57
- еңбекақы бойынша белгіленген тәртіптегі заңды құжаттарды қабылдау,
онда көрсестілген есеп айырысудың қолданылу жолы және тұтыну қорының
анықталуы, күн көріс деңгейінің төменгі мөлшері, тарифтік мөлшерлеме
көрсетілуі керек;
- өнеркәсіп саласында және экономиканың басқа да саласында еңбек
өнімділігінің дамуы бойынша Үкімет деңгейінде
арнайы бағдарламаларды
дұрыстау және орындау.
Қорыта келгенде “Регион Нефтепродукт” кәсіпорнының еңбекақы
есебін дұрыс жүргізу оның қаржылық жағдайын тұрақтандырып, сол
кәсіпорынның жұмысын алға жүргізу немесе дамыту үшін мынандай
ұсыныстарды ұсыну керек:
- өндірілетін өнімдерістелінген жұмысқа көрсететін қызметке кеткен еңбек
пен оған төленетін еңбекақы шамасын дұрыс анықтау;
- еңбек өнімділігігің дамуын бақылауда ұстау;
- жұмысшыларға, қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан
қоғамдық тұтыну қорынанан бөлінетін қаржыларды бақылау.
Сонымен қатар еңбек пен жалақы есебін ұйымдастыруды одан әрі
дамытуға жасалынатын жағдайлар:
- еңбектің өнімділігі мен орындалатын
жұмыстың көлемін ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақы тиімді түрлерін кеңінен қолдану;
- еңбек пен өндірісті бақылаудағы ғылыми жолмен басқаруға дамудың
құрылымын қолдау;
- еңбекақы төлеудің сыйақы беру жүйесінен басқа түрлерін жұмыстағы
жетістіктерімен өзара байланыстыра отырып оң қадағалау;
- еңбек пен еңбекақы есептеуде қазіргі талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану алғашқы есеп жүйесін дамыту мен
жеңілдету.
Дипломдық жобаны орындау нәтижесінде, ғылыми жұмыстың зерттеу
объектісі болған
«
Регион Нефтепродукт
»
ЖШС-нің
қаржылық жағдайына
талдау жасалынды.
Кәсіпорынның қаржылық құралдарының қалыптасу жүйесі мен
қолданылуын және олардың қаржылық нәтижелерінің қалыптасуын
сипаттайтын көрсеткіштердің жиынтығы қарастырылды.Сонымен қатар
негізгі қаржылық тұрақтылықты,қаржылық дәрежелерді, қаржылық-
экономикалық тиімділікті және несие төлеу қабілеттілігі жайлы кешенді
талдау жүргізілген болатын.
Дипломдық жұмысты қортындылай келе
біздің міндетіміз еңбекақы
есебін үздіксіз жетілдіріп отыру, сәйкесінше шаруашылық субъектінің
экономикасын күшейту, осы арқылы халықтың әл ауқатын арттыру болып
табылады. Сонымен бірге осы күнгі экономикалық тығырықтан шығуды айта
кеткен жөн. Ол үшін еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып,есеп
жұмыстарында ең озық тәжірибелерін пайдалану болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: