Дипломдық ЖҰмыс «Тәрбиешінің 5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері»



бет2/32
Дата27.07.2023
өлшемі162.18 Kb.
#475840
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Рауана готовый (3)

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
1. ҚР - Қазақстан Республикасы;

2.ЖББМ-Жалпы білім беру мекемелері;



АНЫҚТАМАЛАР
Балабақша- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Білім берудің алғашқы баспалдағы болып табылатын мектепке дейінгі білім беру мекемесі көптеген қызметтер атқарады. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің міндеттерінің бірі баланы жан-жақты дамытумен қатар, балалардың мектепке дейінгі мекемеге бейімделуі мәселесін шешу.
Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиеші - бала өміріндегі анасынан кейінгі алғашқы ұстаз.
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, көпшілік-мәдени жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптасытра алатын, адамгершілік жоғары , мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын , әдебиет пен өнердің, техниканың даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын жан.

Ата-аналармен жұмыс- Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту аясында атқарылатын жұмыстар жобасы.

КІРІСПЕ
Бала- өмірдің мәні, отбасың сәні.Қазақ дүние танымында балаға ерекше назар аударған .Себебі: ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта – жалынып құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған.«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген. Перзент ауырып, не басқа бір қатер төнгенде, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» – деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», « Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар», - деген сияқты мақалдар мәйегі осының дәлелі. Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы - мейіріммен, жақсылықпен өтелмек. Бала – ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы.Ұл-қыз ата-анасын қуанышқа бөлеп, бақытқа жеткізу үшін, ең әуелі, әдепті болуы керек. Әдепті болып өскен бала ата-анасының қас-қабағына қарап, қал жағдайларын айтқызбай аңғарады және олардың айтқысы келген дүниені көз жанарларынан байқап,түсініп тұрады.Осындай тағылымды дүниелер аясында бала тәрбиесінің маңызды екенін байқаймыз.Қазіргі заман ағымында ата-аналардың 90% балаларын балабақшаға беруді дұрыс деп санайды.Төмендегі ұстанымдар баланың балабақша ордасында орнығып ,дамуына көмектеседі.

• Барлық тәрбиенің бастамасы;

• Білім мен ортаға бейімділік;

Бос өтпеген уақыт;

• «Жаңа өмір» баспалдағы;

• Ұжымдық қарым-қатынастың алғашқы бастауы;

• Тәжірибелік байланыс;

Балабақша - жаңа өмірдің алғашқы баспалдағы.Өйткені анасынан алыстап, жарты тәулік анасынан ажырап, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын ұжым ортасында болады.Баланың балабақша бейімделуі әр балада әр алуан болады. Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды, себебі тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен көптеген балаға ортақ. Кез келген ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жаныңда ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Балабақшаның басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Балабақша мекенінде қызмет ету екінің бірінің қолына келе бермейді. Бұл қызмет күннен – күнге күрделенуде. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » деген ұтымды мақал ойға оралары сөзсіз. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Тәрбиеші бейімділігі, дарындылығы көбінесе балалардың болашағына тікелей байланысты.Сондықтан балабақша тәрбиешісінің жас ұрпақты жан-жақты дамытып, тәрбие беру оны еңбекке даярлап, педагогикалық жағынан білімді қалыптастырып, дамытуда алар орны маңызды.Қадірлі қоғамдық қызмет аясында тәрбиешенің атқарар қызметі жоғары.Бірақ еліміздегі соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты тәрбиешілерге артылар міндеттерде аз емес.Әсіресе , тәрбиеші маманның жеткіншек яғни «5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу» ерекшеліктері баса назарда.Себебі тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыс мазмұны өте маңызды.Отбасының педагогикалық бірлігі,көңіл бөлу деңгейі – тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырары сөзсіз.Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық жұмыс жүргізу аясында жүргізілген тұжырымдамалар мен әдіс тәсілдер жоқтың қасы.Сондықтан өз мамандығыма сәйкес осы тақырып мені қызықтырды.Осы тақырыпқа сүйене отырып, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуметін арттыруға арнап үлесімді қосқым келеді.Отбасында орын алатын жағдаяттарға сүйеніп, бала тәрбиесіндегі қиындықтарды шешуге көмектескім келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет