Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)


Жобаланатын өндірісті қауіп-қатер дәрежесімен топтастыру



бет24/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
гр8

4.4 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатер дәрежесімен топтастыру
Күшті әсер ететін улы заттар мен улы заттар булары ауа арқылы саңлаулы жайларға, саңлаулары бекітілмеген ыдыстар мен қораптарға жеңіл еніп, ұнның, жарманың, көкөністердің ішкі қабатын, нанның сыртқы қыртысын, тұз бен қантты жоғары дәрежеде зарарландырады. Еттің алдымен майлы жерлеріне жиналады.
Бактериялық зақым ошағында орналасқан азық-түлік ашық шаңдарда, саңлаулары бекітілмеген орындарда сақталса, инфекциялық аурудың қоздырғышарымен залалдану қауіпі туады.
Бактериялық рецептуралар залалданған аймақта ұзақ уақыт өзінің зақымдаушы қасиеттерін сақтайды. Әсіресе төменгі температурада және бұлыңғыр ауа райы кезінде ұзақ сақталады. Олар жайлардың ішінің жоғары жағында, ыдыста, сонымен қатар микроорганизмдер белсенді көбейетін әртүрлі тамақ өнімдерінде тіршілігін жоймайды. Мәселен, шикі сүтте тырысқақ қоздырғышы – 1-6 тәулік, ал қайнатылған сүтте 10 тәулікке дейін, сары майда 20-30 тәулікке дейін, қара нанда 1-4 тәулік, ақ нанда – 1-26 тәулік, картопта 14 тәулікке дейін сақталады.
Осыған байланысты ыдыс пен қорап тамақ өнімдерін қорғауда бірінші дәрежелі рөл атқарады. Қорғау қасиетіне қарай ыдыстар үш санатқа бөлінеді: жоғары, бірінші және екінші.
Мал шаруашылығы қора қопсыларының қорғаныс қасиеттерін күшейту мақсатында қабырғаны сыртынан айнала қалыңдығы 40-50 см, биіктігі терезеге дейін жететін топырақ үйіп, қоршалды [1].
Мал қораларын салар алдында ең бірінші оның орнын дұрыс таңдап, дайындап алады. Мал қорасының өзі ауылдың болашағына сәйкес жоспарлы түрде салынуы қажет. Сонымен қатар ол жер мал дәрігерлік-санитарлық шараларға, өрттен қауіпсіздендіру ережелеріне, шаруашылық жағдайының талаптарына сәйкес болуы шарт. Бұрын кейбір аса жұқпалы аурулардың (қарасан, топалаң) қоздырғыштары табылған жерге қора салуға болмайды. Мал фермалары ауылдың ық жағынан салынады. Темір жолдан, машина жолынан 300 м қашықтықта салынған. Қора-жай салынатын жер энергиямен, сумен қамтамасыз етуге қолайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет