Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)


Қоршаған ортаның ластануын төмендететін іс-шаралар



бет29/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
гр8

5.2 Қоршаған ортаның ластануын төмендететін іс-шаралар
Басты мақсат – мал шаруашылығын экологиялық тұрғыдан қорғап ауру тудырмау, оның алдын алу. Бұл бағытта гигиеналық шаралардың жүргізудің мәні орасан зор. Әсіресе, дезинфекфия, дезинсекция, дератизация және дезодорация, өлексені дер кезінде утильдеу шараларын жүргізіп отыру – малды инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғаудың кепілі.
Шаруашылықтағы мал өсіретін қора-жай ауасын зерттеген кездегі көптеген мәлімет анықтамалар бойынша егер малды күтіп-бағу жұмысы жақсы ұйымдастырылып, күнделікті өте сапалы төсеніштерді пайдаланып ондағы қора-жай ауасында әртүрлі улы газдар: аммиак, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газы болмайды. Ол газдардың қора-жайда болуы оның тазалығының өте төмен екендігінің көрсеткіші.
Мал қора-жайы ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі көмір қышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұруы керек немесе қалаң қамыс немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану; мал жататын орынның тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен желдету жүйесін пайдалану. Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады.
Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатылған.
Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптасқан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін қорадағы еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз ету.
Топыраққа органикалық және неорганикалық (патогенді және шарттың патогенді вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, геогельминттер жұмыртқалары) түскен кездегі оның экологиялық жағдайын бағалау жөніндегі гигиеналық нормалар ғылыми тұрғыдан негізделген.
Топырақты экологиялық тұрғыдан қорғау жұмыстарын іске асыру кешенді шараларын жүргізуді керек етеді. Оның ішінде топырақты тазарту және малды топырақтан жұғатын аурулардан сақтандыру жөніндегі шаралар қолданылуда.
Тиісті ауыспалы егіс жүйесімен бірге, жерге органикалық және минералдық тыңайтқыштардың себудің маңызы бар. Олар екпе дақылдар егу, бұларды жойып батпақты учаскелерді қорғату, екпе өсімдіктердің қолайлы жағдайлар туғызады. Топырақты су басып, батпақтана бастаса арықтар қазылып, жиектері көтеріледі.
Топырақ індеттері мен геогельминтоздардың алдын алу үшін ондай қауіп бар өрістерге мал жаю тоқталып, өрістер қоршалып, ауруға тез шалдығатын малға вакцина егіледі. Эпизоотиялық шаралар жоспарына сай өлексе көмілетін орындар тәртіпке келтіріліп, малды қашалап бағу және қашаларды отыру ұйымдастырылады. Бұл биологиялық дегельминттеу деген сөз.
Экологиялық шаралар арқасында мал фермалары қалдықтардан тазартылады, топырақты ластайтын көздері анықталады, көң сақталатын орындар жабдықталып, тағы басқа жағдайлар жасалады.
Көңді шаруашылықта жердің құнарлығын арттыру үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Ат қорадан шыққан қөңдерге кейбір шаруашылықтартан сұраныстар болады және оны кезекке тұрып алып кетеді.
Топырақты органикалық қалдықтармен ластанудан және топырақ инфекциясы қоздырғыштарынан қорғау үшін мал өнімдері, шикізаттары (жүн, сүйек, мүйіз, тері) сақталатын қоймаларды, сондай-ақ тері зауытты, жүн жуғыштарды, май зауыты, мал сою алаңдарын және тағы басқа салу, орналастыру және пайдалану кезінде экологиялық ережелерді сақтау қажет.
Малды дезинфекциялау арқылы біз мал үстіндегі әртүрлі бүрге, бит және сондай-ақ адам денсаулығына қатер тигізетін шыбын-шіркейден құтылу үшін сақтандырады. Мал күтудің бастамасы ол қораларды дезинфекциялау.
Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі – қораны тазалау, екіншісі – дезинфекциялық ерітінді шашу. Объектілерді тазалауға әртүрлі механикалық әдістерді (күрек, тырма, сыпырғыш) және кешенді гидротазалағыш технология қолданады. Механикалық тазалау ауру қоздырғыш микробтың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды.
Дезинфекция жүргізуге жататын нысандар: мал қорасы, құралдар, жабдықтар және малды күтуге арналған заттар, қора ауасы, ферма территориясы (серуең алаңы), малды көлікке тиеу және түсіру алаңы, ветеринарлық-санитарлық нысандар, көлік, малды сауу қондырғысы, сүт ыдыстары, арнайы киімдер, қи, садыра және лас су.
Тазалау кезінде әсіресе ақырға, науаларға, қабырғаның төменгі жағына, қабырға ортасындағы қалқандарға, еденнің ашық саңылауына және қи тазалайтын каналға аса көңіл бөлінуі тиіс. Әсіресе, олардың бетінің ерекшеліктерін ескерген жөн. Себебі оларда кездесетін кішкентай саңылаулар, темір-бетон конструкциялары, шыны т.б. беті жылтыр материалдар дезинфекциялық ерітінділерді ұзақ ұстап тұра алмайды.
Егер объект нашар тазаланса, онда химиялық дезинфекциялық ерітінділер, нысан бетіндегі жабысып қалған органикалық заттармен адсорбцияға түседі, соның салдарынан ауру қоздырғаш микробтарға өз әсерін толық тигізе алмайды немесе бактерицидтік қасиеті едәуір төмендейді.
Ат қорада әр жылқы басына тәулігіне 70 л су кетеді, оның ішінде 45 л су жылқыны суаруға, ал қалған 25л су ат қорадағы тазалыққа жұмсалады. Құлындарға тәулігіне 45 л су керек, 35 л суды ішуге, 10 л су тазалық орнатуға керекті болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет