Биологиялық әдіспен диагноз қою
Биологиялық әдіспен диагноз қоюдың ең басты шарты ол сарып қоздырғышын тез арада қабылдайтын лабороториялық малдарға осы ауруды әдейі қолдан жұқтыру арқылы зерттеу болып табылады. Жалпы ғылым мен тәжірбие жүзінде бұл үшін көбінесе ақ тышқандарды немесе теңіз шошоқаларын қолданылады.
Тәжірбие жасар алдында лабороториялық малдарды бруцеллезге қарсы агглютинация реакциясы (АР) арқылы тексеріп тек сарыптан сау тышқандарды реттеп алады.
Биологиялық әдіс әсіресе бөтен микроорганизмдермен көп ластанған патологиялық материалдарды зерттеу үшін ең қолайлы және өте бағалы әдіс болып табылады.
Аурудың қоздырғышын көбінесе 350-450гр салмақтағы теңіз шошқаларының құрсақ қуысының ішіне немесе тоқпан жіліктің тұсындағы тері астынан шприцпен жіберу арқылы жұқтырады. Негізнен бір биоматериалдан дайындалған сузпензия екі теңіз шошқасына жібереді: биологиялық зерттеуді жүргізуге аурау малдың ішкі органдары, бездерін, төлдің қабығын, жолдасын, қарындағаы қоректік заттардың, малдың сүтін, зәрін, нәжісін жоғарыда көрсетілгендей арнайы өндеуден өткізіп қолданады. Ол үшін лабороторияға тексерімге түскен патологиялық материалдардың бір тілімін алып құм қосып арнайы ыдыста 1:5 немесе 1:10 қатынастан физиологиялық ерітінді қосып жаншиды.
Содан соң жаншылған биоматериалдың ірі бөлшектерін бөліп алу үшін мың айналымға 5-7мин центрифулайды. Бұдан кейін 2-3 сағ тоңазтқыш шкафқа қойып тындырады. Дәл осындай әдіспен дайын болған сузпензияларды тәжірбие қойылған малдардың тер астына 0,5 мл, құрсақ пердесінің ішіне 0,1-0,2мл көлемінде ал сүт пен қаймақтың сузпензияларны 1-2мл көлемінде қолданады.
Егер де жұқтырған паталаогиялық матераилдардың құрамында небәрі 3-8 бруцелла клеткасы болса болғаны тәжірбие жасалған маладардың организмінде бруцелиз ауруының процесі басталады.
Небәрі 8-12 тәулік ішінде ең алғашқы бруцелизге тән антителелалар пайда болады, ал кейбір малдардың оргнанизмінде аглютиминдер тек 25-30 күннен соң немесе одан кеш мерзімдер де ғана орын ала бастайды. Сондықтан да бруцелиз процесінің басталғанына толық көз жеткізу үшін тәжірбиедегі малдарды кем дегенде 2 ай сақтап бақылау керек. Биоматераил жұқтырылған теңіз шошқаларынан әрбір 10-15 тәуліктен соң жүрегімен немесе құлағынан қан алып аглютинация реакциясымен тексеріп отырады.
Тәжірбиеге қойылған малдардың қанының сары суын 1:5; 1:10; 1:20; 1:40; 1:80 және 1:160 қатынаста аглютинация реакциясымен тексереді. Егер реакция кем дегенде 1:5 немесе 1:10 қатынаста оң нәтиже көрсетсе онда тәжірбиедегі малдың бруцеллезбен ауыра бастағанын куәсі бола алады. Ондай оң нәтиже малдарды сойып бактериологиялық әдіспен зерттейді. Алайда биоматериалдар жұғылғын малдар АР- де теріс реакция көрсете ондай малдарды бактериялогиялық әдіспен 1,5-2ай өткен соң сойып тексере беруге болады.
Бактериалогиялық зерттеуге малдардың (теңіз шошқаларының) бездері алынады. Мысалыға: шат безі, мойын безі акселярлық без, жақ асты безі, жұтқыншақ безі зенитералдық безі сонымен қатар, көк бауыры, сүйек майы, қаны, зәрі, жүрегі, жатыры және абцесс болған жерлерінің іріңдері қоректік ортаға егіледі. Егер де теңіз шошқаларына ірі қара немесе түйе, жылқы, шошқа және иттен алынған патологиялық материалдарды жіберу арқылы жұққызған болса, ондай малдардан егілген пробиркалардың ішінде көмірқышқылы көтеріңкі жағдайда болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |