккөтергіштігін, ағаш түрін,
батпақтан өтпелерді және т.б. тиісті ұйымдардан білу немесе тікелей анықтау.