Зерттеудің теориялық маңыздылығы: ақпараттық - коммуникациялық технологияны бастауыш мектептің жекелеген пәндерінде пайдалану әдістемесінің теориялық негіздері ашып көрсетілді, бастауыш сынып мұғалімі мультимедиалық анимацияларды қолданушы ғана емес, жасаушы екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – дипломдық жобаны, келтірілген тұжырымдар мен критериилерді облыстық білім департаменті (басқарма) мен аудандық (қалалық) білім бөлімінің әдіскерлері, педагогикалық жоғары оқу орнындары оқытушылары мен колледж студенттері, , бастауыш мектеп мұғалімдері, ата-аналар және білім беру үрдісінің субъектілері күнделікті тәжірибесінде пайдалана алады.
9.
Зерттеу жумысының базасы :Арнайы эксперимент алаңы ретінде Қызылорда қаласындағы Т.Жүргенов атындағы 136 мектеп.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жоба кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
10.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ САБАҚ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ деп аталатын 1-тарауда
Қарастырылған мәселелер:
Қазіргі бастауыш мектепте сабақты құру алгоритмі және оқушылардың оқу ақпаратын ақпараттық-коммуникациялық технология жағдайында меңгерудің маңызы
Ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың ғылыми-теориялық негіздері
Бастауыш білім беру жүйесінде оқыту үдерісіндегі мультимедиалық құралдардың рөлі
11.
Заманауи сабақты құруда мұғалім мынадай талаптарды ескеруі қажет:
білім беру мазмұны мен формаларын, әдістері мен әдістерін, технологияларын өзгерту;
«оқушы – мұғалім» педагогикалық ұстанымының өзгеруі;
балаларды өз білімінің шекарасын анықтауға, проблеманы көруге және проблемалық сұрақтар қоюға үйрету;
әзірленген критерийлерге сәйкес балаларды өз қызметін бақылауға және өзін-өзі бағалауға үйрету;
білім беру мәселелерін шешуде балалардың білім беру ынтымақтастығын, бірлесіп бөлінген іс-әрекетін ұйымдастыру;
балаға пәнді оқудың жеке траекториясын құруға жағдай жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |