Дипломдық жұмысы Тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында дарынды балалармен бастауыш сынып мұғалімінің жұмысының ерекшеліктері


Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар



бет2/4
Дата20.06.2016
өлшемі295 Kb.
#149620
түріДиплом
1   2   3   4

1.2. Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар.

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Демек, қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларындағы жағдайы түбірінен өзгерді. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды. Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақ тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу.Толыққанды азамат тәрбиедеу үшін ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Демек, оқу-тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогика мен халық педагогикасын қатар қолдану қажеттігі айқындала түседі. Осы орайда ұлтымыздың асыл перзенті Мағжан Жұмабаевтың мына сөздері еске оралады: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». Бала бойына, ең алдымен, тәлімді тәрбие сіңірмей, білім берем деу бекер әурешілік.

Осыдан 5 жыл бұрын сіздер мен біздер үшін дарындылық мәселесі, дарынды бала, оны анықтау, олармен жұмыс істеутың тақырып еді.Мемлекеттік деңгейде бағдарлы қолға алынған бұл игілікті шара өз нәтижесін бере бастады.



  • Ең бастысы – бала мектеп қабырғасында жүріп,өзіне деген үлкен сүйіспеншілікті, қамқорлықты, қолдауды сезініп, көруде.

  • Дарынды балаларды шығармашылық жұмысқа баулудың әдіс-тәсілдері, жолдары зерттелді.

  • Бала дарынын дамыту үшін білім беруге жаңа мазмұн беріліп, озық технологиялар енгізіле бастады.

  • Дарынды балаларға ғылыми-зерттеу жұмыстарында ізденіс жұмыстарындағы ерекше шығармашылық қабілеттерін іске асыруда қамқорлық көрсетіліп,жағдай туғызылды.

Ұстаз болу жауапты да, әрі қиын мамандық, оның үстіне жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше құбылысты, дарындылықты тани білу,дұрыс бағыт-бағдар бере білу екі есе қиын. Ұстаз деген мәртебелі атқа ие болған кез-келген адам осындай ерекше құбылыспен бетпе-бет келгенде қателіктер жіберуі мүмкін.

Дарындылық – ең алдымен сана мен жүйкенің сапалық көрінісі.Ол өзіне танымдылық, ерік-жігерлік, жеке дамулық ерекшеліктерді білдіреді. Сондықтан табиғаттың бұл дара құбылысын тани білу тек жүйелілік деңгейде, өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста,ерекшеліктерін екшеуде жас мөлшері, қабылдау деңгейі көлемінде жүзеге асырылуы керек.

Д.Ж.Рензули бойынша дарындылық дегеніміз – үш байланыстың үйлесімділігі: жоғары интелектілік, преативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды.Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал преативті қасиеті нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі.Адам сүйіспеншілікпен, жанымен қалап істеген ісін үнемі дамытып отырады.Бала өз қалауымен бастаған ісін жетілдірсе, дамыта ұйымдастырса, ол – шығармашылық, яғни дарынды баламен жұмыс істеуде алдымен нәтижеге жету ынтасын қалыптастыру,шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету өте маңызды.Дарындылықты анықтау үшін әр түрлі деректерді, бақылау бағалау нәтижелерін, тест, трекинг әдістерін қолдануға болады.Дарынды балаларды анықтау үшін пән мұғалімдері балаларды сабақ үстінде, әр түрлі істермен айналысу барысында бақылау, ата-анасымен әңгімелесу,жолдастарымен әңгімелесу арқылы, тест, трекинг қорытындысына қарай анықтайды.

Әр пән мұғалімдері әрбір оқушыға арналған педагогикалық-психологиялық карта жүргізіп,осы картаны толтыру барысында диагностикалық жұмыстар жүргізіп,әрбір оқушының зейінін, есте сақтау қабілеті,логикалық ойлауы, интеллектуалдығы,шығармашылық жұмысқа бейімділігі бағаланады. Осы зерттеу жұмыстары қабілетті және дарынды оқушыларды іріктеп топтастыруға ықпалын тигізеді. Мысалы, шығармашылық жұмыс бейімділігін анықтау үшін Кочетовтың тестін қолдануға болады.Тест көмегімен оқушының әлеуметтік жағдайынан бастап шығармашылық бейімділігін де анықтауға болады.

Сонымен қатар оқушы дарындылығын, ізденімпаздығын тудыруда оқушылардың ғылыми қоғамның маңызы өте зор.

Дарынды балалармен жұмыс жүйесіндегі негізгі тұлға – мұғалім.Мұғалім баланың ата-анасымен бірге оның дарынын алғаш байқаушы, дамытушы.Балаға білімін тереңдетуде,өз бетімен білімін көтеруге ақыл-кеңестерін береді, көмектеседі,көп жағдайда оқушының болашақ кәсіптіктағдыры мұғалімге байланысты деуге болады.Қазіргі кезде дарынды балаларды анықтауға, қолдауға, дамытуға көп мән беріліп отырғанына қарамастан мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыс істеуге дайындау мәселелері қарастырылмаған.Мектептерде мұғалімдердің бұл мәселеде тәжірибелері аз,тіпті жоқ деуге болады. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер өте аз.Сондықтан әр мұғалімнің дарындылықты анықтау,дамыту,зерттеуде өз көзқарасастары қалыптасқан.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдерге тән кейбір педагогикалық-психологиялық жағдайлар:


  • Мұғалімдер дарынды балалардың ішкі дүниесіне үңілмейді, немқұрайлы қарайды.

  • Тіпті кейбір дарынды баланы жақтырмайды, себебі ол мұғалім беделіне қауіп төндіреді.

  • Олардың ерекшеліктерін, диагностикалау әдістерін білмегендіктен дарындылықты анықтауда төмен көрсеткіштер көрсетеді.

  • Дарынды балаларға көңіл аударғанымен, жұмысты ұйымдастыру әдістерін білмейді, тапсырманың санын көбейту тактикасын қолданады.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер дарынды балаларға арнайы бағдарламалар құра біледі, өз бетімен жұмыс істеуге баулитын, шығармашылық ізденісін тудыратын, практикалық тапсырмалар мен есептердің стандартты емес шешімдерін таба білуге баулитын әдістер қолдана біледі.Қажетті материалдарды іріктеу, оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдауда сабақ міндетін ашуда, даралап дифференциалды оқытуда педагогикалық жұмысты тиімді ұйымдастыра біледі.Еліміздің экономикалық әлеуметтік дамуы үшін интеллектуалы жоғары тұлғалар керек,сондықтан мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс істеуі үшін арнайы дайындықтан өтуі, өз бетімен білімдерін көтеру керектігі заман талабы.Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге қандай педагогикалық-психологиялық талаптар қойылады?

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің педагогика кафедрасының профессорлар тобы құрастырған «Педагогикалық білім концепциясы» дарынды балалармен жұмыс істеуге дайын мұғалім қасиеттері деп төмендегі мына белгілерді анықтайды:

І. Мұғалімнің кәсіптік бағдары.

- Дарынды балалармен жұмыс істеу заман талабы екенін түсінуі;

- Балаға деген сүйіспеншілік, ерекше қабілетті балаға деген жағымды

қарым-қатынасы;

- Дарынды балалармен жұмыс ұйымдастырудың нәтижелі жолдарын

іздестіруді қызығуы, қажетсінуі;

- Дарынды балаларменжұмыста жоғары көрсеткішке ұмтылуы;

ІІ. Дарындылық, педагогикаық процесс туралы білім.



  • Өз пәнін мемлекеттік стандарт көлемінен артық білуі;

  • Тұтас педагогикалық процесс туралы білімінің болуы;

  • Дарынды бала ұғымының білінуі;

  • Жеке тұлға туралы,оның шығармашылығы, оны дамыту жолдары туралы теориялық білімнің болуы;

- Дарындылықты анықтау әдістері туралы білімнің болуы;

ІІІ. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі.



  • Кластағы педагогикалық процесті диагностикалау әдістерін білуі;

  • Дарынды балаларды анықтау әдістерін білуі;

  • Дарынды балаларға арналған қосымша бағдарламалар жасақтай білуі (топтық,жеке);

  • Ерекше қабілетті оқушыларға шығармашылық ізденіске және зерттеуге есептер мен тапсырмалар таңдай білуі;

  • Жаңа оқу технологияларын қолдана білуі;

  • Оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық түрде сауатты құра білуі;

  • Дарынды баланы оқытудың нәтижесін бағалай білуі, қорытынды жасау, қорытындыға сәйкес шешім шығара білуі;

  • Дарынды балалармен қосымша сабақ өткізе білуі.

Міне, дарынды балалармен жұмыс істеуге дайын мұғалімнің бойынан табылуға тиіс қасиеттер осы болса, оның іске асуын бағалау деңгейлері төмендегідей:

1.Дайындығы төмен деңгейдегі мұғалімнің өз пәні бойынша білімі мемлекеттік стандарт деңгейінде ғана, оқу процесін репродуктивті деңгейде жүргізеді, оқу-тәрбие жұмысын диагностикалауда тек үлгерімін ғана көрсете алады.Дарынды балалармен арнайы жұмыс жүргізбейді.

2.Орташа деңгейдегі мұғалім.

Пәнін тек мемлекеттік стандарт көлемінде біледі.Оқыту тәсілі – оқулықтан терңдетілмеген деңгейде.Дифферециалды жұмыс істемейді, қабілетті оқушыға оқулықтан ғана тапсырма береді.Дарынды балаларда диагностикалау жұмысын жүргізбейді.Дарынды баламен арнайы жұмыс жүргізбейді.

3.Ортадан жоғары деңгей – төмен және орташа деңгейден айырмашылығы қабілетті оқушыны мектеп олимпиадаларына шығара алады,кейбір кеңестер бере алады.

4.Жоғары деңгейде – оқу-тәрбие процесін шығармашылық негізде құра біледі.Педагогикалық процесті диагностикалаумен қатар кейбір психологиялық әдістерді қолданып,дарындылықты анықтай алады.Қосымша тапсырмалар ұйымдастыра біледі,ата-анасымен байланыс жасайды.Бірақ арнайы дайындығы жетпегендіктен толық дарындылықты дамытудың арнайы бағдарламасын жасауда қиналады.

5.Өте жоғары деңгей.

Мұғалім оқу-тәрбие процесін диагностикалық тұрғыда басқара біледі.Оқу процесінде оқушылар арасында әр түрлі формада танымдық қызметін ұйымдастырады.Оқытудың оқушы белсенділігін арттыратын технологияларын тиімді қолдана біледі.Дарынды балалармен арнайы жұмыс жүргізіледі.Қосымша бағдарлама жасақтап,шығармашылығын дамыту тапсырмаларын дайындайды, күнделік жүргізеді.Онда дарынды баланың дамуы, жетістігі, зерттеуі жазылып отырады. Балалардың конкурсқа, олимпиадаға қатысуына жетелейді.Баланың ата-анасымен жұмыс жүргізеді.

Міне, жоғарыда айтылып өткен дарынды баламен жұмыс істейтін мұғалімге дайындық көрсеткіштерін білу мұғалімге өз білімін жетілдіруіне, ізденуіне бағыт-бағдар беру болады. Психологиялық-педагогикалық талаптар мұғалім жұмысына, ғылыми зерттеуіне және шығармашылық ізденісіне ғылыми тұрғыда құруына негіз болады деп ойлаймыз.

Ұстаз – білім беру ісіндегі шешуші фактор. Ал, ұстаздың сапалылығы,кәсіби шеберлігі оның шәкірттерінен көрінеді.

«Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қастандық пен жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.Бұрын өз пәнімізді жақсы білсек, аздаған педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерсек, баланы өз ерігімізге бағындырсақ,өте күшті педагог болдық деп тоқмейілсуді бастан кешіретін едік. Енді бұл көзқарасты мүлде өзгертуге тура келеді.Өйткені қазір заман өзгерді,қоғам өзгерді, ата-ана мен бала психологиясы өзгерді. «Жаңа балалар» деген феномен пайда болды. Олардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Қазіргі балалар ешнәрседен қорқа қоймайтын,өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик қиялшы емес, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар.Сондықтан баланы өзінен төмен көретін, көп ақыл айтатын, іскер емес мұғалімдерді олардың жан дүниесі қабылдамайды.Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде 200-дей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен.Ол мектептің барлық шараларына қатысады, көптеген адамдармен қарым-қатынастар жасайды, көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарды кездестіріп, оларды шамасына, біліктілігіне қарай шешеді.

Енді осыған сәйкес мұғалімдерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек:

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түрлі нәтижеге қол жеткізе алады.Ондай мұғалім әрбір күнініе есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады.Екіншіден, кешегі педагогикадағы үрдістерді ысырып тастамағаны абзал.

Педагог-ғалым Сухомлинский Василий Александрович баланы «табиғат перзенті» деп қарап, өз мектебін «Қуаныш мектебі» деп атағаны мәлім. Ол «ойлау», «табиғатпен тілдесу» сабақтарын өткізіп,оқушыларды сұлулық пен жанды ойды түсінуге баулыды.

Грузин педагогы Ш.Амоношвилидің «Өмір мектебін» еске түсіріп көрейік. Бұл ғалым-педагог ынтымақтастық педагогикасының негізін қалады.Мектебінде баланы өзінің өмір жолын дұрыс таңдауға үйретумен шұғылданды. Орыс академигі Шатинин Михаил Петрович, қазақтың ғалым-педагогі Нұртазина Рафиқа апайдың еңбектері де қазіргі ғаламдану заманының ұстанымдарына сай келмей ме?

Үшіншіден, мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланың өмірдің әр саласынақатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.

Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс.Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қасиеті арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады», дейді.Көп білу үшін көп оқу, тоқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды таңдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт.

Бала ықпал ету обьектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек.Мұғалімдер өзара араласып, ақылдасып атқарған істің жемісті болатыны белгілі.Ендеше жаңа оқулықтар оқыту әдістемесі мен дидактикалық материалдар даярлау барысында ғалымдар мен ұстаздар бірлесіп еңбек етсе, олардың сапасы да талапқа сай болары сөзсіз.

Алтыншыдан, мұғалімдер ынтымақтастық педагогикасы қағидаларын өз ісінде басшылыққа алулары тиіс.Сонда «мектеп те, мұғалім де – бала үшін» қызмет етпек. Ең бастысы мұғалім өзінің өмірімен, білімімен, зерделілігімен, салауаттылығымен, яғни барлық ісімен үлгі болатын тұлғаға айналуы қажет.

Жетіншіден, оқу мен тәрбие – егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн.

Бұл, сөз жоқ, мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына бейімділікті, жанқиярлықты талап етеді.

Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын,шығармашылығы мол еңбекшіл, парасатты азаматы болуы керек. Өйткені баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады.Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, саяси-экономикалық және педагогикалық-психологиялық сауатты болуы тиіс.Сонымен қатар балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт.

Оқушыларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу - әрбір ұстаздың абыройлы парызы, һәм қарызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, этно-мәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет.

Мұғалімнің шығармашылық шеберліктерін шыңдауда педагогикалық оқулар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, байқаулар олимпиадалар, шығармашылық есеп, іскерлік ойындардың берері көп.Бұл мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдап,қисынды ойлай білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады.Мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберліктерін арттыру, сөйтіп оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылық байланысты нақты танымдық іс-әрекетке ұластыру, озат тәжірибені орынды пайдалануға мүмкіндік туғызу - әрбір мұғалімнің басты міндеті. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктерін арттырып, ертеңгі білімдар, парасатты жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында жұмыс істеуі қажет.

Мұғалім – білім саласындағы басты тұлға. Ы.Алтынсарин сөзімен айтқанда «мектептің жұмыскер жүрегі». Олар заман талабына орай даярлау,шеберліктерін шыңдау,біліктілігін арттыруда мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтаудың орны ерекше.

Осы заманғы мектептің қай ділгір мәселесін алсақ та, оларды шешу ең алдымен, мұғалімге, оның идеялық танымына мамандық білгірлігіне, ой-өрісінің молдығына педагогикалық шеберлігіне байланысты.Ал оқушыға берілетін білімнің мазмұны мен сапасы, оны меңгертудегі көрсеткіші мұғалімнің іскерлік қабілетінің басты бейнесі болып табылады.

Оқушылардың рухани жан дүниесін байыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дарынды оқушыларды мектептен тыс, сыныптан тыс әр түрлі үйірмелерге баулу, олардың жеке шығармашылықтарын көрсетуге жағдай жасап отыру қазіргі таңдағы уақыт талабы деп түсіну қажет. Осылай еткенде ғана оқушы белсенділігі одан әрі артып, өзіне-өзі сенімді, берілген жұмысты тиянақты орындай алатын, рухы мықты тұлға болып шығуы сөзсіз.

Баланың өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру, өз бойынан шығармашылық қасиет іздеуге дағдыландыру, оның өмірде өз орнын табуына жол ашады.Бүгінгі таңдағы білім ісінің негізгі күре тамыры да осы болуға тиіс.

Оқу-тәрбие үрдісінде қабілет,дағды,білім,ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкін. Мұғалім оқушы өзгешеліктеріне зер сала білуі керек.Мұғалімнің жеке бір шығармашылық табысы болса тіпті жақсы. Мысалы, орындаушылық, сурет өнері, музыкадан.

Бала әрекетіндегі, қимылындағы саналы күштерді ақырын, нәзік түрде шақырып,оятып отыру керек. Ол сурет салып отырғанда, бояумен жұмыс істегенде,баланың санасын оятатын мақсат қоля білген жөн. Қызыл түспен басымырақ сурет салынса, енді көгілдір түспен не салар едің деген сияқты сұрақтар қойып жетелеген жөн.

Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі шарт.Алдымен кәсіптік қабілетіне талап қойылады.



  1. Бақылау жүргізу қабілеті. Анықтауда тест, бағдарлама құра білуі.

  2. Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі.

  3. Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білуі.

  4. Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті талдаудағы ептілік.

  5. Арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі.

6. Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы.

7. Ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі.

Ұстаз саяси сауатты, жан-жақты білімді,өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдістемелік шеберлігі болуы шарт. Ал дарынды оқушыларды интеллектілігі жоғары, профессионалдық мәдениеті қалыптасқан, мұғалім ғана тәрбиелей алады. Дарынды және шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің рөлі білімді таратушы жай мұғалімнің рөлінен ерекшелігі байқалады. Олардың міндеті білімді беру ғана емес,оқушының өзіндік мүмкіншілігін ашуында.

Мұғалім – елдің болашағын көркейтіп, рухани биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық.Ондай мамандық иесі әрқашанда өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлайтын ойынан ілтипаттылығы мен парасаттылығы, біліктілікке ұштасқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары жайсаң адам болу керек.


ІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері.

Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады.Баламен тіл табысып, шәкірттер нағыз тірліктің тынысын сезіне алады.

Ұлы Абай атамыз айтқандай, біліммен теңессе ғана ұлаттар теңесе алады.Біздің егеменді еліміздің мәртебесін көкке көтеретін, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамытатын тек қана жастар. Жан-жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін, теориялық білімді тәрбиеде тиімді пайдалану мен үйлестіру үшін кең мүмкіндіктер берілді.Мектеп өмірі балаға жаңа әлемді ашып береді. Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту. Оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру.

Шығармышылық тұлға негізгі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің дара-дүниетаным, дара эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармышылық қабілетті ашып көрсете алмайды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Әрбір адамзаттың психофизиологиялық және ерекшеліктері мен қабілетінің дамуына қарай білім алудың барлық деңгейін пайдалана отырып, білім алуына хақысы бар» - делінген.

Бастауыш сыныптарда оқушының оқу бағдарламасының әр пәннен тапсырма орындауы 80% деңгейін игерсе жеткілікті саналады. Білім туралы заңға сәйкес мұғалім оқушының мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс, бұл үшін оқытудың белгілі технологиясын игеру қажет.Мәселен, Ж.А.Қараев, В.М.Монохов және басқалардың тәжірибесін игеру қажет, өйткені педагогика адамның қалыптасуымен жеке өзіндік ерекшелігін, әрбір баланың қайталанбас тұлға екенін зерттейтін ғылым.

Міне, осыдан келіп педагогиканың ең маңызды заңдылығы туындайды, яғни, әрбір оқушыға жекеше тәсіл қолдану, оның мүмкіндігі мен қабілетін, дарынын, физиологиялық ерекшелігін, ерік-жігерін, өскен ортасы мен тегін ескеруі қажет болады.

Білім берудің мақсатына орай, қазіргі заманғы психологияда зерттеліп анықталған бастауыш саты кезеңіндегі баланың жасымен байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып және оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, ең алдымен, мектеп ұсынатын оқу материалдарының базалық (инварианттық) деңгейі, яғни базалық білім мазмұны анықталуы тиіс, бұл деңгей бастауыш сатыда қандай типті екеніне қарамастан кез-келген мектептің әр оқушыға ұсынатын білім мазмұнын жан-жақты толық ашады және оқу бағдарламасы осы мазмұнды құрады.

Оқу үрдісінде бұл мазмұнды оқушылардың меңгеруі біркелкі болмайтыны белгілі, бір оқушылар оны толық жан-жақты меңгереді. Бұл білім мазмұнының жоғары (максимум) деңгейіне сәйкес келеді.

Екінші біреулері – толық меңгеруге шамасы жетпейді. Осымен байланысты білім мазмұнының ең аз (минимум) бірақ, әр оқушы үшін меңгерілуі қажетті деңгейі оқушы дайындығының ең аз міндеті деңгейіне қойылатын талаптар түрінде анықталады.

Біздің байқағанымыз, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады.

Соның нәтижесінде қоғамның дарынды адамдарға деген қажеттік қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына баса назар аударуымыз керек.

Балаға әсер ететін орталар:



  • Ата-аналар, мұғалім, мектеп, жұртшылық, БАҚ, жолдастары.

Жұмыс сітеу барысында баланың осы орталарымен байланысын жете бақылап отыруымыз керек.Ол үшін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалармен жұмыс істеудің соңғы нәтижесі білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жеткізуімен аяқталады.

Дарынды балалармен жұмыс істеуді төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады.

1.Бала бойындағы қабілеттіліктерді бақылау. Жалпы, дарындылықты анықтау, дамыту аса шеберлікті қажет етеді. Бақылауда асығыстық жасауға болмайды. Зерттелетін объектіні айқын белгілеу үшін белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданылады. Қай әдісті алсақ та бала табиғатын ұқпаған кісі, оны қанша әурелегенмен еш нәтиже шығара алмайды. Яғни, мұғалім үшін бала жанын түсіну үлкен өнер, ол дәрігердің адам денесін, ұстаның ағаш және темірді білгеніндей өте қажет.

Оқушыны алдымен қабілетіне қарап сыныптан шартты түрде даралаймыз.

Бұл даралауда құпиялылық сақталады.Ол оқушының зерттеу объектісінде тұрғанын өзі және сыныптастары білмеу керек, яғни, бақылау табиғи түрде жүргізілуі керек. Оның сыныпта тапсырмаларды орныдауға белсенділігі, ұтқыр жауаптары, жаңа сабақты жылдам меңгеруі, үй тапсырмасын орындаудағы тиянақтылық, қайталау сұрақтарына мүдірмеуі, т.с.с. есепке алынады. Зерттеу жүйелі жүргізуді талап етеді.

Байқау әдісі. Бала ерекшеліктеріне, жалпы әрекеттеріне бақылау жүргізіледі.Әдіс шарттары: 1.байқау, ұзақ мерзім жүргізіледі;

2.мақсатқа жетуге айқын көрсеткіштер жинақтау, мысалы, мысалы жаттығуды орындауда неге мән береді;

3. бақылау құралдарының жеткілікті болуы және оның дер кезінде қағазға түсуі.

Әңгімелесу. Мұнда алдын-ала жоспарланған сұрақтарымен қатар жанама сұрақтар ролі ерекше. Әңгіме желісі үнемі проблеманы шешуге әкеп соқтырып отыру керек.


  1. Потенциалды мүмкіндіктерін анықтау. Ерекше бағыттағы мүмкіндігін анықтағанда тесттер қолданылады. Тесттік топқа және жеке оқушыға жүргізуге болады.

2.1. Есте сақтауы.

Аз уақыт аралығында сөзді есте сақтауы. Айтылатын сөздер тізбегі балаға таныс болуы тиіс. Аралығы жарты секунд. Жауапты балмен қорытындылайды.

2.2. Көзбен шолып анализ-синтез жасау.

- 4 суреттен беріледі. Осылардың ішінен артық сурет сызылып тасталады. Баланың бейнемен таныстығы да ескеріледі. Балдық жүйемен бағаланады.

- Көзбен салыстыру. Бірінші баған 2-ге бөлінеді. Оның біреуіне өзара сәйкестігі бар екі сурет салынып, сұрақ белгісі қойылады. Мысалы, тауық. Ал екінші бағанда мүмкін болатын суреттер тұрады. Мысалы, үйрек, әтеш, балапан, күшік. Бала сұрақ орнына қойылатын суретті іздейді. Мұндай салыстыруларды әр түрлі тақырыптардан алған дұрыс.

2.3. Сөзден тікелей анализ-синтез жасау.

- 4-5 сөз айтылады. Осылардың ішінен басқалармен сәйкестігі жоғын алып тастау керек.

- Салыстыру. Бірінші екі сөз айтылады. Мысалы, сағат-уақыт, екінші бір сөз айтылады. Мысалы, градусник-? Содан кейін мүмкін сөздер тізбегі беріледі.Мысалы, сырқат, әйнек, төсек, температура, дәрігер.

2.4. Ойлауы.

- 5-тен кейін қандай сан тұруы керек? 1,3,5 ... ? 4,6,7.

- Ауызша айтылған сөздер ішінен ұзынын немесе қысқасын табу керек. Бірақ, айтылған сөздерде 2-3 әріпке айырмашылық болсын.

2.5. Пікіріндегі дәлдік, толықтық, жүйелілік.

Сұраққа жауап беруінде немесе әңгімелесу кезінде әрбір сөйлемге мән беруі, орынды пайдалануы, сөйлемді толық құруы ескеріледі.


  1. Дарындылықты дамыту шаралары.

Жеке ерекшеліктері анықталып болған соң оларды дамыту жұмыстары басталады.Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құрылады.

Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру: оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдістері болуы, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетіндік білім алуға жетелеу. Апталық жүктемеге міндетті түрде мән берілмеуі керек. Тапсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болсын.Артық талаптардан кері нәтиже шығуы мүмкін.

Бастауыш мектептерде қазақ тілі сабақтарында дарынды балаларды оқыту барысында мұғалімдер заман талабына сай оқушыларды жан-жақты тұлға ретінде дамыта отырып оқыту ісі ерекше орын алуы қажет. Білім берудегі жаңа технологияларды өз тәжірибелерінде пайдалана отырып, білім сапасын жақсы деңгейде көтеру өзекті мәселе. Мектептерде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау», «Тәй-тәй», Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту, М.Жанпейісованың модульдік оқыту, Амонашвилидің адамгершілік – ізгілік педагогикасы, Дамыт аоқыту педагогикасы, т.б. технологиялар мен жобаларды кеңінен пайдалану қажет. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, кіші мектеп оқушыларының білім алуға деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.

Бүгінгі бастауыш мектепте оқу әрекеті басым. Сабақтарда әсіресе, қазақ тілі сабақтарында оқушылар білімділік жаттығулар типте есептер шығарумен айналысады. Әрине, мұндай жағдайда қанағаттанарлық деп айтуға болмайды.

Баланың шығармашылық, ізденгіштік қабілеттерін дамыту өте ерте кезден бастап қолға алуды қажет етеді. Мысалы,тіл үйрету үшін біз баланы туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз. Ал музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте кезден ашылады. Міне, осыны басқа қабілетті дамытуға неге пайдаланбасқа!

Бала жүйелі тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекет жағдайында болуы қажет. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-қатынастар шығармашылық қабілетті дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз.

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің назарында. Сондықтан болар, қазіргі таңда қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеруге бағытталған шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр.

Халқымыздың рухани көсемі ғұлама А.Байтұрсынұлының «өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек» деп өсиет қалдырғаны бекерден-бекер болмаса керек.

Сондықтан, қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Оқыту барысында алдымызға қоятын мақсатымыз – туған тілдің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден орын таба алатын өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсу.

Осы алдымызға қойған мақсатымызды жүзеге аасыру жолында сан қилы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөліну қажет деп ойлаймыз.

Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқыту кезеңінде олардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторлары мен бірге баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою болып саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Дамыта оқыту сабағы ерекше ахуал – мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқыту да баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетін жағдайға түсу керек.

Сонда ғана баланың білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ төмендегідей 3 құрамдас бөліктрден тұратын болады:

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешудің жолдары.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай үлгі бермейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын, өзінше дәлдей түсуге үйретіледі.Әр оқушыға өз ойын, пікірін, айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптың бәрі бірдей дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр балаға жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды,жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Оқулықтағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже береді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру тәрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал оның негізгі мақсаты жоғары деңгейдегі адамгершілік, мәдени даму және қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап көрсетілген.

Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғыры – бүгінгі мектеп шәкірттері. Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Қоғамда болып жатқан қарқынды өзгерулер мен жаңарулар білім саласына да тың серпіліс әкелді.Білім берудің қазіргі басты мақсаты - өзінің жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет ете алатын, қажетті ақпаратты іздеп, оны сұрыптауға, меңгеруге бейімді, қоғамдағы бәсекелестікке іскерлігімен төтеп бере алатын тұлғаны даярлау. Білім негізі, іргетасы бастауыш мектепте қаланатыны айқын.Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқыту ісінің маңыздылығы ешқашан күн тәртібінен түсіп көрмеген. Қазіргі бастауыш сыныптарда бітірген жеткіншек – адамгершілік құндылықтарды бойына сіңірген, білуге жаңалыққа құмар, шығармашылығы белсенді, үнемі жетіліп отыратын тұлға, яғни ХХІ ғасыр азаматы.

Осы мақсаттардың үрдісінен көріне білу үшін мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктеледі. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері теориялық біліммен мықты қаруланған, өзінің кәсіби шеберлігін заман талабына сай үнемі жетілдіріп отыратын, шығармашыл ұстаз болуы қажет. Қазақ халқының ағртушы ұстазы А.Байтұрсынұлы «Мектептің тірегі де, тілеуі де – оқыта білетін мұғалім» деуінде үлкен сыр жатқандай.

Қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қарқынды қалыптасып, педагогика ғылымында баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған білім берудің жаңа технологиялары көптеп жүзеге асырылуда.Ғалымдарымыз отандық және шетел ғалымдарының тәжірибелерін зерттеп, озық үлгісін таратуда. Мұның бәрі түптеп келгенде қазақстандық білім беру саласын әлемдік өркениетке жақындату, білім беру сапасын жақсарту мақсаты деп білеміз.

Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген мұғалімдер әр сабағын жаңашыл ізденімпаздықпен, оқушының білім алуына барлық жағдай жасалған деңгейде өткізуде. Қазір шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің еңбегі ғана жақсы нәтиже береді.

Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды, талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселе әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады.Соның бір айғағы ретінде жоғары қабілетті Еуропалық ассосация құрылды.Ассосацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда да жүріп жатыр. Ғалымдардың есептеуі бойынша әрбір жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайыздан 8 пайызға дейін өте талантты оқушылар болады.Бірақ, олардың барлығы мадақтала бермейді. АҚШ-та дарынды балалардың 40 пайызы анықталады, ал Францияда олардың 5 пайызы жоғары мектепке қабылданбайды екен.

Англияда дарынды балаларды зерттеу орталығы бар. Мұнда дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептер, арнаулы бөлімдер және тездетіп, тереңдетіп оқытатын курстар жетерлік. Ағылшын педагогтарының дарынды балаларды оқыту әдістемесі бойынша диагностикалық тестілеу тәжірибелері мол.

Германияның Гамбург қаласында 1985 жылдан бастап ерекше қабілетті оқушылармен шұғылданатын қызмет орны жұмыс істейді.

Францияда 80-жылдардың ортасынан бастап кейбір бастауыш оқу мекемелеріне талантты балаларға арналған сыныптар пайда бола бастады. 90-жылдардың басында Страсбургте ойлау қабілеті өте жоғары балаларға арналған ерекше мектеп ашылды.

Жапонияда дарынды балаларды оқыту мәселесіне салыстырмалы түрде ұстамды бағыт көрсетілді.Бұдан Жапонияда өзекті мәселеден тысқары бағыт ұстайды деген пікір тумайды.Кейбір оқу орындарында талантты оқушыларды анықтау бағытында диагностикалық тестілеу жүргізіледі. Оларға арнап арнаулы оқулықтар мен оқу құралдары шығарылады.

Оқушылардың білімі, материалды талдау, оған баға беру тәжірибесі мығым болса, олардың білімінің келер сатысына жетелеу оңай.

Ғылымның жұмбақтарына енемін дегенге жас буынға мынадай үш түрлі шартты орындау қажет:


  1. Оның рухани көзі таза болуы тиіс.

  2. Ол өзінің алдына мақсат қоя білуі тиіс.

  3. Соны орындауға ынталы болуы тиіс.

В.Ф.Шаталов ескі, дәстүрлі әдістемеге қарсы өзінің әдістемелік жаңа жүйесін жасады. М.М.Жанпейісова осы пікірді қолдай отырып, өзінің жаңа модульдік технологиясын жасап, оны іске асырудың жолдарын таба білген.

Оқытуды түрлендіру үшін, әрине, сыныпта әр уақытта көңілді атмосфера ұстауға тырысу керек.

Деңгейлік жұмыс істеуде бала жалықпайды. Күрделі тақырыпты қарапайым тілмен жеткізе отырып, өзінің тіл байлығы мен білімін көтереді. Бірлесе отырып айтылған бір нұсқаны таңдап алудағы мақсат, бала бойындағы дарынның оянуына жол беру. Ол белгіліден белгісізге, яғни жаңа ұғымдарды игеру бала белсенділігі арқылы айқындала түседі. Оқушылардың ой-өріс мен дүниетанымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Осы тәжірибе арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына балалардың сабаққа деген ынтасы белсенділігін арттыра түсуге болады деп ойлаймыз.

Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай топқа бөлеміз. Яғни білімі толық беске оқитындар – үздік топ, екінші топ – төрттіктер, үшінші топ – үштіктер.

Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керектігін түсіндіру қажет.

Яғни, «5» бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулықпен қатар қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет, журнал материалдарымен өз білімін ұштастырып отырып,оқулықпен сабақтастыруы шарт, оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді.

Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа түсіп қалмауға талпынады.

Оқушыларға қазақ тілін оқытуда қазақ халқының мәдениетін, тарихын, дәстүрін қоса қамтып алуымыз керек.

Ресейде ұлттық қалаулы тобын тәрбиелеу қажеттілігін түсінеді. 1989 жылы «Талантливые дети» атты кешенді бағдарлама жасалды, арнаулы «Ресейлік мәдени қор» ұйымдастырылды, қаражат бөлінді. 1996 жылы бұл қор 229 дарынды оқушыларға степендия бөлді.

Дүниежүзінде болып жатқан мұндай құбылыстан Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау керек» делінген.

Республикада «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы құрылған. Мақсаты – еліміздегі талантты да дарынды балаларды тауып, сапалы білім беру.

Мұғалімнің білімді игертуі ұзақ үрдіс. Түпкі нәтижеге білім мен тәжірибені ұштастыра білуі керек. Жалпы мектеп үшін қазір балаларды даралап,саралап оқыту әдістері қолданылуда.

Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» әдісі бойынша 4-ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта мұғалім бала ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, баланың бөліп алғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Осы жерде мұғалімге үлкен міндет жүктеледі. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін пайдаланатындай етіп құруы керек.Тесттік формада тапсырма беруде де зерттелінуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет.

Тапсырмалар ойлауға, талдап-жинақтауға, абстрактілеуге құрылады.Бұларды ақыл-ой гимнастикасы деп те атауға болады.

Жеке тұлғаға баға берілетін сыныптан тыс шаралардың ұйымдастырылуы: пәндік олимпиадалар, байқаулар, клубтар, үйірмелер, секциялар.

Жоғарыда айтып өткендей, түпкі нәтижеде оқушы өздігінен ізденеді, зерттеу жүргізеді, теорияны тәжірибе арқылы талдауға талпынады.

Жаңа технология бойынша әдістемелік жүйесінің басты бөліктерінің бірі – дамыта оқыту. Осы талаптарды орындау үшін, біріншіден, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет ету. Екіншіден, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші. Үшіншіден, жаңа технологияның мақсаты – оқытуды ізгілендіру. Ол оқулықтарға деген көзқарасты өзгертуді талап етеді.

Оқушының жұмыс қабілеті, сабаққа деген ынтасы түрлі интеллектуалдық ойындар арқылы, деңгейлік тапсырмаларды өз қалауынша таңдауы арқылы қалыптасады. Мұғалім оқушы алдында мәліметтерді ұғындырып, бала білімін кеңейтіп, көздеген нысанына өз бетінше жетуге қолайлы жағдай туғызады.

Қазақ халқының педагогикасының тәрбиелік және оқулық мүмкіндіктерін қазіргі мектептерде өз оқушыларымызбен жұмыста пайдалану және іске асыру – біздің міндетіміз.

Қазақ тілі сабақтарын өту барысында қазақ халқының салт-дәстүрлерін, үлгі-өнегелерін, қазақтың ырымдары мен тыйымдарын, әдет-ғұрыпын кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау етуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әрбір баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелерді іске асыру үшін бүгінгі таңда дарынды балалардың қабілеттерін жоғары деңгейде қанағаттандыратындай білім беру үшін оқытудың әртүрлі технологиялары жасақталып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.

Білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту дарындылық пен талантқа жол ашуға бағытталған жаңа технологияларды айтуға болады.

Жаңа технологиялардың құндылығы:

1.Жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді.

2.Оқушы төмен баға аламын деп қорықпайды, керісінше, тапсырманың жауабына қарай жоғары ұпай жинау арқылы ынтасы артады.Оқушыға 4 деңгейлік тапсырма беріледі.

3.Оқушы оқу материалын өзі меңгереді, ал ұстаз өз пәнінен жұмыс дәптерін жасайды.

Педагогикалық технологиялар мектептегі білім беру жүйесінің алдына күрделі міндеттерді қойып, оларды шешу үшін оқытудың мазмұны мен құралдарына, әдіс-тәсілдеріне, ұйымдастыру түрлеріне өзгерістер енгізуді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет