1.6 Сарыптан таза емес шаруа қожалықтарындағы жүргізілетін сауықтыру шаралары
Малдарды сарып ауруымен ауырған шаруақожалықтарды, фермаларды немесе ел-мекендерді сарып ауруынан таза емес»- деп жариялап оларға шектелу қойылады.
Соған байланысты сарыптан таза емес шаруа қожалықтарында ауруды жою үшін сауықтыру шаралары жүргізіледі.
Сауықтыру үшін алдымен жоспар жасалынады. Жоспарды шаруашылықтың төрағасы бас мамандарымен келісе отырып талқылап бекітіледі.
Ондай жоспарда, сауықтыруға қажетті шаралар көрсетіледі. Мәселен: ең алдымен сауықтандыратын шаруашылыққа қысқаша мінездеме берілді: шаруашылықтың қашан құрылғаны негізгі өндіретін өнімі (ет, сүт немесе жеміс, сүт), шаруашылықтың жалпы жер көлемі оның ішінде шабандық және жайылым жердің аумағы, тұрғындағы немесе қожалықтағы малдардың жалпы саны, мал тұратын қоралардың есебі, оларда қанша басқа орын бар малдар байлауда бола ма, әлде бос күйінде жүре ме, мал фермаларында неше мал фелдшері орын, мал дәрігерлік-санитарлық обьекттер (изолютор емдейтін орын, мал дәрігерлік-санитарлық, өткізгіш пастерлегіш қондырғылар, дезинфекциялық кілемшелер, кедергілер) бар, оларға дезинфекциялайтын дәрі-дәрмек жеткілікті ме. Міне осының бәрін талдап анықтағанда ғана сауықтыру жұмыстарын қандай тәсілмен және сауықтандырудың уақытын дұрыс анықтайтынның мүмкіншігі туады.
Содан соң жеке фермалар және табындардың сарып ауруына байланысты эпизоотлогиялық жағдайлары анықталады. Мұнда әсіресе, сарыппен қандай малдар; жас малдар ма әлде сауын сиырлар ма қанша бұқалар ауырды, сонымен бірге ауру бұл қожалықта қанша уақыттан бері орын алған, содан бәрі сауықтыру шарлары жүргізілді ме жоқ па, шаруашылқтағы малдар бұл ауруға қарсы егілген, аурудың шығу себебі: стан қоздырғышының малдардың арасында таралу жолдары анықталады.
Сонымен бірге, жоспарда шаруашылық-ұйымдастыру, мал дәрігерлік-санитарлық, арнайы мал дәрігерлік және де эпидемияға қарсы шаралар белгілері, оларды орындау үшін жауапты адамдар бекітіледі. Жоспарда негізінен мынынадай шаралар қаралуы тиісті: егер де жоқ болса сиырлар туатын бөлме, бұзаухана, санитарлық өткізгіш, изюлятор салу; сүтті пастерлейтін пунктті аппаратармен жабдықтап сүтті және қаймағы алынған сүтті міндетті түрде заласыздандыру шаралары;
- ауру малдардың орнын толықтыру үшін сарыптан сау шаруашылықтан мал сатып алу немесе өзінде бар жас бұзауларды оңаша өсіріп жетілдіру;
- жеке табындар мен оларға жайылым және суат орындарын анықтап бекітіп беру;
- малдарды сарыпқа серологиялық әдіспен тексеру және қара-қапшыны және оның территориясын дезинфекциядан, дератизациядан өткізу график;
- малдарды құнарлы жем-шөптермен қамтамасыз ету жолдары;
- сияқты қаржы. Құрылыс материалдары және техникалық жабдықтар, құрал-саймандармен қамтамасыз ету;
- мал күтімімен айналысатын адамдарды сарып ауруынан сақтандыру тағы да бақа, індетті түбегейлі жою шарлары қарастырылады;
Жоспармен шаруа қожалықтың барлық жұмысшы қызметкерлерін қатыстырып болған соң жоспарды іс-жүзінде асыруға кіріседі.
Ауру сиырлардан алынған бұзауларды шаруашшылықта қалдырып оларды өсіріп, өндіріске қолдануға болмайды. Өйткені ондай бұзаулар анасынан туғанда сарып ауруын жұқтырып алуы ықтимал.
Сарыптан сау емес, маладарды бір табынан екінші табынға ауыстыруға, сатуға немесе басқа малдарымен толықтыруға рұқсат етілмейді.
Сиырлар мен құнажындарды қолдан сарыптан сау бұқалардың ұрығымен ұрықтандырады.
Әсіресе мұндай қожалықтарда буаз малдар туатын бөлме ұйымдастыруға баса назар аудуарған жөн. Өйткені сарып ауруының зардабынан малдар жеке бөлмеде түрып іш тастаса ауру басқа сау малдарға тарамайды. Туатын малдарға арналған бөлмелері бар фермаларда ауру аз болады, ал бөлмелері жоқ фермада, сарып ауру малдардың арасынан кең тарап, жалпылама іш тастауға және туғаннан соң әртүрлі ауруларға (метрит, эндометрит) шалдығуға әкеліп соғады.
Сарыпқа қарсы жүргізетін шаралар системасында соңғы кездерде ірі ашруашылықтың өзінде сау бұзауларды бөлек өсіретін ферма ұйымдастыру жұмыстарына баса көңіл бөлуде. Мұндай әдіспен өсірілген бұзаулардан ұрыққа түсер кезінде жаңадан жеке табын құралады да басқа сарыптан сау емес табындарды ауыстырып жіберіліп отырады.
Дезинфекциялағыш кедергісі бар мал дәрігерлік-санитарлық өткізгіштерді, арнайы үлгі-жобалар немесе мүмкіншілікке байланысты өзгертіп салуға болады. Оның құрамында дезинфекциялағыш кедергісі бар өткізгіш пункті, демалатын, киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер, душ және жұмыс киімдерді арнайы дезинфекцияда өткізетін бөлмелер болуы керек.
Ферманың территориясына кіре берер жерде тереңдігі 15 см, ұзындығы 1,5 м аяқ киімдерді дезинфекциялайтын кедергі болады.
Ол үшін шағын астаушаға ағаш ұнтағын салып 5%-тік креолин, 2%-тік формальдегид ерітіндісімен ылғалдандырады.
Транспорт көліктерінің доңғалақтарын дезинфекциялау үшін дарбазаның енімен бірдей етіп ұзындығы 10 метр, 40см тереңдіктен цементтенген астаушы жасайды. Астау оқтын-оқтын 3%-тік формальдегид 3%-тік каустикалық сода және 10-15%-тік ас тұзынан тұратын дезинфекциялағыш ерітіндімен толықтырылып тұрады.
Сол сияқты, малдардың тезегін кең қоймасына арналған траншеяларға кемі 8-ай бойы залалсыздандыруға да болады.
Ал, сұйық, қоймалжың, бөкпе тезектерді, негізінен химиялық әдіспен яғни аммиак (1м3 тезекке массасына 30 кг) немесе формальдегидті (1м3 тезекке 7,5кг формалин) қосып біріншісінде 5 тәулік, ал екінші жағдайда 72 сағат аралығында зарарсыздандырады.
Одан да басқа барлық мал қораларда профилактикалық дезинфекциялар жүргізіліп отырады.
Сарыптан сау емес шаруашылықтардан өндірістік сүтті шикі күйінде мемлекетке өткізуге тиым салынады. Сарыпқа теріс жауап беретін сауын сиырлардан алынған сүттерді 85-90° температурада, 20 минут, немесе 70° температурада 30 минут уақыт пастеризатор қондырғысынаң көмегімен зарарсыздандырады. Бұндай сүттер, сүт заводында тағы да бір рет кәдімгі режимде пастерлденеді. Сарыпқа оң жауап берген сиырлардың сүтін қайнатады немесе қайта өңдеп еріткен-май жасайды. Ал сарып ауруының клиникалық белгілері бар сиырлардан өндірілген сүттерге дезинфекциялық ерітнділерді қосып зарарсыздандырады.
Ондай сүтті адамға ішуге немесе малға беруге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |