Адамгершілік қағидасы туралы түсініктер
Балаларды әлеуметтік құзіреттілігі мен мінез-құлқын көрсететін тәртіп нормаларымен, салт-дәстүрлермен, ережелермен таныстыру арқылы тәрбиелеу. Оларды алуан түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға жаппай қатыстыру.
Ұлтжандылық сезімдерін - өз отбасына, балабақшасына, туған жеріне, еліне, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Баланың өзіне құрметпен қарап, мейірімді, қайырымды және басқа да ізгі қасиеттерді бойына сіңіруіне мүмкіндік туғызу, үлкендер балаларының жетістіктеріне қуанатынын, сәтсіздігіне қамығып, аяныш білдіріп, көмек беретінін түсіндіру.
Көркем әдебиет
Мақсаты: халық ауыз әдебиеті және көркем әдебиет шығармаларының мазмұнын меңгеру негізінде әлеуметтік дағдыларды, кейіпкерлердің қылықтарын талдауды дамыту.
Міндеттері:
- балаларды шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлерге жаны ашуға, бәсекелесуге үйрету;
- әдеби шығармаларға қызығушылықтарын арттыру, әдебиеттегі жағымды мысалдар негізінде қоршаған ортамен қарым-қатынасты құру іскерліктеріне тәрбиелеу.
Мазмұны:
Өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдылары
Көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру үдерісінде сыпайылық, мінез-құлық этикеті мен мәдениетінің дағдыларын бекіту. Әдеби шығарма кейіпкерлерінің қылықтарын олардың мінез-құлқы тұрғысынан, адамгершілік нормаларға сәйкестігі жағынан талдау.
Үлкендермен және құрдастарымен өзара қатынасы
Балаларды топтағы жағдайларға байланысты адамның эмоционалдық жай-күйі мен оның себебі арасындағы байланысты, сонымен бірге көркем әдебиетті, ертегі желісі бойынша ойындарды, ән айту, сурет салу, адамдардың қарым-қатынасын және сезімдерін бейнелейтін үлкендер мен балалардың қатысуымен театрдың әр түрін анықтауға ниеттендіру.
Балалармен ұл бала (күшті, батыл, еңбексүйгіш, қамқоршы) мен қыз баланың (нәзік, қарапайым, әдемі, кішіпейіл) мінез-құлықтарына тән ерекшеліктерді талқылай отырып, көркем әдебиетті қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |