Комплементті байланыстыру реакциясы Бұл реакцияны 1901 жылы Борде және Жангу деген ғалымдар ұсынған. Кейінен Сикре деген ғалым сарыппен ауырған адамның қанында комплементтермен байланыса ауырған адамның қанында комплементтермен байланыса алатын антителелера бар екендігін анықтаған. Содан кейінгі жылдары көптеген ғалымдар сол комплементті антителалармен байланыстыру арқылы сарып ауруын анықтау әдісін мейлінше жетілдіру тұрғысында едәуір жұмыстар атқарып келді.
Біздің елімізде бұл реакцияны ең алғаш М.Е.Лисовский 1930 жылы, басқада авторлармен бірлесіп қолданған, кейіннен 1944 жылы бұл реакция малдарды сарып ауруына зерттеу үшін кеңінен қолдануға болатындығы туралы заңды нұсқаулармен бекітілген.
П.Н.Жованик (1940), Ф.П.Локтева(1940), Е.С.Орлов (1940), К.П.Студенцов (1973), М.К.Юсковец (1952), П.С.Усласевич (1956), П.А.Триленко (1956), К.П.Сапегина (1970), М.С.Абиджанов басқа авторлармен бірге (1980) және басқалары өздрерінің ғылыми еңбектерінде үлкен баға берген.
Авторлардың қорытындысы бойынша КБР өте сезімтал әрі өзіндік тән нәтиже бере алатын әдіс, сонымен бірге оның көрсеткіші аглютинация реакциясына (АР) қарағанда әлдеғұрлым тұрақты болып келеді. Ондай басымдылық әсіресе осы екі әдіспен сарып ауруымен бұрынан бері ауру малдарды қатар зерттегенде айқын байқалынады. Өйткені ауру малдың қанында комплемент байланыстырғыш антителалар, аглютиндерге қарағанда әлдеқайда ұзақ сақталады екен де, соның салдарынан ондай малдар аглютинация реакциясынан гөрі, комплемент байланыстыру реакциясында жиі оң реакция көрсетеді екен.
К.П.Студенцов (1959) керісінше сарып ауруы жаңадан басталған отардағы малдарды зерттегенде КБР-дің көрсеткіші аглютинация реакциямен салыстырғанда әлдеқайда төмен болған, яғни аглютинация реакциясымен оң нәтиже берген малдардың көбі КБР әдісімен теріс нәтиже көрсеткен.
Сондықтан да осы екі әдісті зерттеген ғалымдардың көпшілігі малдарды сарып ауруына тексеру үшін аталған екі реакцияны қатар қолдануды дұрыс деп тауып отыр. Қазіргі кезде біздің елімізде малдардың осы жұқпалы ауруын анықтау үшін негізінен жоғарыда осы жұқпалы ауруын анықтау үшін негізінен жоғарыда аталған екі реакция комплексті түрде жүргізілуде.
Комплементті байланыстыру реакциясын қою үшін негізінен мынандай заттар қажет: физиологиялық ерітінді, сарыпқа оң және теріс қанның сары суы, комплемент, ангитен, гемолизин және қошқардың қызыл қан түйіршіктері. Төменде осы дәрмектерді алдын ала дайындау немесе алу жолдары келтіріледі.
Физиологиялық ерітінді. 1л буландырып алынған суға 8,5г ас тұзын ерітіндіде 3-5 минут қайнатады немесе автоклавта 10-15 минут залалсыздандырады.
Гемолизин. Гемолизин дегеніміз қошқардың қызыл қан түйіршіктерімен қояндарды шектен тыс иммунитеттендіру арқылы алынатын сұйық зат гемолизин әдетте биофабрикаларда дайындалады.
Комплемент дайындау. Комплемент ретінде теңіз шошқасы қанының сары суы немесе кептірілген күйінде қолданады.
Сұйық комплементті кез-келген лабораторияларда дайындауға болады. Ол үшін бірнеше теңіз шоқасынның қанын жүрегінен немесе құлағының қан тамырына 5 граммдық шприцпен сорып алып бір пробиркаға құяды.
Алынған қан пробирканың ішінде ұйылған соң, ұзын сым темірмен 3-4 рет айналдыра жиектеп шығады. Ондағы мақсат, ұйыған қанды пробирка қабырғасыннан ажырату және қанның сары суының тез бөлініп шығуын тездету болып табылады. Осылайша жиектелген пробиркаларды 30 минут термостатқа содан соң 1-2 сағат салқын бөлмеде ұстайды. Бөлінген сары суларды таза ыдысқа құйып алады. Егерде оның құрамында қызыл қан түйіршіктері қалып қалса, онда 15 минут 1000 айналымды центрифугадан өткізіп тазартып алады. Сұйықтық сіркеқышқыл натримен 4%-тік бор қышқылының қоспасын қолданады. Мұндай кормплемент өзінің күштілігін 5 айға дейін сақтай алады.
Соңғы жылдары комплиментті байланыстыру реакциясын қою үшін малдәрігерлік лабораториясында кептірілген комплементтер кеңінен қолданып жүр. Кептірілген комплементтер биофабрикаларды арнайы түрде жасалынып барлық лабороторияға таратылып отырады. Кептірілген комплементтің сұйық комплементке қарағанда артықшылығы бар. Мысалыға кептірілген комплемент өзінің күштілігін 8 айға дейін жоғалтпайды, сол сияқты оның лабороториялық жағдайда әр маманның өзі қолдан теңіз шошқаларын емдеп, оны бағып, қанын алып оның сару суын бөліп жатудың қажеті жоқ.
Сарып антигенін алу жолдары. Сарып антигенін кәдімгі лабороториялық жағдайда әр түрлі әдістердің көмегімен дайындауға болады. Мысалы К.П.Студенцов 40 милиард бруцелласы бар қоспаны алдымен тоңазтқыштың 0-4°С температурада 1-2 тәулік ұстап, одан кейін автоклавта 0,5 атмосферада 20-30 мин. ұстағаннан соң қайтадан 1-2 тәулік тоңазтқышта сақтап дайындаған немесе Зейтц және фарфор шамы арқылы Шамберлен апаратының көмегінде өте күшті әрі сезімтал антиген дайындауға болады.