Дипломдық жоба 4 бөлімнен тұрады


Қабат қысымын ұстау жүйесі



бет6/13
Дата15.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#137679
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1.6.2 Қабат қысымын ұстау жүйесі


Мұнай кен орындарын игеруде мынадай су айдау жүйелері қолданылады.



  1. Нұсқаның сыртынан

  2. Нұсқаның өзінен

  3. Нұсқаның ішінен

Игеруде нұсқаның сыртынан су айдау өнімі кен емес мұнай жиындарында қолданылады. Су айдау мұнай нұсқаның тысқары онрналасқан су айдау ұңғымалары арқылы іске асырылады.

Нұсқаның өзінен су айдау, көлемі аз мұнай кен орындарында, тек қана нұсқаның сыртқы облыстарында қабаттың өткізгіштігі азайған кезде қолданылады.

Нұсқаның ішінен су айдау негізінен үлкен көлемді мұнай кен орындарында қолданылады. Құмкөл кен орынында нұсқа ішінен су айдаудың тоғыз нүкте үлгісі кеңінен қолданылады. Іс жүзінде нұсқаның ішінен су айдаудың келесі түрлері қолданылады.


  1. Мұнай кен орнының нұсқаның ішімен су айдау мынандай топтарға бөлінеді.

А) Бөлшектеп су айдау

Б) Сұрыптап су айдау

В) Аймақтап су айдау

Ұңғымалар УКАФК 1-65-х21ПС қондырғылары мен жасақталған. Тереңдік сораптарының диаметрі 0,044; 0,056; 0,070;

0,077; 0,095 метр пайдалану тізбектері қолданылады.

Бүкіл қорда су айдау ұңғымаларының саны 47 әр кешен бойынша су айдау ұңғымалары:


І-кешен 12 су айдау ұңғымасы

ІІ-кешен 26 су айдау ұңғымасы

ІІІ-кешен 8 су айдау ұңғымасы

ІV –кешен 1 су айдау ұңғымасы

Аймақтап су айдау І және ІІ юра горизонттарында игеруде

жақсы нәтиже береді.

Коллектордың қуыстылығы керн бойынша анықталады.Көптеген ұңғымаларда бір горизонттан алынған 2-ден 12-ге дейін керн болады.

Горизонт ішіндегі ұңғымалардың қуыстылығын орташа мәні мынадай болды:

І горизонттың орталық алаңында 20,1 проценттен 22,5 процентке дейін.

ІІ горизонттың орталық алаңында 24,7 проценттен 27 процентке дейін.

ІІІ горизонттың орталық алаңында 26,6 проценттен 51,5 процентке дейін.

Өткізгіштік кернмен немесе игеру көрсеткіштерімен анықталады. Бүкіл горизонттардың өткізгіштігі аз мөлшердегі керн арқылы және мәндерінің жуық болуына байланысты. Кәсіпшілік мәліметтерді есептеу арқылы анықталады. Есептеу арқылы келесі өткізгіштің орташа мәндерін алдық.

І горизонт 9,67 МКМ

ІІ горизонт 48,55 МКМ

ІІІ горизонт 34,17 МКМ

ІV горизонт 22,03 МКМ

Игерудің басында мұнай мен газды қанығуының арнаулы әдістемесі болғандықтан, бастапқы мұнай мен газдың қанығуы туралы мәлімет бізге белгісіз.

Аймақтап су айдау қабатқа әсер етуімен және игеруде жоғарғы қарқынға ие болатын ең жақсы жүйе.


2.6 Қабатқа су айдау үшін пайдаланатын су көздері

Кен орнын игеруде мұнай алуда қабат энергиясының күші жете бермейді. Жоғарғы коэффициентін мұнай бергіштік және тез арада керек арында мұнай алу үшін, қазіргі кезде қабат қысымын ұстау (ППД) әдісі көп қолданылады. Бұл үшін кенішке су немесе газ, ыстық бу тағы да басқа арқылы іске асады.

Қабат қысымын ұстау үшін қабатқа табиғи суларды және жер асты суларын, құрамында минералды тұздармен эмульсиялы мұнай бар суларды айдауға болады.

Құмкөл жақын жерде өзен жоқ. Кен орнында су және альб сеноман қабатының суы айдалады. Табиғи сулардың бойында аз мөлшерде минералды тұздар, әртүрлі газдар, механикалық қоспалар болады. Жоғарғы қабат және жер асты суларында сондай-ақ микроорганизмдер кездеседі. Әртүрлі дәрежедегі әрбір жұмсалған судың компоненттері қабатқа су айдау прцессіне әсер етеді. Сондықтан су айдау процессін жақсы сапалы сумен қамтамасыз ету керек. Айдалатын судың құрамындағы механикалық қоспалар мен микроорганизмдер фильтрацияның жоғарғы қабатына құйылады, өнімді қабаттың өнімділігін азайтады, айдау ұңғымаларының қабілетін азайтады. Мысалға құрамында хлорлы кальций тұзы бар сульфатты судың айдау ерімейтін гипс тұнбасын түзілуіне әкеліп соқтырады.

Бұндай жағдайда да қабатқа су айдауға қаныққан күкірт сутектік сұйықтың айдалатын болса онда құрамында темір мен оттегі бар су пайдалынады, қуысты ортада тотығу жүріп, соның нәтижесінде қатты гидраттардың тұнбасы түзілуі мүмкін.

Құмкөл кен орнының су микробиологиялық талдауы жүргізілген жоқ. Жиынға айдалған ағын су, кей кезде коллектордың қасиетінің басты себебі болуы мүмкін.

Қабатта белгілі бір мөлшерде саз болса су айдау үшін, ағын су емес, минералды сулар, құрамында ешқандай саздың ұлғаюына жол бермейтін заиттары бар айдау ұңғыманың жұту қабілетін жақсартады. Су айдау ұңғымаларының жұту қабілетінің нашарлауы қабатқа су айдайтын құбырлардың тоттануына (коррозияға) әкеліп соқтырады. Қабатқа айдалатын суды дайындау кезінде метал құбырларда, химиялық және электрохимиялық тоттану жүреді. Құбырдың тотталған өнімдері ұңғыманың түп аймағына түсіп қысқа уақытқа осы ұңғыманың қабылдауын нөлге дейін азайтуы мүмкін. Көп кезге дейін ұңғымадан мұнай мен бірге өндірілген қабат суларына аса көңіл аударылған жоқ.

Қазіргі кезде мұнай мен бірге өндірілетін судың көлемінің көптігіне байланысты қабат суларын талдау үшін және оны кері айдау үшін көп көңіл бөлінеді.

Қабат суларын талдау қортындысы оны қайтадан қабатқа айдауға жарамдылығын анықтады. Ұңғымадан мұнаймен бірге өндірілген қабат сулары әртүрлі кен орындарында өзінің құрамымен айырылады. Олардың құрамында минералды тұздардың болуы мүмкін.

Қабат сулары әртүрлі химиялық құрамында болуы мүмкін, сондықтан оларды 2 негізгі топқа бөледі:


1. Тығыз хлорлі кальцилі немесе хлорлы кальцилі магнилі

2. Сілті немесе гидрокорбонатты натрилі.

Қабат суларының көпшілік бөлігінің құрамында мұнай кен орындарында, басты бөлігі хлорлымагний, хлорлы кальций болып келеді. Барлық тәсілдерде суды өңдеудің ең негізгі сипаттамасы, оның құрамында сутек иондарының концентрациясына байланысты. Бұл арқылы ерітінділердің және сілтілік ортасын анықтайды.

Тәжірибе жүзінде судың классификациясына қарап мынадай 5 топқа бөлінеді:

1) Қышқылды РН-тан 3-ке дейін


  1. 2) Әлсіз қышқылды РН-тан бастап 4-6 ның арасында.

  2. 3) Нейтралды РН-7

4) Әлсіз сілтілі 8-10-ға дейін

5) Сілтілі 11-14-ке дейін

Пайдалану ұңғымаларын алынған судың құрамында микрокомпоненттер-фтор, иод және бор кездеседі. Судың минералдануы өте жоғары. Олар тұзды күмбезді мұнай кен орындарына арналған.

Судың химиялық тексеруі оның химиялық құрамдарының қазбалардың мұнайлылығын сақтауға жақсы екендігін көрсетеді.

Қабатқа айдалатын сулардың, жарамдылығын жолымен анықталады. Қабатқа айдалатын ағын-сулардың сапасына баға беру, олардың құрамындағы темірге байланысты. Айдалатын судың сапасын реттеу әрбір кен орындарының коллектрлі қасиетінің есептерімен жүзеге асырылады.

Механикалық қоспалардан басқа нұсқаның ішінен және сыртынан өнімді қабаттарды игеруде әртүрлі микроорганизмдер және айдалатын судың құрамындағы организмдер кіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет