Дипломдық жұмыста «Регион Нефтепродукт»


Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитін жүргізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата14.02.2023
өлшемі1.3 Mb.
#469550
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
2019 5B050800 Алтынбек, Рысбек, Кетебаева

2.3 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитін жүргізу тәртібі 
 
Соңғы онжылдықта экономикалық қызметтің көптеген салаларында, 
оның ішінде еңбекақы төлеу және әлеуметтік қорларға сақтандыру 
жарналарын аудару жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды. Мемлекет, 
кәсіпорын және қызметкер арасында еңбекті ұйымдастыру жөнінде жаңа 
қатынастар қалыптасты. Бүгінде кәсіпорындар олардың алдында тұрған 
ерекшеліктер мен міндеттерге сүйене отырып, еңбекке ақы төлеу жүйесі мен 
нысанын дербес таңдауға құқылы. Ал жұмыс беруші мен қызметкер 
арасындағы еңбек қатынастарын реттеудің тікелей заңды нысаны тарифтік 
келісімдер мен ұжымдық шарт болып табылады. 
Біздің обьект ретінде алған компаниямыз «Регион Нефтепродукт» 
жауапкершілігі шектеулі Серіктестігі. Компания мұнай және газ өнімдерін 
сату және тасымалдау бойынша табыс табады. Мұнай мен газ өнімдері 
әрқашан үлкен сұраныста болып келеді. Себебі біздің еліміздің экономикасы 
мұнайға тікелей байланысты. Біздің мұнай-газ кәсіпорындарындағы барлық 
өндірістік және көліктік процестерді оңтайландыру есебінен Қазақстандық
компаниялар әлемдік нарықта жеткілікті жоғары бәсекелестік жағдайында 
табысқа ие. Еліміздегі аудит жұмыстарын жүргізуші мамандар клиенттеріне 
шағын 
мұнай 
компанияларын 
аудиторлық 
тексеруге, 
мұнай-газ 
кәсіпорындарының есеп беру аудитіне үлкен көңіл бөледі. Осыған 
байланысты маркетинг, аудит, бағалау және халықаралық деңгейдегі барлық 
стандарттарды сақтау бойынша қажетті шараларды қалыптастыруға кешенді 
тәсілді ұсынады. Компания жылына бір рет аудит компанияларымен келісім-
шартқа отырып, аудит жұмыстарын жүргізуге ниет білдіреді. Себебі аудит 
қорытындысынан кейін компания басшылығы да ішкі аудит және сыртқы 
аудит бойынша қандай қателіктер кеткенін біліп, алдағы уақытта сол 
қателіктерді түзеуге тырысады. Осындай аудит жұмыстарынан кейін еш қате 
жоқ екенін білген компания басшылығы алдыға қарай сеніммен қадам 
басады. Компанияның еңбекақы есебінің аудитіне келетін болсақ, ол ең 
бірінші еңбекақы есебінің дұрыс жүргізілуі бас бухгалтер мен компания 
басшысына байланысты. Себебі бас бухгалтер мен директор барлық 
құжаттарға ең соңғы қол қояды. Аудит жүргізу барысында аудитор 
қателіктер тауып алған жағдайда оны ең бірінші кездейсоқ кеткен қате ма, 
жоқ әлде әдейі жасалынған қате ма соны анықтайды. Егерде кездейсоқ 
жасалынған қате болса немесе кездейсоқ цифрдан қате кетсе ескерту 
жасайды да, түзетуге мүмкіндік береді. Ал егер, әдейі жасалынғаны байқалса, 
яғни алаяқтық орын алса оны міндетті түрде арнайы мамандарға тексертеді. 
Кінәлі тұлғаны тауып заң бойынша жазасын береді. Аудиторлық тексеріс 
аяқталып, қорытынды жасалынғаннан кейін табылған қателер болады. Ол 
қате аудитордың қателігі болып саналады. Себебі аудитор дер кезінде сол 
қатені немесе алаяқтықты байқамай қалуы мүмкін, ол аудитор болғаннан 
кейін мұқият тексеріс жүргізу керек. Аудиторлық компания өз мойнына 


39 
жабдықтаушы үлкен компанияның тексерісін алғаннан кейін оны 
жауапкершілікпен атқаруы тиіс.
Аудит шарт негізінде жүзеге асырылатын бухгалтерлік есеп пен ішкі 
шаруашылық 
бақылаудың 
жай-күйін, 
Қаржы-шаруашылық 
операцияларының заңнамаға сәйкестігін тексереді. Сондай-ақ есептіліктің 
дұрыстығын тексеруді, аудиторлар кәсіпорындар мен ұйымдарға көрсететін 
консультациялық, сараптамалық және басқа да қызметтерді білдіреді. 
Жалпы жауапкершілігі шектеулі Серіктестіктердегі еңбекақы есебінің 
аудитіне келетін болсақ ол компания басшылығының шешіміне байланысты 
ерікті және міндетті түрде өтеді. 
5-сызба - Аудит жүргізудің негізгі кезеңдері 
Ескерту - сызба автормен [12] әдебиетінің мәліметтер бойынша құрастырылған 
Аудитор еңбекақы бойынша аудит жүргізу барысында 3350 «Еңбекақы 
бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шоты бойынша қарастырады. 
Қызметкерлерге тиісті көп жылғы сіңірген еңбекақысын және демалыс 
ақысының бекітілген тәртіп бойынша құрылған қор есебінен төленетін 
еңбекақысы сомасының дұрыс жіберілгеніне сенімді болуы керек. Сондай-ақ
зейнет ақысымен қамтамасыз етуге жіберілген және әлеуметтік сақтандыруға 
жіберілген қаржы есебінен шығарылған жәрдемақы сомасын қарастыруы 
қажет. Кәсіпорын табысы сомасының, дебет бойынша еңбекақының, 
уақытша еңбекке жарамсызға арналған жәрдемақының төленген сомалары 
есебінің дұрыс жүргізілгендігіне сенімді болуы қажет. Сондай-ақ сыйлық 
ақшаның, еңбекақысы сомаларының қамтып көрсетілетінін білуге тиіс. Сол 
үшін аудитор кәсіпорынның әр түрлі бөлімдері бойынша, әр қайсысының 
түрлі кезеңдердегі қатынастары бойынша бөлек-бөлек талдау жасау керек. 
Еңбек ақы төлеуді тексеру кезіндегі аудитордың негізгі мақсаты, бақылаудың 
күшті жақтарын анықтап,маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізу болып 
табылады. 
Жалақы 
бойынша 
есеп 
айырысулардың 
аудитінің 
мақсаты 
қолданыстағы 
нормативтік-құқықтық 
актілерге 
негізделе 
отырып, 
аудиторлық тексеруді жүзеге асыру болып табылады. Сондай-ақ жалақы 
бойынша есеп айырысулардың бухгалтерлік есебін жүргізудің дұрыстығы 
Аудит жүргізу кезеңдері
аудиторлық тексеруді дайындау және жоспарлау
аудиторлық рәсімдерді орындау және жұмыс 
құжаттамасын ресімдеу
аудиторлық қорытынды жасау


40 
мен тәртібі туралы пікір білдіру . Жалақы бойынша есеп айырысуларды 
аудит кезінде тексеру қажет негізгі міндеттер кешендерінің қатарына 
мыналар жатады: 
- еңбек туралы заңнама ережелерін сақтау, еңбек қатынастары 
бойынша ішкі бақылау жағдайы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет