Теміртау қаласының жанындағы Гагаринское селосы мен Қарқаралы Ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілдерінде тау шаңғы кешені қызмет етеді.
«Туристік қызметті реттеу» Бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттен 2006 жылы 4,6 млн. теңге бөлінді. Аймақтың туристік имджін құруға бағыталған бюжеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру барысында Қарағанды облысы 2006 жылы «Саяхат және туризм» (Мәскеу қаласы) Халықаралық туристік жәрмеңкеге; «Туризм және саяхат» 6 Қазақстандық халықаралық жәрмеңкеге (Алматы қ.); «Демалыс-2006» 3 Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге (Астана қ.) қатысты.
Облыста туристік саласының дамуын талдау 2007 жылға арналған көрсеткіштерді бағалауға ықпал етеді. Туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен туристік фирмалар қызмет көрсеткен жалпы азаматтар саны 18,5 мың адам болады деп күтілуде, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайызға жоғары (17,1 мың адам).
Туристік ұйымдар қызмет көрсеткен азаматтар саны 2007 жылы көшпелі туризм бойынша 26 адамды құрайды, бұл 2006 жылдың деңгейінен (6 адамға) 4,3 есе, көшпелі туризм бойынша – 13,5 мың адамға (7,9 пайыз), ішкі туризм бойынша – 4,9 мың адамға (8,1 пайыз) көбейеді.
Көшу объектілеріне келушілерге қызмет көрсету саны 161,9 мың адам болады деп күтілуде, бұл 2006 жылға қарағанда 7,1 пайызға көп.
2007 жылы бағдарламаны іске асыруға облыстық бюджеттен 4,1 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат «Туризм және саяхат» (KIFT -2007) Алматы қаласындағы Қазақстандық халықаралық жәрмеңкеге , Астана қаласындағы «Демалыс-2007» Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге қатысуға бағытталатын болады. Бағдарлама төңірегінде облыста туристік потенциялды маркетингтік зерттеу өткізуге және Қарағанды облысында туризмді дамыту бойынша мастер-жоспарды әзірлеуге 3 мың теңге бөлінген., нәтижесінде орналастыру құралы бойынша (туристік инфрақұрылымды зоналау, біліктілік талаптары) әзірленетін болады, эксклюзивті келешегі бар туристік маршруттарды әзірлеу жүргізілді. [9,36]
3 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
БАЙЛАНЫСТАР САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қарағанды облысы аймақтық сыртқы экономикалық қызметінің даму
мүмкіндіктері
2000 жылға дейін Қазақстанның металлургиясының негізгі бөлігі экспортталатын болғандықтан, саланың дамуы маңызды деңгейде әлемдік нарығынан тәуелді болады. Маңызды мәселе болып әлемдегі болат нарығындағы жағдайдың нашарлауы болып тұр.
Қазақстанның металургиялық кәсіпорнындағы қарсы жаңа саудалық шектеулер енгізілген. Мұның бәрі әлемдік қара металдар нарығының дамуының жағымсыз қарқындармен шартталған.
Соңғы 10 жылда әлемдегі болат өндірісі 70 млн. тоннаға, қуаты 130 млн. тоннаға өсті. Металлургиялық өнеркәсіптің дамуының маңызды шектелуі болып, оның өнімінің бәсекеқабілеттілігінің төмен деңгейі болып табылады. Өндірісі дамыған мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның металлургиялық өндірісінің технологиялық деңгейі төмен.
ҚР-ның металлургиялық өнеркәсібінің экспорттық әлеуетінің дамуын тежейтін факторлар келесідей:
-
саланың жетілмеген өндірістік құрылымы, 1-2 негізгі метал алу үшін шикізатты өңдеуге бағытталған жоба және КСРО-тың құлдырауы мен байланысты өндірістік тізбектегі технологиялық жарылыстар;
-
шикізаттың табысты қорларының таусылуы, өндірілетін минералды шикізаттың күрделі құрылымы. Ал бұл өндірілетін қорларды толықтырудың катастрофалық артта қалуымен шартталған. Соңғы 10 жыл ішінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмеген;
-
уақытынан бұрын таусылуға әкелетін және шикізат кен орнымен қамтамасыз ететін кен орындарды таңдап өңдеу. Осы уақытқа дейін минералды шикізатты қайта өңдеу шарттарын реттейтін, құқық орнататын құжаттар жоқ. Негізгі металды сатудан үстеме пайда табу мен инвесторлар қызығушылығының қысқа мерзімділігі шикізатты өңдеудің терең және кешенді өтуін ынталандырмайды;
-
металлургиялық өндірістің төменгі технологиялық деңгейі, негізгі қорлардың моральды және физикалық тозуының тереңдеуі.
Бұл жағдайлардағы мемлекеттің мәселесі прогрессивті технологиялық қозғалысты ынталандыру мен металлургиялық өнеркәсіптің инновациялық даму жолына өтуіне жағдай жасау болып табылады. Осымен байланысты модернизацияның алғашқы қадамын игеру үшін экономиканың барлық салалары үшін импортталатын жоғарғы өндіргіштік технологиялық құрал – жабдықтаушыларға баж салығын алып тастау мақсаты болып табылады.
Қарағанды облысының негізгі экспорттық тауарлар көлемінің қысқаруы ең алдымен әлемдік экономикалық төмендеумен байланысты. (Кесте 8 ) Негізінен шикізат және металлдар нарығы жоғары өзгергіштікпен сипатталады.
Кесте 8 – Экспорттың төмендеуінің тауар позициялары
Тауар позициясы
|
Төмендеуі
|
Себебі
|
Алтын
|
36,4%
|
Алтынның көп бөлігі республиканың алтын резервін молайтуға кетеді
|
Қара металдар ломы
|
4,7%
|
Өз меншікті кәсіпорындарымен қолданылуы
|
Қалдықтар мен мыс ломы
|
Жабдықтау тоқтатылған
|
Экспортты міндетті лицензиялауды енгізу
|
Кен және марганец концентраты
|
16,3%
|
1.ТМД елдерінің жабдықтаушыларында бағаның жалпы төмендеуі (РФ мен Украинаның) ЖГОК-ғы бағаның төмендеуінің алдын алды
2. кенде марганец құрамының төмендеуі осы тауар позициясының бағасынның төмендеуіне әкелді.
|
Тас көмір
|
33,5
|
Ішкі нарыққа жабдықтау
|
Тас көмірден алынған кокс және жартылай кокс
|
87,9%
|
Ішкі нарыққа жабдықтау
|
Майлар және таскөмір смоласының жоғарытемпературалық қайнатуының
т.б. өнімдері
|
3,3%
|
2002 ж. жасалған шарттар санының төмендеуі
|
барий сульфаты табиғи (барит)
|
45,1%
|
Тұтынушылардың РФ –нан ішкі нарыққа кетуі
|
белгілі немесе
белгісіз химиялық құрамды карбидтар
|
2,2
|
2002 ж. экспорттық шарттар көлемінің төмендеуі
|
оксо- және пероксометалдық қышқылдар тұзы
|
94,6%
|
2007ж. жасалған шарттар санының төмендеуі
|
Транспортерлер таспалары
|
13,4%
|
2007 ж. жасалған шарттар санының төмендеуі
|
Экспорт көлемінің ұлғаюы келесі тауарлар позициясы бойынша болды:
-
Пек және пекті кокс – 4%-ға (2007 ж. 3962,8 АҚШ долл. 3808,8 АҚШ долл. 2002 жылға қарсы)
-
уытты сыра – 46,2% (2007 ж 615,2 АҚШ долл. 420,9 АҚШ долл. 2002 жылға қарсы)
-
шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдері – 16% (2007 ж. 109135,9 АҚШ долл. 94052,4 АҚШ долл. 2002 жылға қарсы).
Қазіргі кезде бүкіл әлемде жоғарғы шектегі өндірістердің өнімі табысты деп табылған. Бірақ Республикамыздағы инвесторлық стратегияляр – ірі корпорациялардың иегерлері осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыруға асықпауда. Бұл олардың шикізаттан үстеме пайда тауып, қызығушылықтарының қысқа мерзімді болуымен байланысты. Үстеме пайда табудың негізгі жолдары – бай шикізатты таңдап, өндіру мен өнімді төмендетілген бағамен сату.
Өнеркәсіптік өндіріске бәсекеге қабілетті отандық дәрілік өнімдерді енгізудің мысалы ретінде Елбасының тапсырмасы бойынша Қарағанды қаласында өсімдік шикізатының негізінде жасалатын фито дәрі – дәрмектері, соның ішінде өндірістік қуаты жылына 2 млн. ампуланы құрайтын қатерлі ісікке қарсы «Арглабин» дәрісін шығаратын фармацевтикалық кешенді келтіруге болады. Қазіргі таңда дайын ампула қалыптарын шығаратын цехтан және казіргі заман талабына сай жабдықтармен жабдықталған сапаны бақылау зертханасынан тұратын фармацевтикалық кешеннің бірінші кезегі жұмыс істей бастады. Дайын өнімді шығару көлемі 2006 жылы 100 мың ампулаға жетті.
2009 жылы «Amarantos Golden Kazakhstan» ЖШС ТМД елдері аумағында аналогы жоқ амарант майын шығару бойынша «Таврия – Сары-Арки» жобасын (дәнінен әрі қарай қайта өңдеп амарант майын алу үшін бір жылдық Амарант өсімдігін өсіру) жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Өнім ТМД, Еуропа елдеріне және АҚШ-қа жеткізілетін болады. Аталған жобаның жобалық қуаты жылына 150 тонна амарант майы. Жобаның құны 500 млн. теңге.
2005-2006 жылдары даму институттарының қарауына облыстың 86 жобасы ұсынылған болатын. Олардың ішінде «Қазақстанды дамыту банкі» АҚ-на – 23; «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-на – 36; «Қазақстанның инвестициялық қоры Инвестициялық компаниясы» АҚ-на – 27. Инвестициялық және Инновациялық қорлармен арадағы өзара қарым-қатынас 6 жобаның, оның ішінде 4 2006 жылы қаржыландыруды аяқтауға мүмкіндік берді. Соның ішінде:
1. «Жылу күші қондырғылары үшін экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыштар сериясын жасау» («ТММ» ЖШС) – 7,5 млн.теңге (НИОКР);
2. «Еден жабуларын шығару» («Eurasiaflor» АҚ) – 414,0 млн,теңге. Жоба еденнің коммерциялық ПВХ жабуларын шығаруды қарастырады. Аталған өнім тозуға төзімділігімен, дизайнерлік мүмкіндіктермен (тапсырыс берушінің қалауы бойынша өрнектер, логотиптер және т.б. жасауға болады) ерекшеленеді. ТМД аумағында өндіріс пен технологияның теңдесі жоқ. Дайын өнім халықаралық стандарттар бойынша сертификатталатын болады;
3. «Отандық жаңа аса тиімді антитрихозды «Антилишай» линименті құралын ветеринарлық тәжірибеге енгізу және оны өндіріске шығару (Органикалық синтез және көмір химиясы институты)» - 7,5 млн.теңге (НИКР). «Антилишай» линименті – ірі қара мал төлдеріндегі құрғақ теміреткінің созылмалы түрін емдеуге арналған аса тиімді отандық дәрілік өнім.
4. «Ағаш үй құрылысы мен құрастырылып желімделген білеу өндірісін ұйымдастыру» («Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты» АҚ) – 1,4
млрд.тенге. Жобада жиылмалы - қалқа үйлерді дайындау қарастырылған. Бұл үйлер «Weining» герман фирмасының автоматты жүйесінде құрастырылады.
5. «Арнайы кокс өндіру мен электр және жылу энергиясын шығару жөніндегі кешенін құру» («Қазақстан Инвест Көмір» АҚ) – 555 млн. теңге. Жобада бу турбина қондырылғыларын пайдаланып және жылу энергиясын қайта өңдей отырып, жанар газды тиімділікпен пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру үшін арнайы коксты өндіру жөніндегі қуат технологиясы кешенін салу және пайдалану қарастырылған. Мыналар өндіріс өнімдері болып табылады: арнайы кокс; электр энергиясы; жылу энергиясы.
6. «Ісікке қарсы «Арглабин» дәрі – дәрмегін өндіретін орын ұйымдастыру» («Қарағанды фармацевтік зауыты» ЖШС) -383,4млн. тенге. Қарағанды фармацевтика зауыты шығаратын негізгі өнім – іскке қарсы «Арглабин» дәрі – дәрмегі, оның дүние жүзінде теңдесі жоқ, медицина дәрі – дәрмек тіркелімі - (№003950 от 09.12.99г) және ҚР өмірге қажетті дәрілік құралын ретінде енгізілген. Тек Орталық Қазақстанда ғана өсіп - өнетін жусанның түрі - «Арглабин» дәрі – дәрмегін өндіруге арналған негізгі шикізат болып табылады. Болашақта бұл дәрі – дәрмекпен сүт жолдары рагын, өкпені, бауырды кешенді түрде емдеу болжамдалуда, сонымен қатар тек ісікке қарсы ғана емес, сол сияқты бұл дәрінің қабынған ауруларға қарсы, жұқпалы дерттің мөлшерін анықтайтын, адам әлеуетін арттыратын қаситі және радиосенсибилизациялаушық әсері бар. Бұл дәрі – дәрмекті өндіру Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының GMP халықаралық стандартына сәйкес келеді.
Даму институттары 72 жобадан бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері: одан әрі коммерциялану мүмкіндігінің болмауы; күн талабына сай келмеуі; техникалық шешім дәрежесінің жетіспеушілігі; қаржылық инвестиция саясатына сәйкес келмеуі және т.б.
Жобаларды іске асырудың төмен болуы өтініш берушілер тарапынан аз пысықталуын, сонымен қатар институт менеджерлерінің ұзақ мерзімде қарауын білдіреді. Соның нәтижесінде жобалардың кейбір авторлары қаржыландырудың балама көздерін іздестіреді. Бұдан басқа, жобаларды жарты жылдан артық қарастырған Қордың Республикалық бюджет тарапынан жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты Инвестициялық қор олардан бас тартты. [9,46]
Осыны ескере отырып, қолда бар әлеуетті тиімді пайдалану және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қарағанды облысы әкімдігі мен «ФУР «Қазына» АҚ арасында 2007 жылдың 20 қаңтарында өзара түсіністік пен өзара қарым - қатынас туралы Меморандум бекітілді.
Бүгінгі күні даму институттарында 10 инвестициялық жобалар қаралуда. Соның ішінде «Шойын өндірісін құру» жобасы қолдау тапты және оны Инновациялық қор қаржыландырады.
3.2 Аймақтың сыртқы экономикалық байланыстар саясатын жетілдірудің
басыңқы бағыттары
2008-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысының сыртқы экономикалық саясаттағы әлуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен міндеттері:
- облыс кәсіпорындарында сыртқы сауда серіктестерімен байланыс орнату, ұлттық және халықаралық рыногындағы орнын іздестіру;
- кәсіпорынды техникалық қайта жарақтау;
-батысқа қарағанда төмендетілген нормалар бәсекелестермен демпинг болып түсіндіруіне байланысты экология шығындары, еңбек жалақсының денгейін халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестендіру;
- еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі жағдай туғызу іс – шараларын әзірлеу. Шетел компанияларымен нақты серіктестігі біздің көрсеткіштерді арттыру жағдайында ғана мүмкін болғандықтан, сыртқы экономикалық айналысқа түскеннен кейін бұл фактордың маңызы зор болмақ;
- жергілікті атқарушы органдар консалтингтік фирмалармен бірлесе отырып өндірістік кәсіпорындардың қаражаты есебінен қызметкерлерді оқыту жөніндегі насихат жұмыстарын жүргізу.
инвестициялық саясатта:
-
әлеуметтік – экономикалық дамыту мақсатында инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
-
инвестициялық белсенділікті ынталандыру, инвестицияға сұранысты және инвестицияның қайнар көздерін зерделеу;
-
облыстың инвестициялық әлеуетін дамыту, экономиканың түрлі салаларында инвестициялық белсенділік мониторингін жүргізу;
-
облыс экономикасына инвестиция тарту жөніндегі іс – шаралар ұйымдастыру және өткізу;
-
халықаралық инвестициялық қызметті дамыту ;
-
облыс аумағында қызмет атқаратын инвесторлардыдың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету;
-
инвестициялық қызметті ақпараттық қолдау;
-
экономиканың басым секторларының инвестициялық тартымдылығы.
Инвестициялық ағын енгізуге қолайлы болжамды жасау, көп дәрежеде аймақтың дамуына байланысыты. Осындай болжамды жасау үшін нарықта бизнесті дамуға және жаңа қорларды іздеген жергілікті компаниялардың кәсіпорындардың белсенділігімен және де мемлекеттік органдарының жұмыстарының өнімділігінен және бизнес-үдерістерін жоғары тиімділікті инфрақұрлымды атқаратын нарықтағы компаниялардың осындай болжамды жасау үшін байланысты.
Қарағанды облысының экономикалық өсу мен басқаруын жетілдіру мақсатында қажет:
-
әлеуметтік облыс сферасының дамуына, құрылыс пен жаңа объектіні қайта құруға негізгі өнеркәсіп қорын жаңарту үшін шетелдің серіктес инвесторлары индустриалды-инновациялы жүзеге асыруды қызмет етуші инвестормен бірігіп жобаны жүзеге асыру;
-
тиімді, қолайлы инвестициялық жағдай жасау үшін қызмет, жұмыс және тауар өндірісін тиімді дамуын қамтамасыз ету;
-
аймақтық кәсіпорындарға әлеуетті инвесторларды іздеуіне қолғабыс ету;
-
аймақтық және халықаралық деңгейде бизнес-форумдар өткізу;
-
ұйымға, кәсіпорынға және халыққа үй-құрлысына инвестиция алуына қолдау көрсету;
-
коммуналдық шаруашылық энергетика машина құрастыр, туризм тұрғын-үй құрылысы, өнеркәсіптер өңдеу және өндіру, әр түрлі инвестиция және қаржы институттарын қарату;
-
облыс аумағындағы қолданыстағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қамтамсыз ету;
Экономикалық басымдық секторлардың инвестициялық қызығушылығын арттыру үшін 2008 жыл көрсеткіштері бойынша турұйымдарында келушілерге қызмет көрсету саны аймақта көшпелі туризм бойынша 2007 жылмен салыстырғанда 26 адамнан 40 адамға дейін немесе 53 пайызға жоғарлаған.[9,52]
Қазақстан Республикасынан тыс желерге шыққан азаматтар саны және 2007 жылмен салыстырғанда туристік қызметтермен қолданғандар 2008 жылы 13,5 мың адамнан 14,2 мың адамға (5,2 пайызға) дейін жоғарлайды.
2008 жылы ішкі туризм бойынша туристік ұйымдарында қызмет көрсету азаматтар саны 4,9 мың адамнан 5,2 адамға дейін немесе 2007 жылмен салыстырғанда 5,1 пайыз өсуі жоспарлануда..
Туристік салаларды талдауды дамыту облыста 2010 жылға дейін көрсеткіш болжамының өсуін істеуге ықпал етті.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан азаматтар саны және туризм сферасында жеке кәсіпкерлермен және туристік ұйым қызметтерімен қолданғандар 2007 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 13,5 мың адамнан 15,3 мың адамға дейін (13,3 пайызға) өседі.
Көшпелі туризм бойынша туристік ұйымдарда қызмет көрсетілгендер саны 2007 жылы 26 адамнан 100 адамға дейін жоғарлайды 2010 жылы немесе 3,8 рет жоғарлайды.Туристік сала бойынша келесі бағыттар анықталған:
- елімізге валюта ағымын қамтамасыз етуіне, саланың дамуына ықпал жасауына байланысты енгізілетін туризмді дамыту;
- туризмнің инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;
- аймақтың туристік саласын дамытуға инвесторлар тарту;
- туристік тартымды имидж құру.
Қарағанды облысы бойынша экономика секторларының индустриалы-инновациялық дамуы бағдарламасына сәйкес келесі басымдықтар анықталған:
1.Кластерлі даму
2008-2010 жылдары фармацевтикалық кластердің және «Металлургиялық-металл өңдеу» кластерінің дамуы жалғасуда.
«Металлургия-металл өңдеу» кластерінің даму төңірегінде 2008 жылдың қараша айында Индустриалық саябақтың құрылысы аяқталуы жоспарлануда.
Саябақтың аумағында2010 жылы 20 жаңа жоғарғы бағалы кәсіпорын тұрғызу жоспарлануда. Индустриалық саябақ өндірістік өнімді өндіру бойынша халықаралық орталық болады, ол көбінесе экспортқа шығаратын болады.
Фармацевтикалық кластер дамитын болады. Кластерге Республиканың бірнеше фармацевтикалық кәсіпорындары кіреді. Әр қарай кластер жасаушы кәсіпорын, яғни Қарағанды фармацевтикалық зауыты дамытылатын болады, ол «Арглабин» дәрісі бойынша жылына 2 млн. астам апуланы экспортқа шығаруды көздеп отыр.
Қарағанды қаласында фармацевтикалық кластерді дамыту төңірегінде 2008 «Biospharm» ЖШС Қазақстан фармацевтикалық нарығын жоғары сапалы ішкі тамыр ерітінділерімен қаматамасыз ету мақсатында қазіргі талапқа сай өндірістік фармацевтикалық орталық құруды жоспарлауда. Осы кәсіпорынның қуаты жылына шамамен 10 млн. контейнер не 3,5 млн. литр ерітінділерді құрайды. Бұл инфузиялық ортадағы елдің қажеттілігінің 14 пайызын осы орта қамтамсыз ете алады деген сөз.
Осы жобаның екінші кезегі субстанция алу және ТМД-да мүлдем өндірілмейтін дәрі-дәрмектерді алу болып табылады.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті белсенді қатыстыру, бірнеше кәсіпорындарды өндірісті жаңашаландыру жоспарлануда .
2. Бизнес-инфрақұрылымды дамыту
Міндетті шешу мақсатында Қарағанды аймағында отандық және шет елдік ғылыми-техникалық әзірлемені өндіріске енгізуге қатысу және инновациялық копания мен жобларды жүзеге асыратын «Технопарк UniScienTech» ЖШС венчурлық қорлармен лизингті компаниялармен мәлімет алмастыру мақсатында келісім шартқа отыруды жоспарлауда.
«Технопарк UniScienTech» ЖШС «БРК-Лизинг» АҚ және «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» РФ АҚ серіктестігі төңірегінде техно саябақ күштеріне қаржылық лизинг және несиелендіру сұрақтары бойынша кеңестер берілетін болады «БРК-Лизинг» АҚ шарттарына сәйкес лизинг алушылар ретінде қолданыстағы бизнесі және де лизингтік міндет пен қамтаасыз етілген заңды тұлға болуы мүмкін «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» РФ АҚ инновациялық компанияларды екінші деңгейлі банктермен бірге несиелендіруді іске асырады, мұнда екінші деңгейлі банктағы несие соммасының 80 пайызын, ал 20 пайызын өтініш беруші компания салым немесе ликвидті қозғалмайтын мүлік ретінде жабады.
Бірақ техно саябаққа түскен жобалардың көбісі тәжірбиелі құрастыру әдістемелігін алуға бағытталған, осы жобаларды ұсынған компаниялар көптеген жағдайларда міндеттерін қамтамсыз ретінде ликвидті активтерін ұсына алмайды және пайдалы бизнестері жоқ болады.
Осыған байланысты «Технопарк UniScienTech» ЖШС жоспарлайды:
1)инновациялық компаниялардың өтініштерін рәсімдеу бойынша «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ мен жұмысты белсендендіру, сонымен қатар Ғылым-білім министрлігінің ғылыми қорының жұмысын реттеу;
2)Қазақстандық ресурстар жүйесін технологиялық трансферттерді пайдалануда инновацялық компаниялар жобасын жылжыту мақсатында – Технопарк клиенттері.
Инновациондық компаниялар технопарк аумағында орналасады, оларға жеке бизнесінің дамуы бойынша қажетті қызмет ұсынылады.
«Технопарк UniScienTech» ЖШС «Кешенді жағдайларды меңгеру институты» ЖШС бірлесіп біртұтас минералдық талдау және материалды игеру лабораториясының құрылуы жоспарлануда, минералогиялық және металлографикалық талдау бойынша минералды-шикізат және техногендік ресурстарына қызметі көрсетеді, түсті және қара металлургия тауарына, жаңа конструкциялық, машинажасау зауыттарынан құралдар және құрылыстық химиялық материалдар, құрлыс индустриясы кәсіпкерлігі мен химиялық өнеркәсібі құрылуы жоспарлануда.
Облыстың бизнес-инфрақұрылымының дамуы әрі қарай шағын бизнестің нығайуы мен дамуына, экономиканының жандануына, бәсекелестік ортаның құрылуына, жұмыс орындарын бюджеттің толтыруын қаматамасыз етеді.
Қарағанды облысында 2007-2008 жылдары бизнес-инфрақұрылымды дамыту бағыттар реті жоспарлануда, оның ішінде:
-
шағын кәсіпкерлік дамуы мен қалыптасуы бойынша зиялылық қызметтер ақпараты туралы банкінің құрылуы;
-
шағын кәсіпкерліктің дамуы және оқыту-әдістемелік құралдарының таралымын көбейтуге ықпал ету;
Достарыңызбен бөлісу: