Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)



бет26/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
гр8

4.7 Электр қауіпсіздігі.
Электр пайдалану өте ыңғайлы. Бірақ оларды орнатқанда және пайдаланғанда қауіпсіздік ережелері сақталмаса бақытсыздыққа ұшыратады.
Электр энергиясының зұлымдық ерекшелігі – ол көзге көрінбейді, әрі иісі мен түсі жоқ. Электр тогы күтпеген кезде, адам электр тогы өтетін тізбекке жанасқан мезетте зақымдайды. Электр тогымен зақымдалмау үшін келесі қауіпсіздік ережелерін есте ұстаңыз:
- техникалық қорғау құралдарында айқас тұйықтауларды болдырмас үшін электр жүйелері әрқашан жөнделген болуы тиіс; зақымданған розеткаларды, сөндіргіштерді, лампалық патрондарды, құралдар мен шырақтарды токка қосулы тұрғанда ауыстыруға, жөндеуге болмайды, бұл жұмыстар құралдардың ажыратқыш тұтқалары тоқтан ажыратылған жағдайда ғана атқарылады.
- Электр құралдарын желіге қосу тәртібін міндетті түрде сақтаңыз. Бірінші электр сымы құралға қосылады, содан кейін ғана желіге жалғанады.
- Ақаулы электр құрылғыларын, электр штепсель айырының орнына жалаңаш сымдардың ұштарын, сонымен бірге қолдан істелінген электр құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Біріншілей көмек көрсету әдістері – тез арада адамды ток әсерінен ажырату. 1000 В дейін кернеуден ажырату үшін кебу таяқты, тақтайды және т.б. кебу заттарды пайдалану керек. Ток әсерінен ажыратқаннан кейін мынадай дәрігерге дейінгі көмек көрсетілуі қажет:
- егер зақымдалушы есін жоғалтса, онда оны төсенішке ыңғайлы жатқызып, үстін киіммен жауып, дәрігер келгенше үзбей тынысы мен тамырының соғысын қадағалап, тыныштықта ұстау қажет.
- егер тұрақты тамыр соғысы мен тыныс алуы сақталып, бірақ адам есінен танса, оны төсенішке түзу және ыңғайлы жатқызып, белдігі мен киімін ағытып, таза ауа келуі мен толық тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мүсәтір спиртін иіскету керек.
- егер зақым алушының демалысы нашарласа, онда оған жүрекке жанама уқалау мен жасанды дем беру жұмыстары атқарылады [1].


4.8 Өрт қауіпсіздігі.
Шаруашылықтағы жұмысшылар мен қызметкерлердің барлығы чтегіс өртке қарсы іс-шараларға және жеке қауіпсіздік жәнен өртке қарсы қауіпсіздік заттарымен қалай қолданылуы жөнінде түсіндіріліп, оқытылған.
Өртке қарсы қолданеылатын барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ашық отты пайдалану мен темекі шегуге тұратын топтар құрылған.
Шаруашылықта соңғы жылдарда өрт шығу жағдайлары кездеспейді.
Өрт кезіндегі тәртіп. Адамдарды көп қабатты үйлерден эвакуациялау әдістері. Өрттің өршуі – негізінен, өрт сөндірушілерді дер кезінде шақырылмауына көп байланысты болады. Сол сияқты, адамдардың жанып жатқан ғимараттан тез шығарудың да маңызы зор.
Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндірушілерді шақырумен қатар оны сөндіруге әрекет ету қажет, ал егер адамдарға тікелей қауіп төнсе, оларды көшіруге қимыл жасау керек. Егер өрт ағаштан тұрғызылған ғимаратта басталса, онда өрттің орнына, көлеміне қарамастан адамдарды жедел эвакуяция жасау керек. Бірінші кезекте балаларды құтқаруға әрекет жасаған жөн, себебі өрттен қорыққан олар, төсектің, столдың астына, шкафтың ішіне, көрпеге тығылады, шақырғанда дыбыс бермеуі де мүмкін. Өтетін жерді бөгеп тастағандықтан заттарды шығаруда, адамдарды құтқаруда, отты сөндіруде айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан заттардың, жан-жануарлардың эвакуяциясын ұйымдасқан түрде жасауға әрекет етуге қам жасау керек. Өрт сөндіру машиналарының жүріс-тұрысына кесірін тигізбеуі үшін, оттан шығарылған заттар, бұйымдар алысырақ жерлерге жинақталды.
Өртті өшіру. Өрт сөндіру құралдары, онымен жұмыс істеу ережелері. Өрттің басталуына жанатын заттардың, оттегінің, ауаның заттардың тұтануына қажетті температура беретін жылу импулсі керек. Ал оны өшіру үшін, осы қажетті заттарды салқындату немесе отқа керек оттегі мен ауаның жолын кесу қажет [2].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет