206390
|
211640
|
102
|
75
|
0,04
|
75
|
-
|
|
|
12
|
Сайрам ауданы ауыл округтері бойынша зооантропонозды аурумен науқастанған адамдар туралы
2007 жылдың анықтамасы
қ/с
|
Ауыл округтерінің аты
|
Бруцеллезбен ауырған адамдар саны
|
|
Ақбұлақ
|
4
|
|
Ақсу
|
4
|
|
Арыс
|
2
|
|
Бадам
|
4
|
|
Жаңа талап
|
3
|
|
Жібек жолы
|
2
|
|
Жұлдыз
|
3
|
|
Қайнарбұлақ
|
6
|
|
Қарабұлақ
|
7
|
|
Қарамұрт
|
3
|
|
Қарасу
|
4
|
|
Қаратөбе
|
6
|
|
Құтарыс
|
1
|
|
Көлкент
|
1
|
|
Манкент
|
4
|
|
Сайрам
|
12
|
|
Тассай
|
2
|
|
Аудан бойынша:
|
68
|
Сайрам ауданы бойынша бруцеллез ауруына қарсы атқарылған жұмыстардың 3 жылдық талдауы
Бруцеллез МІҚ (серологиясы)
|
2005
|
2006
|
2007
|
Барлығы
|
Бөлінген ауру
|
Барлығы
|
Бөлінген ауру
|
Барлығы
|
Бөлінген ауру
|
3-5 айлық бұзаулар
|
96914
|
103
|
104296
|
24
|
129060
|
43
|
Қашар
|
15251
|
1
|
18617
|
1
|
22834
|
1
|
Сиыр
|
15117
|
-
|
15872
|
-
|
26128
|
1
|
Бұқа
|
63298
|
102
|
66264
|
23
|
75503
|
41
|
Бұқашық
|
3248
|
-
|
3543
|
-
|
4595
|
-
|
Бруцеллез ШТ-82 МІҚ
|
2005
|
2006
|
2007
|
3-5 айлық ұрғашы бұзау, вак.
|
15700
|
1800
|
40000
|
Қашар, ревак.
|
14000
|
15000
|
35000
|
Уақ мал, Рев-1
|
|
|
|
3-5 айлық ұрғашы қозы
|
30000
|
31000
|
35000
|
3-5 айлық ұрғашы лақ
|
|
4000
|
|
Саулық, ревак.
|
78000
|
58000
|
|
Ешкі, ревак.
|
|
3000
|
|
3.2 Жеке зерттеулер нәтижелері
3 жылдық талдауда көрсетілгендей Сайрам ауданы бойынша ауыл шаруашылық малдары арасынан бруцеллез ауруының тиылмай отырғаны байқалан. 2005 жылғы МІҚ 96 914 бас тексеруден өткізіліп, 103 бас ауру анықталса, 2006 жылы 104 296 бас тексеріліп, 24 бас ауру мал бөлінген, 2007 жылы 129 060 бас тексеріліп, ауру мал басы 43-ке жеткен. Ауру малдың көбісі аналық сиырдан шықан. Бұл жағдайдың өзі адамдар арасында бруцеллез ауруының таралуына өз ықпалын тигізген. Себебі аналық сиыр қолда ұсталынады, оның сүтін пайдаланамыз және қора-жайдық бруцеллез ауруының қоздырғышына залалдануы және т.б. әсерлерді айтуға болады. Жалпы аудан бойынша 17 ауыл округтерінде, 22 елді-мекеннің барлығында бруцеллез ауруы бөлінген. Екі ауру окургтеріне сарып ауруына шектеу қойылып, тиісті ветеринариялық шараларды дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде шектеу белгіленген уақытта алынып, тиісті шаралар жүргізілді. 2007 жылы Сайрам ауданының Көлкент ауыл округінде бруцеллез ауруымен күрес өз дәрежесінде жүргізілген. Іш тастау, шу түспеу жағдайлары азайған.
Сайрам ауданы әкімшілігі аумағында соңғы 12 ай бойы жануарлардың 90% ресми диагностикалық тексергенде оң нәтиже берген мал 0,25% аспауда. Яғни аудан А класына жатады. Осыған байланысты жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы аурулардың профилактикасы, олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережеге сәйкес А класына жататын аумақты бруцеллезге қарсы тек жас малдарға, бұзауларға ШТ-82, қозыларға Рев-1 вакцинасымен қолдану нұсқамасына сәйкес егеді.
IV. Тіршілік қауіпсіздігі
4.1 Кіріспе.
Тіршілік әрекеттердің қауіпсіздігі адамзат әрекетшілік саласының бірі болып саналады. Бұл көп жақты ұғымға саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы басқа аспектілер кіреді.
Мал организміне сыртқы ортаның көптеген әсері болады. Мысалы, ауа температурасы, ылғалдылығы, қысымы, жарықтығы, шаң-тозаңы белгілі түрде әсер етеді. Әсіресе жабық мал қорасының ауасы сыртқы ортадағы ауадан әлдеқайда өзгеше болады. Оның кейбір әсерлері малды ауруға шалдықтыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты малды күтіп-бағуда белгілі бір гигиеналық шаралар нақты түрде жүргізіліп отырады [1].
4.2 Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау
Мемлекеттің міндеті оның функциясы ретінде қарағанда тіршілік әрекеттердің қауіпсіздігі халықты қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу объектілерді төтенше жағдайлардан олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекеттік саясатын жүргізу басым салалардың бірі болып табылады. Бұл шаруашылықта еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жауапкершілік шаруашылық басшысына жүктелген, ал сала бойынша бас мамандарға жүктелген.
4.3 Өндірістік потенциалды қауіп-қатерлерін талдау
Ауырған малдың зәрі, қиы, сілекейі, сүті, жүні, терісі, өлексесі арқылы әр түрлі зиянды микробтар жайылымды, суды, қора-жайды, құрал-саймандарды ластайды. Ол микробтар түскен ортасында бірнеше айлар бойы тіршілік етіп, сау малға, адамға ауру таратуы мүмкін. Сондықтан оларды зарарсыздандыру үшін қора-жайға дезинфекция жасалынып отырады.
Дезинфекцияға физикалық, химиялық әдістер қолданылады. Физикалық әдістерге — микробтарды жою үшін күннің көзін, ыстық буды, отты пайдалану жатады. Мысалы, мал фермаларының маңындағы арам шөптерді жұлып, күн көзінің тікелей түсуіне мүмкіндік жасаса, күн сәулесі туберкулез микробын, аусыл вирусын тез арада өлтіреді. Ал ферма айналасындағы жерге сіңген микробтарды жою үшін, оны терең етіп жыртып тастаса күн сәулесі ондағы микробтарды да тегіс қырып салады. Болмаса ондай жерді қопарып топырағына хлорлы әк араластырады.
Дезинфекция бірінен соң бірі жүргізілетін екі процестен тұрады. Алдымен дезинфекция жасалатын затты, қора-жайды, мал тұратын орынды мұқият тазалайды, содан кейін дезинфекциялау жұмысы басталады.
Дезинфекция үш түрлі мақсатпен, атап айтқанда, аурудан сақтандыру, ауру қоздырғыштарының тарауын тежеу және ауру қоздырғыштарын жою мақсатында жасалады [3].
Негізінде шаруашылықта жұқпалы ауру шықпаса да аурудан сақтандыру дезинфекциясын үнемі жүргізіп отыру керек. Бұл дезинфекцияның әсіресе мал көп шоғырландырылатын комплекстер үшін маңызы зор. Профилактикалық дезинфекция жылына екі рет: жазда және күзде жүргізіледі.
Туберкулез, бруцеллез ауруларынан сақтандыру мен оларды жою туралы нұсқауда малдың ауру-саулығын тексеріп, ауру малды оқшаулаған сайын, тежеу дезинфекциясын жасау міндеттелген [2].
Достарыңызбен бөлісу: |