VII. Бизнес жоспар
7.1 Аннотация
Бизнес-жоспар тақырыбы: Сайрам ауданы бойынша ауылшаруашылығы малдарының бруцеллез (сарып) ауруының алдын алу және онымен күресу шараларында жасалатын бизнес-жоспары
Фирма аты: «Көлкент» ӨК
Мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан Облысы, Сайрам ауданы, көлкент ауылы
Байланыс сымтетігі : 37 250
Кіммен жасалған: Нишанбаев Абдусалам Абдиваитович
Бизнес сферасы: Тамақ өнеркәсібі және қызмет саласы
Қызметтің негізгі түрлері: Өндіріс
Басталу мерзімі: 2008 жыл
Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептелініп жасалған: 3 жыл
7.2 Түйіндеме
Өндірістік кооперативтің басты даму бағыты болып мал шаруашылығы, оның ішінде ет өнімі, мал шаруашылығының бизнес-жоспары, өзіндік өндіріс басқару жүйесі бойынша қалыптасқан. Шығарылған өнімді аудан және облыс орталықтарына жеткізіп отырады. Шаруашылық әр жылдары әртүрлі көлемде мемлекетке, базарларға, шағын коммерциялық орындарға өз өнімдерін бөліп отырады. Бұл жерде етті бағыттағы бұқалар мен жылқылар өсіріліп, олардан мейлінше жоғары сапалы ет алу басты мақсат болып отыр. Біздің мақсатымыз осы өндірістік кооперативтегі бұқалар мен жылқы шаруашылығындағы өнімділігін арттыру бірінші кезекте тұрады. Кәдімгі бұқалар тірідей салмағы 450-500 кг, ал жылқының тірідей салмағы 350-400 кг. Осы мақсатқа жету үшін біз шетелден асыл тұқымды, етті көп беретін 20 бұқа мен 25 жылқы әкелуге қаржы жұмсадық. Қаржы көлемі 35 000 АҚШ доллары.
Инвесторлармен жұмыс жасау әлі жолға қойылмаған. Олармен жұмыс жасайтын болсақ қаржы жағынан да, техника жағынан да оңай әрі тиімді болар еді.
7.3 Кәсіпорынның сипаттамасы
Соңғы 3 жыл мерзімде негізгі қаржылық көрсеткіш негіздері кестедегі 1 бас бұқадан және жылқыдан алынатын ет өнімін жылдық табысын есептейміз.
Негізгі нысаны: өз шығындарын азайта отырып, пайда табу.
Кәсіпорынды қаржыландыру көздері:
- өнімдерді сатудан, тауарлардан, қызмет көрсетуден түскен пайда есебінен;
Жобаның жақсы кадрлармен қамтамасыз етілуі: лауазымды орынға ие болу үшін қызметкердің орта стажы бес жылдан кем болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |