Аллергиялық диагноз қою
Аллергия деген сөз грек тілінен аударғанда алло - бөтен немесе басқа, эргон - әсер деген мағына береді. Ал енді жалпы медициналық және малдәрігерлік тұрғыдан алып қарағанда аллергия дегеніміз ол - организмнің аллендерге өзгеше жауап қайтаруын аллергиялық реакция деп атайды. Ең бірінші аллерген-туберкулинді Р.Кох 1890 жылы ашқан.
Аллергиялық реакциялар әрқашан өзіндік тән болғандықтан оны малдардың маңқа, сарып, туберкулезсияқты жұқпалы ауруларына диагноз қою үшін кеңінен қолданылып келеді.
Аллергиялық әдіс әсіресе сарыппен көптеп бері ауыратын малдарды анықтауда өте бағалы. Сонымен бірге, бұл әдістің көмегімен сарып ауруының жасырын түрін анықтауға болады.
Аллергиялық зерттеулер үшін практикада ВИЭВ институтының шығарған бруцеллин қой мен ешкіге 0,5мл, ірі қарамен буйволдарға – 1 мл көлемінде сол жақтағы көздің төменгі терісінің сатына жіберіледі.
Шошқаларға бруцеллин құлағының үстіндегі тері ішіне 0,2 мл көлемінде жібереді. Аллергиялық реакцияны қой мен ешкілерде бір рет 42-48 сағат өткеннен соң, ал шошқаларда – екі рет 24 және 48 сағаттан соң саусақпен сипалап тексереді.
Егер де егілген мал ауру болатын болса, еккен жерден тығыз, қалыңдығы 5-6 мм келетін аллергиялық реакцияға тән ісік пайда болады. Ал шошқаларда оған қосымша кей жағдайларда реакцияның орны қызарып немесе қанталап кетеді.
Міне, мұндай реакция берген малдарды сарыппен ауырады деп есептейді де белгілеп отардан немесе табыннан алып, жеке ұстайды.
1.3 Серологиялық әдіспен диагноз қою
Аурудың басталғанынан оның патогенетикалық сатыларының пайда болып, және де кеселдің асқынуына дейін, мал организмдерінде әр түрлі иммуналогиялық өзгерістер болып жатады.
Сондай өзгерістің, ең бастысы, организмге түскен бактериялық микробтарға жауап ретінде сол малдың қанында өзіндік тән антиденелердің түзілуі болып есептелінеді.
Антиденелер қолайлы жағдайларда өздеріне тән антигендермен байланысқа түсе алады. Сондықтан да оларды әртүрлі серологиялық реакциялармен анықталып соның нәтижесімен аураға диагноз қоюға мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде мал дәрігерлік ғылыми қызметкерлері сарып ауруына диагноз қою үшін көптеген серологиялық реакцияларды ұсынып отыр. Солардың ішінде: Аглютинация, комплименті байланыстыру, комплементті ұзақ байланыстыру Розбенгал, шеңбер реакцияларын мал дәрігерлік лабороторияларында кеңінен қолданылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |