Дипломдық жұмысты (жобаны) ұйымдастыруға, өткізуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар



бет3/11
Дата29.09.2022
өлшемі122.72 Kb.
#461652
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӨТКІЗУГЕ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

2 Нормативтік сілтемелер

Осы әдістемелік нұсқаулықта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-ΙV «Ғылым туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II «Техникалық реттеу туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық кодексі;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары;
"С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ Жарғысы.
ҚР СТ 1.5-2013 стандарттардың құрылысына, мазмұндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.
ҚР СТ 1.12-2015 Нормативтік мәтіндік құжаттар. Дайындалуына, баяндалуына, безендірілуіне және мазмұнына жалпы талаптар .
МС ИСО 9000: 2015 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік.
МС ИСО 9001: 2005 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар.
СО СМЖ 01.1011-2020 Сапа менеджменті жүйесі. Ұйым стандарты. Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасын құру, ұсыну және ресімдеу ережелері.
СО СМЖ 01.1014-2017 Сапа менеджменті жүйесі. Ұйым стандарты. Бөлімше туралы ережені әзірлеу, келісу және бекіту ережесі.
ҚРСМЖ 01.1006-2020 Сапа менеджменті жүйесі. Құжатталған рәсім. Құжаттаманы басқару.
ҚР СМЖ 01.1007-2020 Сапа менеджменті жүйесі. Құжатталған рәсім. Жазбаларды сапа бойынша басқару.


3 Жауапкершілік және өкілеттік

СМЖ әзірлеу, оны келісу, бекіту, тіркеу, қолданысқа енгізу жауапкершілігі мен өкілеттігі мынадай түрде бөлінеді:


– ережені әзірлеу үшін, атап айтқанда оның мазмұны, құрылымы үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры (бұдан әрі - АМД), ресімдеу, бекіту және енгізу үшін сапа қызметі (бұдан әрі-СҚ) жауапты болады.
- СМЖ ӘН Басқарма төрағасының бірінші орынбасарымен (бұдан әрі- СЖБӨ), академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорымен (бұдан әрі-АМД), заң бөлімінің бастығымен және сапа қызметінің бастығымен (бұдан әрі-СҚ) келісілуі тиіс және «Келісу парағында» (Л қосымшасы) ресімделеді.
- СМЖ ӘН жобасының соңғы редакциясы туралы шешімді ҚРҮ қабылдайды.
- Әзірлеуші СМЖӘН жобасын СҚ-ға тіркеуге береді, СМЖӘН түпнұсқасын ресімдейді, Келісуші қолдарды жинайды;
- СҚ осы СМЖ ӘН-ны қолданысқа енгізу туралы бұйрық дайындайды, оны Басқарма төрағасы бекітеді.
- СМЖ ӘН бекітілген бөлімшенің тиісті қызметкерлерінің назарына жеткізгені үшін бөлімше басшысы жауапты болады. Танысу туралы жазба «Танысу парағында» (М қосымшасы) ресімделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет