Қарқынды шу мен дірілдің негізгі көздері болып теңестірілмеген айналмалы массалары бар машиналар мен механизмдер табылады. Құрылыс алаңындағы шу мен дірілдің негізгі көздерін келесі топтарға жіктеуге болады: 1) жылжымалы құрылыс машиналары – экскаваторлар, бульдозерлер, мұнаралы, көпірлі және автомобильді крандар, копрлық және жылжымалы компрессорлық қондырғылар; 2) бетондық қоспаны дайындау, тарату және вибротығыздауға арналған машиналар; 3) электр- немесе пневмоприводты қолды механизмдірілген құрал-жабдық.
Құрылыс алаңдарында шуыл мен дірілдің пайда болу көздері. Құрылыс алаңдарында көптеген техникалық процестермен қатар шуыл мен діріл жүреді. Қарқынды шуыл мен дірілдің шығу көздері тепе-теңдікке келмеген айналатын массалары бар машиналар мен механизмдер болып табылады. Шуыл мен дірілдің негізгі шығу көздеріне жылжымалы құрылыс машиналары, экскаватор, бульдозер, доңғалақты кран жатады. Бетон қоспасын дайындау, тарату және дірілмен тығыздауға арналған машиналар – бетон араластырғыш. Жұмыс орындарында шуыл мен діріл деңгейін арттыру және оның ұзақ болу нәтижелері адам организміне жағымсыз болып табылады. Шуылдың ұзақ әсері кезінде есту қабілеті төмендейді, қан қысымы өзгереді, көру қабілеті нашарлайды және т.б. Әсіресе шуыл жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесіне жағымсыз әсер етеді.Жұмыс орындарындағы шудың болымды деңгейлері, машиналар, механизмдер және көлік құралдарының шулық сипаттамаларына жалпы талаптар МЕСТ 12.1.003-76 тағайындалған.
Жұмыс орындарындағы тұрақты шудың қалыпты сипаттамалары болып ортагеометриялық жиіліктері 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000 және 8000 Гц болатын дыбыстық қысымның деңгейлері табылады.
Адамға әсерін анықтайтын дірілдің қалыпты сипаттамалары болып, виброжылдамдықтың ортаквадратты мәндері (м/с) немесе оның логарифмдік деңгейлері (дБ).
Құрылыс алаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді «ССБТ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» МЕСТ 12.1.004-91, «Құрылыстық-құрастыру және отпен жұмыстар жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері» ҚӨҚЕ-01-94, «Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі ережелері. Негізгі талаптар», ППБ РК 2.02-05-2002 «Ғимараттар мен үймереттердің өрт қауіпсіздігі» ҚР ӨҚЕ сәйкес жүзеге асыру.
Өндірістік шу мен дірілдің зиянды әсерімен күресу бойынша шараларды технологиялық процестер мен машиналарды жобалау, өндірістік бөлменің конструктивтік және көлемді-жоспарлық шешімдерін және бас жобаны құрастыру кезеңінде жобалау керек.
Технологиялық процестерді құрастыру кезінде динамикалық жүктемелері минималды болатын машиналар мен механизмдерді таңдау керек. Сонымен қоса механизмдерді дұрыс пайдалану, жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу және сапалы жинақтауды орындау шу мен дірілдің деңгейін төмендетуге үлкен үлес қосады.
Шу және дірілмен күресудің негізгі ұйымдастыру шаралары: технологиялық процестен виброакустикалық құрылғыларды алып тастау; шудың көзі болып табылатын құрылғыларды бөлек бөлмелерде орналастыру; виброакустикалық құрылғыларды бөлек кабиналардан дистанционды жүргізу; жеке дара қорғану құралдарын пайдалану.
Шудан қорғайтын негізгі жеке дара қорғау құралдары болып сыналар, наушниктер мен арнайы бас киімдер табылады.
Қолды механизмдендірілген электрлік немесе пневматикалық құрал-жабдықтармен жұмыс істегенде діріл әсерінен қорғайтын арнайы жеке дара қорғау құралдарын қолданады. Оларға биялай немесе қолқап, сонымен қоса қолға бекітулері бар виброқорғағыш төсемдер немесе пластиналар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |