Дипломдық жұмысты (жобаны) ұйымдастыруға, өткізуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар


Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі



бет7/11
Дата29.09.2022
өлшемі122.72 Kb.
#461652
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӨТКІЗУГЕ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

11. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі

11.1 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізу қағидаларымен айқындалады.


11.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық отырысында оның мүшелерінің кемінде жартысының қатысуымен өткізіледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бітіртуші кафедраның студенттері мен оқытушыларының қатысуымен көпшілік түрінде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.
11.3 Бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы, әдетте, бір студентке 30 минуттан аспауы тиіс.

Норматив орнату:





Дипломдық жобаны (жұмысты) басқару, МАК жұмысы
- дипломдық жобаны (жұмысты) басқару және кеңес беру
- дипломдық жобаларды (жұмыстарды) рецензиялау;
- МАК жұмысына қатысу

әр диплом қорғаушыға 30 сағат, оның ішінде:

бір жобаға (жұмысқа) 24 акад. сағат


бір жобаға (жұмысқа) 3 акад. сағат


МАК төрағасы мен барлық мүшесіне әр студент үшін 0,6 акад. сағат



Бір диплом жетекшісіне 5 диплом қорғаушыдан артық емес, кейбір жағдайларда бір профессорға, тәжірибелі доцентке 8 диплом қорғаушыға дейін бекітіледі

МАК құрамы -5-тен көп емес, кіші топта 10 студенттен артық емес болуы керек



11.4 Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында және қатысқандар алдында 15 минуттан артық емес баяндама жасайды.


11.5 Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылауға сұрақтар немесе сөз сөйлеу түрінде барлық қатысушылар қатыса алады.
11.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікірді (қатысқан жағдайда ғылыми жетекші өзі сөз сөйлей алады) және рецензияны оқиды. Пікірде және/немесе рецензияда ескертулер болған жағдайда студент олардың мәні бойынша дәлелді түсініктеме беруі тиіс.
11.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша балдық - рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Бұл ретте теориялық, ғылыми және практикалық даярлық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы назарға алынады.
11.8 Диплом жұмысын қорғау нәтижелері әрбір студент бойынша жеке мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді және олар өткізілген күні жарияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет