Дипломдық жұмыста «Регион Нефтепродукт»


  ЕҢБЕКАҚЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата14.02.2023
өлшемі1.3 Mb.
#469550
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
2019 5B050800 Алтынбек, Рысбек, Кетебаева


ЕҢБЕКАҚЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
2.1 «Регион Нефтепродукт» ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің 
ұйымдастырылуы 
 
«Регион Нефтепродукт» жауапкершілігі шектеулі Серіктестігі өзінің 
қызметін Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің, «Жауапкершілігі 
шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар Серіктестіктер туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан 
Республикасы Заңының және өзінің құрылтай құжаттарының негізінде 
жүзеге асырады. Серіктестік кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, 
қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250 адамға дейін және орташа 
жылдық табысы үш миллион еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын 
орташа кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. 
Серіктестіктің толық атауы: 
- Мемлекеттік тілде: «Регион Нефтепродукт» жауапкершілігі шектеулі 
Серіктестігі; 
- Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью 
«Регион Нефтепродукт». 
Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000, 
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 21 үй, 1149 тұрғын 
емес үй-жай. 
«Регион Нефтепродукт» ЖШС - заңды тұлғаның әділет басқармасынан 
алғашқы мемлекеттік тіркеуден (мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі №2563) 
өткен күні 2015 жылдың 7 тамызында. ЖШС-нің БСН коды 150840005019. 
ЖШС нің штатында 35 адам қызмет атқарады. 
Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болып табылады. 
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін Серіктестік қызметтің мынадай 
түрлерін жүзеге асырады: 
- дизель отынын көтерме/бөлшек саудада сату
- шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме/бөлшек саудада сату
- табиғи (жанатын) газды көтерме/бөлшек саудада сату; 
- тас көмірді көтерме/бөлшек саудада сату; 
- лигнитті (қоңыр көмірді) көтерме/бөлшек саудада сату; 
- авиация бензинін және жермайды көтерме/бөлшек саудада сату; 
- автомобиль бензинін көтерме/бөлшек саудада сату; 
- отын мазутын көтерме/бөлшек саудада сату; 
- өзге де отынды көтерме/бөлшек саудада сату; 
- дүкендерден тыс өзге де көтерме/бөлшек сауда; 
- көліктік қызмет көрсету; 
- ҚР аумағында мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сату; 
- мұнай өнімдерін экспорты; 
- сауда делдалдық қызмет; 


28 
- көтерме және бөлшек сауда; 
- коммерциялық қызмет
- сауда үйлері, әмбебап дүкендері, дүкендер желісін, дәріханалар және 
басқаларды ұйымдастыру; 
- қоғамдық тамақтандыру орындарын ашу: мейрамханалар, кафелер, 
кафитерилерді, барларды, жазғы орындарын және т.б.; 
- сыртқы экономикалық қызмет, экспорттық-импорттық операциялар; 
- заңды және жеке тұлғаларға маркетингтік, делдалдық, инвестициялық, 
дистрибьютерлік, өкілеттік және басқа да қызмет көрсету
- көлік-экспедиторлық қызмет; 
- құрылыс жұмыстарын жүргізу, оның ішінде жобалау,құрылыс-монтаж, 
жөндеу-құрылыс, безендіру және басқа; 
- құрылыс материалдарын өндіру және сату; 
- техникалық көмек көрсету станцияларын, көлік тұрақтарын және т.б. 
ұйымдастыру; 
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа 
қызмет. 
Серіктестік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасы 
шеңберінде жүзеге асырады.
Кәсіпорынның барлық шығыс хаттарына және құжаттарына ұйым 
директоры мен Бас бухгалтер жауапты, сондай ақ өздерінің құзыреті шегінде 
қол қояды. ЖШС нің бухгалтерия бөлімі Бас бухгалтерге бағынады, сонымен 
қатар ұйымның басқа құрылымдық бөлімшелері ақпараттарды өңдеп, 
бухгалтерия бөліміне тапсыруы тиіс. Кәсіпорында бухгалтерлік есеп 
автоматты түрде жүргізіледі. 
Кәсіпорынның қаржылық қызметін тексеру қажет болған кезде, ұйым 
басшысының қалауымен аудиторлық тексеріс жүргізіледі. Бұл қаржылық 
бақылауды аудиторлық ұйым немесе тәуелсіз аудитор жүзеге асыруы мүмкін. 
Аудиторлар және аудиторлық ұйымдар ЖШС-нің қызметкерлерінен өздеріне 
қажетті ақпараттарды, бухгалтерлік немесе өзге де құжаттарды талап етуге 
толық құқылы. ЖШС-нің қызметі Қазақстан Республикасындағы заңнамамен 
белгіленген жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. 
Есеп жүйесі қаржылық және басқарушылық есептен тұрады. 
Қаржылық есеп ХҚЕС 1 «Қаржылық есепті ұсыну» шарттарына сәйкес 
құрылады және оған келесілер жатады: 
- «Қаржылық жағдай туралы есептілік» немесе «Бухгалтерлік баланс»; 
- «Кірістер мен шығыстар туралы есептілік»; 
- «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік»; 
- «Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік»; 
- « Түсініктеме жазба»; 
- «ЖШС-нің есеп саясаты туралы ақпарат». 
ЖШС-нің есеп саясаты Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік 
есеп және қаржылық есеп туралы» заңына сәйкес құрастырылған. ЖШС-нің 
есеп беру кезеңі тоқсан сайын және календарлық жыл болып табылады.


29 
Баланс мәліметтері арқылы активтердің құрамы мен құрылымын және 
олардың пайда болу көздерінің динамикасын оқып білу үшін төмендегідей 
сараптама кестесі құрылған.
 
3-кесте - «Регион Нефтепродукт» ЖШС-нің балансына анализ жүргізу 
 
2018 жылкөрсеткіштері 
Үлес салмағы 
Абсолютті
өзгеріс, 
(+/-) 
Салыс
тырма
лыөзге
ріс (%) 
жыл басы 
жылсоңы 
жыл 
басы, 
(%) 
жылсо
ңы, (%) 
Актив 







І.Қысқа мерзімді 
активтер 
14 569 079 
15 086 680 
85,68% 90,50% 
517 601 
3,43% 
Ақша және оның 
эквиваленттері 
5 551 329 
5 675 111 
32,65% 34,04% 
123 782 
2,18% 
Қорлар 
5 243 808 
5 333 494 
30,84% 31,99% 
89 686 
1,68% 
Ағымдағы салық 
активтері 
105 687 
0,63% 
105 687 
100,00

Қысқа мерзімді 
ебиторлық берешек 
2 793 315 
3 471 529 
16,43% 20,82% 
678 214 
19,54% 
Басқа қысқа 
мерзімді активтер 
980 627 
498 859 
5,77% 
2,99% 
-481 768 
-
96,57% 
ІІ.Ұзақ мерзімді 
активтер 
2 434 446 
1 584 401 
14,32% 
9,50% 
-850 045 
-
53,65% 
Негізгі құралдар 
173 610 
62 032 
1,02% 
0,37% 
-111 578 
-
179,8% 
Материалдық емес 
активтер 
160 372 
130 703 
0,94% 
0,78% 
-29 669 
-
22,70% 
Басқа ұзақ мерзімді 
активтер 
2 100 235 
1 391 666 
12,35% 
8,35% 
-708 569 
-
50,92% 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет