Дипломдық жоба мамандыгы 5В072900 Құрылыс Қарағанды 2019


Ағынды суларды тазарту арқылы су дайындау



бет27/34
Дата03.01.2022
өлшемі0.89 Mb.
#450964
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
туржан пояснилка

7.2Ағынды суларды тазарту арқылы су дайындау

Жылу желісін қоректендіру үшін ҚР СЭЕ және Н 3.02.002.04 сәйкес ауызсу сапасындағы су құбырының суы қарастырылады. Қоректендіретін су қазандықтарға берер алдында магниттік қаққа қарсы өңдеуден өтеді. Дренаждық, қазандықтың түсірулі құбырларынан судың төгіндісі суытқыш құдыққа қарастырылады.




7.3 Отын берілісі және қож-күл шығару

Отынды қазандыққа жеткізу автокөлікпен мектеп аумағының шаруашылық аймағына алаңға көмірді жинау және уақытша сақтау үшін жүзеге асырылады. Ғимаратқа отын өлшемі 800х1000 мм қабырғадағы ойық арқылы беріледі, бұл үшін осы жерде тиеушінің немесе бульдозердің көмегімен 3 күндік қорға есептелген көмірдің шығын қоймасы ұйымдастырылады. Қазандық қолмен қызмет көрсететін оттықпен жабдықталған, ал отынды қазандықтарға беру және ошақтық қалдықтарды жою аударғыш шанағы бар қол тіркемесінің көмегімен жүргізіледі.

Ошақтық қалдықтарды жою қолмен, оларды қазандық күл салғышта жиналу шамасына қарай жүргізіледі. Ошақтық қалдықтарды еденге түсіргеннен кейін оларды сумен сөндіру қажет және содан кейін ғана күлге арналған тіркемеге қолмен тиеу қажет. Өшіруді қорғаныш киімінде және көзілдірікпен жүргізу керек. Ошақтық қалдықтар күл жинағыш алаңына шығарылады, сосын әкімшілікпен келісім бойынша контейнерлерде автокөлікпен мектеп аумағына бөлінген жерге шығарылады.

ҚР ӨҚЕ 08-97 (3-қосымша) талаптарына сәйкес қазандық бөлмесінде өрт сөндірудің бастапқы құралдары - өртке қарсы бұйымдар жинағы бар өрт қалқанын орнату қарастырылған. Жобада қазандық алаңын қоршау қарастырылған.

Қоршаған ортаны қорғау қоғамдық прогрестің қажетті шарты және елді мекендерде өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған барлық шаралар

Атмосфераны, су қоймаларын, топырақты ластандыруды болдырмау жөнінде іс-шаралардың кең бағдарламасы және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану сәулеттік-қала құрылысы қызметін құқықтық реттеу негіздеріне және Қазақстан Республикасының қайтадан басылған заң актілерінің талаптарына сәйкес қабылданды.

Санитарлық күзетке атмосфералық ауа, топырақ, беттік және грунт сулар жатады.

Топырақ жабынын бұзуға алып келетін үймереттердің құрылысы кезінде топырақтың құнарлы қабатын алып тастау, оны құрылыс жұмыстары аяқталғанша сақтау және бүлінген топырақ-өсімдік қабатын қалпына келтіру қарастырылады.

Беттік және жер асты суларын ластанудан қорғау және тиімді пайдалану

- сумен қамту көздерін су жинауда бекітілген нормалардан асырмастан шаруашылық-ішу мақсаттарында пайдалану;

- ағынды суларды одан әрі ассенизациялық машинамен тазарту үймереттеріне шығару арқылы қоймалжың жинағышқа төгу;

- қалдықтарды қоқыс жинағышқа жинау, одан әрі оларды ассенизация алаңдарына шығару.

Атмосфералық ауаны қорғау мақсаттарында келесі шаралар қарастырылады:

- қазандық оттығының конструкциясы отынның максимум жағылуын қамтамасыз етеді;

- қазандық құбырының биіктігі мен оның басым желге қатысты орналасуы кент сыртына зиянды шығарындыларды шашыратуды ескере отырып қабылданды.

Мектеп аумағына екі кіріс – қолданыстағы автожол жағынан – басты және шаруашылық аймағына кері жағынан – қосалқы, ал барлық ғимараттар мен үймереттерге кіреберіс жобаланған. Өрт машиналары үшін ғимараттар маңын айналып өту қарастырылған. Барлық жолдарда асфальт-бетон жабын болады. Жолдардың дөңгелену радиустары автокөлік қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына жауап береді.

Тротуарлар мен қатты жабынды қыдыратын жолдар жобаланды. Жобаланатын жолдардың жиектері бойынша ернеулік тас орнатылады, тротуарлар үшін – қырлағыш. Мүгедектерге мектеп ғимаратына кіруі үшін орталық кірер жердің сол жағынан тұтқалы пандус қарастырылған.

Спорт алаңдары мен демалыс аймақтарында қиыршық тас пен құмтас жабыны және бос жерлер мен футбол алаңында шөп гүлкестесі болады.

Аумақ кіші сәулеттік пішіндермен – орындықтармен және қоқыс жәшіктермен жайластырылған, периметрі бойынша қоршалған және жарықтандырылған, басты кіріс аймағында түрлі шараларды жиау және өткізу бойынша төселген алаң қарастырылған.

Аумаққа кіруді балалардың жол бөлігіне жүгіріп шығуына кедергі болатын сақтандырғыш құрылғылармен жабдықтау қажет. Аумақтың жанында, басты кірер жер жағынан жобада қонақтардың, оқытушылардың және қызметкерлердің автомашиналарын қоюға арналған бос орындар қарастырылған.

Мектеп аумағын көгалдандыру қолданыстағыға қосымша ретінде және ҚН және Е талаптарын ескере отырып жобаланады.

Аумақта түрлі мақсаттағы жасыл көшеттер қарастырылған. Учаскеде отырғызылатындар:

1)Шөп жабындары және ағаш-бұта көшеттері.

2)Басты кірер жерде сәндік көшеттер.

3)Учаске шекаралары бойынша және аймақтар арасында.

Өсімдік ассортименті берілген ауданның топырақ-климаттық жағдайларына сәйкес және бір қатар сапаларын ескере отырып, таңдалды: бұтақталудың ұшар басы пішіндерінің алуан түрлілігі, жапырақтар мен гүлдену бояуларының динамикасы. Барлық көшеттер түрлі талаптар ескерілген учаскеде орналасқан. Басты кірер жерде теректер мен ақ қайыңдарды, сонымен қатар көп жылдық гүлдерді отырғызу қарастырылған. Шаруашылық аймақ оқу аймағынан Сібір бал қарағайын, долананы және бұталарды: кәдімгі сирень және сары қарақат отырғызу арқылы бөлектенген. Спорт аймағы доланамен және бұталармен көмкерілген. Демалыс аймағының айналасында ақ қайыңдар, сібір бал қарағайы, сирень отырғызылған, гүлзарлар мен гүлкесте егілген. Футбол алаңында шөп жабыны болады. Тікелей ұйқы корпусы ғимаратының айналасында гүлкестелер мен гүлзарлар егілген. Тәжірибелік аймақтың жасыл көшеттеріне бақтың жеміс ағаштары мен бақшаның көкөніс дақылдары енеді. Ағаштар мен бұталарды отырғызудан бос көгалдандыру алаңдарына көп жылдық шөптер егілген.

Табиғи-климаттық жағдайлар өсуге тым ауыр, сондықтан ағаш-бұта өсімдіктерінің қалыпты өсуі мен дамуына агротехникалық шаралардың (суару, қопсыту, отау, санитарлық және қалыптаушы кесу, аурулармен және зиянкестермен күрес) толық кешені қажет.
Kесте 7.2

Аумақ балансы




Атауы

Өлшем бірл.

Саны

Қоршау шектерінде учаскенің жалпы ауданы, оның ішінде:

м2

20268


Жобаланатын ғимараттар мен үймереттерді салу ауданы,

Қолданыстағы мектептің


м2



2426,83

1260


Асфальт-бетон жолдардың ауданы

м2

2500

Тақта жабын ауданы

м2

2000

Қиыршық тас пен құмтас жабынының ауданы

м2

1800

Көгалдандыру ауданы

м2

10099

Басқа аудан

м2

182,17

7.4 Құрылыс ауданында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар


Мектеп құрылысы адамдардың өмірі үшін қолайлы және жайлы жағдайларды болжайды. Мектеп құрылысы кезінде жасыл желектермен қамтамасыз етілгендік нормаларын да ескеру қажет. Қазір ағаштар мен бұталарды шабуды өте қатаң қадағалау керек. Жалпы іс жүзіндегі көгалдандырылған учаскелерді сақтау соншалық қарапайым іс емес. Қол астындағы көгалды максимум сақтау үшін құрылыс алаңын жоспарлау күрделі.

Сонымен қатар құрылыс алаңында топырақты толық зерделеу жүргізіледі. Жүргізілетін зерттеулер негізінде топырақ тағдыры шешіледі. Топырақты ауыр металмен немесе бактериологиялық флорамен айтарлықтай қанықтырған кезде топырақ құрылыс орнынан тасып шығарылады, ал анағұрлым тыныш жағдайларда қазан шұңқырларды толтыру және үйінді жұмыстар үшін пайдалданылуы мүмкін.

Мектеп ғимараты үшін жылы шатырдың, жылумен қорғау талаптарына және қарастырылған желдету жүйесіне жауап беретін қоршағыш конструкциялармен үйлесімі энергия сақтау– қоршағыш конструкциялардың жылу қорғаныш қасиеттерін жақсарту тұрғысынан да, сондай-ақ экология – бөлмелерде қажетті ауа алмасуын жасау тұрғысынан да оңтайлы шешім болады. Жылытқыш аспаптарда термореттегіштерімен түрлендірілген ғимараттың жылыту жүйесі және жақсартылған жылу қорғаныш қасиеттері бар оның қоршағыш конструкциялары, сонымен қатар желдеткіш жүйесін жылы шатырмен үйлесімде қолдану ресурстық-энергия сақтау және тұрғын үй экологиясы бойынша қосынды оң нәтижені қамтамасыз етеді.
7.5 Жобалау құжатын экологиялық негіздеу
Осы дипломдық жобалау тарауы, жоба экологиялық талаптарға сәйкес келетінін көрсетеді. Экологиялық талаптар нормативтік құжаттарда (МЕСТ-терде, Санитарлық нормаларда (СН), СанЕ және Н-да, Ережелерде және т.б.)  бейнеленген. Олар нормативтік және жобалау құжаттары, бас жоспарлар үшін, экологиялық ізденімдерді жүргізу үшін әзірленген. Талаптарда сапа көрсеткіштері (су, ауа, топырақ және т.б.) және шектік ұйғарылған өзара әрекеттесу деңгейлері (шуыл, радиация, діріл және т.б.), сонымен қатар экологиялық ізденімдер жүргізу бойынша нұсқаулықтары болады. Экологиялық талаптар: тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін; табиғи ортаға минимум залалды; аумақтың тұрақты дамуын; табиғи ресурстарды тиімді жұмсау (су, топырақ, өсімдік және т.б.); табиғи ортаның жақсы сапасын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Сол немесе басқа объектіні салғаннан кейін біз қоршаған ортаға жаңа элемент енгіземіз. Экологиялық жобалау көмегімен осы элемент іс жүзіндегі жағдайға үйлесіммен кірігуі керек.

Қарағанды облысы Ботақара ауылындағы 180 орындық орта мектеп объектісінің құрылысы қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтірмейді және оны жақсарту бойынша шаралар құрылысты шешуге және берілген объектіні пайдалануға мүмкіндік береді.

Қорытынды


Дипломдық жобаның архитектуралық бөлімі ғимараттың көлемдік - жоспарлық шешімдерін, конструкциялық шешімдерін, қабырғаның жылу техникалық есептеуін қарастырады. Ғимараттың қасбет, жоспар, қималары сызылды.

Іргетастар мен негіздер бөлімінде құрылыс алаңының топырақ қабаттарының қасиеттері анықталып, олардың ғимараттың негізі бола алатынына көз жеткіздік.

Есептік бөлімде көпқуысты темірбетон ның есептеулері келтірілді. Осы есептеулер нәтижесінде ның сызбалары сызылды.

Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру бөлімінде ғимараттың жер үсті бөлігін тұрғызудың технологиялық картасы, шатыр жұмыстарының технологиялық картасы, құрылыстық бас жоспар, күнтізбелік жоспар есептеулері және жұмысшылар мен механизмдердің қозғалыс жоспары дайындалды.

Инженерлік жүйелер бөлімінде құбырлардың қолдану мақсатына байланысты материалдары, диаметрлері, жылыту жабдықтарының маркасы, элеватор сипатталады.

Экономика бөлімінде жалпы құрылыс жұмыстарына, жеке жұмыс түрлеріне локальдік, объектілік, қорытынды сметалары жасалды.

Дипломдық жобаның бөлімдерінің сызбалары AutoCAD 2018 графикалық редактoрының көмегімен сызылды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі




  1. ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 Құрылыстық климатология.

  2. Шерешевский И.А. Конструирование гражданских зданий. –Издание: Архитектура-С, 2014. – 176 с.

  3. Маклакова Т. Г., Нанасова С. М., Бородай Е. Д., Житков В.П. Конструкции гражданских зданий. – М.: Стройиздат, 2012. – 135 с.

  4. ҚР БК 2.04-107-2013 Құрылыс жылутехникасы.

  5. ҚР ҚН 2.04-21-2004 Азаматтық ғимараттарды энергия тұтыну және жылумен қорғау.

  6. Өтен Е.С. Іргетастар және негіздер. Оқу құралы. Қарағанды.: ҚарМТУ, 2010. - 111 бет.

  7. МЕЖ 5.01-102-2002 Ғимараттар мен имараттардың негіздіктері мен іргетастарын жобалау және құрылғылау.

  8. ҚР ҚНжЕ 2.01.07- 2003. Жүктемелер мен әсер ету.

  9. Далматов Б.И. Механика грунтов, основания и фундаменты. Издательство: Лань. 2012. - 416 с.

10. ҚР ҚН 5.01-02-2013 Ғимараттар мен құрылыстардың негіздері.

11. Веселов В.А. Проектирование оснований и фундаментов: Учеб.

Пособ. Для вузов. - 3-е изд., перераб. и доп. М.: Стройиздат, 2015. - 304 с.

12. ҚР ҚНжЕ 5.01-03-2002 Қада іргетастары.

13. ЕЖ 20.13330.2016 Жүктеме және әсер.

14. Мандриков А.П. Примеры расчета железобетонных конструкций. 3-е

изд. стер. — СПб.: Издательство Лань, 2012. — 432 с.

15. Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана.: Фолиант, 2014. - 368 бет.

16. Хамзин С.К., Қарасаев А. К. Технология строительного производства.

Курсовое и дипломное проектирование. Учеб. пособие для строит. спец. вузов. - М.: Высш.шк.- 2012. - 216 с.

17. СухачёвА.А. Охрана труда в строительстве.- М.: КНОРУС, 2013.

272 с.


18. Гаевой А. Ф., Усик С.А. Курсовое и дипломное проектирование. Промышленные и гражданские здания. Спб.: Стройиздат, 2010. - 264с.

19. Дикман Л.Г. Организация и планирование строительного производства: Управление строительными предприятиями с основами АСУ. Учеб. для строит. вузов и фак. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Высш. шк., 2010. - 559 с.

20. ҚР ҚНжЕ 4.02-05-2001 Жылыту, желдету және кондиционерлеу.

21. ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 Ғимараттың ішкі су құбыры және кәрізі.

22. ГОСТ Р 17.0.0.06-2000. Экологический паспорт природопользователя.

23. Сугробов Н. П., Фролов В.В. Строительная экология. – М.: Изд.центр. Академия, 2004. - 416 с.

24. ҚР ҚН 5.03-07-2013 Көтергіш және қоршау конструкциялары.
Қосымша А Смета

Құрылыс атауы ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ КАРҚАРАЛЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 180 ОРЫНДЫҚ ОРТА МЕКТЕП

Объектік смета №ОС2-1

(Объектік сметалық есеп)

Құрылыстағы 180 ОРЫНДЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ

(наименование объекта)




ОРЫНДАЛҒАН 1.01.2001 ж бағамен.


п.п


№ смет және есебі

Жұмыс атауы және шығыны

Сметалық құны, мың. тенге

Норматив. Еңбек сиымдылығы, мың.адам.

Сметалық еңбек ақы, мың.тенге

Бірлік құн бойынша көрсеткіштер, тенге

құрылыс-монтаждық жұмыс

құрылғы мебель,

инвентар


Басқа шығындар

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10































1.

С2-1-1

ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

122227,28

--

--

122227,28

62,5

11433,12

--

2.

С2-1-2

ЖЫЛЫТУ ЖӘНЕ ВЕНТИЛЯЦИЯ

2884,58

--

--

2884,58

2,09

387,81

--

3.

С2-1-3

ҚҰБЫР ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ КАНАЛИЗАЦИЯ

4142,53

42,7

--

4185,23

4,35

828,22

--

4.

С2-1-4

ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚ БЕРУ

3636,01

168,63

--

3804,64

2,27

406,21

--

5.

С2-1-5

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР

482,56

17873,62

--

18356,18

0,69

257,62

--

6.

С2-1-6

ӘЛСІЗ ҚОНДЫРҒЫЛАР

328,26

370,15

--

698,4

,5

86,75

--

7.

С2-1-7

ӨРТ СИГНАЛИЗАЦИЯСЫ

741,26

479

--

1220,26

1,36

251,14

--

8.

С2-1-8

ЭЛЕКТРҚҰРЫЛҒЫСЫ

1160,07

359,91

--

1519,98

1,08

187,58

--







ОБЪЕКТІК СМЕТА БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ 2001ж.БАЗАЛЫҚ БАҒА

135602,55

19293,99

--

154896,54

74,85

13838,44



Сметалық құны 518472,6 мың.тенге

Нормативтік еңбек сиымдылығы 74,85 мың.чел.-ч.

Сметалық еңбек ақы 40546.63 мың.тенге
Форма 4

1

Құрылыс атауыҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОТАҚАРА АУЫЛЫНДАҒЫ 180 ОРЫНДЫҚ ОРТА МЕКТЕП



Обьектің атауы 180 ОРЫНДЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ

ОБЪЕКТІК СМЕТА БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ 2019ж.БАЗАЛЫҚ БАҒА К=3,258

К=2,927 45384528

К=1,02 4629221,8

К=1,12 518472,6 40546.63

Л О К А Л ЬДЫҚ С М Е Т А С 2-1-1

(Локальдық смета есебі)

ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫ ҮШІН

ОРЫНДАЛҒАН 1.01.2001ж.бағамен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет