Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)


Сарып ауруының адамға жұғуын болдырмау шаралары



бет16/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
гр8

1.7 Сарып ауруының адамға жұғуын болдырмау шаралары
Сарып-созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Бұл індет адамдарға негізінен ауру малдардан сыртқы орталарға, әсіресе жайылымдарға суат орындарына, қара жайларға, жем-шөп сол сияқты малдарды күтіп-бағуға арналған құрал-жабдықтарға жұғады. Мұндай сарып қондырғышы тарлалған орталар инфекциясының байырғы көзі болып табылады да ондай орталарда жүрген малдар ауруды тез жұқтырып алуға ықтимал.
Сарып ауруды адамдарға көбінесе ұсақ малдардан (қой мен ешкі) және де ірі қара малдардан жұғады.
Әсіресе адамдар туым кезінде, іш тастаған малдардан, шуы түспей қалған малдарға мал дәрігерлік жәрдем жасау кезінде және де өлі туған төлдерді ұстағанда ауруды жұқтырып алады. Ал малшылар ауру малдарды сойып терісін алғанда, қозылардың жүнін қорыққанда, тоғытқанда қаркөл қозылардың терісін сорттағанда, жүнін, түбітін түткенде және де ауру малдың сүтін қайнатпастан шикі күйінде ішкенде ауруға шалдығады.
Бұл аурумен мал дәрігерлік мамандары жиі ауырады. Олар туатын малдарға ветеринарлық акушерлік жәрдем жасау кезінде бруцеллаларды жұқтырып алады.
Сондықтан да сарып ауруының таралуының негізгі көзі малдар болып табылады. Өйткені малдардың организмінде бруцеллалар сақталып өсіп-өніп содан соң сыртқы ортаға бөлінеді немесе тікелей басқа тез қабылдайтын организмге жұғады.
Сарып ауруын адамдардың арасында болдырмау үшін ең алдымен бруцеллалардың өте жұғымтал, сыртқы ортаның әсеріне төзімді, малдан адамға жұғу факторларының көпшілігін, малодардың барлық түрінің ауыратындығын және де әр түрлі жастағы адамдардың ауыра алатындығын еске ала отырып сақтандырған жөн. Ал аурудың негізгі себебі мол болғандықтан қандай ауру малдың адамға қаншалықты қауіпті екенін ескере кеткен жөн.
Әр түрлі малдың организмінде биолдогиялық қалыптасқан жағдайда әр түрлі бруцелллалар өсіп-өніп ауруды қоздыра алады. Мәселен Br. Melitensis - қой мен ешкіде, Br. abortus- ipi қара малдда, Br.suis- шошқада, Вг. neotoma-егеуқұйрық тышқандарда, Br. ovis- тек қойда, ал Br. canis- итте сарып ауруын қоздырады. Ал адамдарға ең қауіптісі уақ малдар болып саналады, өйткені оның қоздырғышы Вг. meltensis адам организмінде сарып ауруын қоздыруға биологиялық бейімділігі жөнінен патогенді келеді.
Ірі қара мал және шошқа, ешкі мен қойға қарағанда адамға аз қауіпті. Өйткені Br. abortus және Br. Suis, Br. melitensis пен салыстырғанда әлсіз патогенді болып саналады. Алайда бруцелла абортус қоздырғышының кейбір 6,7,9 сияқты биотиптері көптеген жағдайларда сарып ауруының адамдар арасында кеңінен таралуына бірден-бір себеп бола алады.
Басқа малдар мен үй жануарлары өздігінен сарыпты адамға жұқтырмайды. Дегенмен де сарып ауруына ұшыраған ірі қара немесе уақ малдармен бір жерде тұрған немесе бір жайылымда жүрген жылқылар инфекцияны олардан жұқтырып алып адамдарды сарып ауруына душар екені белгілі.
Сол сияқты ауру түйенің сүті (шұбат) бұл індетті адамға жұқтыра алатындығы байқалған.
Сарып эпизоотологиясында отар маңындағы иттер де байланысты екен. Иттер негізінен іштастаған ұрықты өлі туған төлдерді, жеу арқылы сарыпты жұқтырып алады. Бірақ адамдардың сарыппен ауруына иттердің аса айрықша эпидемиолоогиялық қатысы жоқ көрінеді.
Ал енді сарып ауруын адамдардың арасында болдырмау үшін ең бастысы адамға «ең қауіпті» - деп есептелінетін іш тастаған немесе өлі туған төлдерді, төлдеу кезінде бөленетін патологиялық заттарды, төсенгіш шөп-сабанды, құрал-сайманды, шөбін тағы басқада сарып қоздырғышын жұқтырады-ау деп күдіктенетін заттарды уақтылы әрі сапалы залалсыздандырудың сақтың мәні зор.
Алайда сарыптан адамдарды сақтандырудың ең бастысы, ол ауру малдардан өндірілетін азық-түлік өнімдер мен шикізаттарды дер кезінде заласыздандыру болып саналынады.
Көбінесе адамдар ауру малдың сүтін пісірмей ішкенде, сүт сауғанда және одан әртүрлі тағамдар жасағанда қолының жарақаттанған жерінен немесе сондай жұмыстардан соң таза емес қолымен тамақ ішкенде ауруды жұқтырып алады.
Сондықтан сарыптан сау емес шаруашылықтардағы сиырлардан өндірілген сүттерді міндетті түрде пастерлеуден өткізеді. Ол үшін арнайы пастерлегіш қондырғылары бар пункт жабдықтандырылады. Ал егер де ондай мүмкіншілік жоқ болса онда сүтті 90-100° температурада қайнатып залалсыздандырылады.
Сарыппен ауыратын малдардың еттері де сойған кезде адамға қауіпті. Сондықтанда ондай ауру малдарды ет-шұжық цехтарына арнайы нұсқауда көрсетілген ережелерді сақтай отырып союға болады.
Мұндай цехтарда ауру малдарды союға сарыпқа қарсы егілген әрі толық дайындығы бар және де барлық сақтық киім-кешектермен қамтамасыз етілген адамддарға ғана жіберуге болады.
Сарыптың клиникалық белгілері бар малдардың еттерін 2 кг-нан қалыңдығы 8см етіп осып, 3 сағат бойы қазанда қайната пісіріп залалсыздандырады.
Сарыпқа оң реакция көрсеткен қой мен ешкі және шошқаның еттері 90°-тем-да 1 сағат уақыт өңдеуден өткізіліп, пісірілген және пісіріп-сүрленген колбаса дайындайды.
Жеке қожалықтардағы малдардың сүтін немес етін базарда сату үшін оларды малдәрігерлік санитарлық тексеруден өткізіп, тиісті құжаттары түгел болған (форма №2) жағдайда рұқсат етіледі. Бақылаудан өтпеген ет немесе сүт азықтарын базарда сатуға тиым салынады.
Сондай-ақ сарыптан адамдарды сақтандырудағы басты факторлардың бірі ол сарып қоздырғышының адам организміне өтпеуін қамтамасыз ету.
Ол үшін ауру малдар мен жұмыс жасайтын адамдарға барлық керек адамдар қажет. Мәселен ондай адамдар арнайы киімдерін, дезинфекциялық және керекті дәрі-дәрмектер қамтамсыз болуы керек және олар жұмыс барысында және басының тазалығын сақтау ережелерін бұлжытпай орындауы қажет.
Ауыл шаруашылығы бруцеллезімен күресуде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі бұйрығымен бекітілген №632 5.11.2004 жылы жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережесі басшылыққа алынуы керек. Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған: жануарлардың бруцеллез ауруының алдын алуға, бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға, бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.
Бруцеллезға қарсы шаралар ұйымдастыру шаруашылығы ветеринариялық-санитариялық және арнайы жұмыстарды қарастырады. Жануарлардың бруцеллез ауруының алдын алу үшінм уақытында бақылау жұмыстарын жүргізу қажет. Ол үшін серрологиялық әдістерді қолданады. Олардың ішінде ресми тестілеудің нәтижелері ең дұрысы деп саналады. Бруцеллез диагностикасы үшін ресми тесттер болып комплементті байланыстыру реакциясы және иммуно-ферменттік анализ болып табылады.
Қазақстан Республикасының аймағында жануарларды бруцеллезге қарсы профилактикалық мақсатта егу шектелген вакциналармен ветеринария саласындағы өтілетін мемлекеттік органның рұқсатымен жүргізіледі. Сонымен қатар вакцина егер кезде ол аймақтың статусы меңгерілуі керек. Яғни арнайы ережедегі баптар сақталуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет