Дипломдық жұмыста «Регион Нефтепродукт»


ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ МЕН



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата14.02.2023
өлшемі1.3 Mb.
#469550
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2019 5B050800 Алтынбек, Рысбек, Кетебаева

1ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБІ МЕН 
АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
1.1 Нарықтық экономикадағы еңбекақы 
 
Нарықтық экономика жағдайында ұйым немесе кәсіпорын жұмысының 
нәтижесін анықтайтын экономикалық механизмдердің бірі - еңбек және 
еңбекақы есебін ұйымдастару мен оның маңызын жоғарылату болып 
табылады. Егер нарық қатынастары еңбек өнімділігінің сапасына, еңбек 
жұмысының нәтижелігіне, тұлғалардың еңбекке деген көзқарасының 
өзгеруіне септігін (әсерін) тигізбесе, нарықтық экономика өзінің жоғарғы 
мәнін жоғалтқан болар еді. Нарықтық экономикада адамның ой-қуаты, 
энергиясы, уақыт шығындары, т.б.жұмыстың тәсіліне қарамастан адамның 
кез келген қызметі еңбек болып саналады. 
Қазақстан 
Республикасының 
Еңбек 
туралы(Қазақстан 
Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қараша 1-бап. Осы Кодексте 
пайдаланылатын негізгі ұғымдар) 
заңында:"еңбек 
қатынастары 
– 
келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде 
көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен 
жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар" делінген.Нарық 
жағдайында еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің 
нәтижесіне төленеді. 
Осыған орай жалақы деңгейі халықтың шаруашылық деңгейіне 
байланысты өзіндік ерекшеліктермен айқындалып, бес қағидаға негізделеді 
(кесте-1). 
1-кесте - Жалақы деңгейін анықтайтын қағидалар 


1-ші қағида 
Еңбектің күрделілігі. Біліктілігі жоғары, қиын (күрделі) 
жасалған жұмыс (еңбек) жай еңбекке қарағанда жоғарғы 
құнды құрайды және оған төленетін еңбекақы да жоғары 
болуға тиісті. 
2-ші қағида 
Еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек ауыр және жеңіл; 
қалыпты және қауіпті (зиянды) болуы мүмкін. 
3-ші қағида 
Еліміздің дамуын көрсететін экономиканың ең керекті 
салаларында басқа салаға қарағанда өсім мен ақы төлеу 
жоғары болып табылады. 
4-ші қағида 
Әртүрлі экономикалық аймақтарда табиғи-климаттық
жағдайларға 
байланысты 
еңбекақыға 
аудандық 
коэффициент тағайындалып, жалақыға қосымша түрде 
қосылып отырады. 
5-ші қағида 
Жұмыскер (қызметкер) өзі еңбек ететін жердегі және 
жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты болады 
Ескерту - кесте автормен [5] оқулығының негізінде құрылған


16 
Нарықтық экономика жағдайында жұмысшы күші ерекше, бірақ тауар 
болып табылады. Ол еңбек нарығында сатып алынады және сатылады, оның 
құны мен бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. 
Нарықтық экономикасы едәуір дамыған елдерде еңбекақы төлеуді 
реттеу өзара байланысты екі әдіске негізделеді: ұжымдық-шарттық реттеу 
жәнемемлекеттік реттеу. 
Ұжымдық-шарттық реттеуде негізгі мәселе еңбекақы мәселелеріне 
аударылады. Еңбекақыны ұжымдық-шарттық реттеуді жүзеге асырудың 
нысаны салалық, корпоративтік, аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттар 
болып саналады. 
Қазіргі уақытта еңбекақы төлеуді ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді 
керек етеді. Реттеу не себепті қажет? 
1-сызба – Мемлекеттік реттеудің маңызы
Ескерту – сызба автормен
[3] 
оқулық мәліметтері негізінде құрылған
Елімізде еңбекақыны мемлекеттік реттудің негізгі бөлігі халықаралық 
нормаларын сақтау болып табылады. Төмендегі сызбадан мемлекеттік реттеу 
жүргізілетін негізгі бағыттарды көре аламыз (2-сызба). 
Мемлекеттік реттеу
Қазақстанда жұмысшы күшіне төмен бағаның болуынан 
Жұмыссыздық туралы нақты мәліметтерді көрсететін 
жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысы жайлы 
нарықтың болмауы
Жалақы төлеудің заңды базасын құрудың толық мәліметі 
жоқ болуынан
Жалақының төменгі деңгейі
Еңбекақы келісім шартын реттеудің тиімді механизмінің 
жоқ болуынан


17 
2-сызба - Қазақстанда мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары 
Ескерту – сызба автормен 
[4] 
оқулық мәліметтері негізінде құрылған
Адамның өз еңбегі үшін алатын жұмыс күшінің құнының жоғарғы 
және төменгі деңгейі болады: 
- Жоғарғы деңгейгежұмысшы күші шегі, ол кейбір елдерде әдет-
ғұрыпты болатын әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді қамтамасыз ететін 
(өтейтін) қосымша шығындар жатады. 
- Төменгі деңгейгеөмір сүруге керекті қаражат сомасы жатады. Олар 
отбасын асырау, қызметкерлердің жұмыс қабілетін арттыру үшін, кәсіби 
білім алу үшін жұмсалады. Ол кедейшілік шегін - жұмысшылардың төменгі 
біліктілігімен жұмыс қызметін ұстайтын қаражат мөлшері. 
Еңбекақы жұмыс күшінің бағасы ретінде нарықтық экономикада бес 
негізгі функцияны (қызметті) орындайды (3- сызба). 
Қазақстанда мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Өмір сүру минимумына сай келетін төлемақының 
минималды деңгейінқұру
Шетелдік жұмысшы күшінің кіруін реттейтін шаралар 
қолдану
Халықты әлеуметтік және құқықты қорғау
Түрлі жекеменшік кәсіпорында еңбекақыны құрудың 
заңды және методологиялық негізін құру
Шаруашылық субъекті (жұмысшылар) жалақысына 
тиімді салық салу жүйесін құру
Зейнетақыны, шәкіртақы және қосымша төлемді есептеу 
үшін орнатылған есептеу көрсеткіштері
Кедейлік жағдайын (деңгейін) анықтау және халыққа 
әлеуметтік көмек көрсету


18 
3- сызба - Еңбек ақының функцияларының жіктелуі 
Ескерту – сызба автормен 
[4, 25б.] 
оқулығы мәліметтері бойынша құрастырылған
Мәселен, жалақыны ұдайы өндіру функциясын іске асыру 
кәсіподақтардың айрықша ерекшелігі болып табылады, ал ынталандырушы - 
негізінен жұмыс берушінің міндеті болып табылады және ол еңбекті 
нормалау мен оны төлеудің тиімді жүйесін енгізу арқылы шешіледі. 
Еңбекақыны реттеу функциясын тек атқарушы билік органдары ғана табысты 
орындай алады. Еңбекке ақы төлеуді реформалаусыз қазіргі уақытта осы 
функциялардың бірде- бірі жеткілікті көлемде орындалмайды. Қазақстанда 
еңбек ақы төлеуді реформалаудың жолдары оларды (функцияны) іске асыру 
үшін қажетті жағдайлар туғызады. 
Кодексте(«Еңбек кодексі» 2004 жылы құрылып, 2005 жылдың 1 
қаңтарынан енгізілді. 67-71 бап) жұмыс уақыты түрлері мен ұзақтығы 
анықталған 
[16]

- Жұмыс уақыты қалыпты, қысқартылған және толық емес болады.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан 
аспауы керек. Жұмыс беруші әрбір қызметкердің нақты істеген 
жұмыс уақытының есебінен жүргізугі міндетті. 
- Қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмысқа 
орналасқан кезде, сондай-ақ жүкті әйелдердің, он төрт жасқа дейінгі 
баласы бар (он алты жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата- 
аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) біреуінің,сондай-ақ 
медициналық қорытындыға сәйкес отбасындағы науқас отбасы 
мүшесіне күтім жасайтын адамның өтініші бойынша толық емес 
жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін. 
- Жұмыс уақытының барынша үзақтығы 36 сағаттық жұмыс аптасы 
кезінде - 8 сағаттан, ал 30 сағаттық және одан да аз жұмыс аптасы 
кезінде – 6 сағаттан асыруға болмайды. 
- Түнгі уақыттағы жұмысқа 22 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейінгі уақыт 
жатады. Жұмыстың ұзақтығы түнгі уақытта бір сағатқа азайтылады. 
5.Ресурстік
шығарушы
1.Қайта 
өндіру
Еңбекақының 
функциялары
2.Ынта -
ландыру 
4.Төлем қабілеті 
бар халық 
сұранысын 
қалыптастыру 
3.Өлшеу
- бөлу


19 
Еңбекақы төлеу деңгейіне нарықтық және нарықтық емес факторлар 
әсер етеді (кесте-2). 
2-кесте - Еңбекақы төлеу деңгейіне әсер ететін факторлар 
 
Нарықтық факторлар 
Нарықтық емес факторлар 



кәсіпкер үшін ресурстың 
пайдалылығы; 

баға бойынша еңбекке 
сұраныстың икемділігі; 

ресурстардың өзара алмасуы; 

осы еңбекте пайдаланылатын 
тауарлар мен қызметтер нарығында 
сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі; 

тұтыну тауарлары мен 
қызметтеріне бағалардың өзгеруі. 
- жалақының ең төменгі деңгейі; 
- заңнамамен берілетін қосымша 
ақы деңгейін белгілеуге байланысты 
мемлекеттік реттеу шаралары; 
- жұмыспен қамтуды реттеу және 
ішкі еңбек нарығын қорғау жөніндегі 
шараларды жатқызуға болады.
Ескерту - кесте 
[8] 
оқулығы мәліметтері бойынша құрастырылған
Жеке нарықтық жағдайда сұраныс пен ұсыныс тең болған жағдайда 
жалақының нақты деңгейі белгіленеді.
Сонымен, еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыру мен жұмыс күшінің 
сапасын ынталандыру арасында өзара тығыз байланыс бар. Қазақстанның 
нарықтық экономикаға өтуі ынталандыру жүйесін нарықтық заңдылықтарға 
сәйкес түзетуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет