Дипломдық жұмыста «Регион Нефтепродукт»



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата14.02.2023
өлшемі1.3 Mb.
#469550
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2019 5B050800 Алтынбек, Рысбек, Кетебаева

 
 


21 
 
4-сызба - Еңбек ақы төлеудің негізгі жүйелерінің үлгісі 
Ескерту - кесте автомен [11] әдебиетінің негізінде құрастырылған 
1. Еңбекақы төлеудің мерзімді жүйесі 
Төлем нақты жұмыс істелген уақытқа 
жүргізіледі. Есептеу негізі - жалақы немесе 
тариф. 
 
1.2. Сыйақылы мерзімдік 
Еңбекақы= Есептелеген жалақы 
(тариф) + Сыйақы 
1.1. Қарапайым мерзімдік 
Еңбекақы (есептелген жалақы кезінде)= Орташа 
күндік жалақы * жұмыс істелген күндер саны 
Еңбекақы (тарифтік мөлшерлеме кезінде)= 
Тарифтік мөлшерлеме күн/сағ * Жұмыс істелген 
күн/сағ саны 
2. Келісімді еңбекақы төлеу жүйесі 
Төлем жасалған жұмыс көлеміне 
байланысты жүргізіледі, жұмсалған 
уақытқа тәуелсіз. Есептеу негізі – келісімді 
бағалар. 
2.3. Келісімді-
прогрессивті 
Нормадан тыс 
өндіргені үшін 
төлем 
бағасынұлғайту
 
2.2. Келісімді-
сыйақылы 
Еңбекақы = 
тікелей келісімді 
еңбекақы + 
сыйақы 
2.1. Тікелей 
келісімді 
Еңбекақы=бір 
өнім үшін 
келісімді баға* 
өнім саны 
3. Еңбекақы төлеудің 
комиссиялық жүйесі 
Төлем түсімнен пайыз мөлшерінде 
жүргізіледі. 
2.5. Аккордты 
Жұмыстар мен бағалар көлемі 
жұмыстар кешені үшінбригадаға 
белгіленеді.Қатысушыларғатөле
мдербіліктілігінежәнеқызметкерд
іңжекееңбекқатысуына тәуелді.
2.4. Жанама келісімді 
Қосалқы 
қызметкерлердің 
еңбекақысы=Негізгі 
жұмысшылардың 
еңбекақысынан пайыздар 
3.1. Ең төменгі жалақы 
мөлшерін қолдана отырып
Еңбекақы = Ең төменгі жалақы 
мөлшері + түскен түсімнен 
пайыздық мөлшерлеме 
 
3.2. Ең төменгі жалақы 
мөлшерін қолданбағанда 
Еңбекақы=түскен түсімнен 
пайыздық мөлшерлеме 


22 
Осы нормаларға сүйене отырып, келісімді ставка келесі жолдардың 
бірімен есептеледі: 

сағаттық 
(күндік) 
тарифтік 
ставканы 
орындалатын 
жұмыстыңсанатына сәйкес, сағаттық (күндік) өндіріс жылдамдық нормасы 
бойынша тарифке бөлу жолымен
- сағаттық (күндік) тарифтік ставканы орындалатын жұмыстың 
санатына сәйкес, сағаттпен немесе күнмен белгіленген уақыт нормасына 
көбейту жолымен. 
Қарапайым келісімді. Бұл еңбекақы қажетті біліктілікті ескере 
белгілеп,белгіленгенкелісімді ставкаға негізделген өндірілген өнімдердің 
санына және орындалған жұмысқа тікелей байланысты. 
Келісімді – сыйақылы. Келісімді–сыйақылы еңбекақы кезінде 
қызметкергежалақыдан басқа, сыйақы төленеді, ол жұмыстың сандық және 
сапалық көрсеткіштерін орындағаны немесе асыра орындағаны үшін 
есептеледі. Сыйақылардыбелгіленген сомада, сондай-ақ жалақыдан 
пайыздық мөлшерде келісімді ставкамен орнатуға болады. 
Келісіді-прогрессивті. Еңбекке ақы төлеудің прогрессивті нысаны 
бойынша қызметкердің жалақысы белгіленген норма бойынша өндірілген 
өнімге белгіленген келісімді ставкамен төленеді, ал нормадан жоғары 
өндірілетінөнімге, сәйкесінше белгіленген шкала бойынша анағұрлым 
жоғары ставкамен төленеді. 
Жанама-келісімді. Жанама-келісімдіеңбекақы төлеу нысаны, әдетте, 
негізгі өндіріс қызметкерлеріне қызмет көрсету бойынша қосалқы 
жұмыстарды орындайтын қызметкерлер үшін қолданылады, және ол негізгі 
өндіріс қызметкерлерінің жалақысына тікелей тәуелді болады. 
Аккордты. Еңбекақы төлеудің аккордты нысаны бойынша қызметкерге 
(қызметкерлер бригадасына, ұжымға) сыйақы мөлшері нақты бір өндірістік 
операция үшін емес, шекті орындалу мерзімі көрсетілген, жұмыстардың 
жиынтығы үшін төленеді. Аккордты төлем жүйесі еңбектің ұжымдық 
нәтижелеріне байланысты. Бригаданың (ұжымның) мүшелері арасында 
табыстарды бөлу бригаданың әр мүшесінің жұмыс істеген уақытына және 
біліктілігіне сәйкес жасалады. Бұл бөлуді бірнеше әдістермен жүзеге асыруға 
болады: 
- берілген адам-күндер әдісі; 
- қосымша табыстар коэффициентінің әдісі; 
- жұмысқа қатысу үлесі коэффициентінің әдісі (ЖҚК). 
3.Комиссиялық еңбекақы төлеу жүйесі.Қазіргі уақытта комиссиялық 
еңбекақы төлеу, сату бөлімдерінің қызметкерлері үшін, халыққа қызмет 
көрсететін,сауда-саттық 
операцияларын 
жүзеге 
асыратын, 
сыртқы 
экономикалық қызметті көрсететін және жарнама агенттіктерінде кеңінен 
қолданылады. Сонымен қатар, қызметкердің табысы өнімдерді сатудан 
түскен табыстан тіркелген (пайыздық) кіріс ретінде анықталады. Бұл еңбекке 
ақы төлеу жүйесі өте тиімді болып есептеледі, себебі ол әрбір қызметкерді 
пайда табу үшін ынталандырады.Компанияның әкімшілігі қызметкерге 


23 
төленетін түсімнің пайызын белгілейді. Қызметкерге еңбек келісім-шартында 
бекітілген және сату көлеміне тәуелсіз, түсімнің пайыздық бөлігінен басқа, 
белгіленген ең төменгі еңбекақытөленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет