Бірінші тарау. Зерделейтін пәннің нормативтік-құқықтық базасы, осы пәннің мазмұны мен жіктеу сұрақтары қарастырылады; зерттеу сұрағының нақты міндеттері көрсетіледі.
Екінші тарау. Екінші және үшінші тарау диплом жұмысындағы негізгі тараулары болып саналады.
Екінші тарауда зерттелетін пән бойынша қолданыстағы жағдайлар ашып көрсетіледі, яғни жалпы теориялық қағидалар мен нақты ұйымдардың нақты материалдары позициясынан сәйкес сұрақтардың мазмұны баяндалады. Егер ол «Кіріспе» бөлімінде берілмесе, зерттеу объектісі болып саналатын ұйымның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы беріледі.
Үшінші тарау. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты, бұл тараудың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, мысалы, онда теория мен тәжірибе тұрғысынан өзге мәселелер (екінші тарауда қарастырылмаған) зерттелуі мүмкін.
Аталған тарауда жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша зерттеліп отырған мәселені жетілдіруге арналған, өзіндік және өзге авторлардың (осы авторларға және ақпарат көздеріне міндетті түрде сілтеме жасай отырып) ұсыныстары ашып көрсетіледі.
Алдындағы тараулардағыдай, теориялық қағидалармен тығыз байланыстыра тәжірибелік материалды, яғни нақты ұйымның деректерін, зерттеу нәтижелері бойынша, озық тәжірибе туралы, ең бастысы, зерттеліп отырған сұрақ бойынша ұйымдағы кемшіліктер туралы тиісті қорытындылар жасалуы және осы кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарға дәлелдер келтірілуі тиіс.
Үшінші тараудың болуы диплом жұмысының тақырыбынан байланысты және оның міндетті құрылымды элементі болып табылмайды.
Диплом жұмысының негізгі бөлімінің мазмұны мамандық ерекшеліктерімен айқындалады.
Қорытындыда, зерттеу нәтижесінде жасалған және ұсынылған теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады. Олар, әзірлемелердің мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық түсінік беретіндей қысқа және анық та айқын болуы тиіс.
Қорытындылар мен ұсыныстарды баяндауға екі нұсқаның (тәсілдің) бірін пайдалануға кеңес беріледі, бұл жұмыстың жекелеген тарау параграфтарында олар толық ашылып көрсетілу-көрсетілмеуінен байланысты болады.
Егер зерттеу пәнін зерделеу салдарынан пайда болған қорытындылар мен ұсыныстар сәйкес тарауларда жасалса, онда «Қорытынды» бөлімінде олар, тізбе түрінде, негізінен, дәлелдерсіз, бірақ та оларды толық негіздей, диплом жұмысының тиісті беттеріне сілтеме жасай отырып ұсынылады.
Егер қорытындылар мен ұсыныстар «Қорытынды» бөлімінде ғана ашып көрсетілсе, онда олардың тізбесімен қатар, әрбір ұсынысты тәжірибеде қолданудың дұрыстығына және тиімділігіне негіздемелер келтіріледі.
Зерттеу мәселесін жетілдіру бойынша, диплом жұмысы авторының енгізген ұсыныстары ерекше қолдауға лайықты. Мұндай жағдайда қорытындылар мен ұсыныстарды мына жалғастықпен баяндаған дұрыс болады: алдымен, жұмыс авторының пікірі бойынша кемшіліктер туралы қорытындылар, содан соң – зерттеу объектісі болып саналған ұйым бойынша сәйкес сипаттағы қорытындылар мен ұсыныстар.
Сонымен, қорытындылар мен ұсыныстар, толық дәлелдер келтірусіз қысқа тұжырымдалған және нөмерленген қағида – тезистер (егер ол диплом жұмысының тиісті тарауларында бар болса) немесе қысқа баяндалған, бірақ жеткілікті негізделген түрде жоғарыда айтылған жалғастықпен ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |